Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 01:37, дипломная работа

Описание работы

Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс бүкіл әділет жүйесін, оның ішінде сол салада қызмет ететін жеке тұлғаларды: соттарды, барлық құқық қорғау органдарының кәсіби іс-әрекеті ғана емес, олардың қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктілігі, психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этикасы т.с.с. реформалауды қажет ететіні сөзсіз. Ал, қазіргі кездегі психологиялық тәжірибеде тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктер мәселесіне ерекше көңіл бөлуінде. Психологияның қай саласын алсақта тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді.

Файлы: 1 файл

мазмұны.docx

— 154.96 Кб (Скачать файл)

     Бұл мәселенің өзектілігін зерттеуші  ғалым В.С.Мерлин «Мотивтер адамның  нақты жағдайлардағы белгілі  бір әрекеттерге деген талпынысы.Тұлғаның  бағыттылығы мотивтердің жүйесінен  тәуелді болады» деп тұжырымдайды.

      Мотивацияның негізінде құндылықтар  жүйесі, яғни жеке тұлғаның іс-әрекетінің  сипаты мен мазмұнының ішкі  талпыныс күші қалыптасады.

      Кәсіби мотивацияның негізгі  құрамы адамның қызығулары болып  табылады.Сондықтан да адвокаттың  кәсіби мотивациялық бағыттылығы  қалыптасуы үшін олардың бойындағы  тұлғалық болашақ кәсіби әрекетке  деген тұрақты қызығуларды тәрбиелеу  керек.

      Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына  жолдауында «Қазақстан өз даму  сатысында жаңа табыстарға қол  жеткізуде. Стратегиялық міндет: Қазақстан бәсекеге қабіллетті 50елдің  қатарына енуі,»-деді.Ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуді, діни экстремизм, халықаралық терроризм және есірткі  саудасына қарсы күресті арттыру  арқылы жетуге болатынын атап  көрсетті. Қазақстан бүгінгі күні  терроризм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз  қару ,есірткі сату т.б қауіп  қатермен күрес жолында дуние  жүзі елдерінің  одақтастастықты  нығайту және кеңейту үшін  қажетті жағдайларының бәрін  жасауда. Орта Азия аймағындағы  мемлекеттердің Одақтастығының  артуының қазіргі заманғы қылмыс  түрлеріне мемлекеттердің одақтастығының  артуы қарсы тұра білудің кепілі.

 

 

1.2 Құқық  қорғау органы қызметкерлерінің  тұлғалық қасиеттері мен комуникативті  іс-әрекетінің ерекшеліктері

        Кәсіби іс-әрекет әлеуметтік тәжірибенің  элементі ретінде таным белсенділігінің  объектісі, осыған байланысты  адамның эмоциялық күйзелістері  мен әрекеттерін меңгеру процесі  болып табылады.

         Тұлғалық бағдар дегеніміз –  қандай да бір іс әрекетпен  айналысатын адамдардан өзгешеленетін  бірқатар жеке тұлғалық бітістер. Тұлғалық бағдар мағынасын С.Л.  Рубинштейн бағыттылық ұғымы  бойынша түсіндіреді. Оның айтуы  бойынша, «тұлғалық бағыттылық»  дегеніміз – адамның іс әрекеті  және оның белсенділігін реттеуші  тұтас интегралды қасиет.

        Психология ғылымында жеке тұлғалық  ықпалды күшейту тұлғаның даму  және қалыптасу сферасының аспектісін  толықтыруға әкеледі. Бұл бұрындары  психологиялық талдаудан тыс  қалған болатын, оған «тұлғаның  өзіндік анықталу» ұғымы психологиялық,  педагогикалық әдебиеттерде қазіргі  кезде кеңінен қарастырылып келеді. Дегенмен, бұл жеткілікті деңгейде  анықталмаған, оның бейнелеу құбылыстары  психологиялық тұрғыда толық  интерпретацияланбаған.

          Танымдық әрекеттерге келесі  процестер жатады: сенсорлы, перцевтивті,  мнемикалық, интеллектуалды. Танымдық  процестердің бірлігінде олардың  үзіліссіз байланыстары жүзеге  асады. Қылмыстық, азаматтық процестердің  қатысушылары  және де куәгерлердің, куәлік етуін дұрыс бағалау  үшін, танымдық процестердің қасиеттерін,  негізгі заңдылықтарын білу қажет.  Куәгердің, жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушылардың беретін жауаптарының  материалдарын тіркеу оны жинау  мен ақпараттарды өңдеу түйсік  пен қабылдау, физиологиялық негізін  құрайтын сезім органдары әрекеттерінен  басталады. Берілетін жауаптардың  қалыптасуына әсер ететін, түйсіну  қасиеті – бұл біріншіден, адамдар  ажырататын, ең төменгі абсолютті  табалдырығы /түйсіну табалдырығы  төмен болған сайын, сезгіштік  жоғары/, ал – тітіркенудің жоғарғы  күшімен анықталатын, түйсінудің  жоғарғы абсолютті табалдырығы  /түйсінуге адекватты/ одан жоғарылау  ауырсыну сезімдерін туғызады. Жасқа  және басқа жағдайларға байланысты  сезгіштік анализаторлары өзгереді, оның өткірлігі 20-30 жасқа қарай  жоғарылайды. Сезгіштіктің уақытша  ауытқуларына әсер ететін факторлар,  тәуліктің мезгілі, сыртқы тітіркендіргіштер,  психикалық жағдайлар т.б. Мысалы: куәгер, айыпталушының сезімдерінің  сипатын бағалау үшін субъектіге  басқа тітркендіргіштің әсерлері: ішімдіктің, нашаның, фармакологиялық   заттардың, болмағандығын анықтау  қажет. Бұл жағдайлар жауап  алу, тергеу эксперименттері кезінде  ескерілуі қажет. Бұл жағдайлар  жауап алу, тергеу эксперименттері  кезінде ескерілуі қажет. Мысалы: айыпталушының кереңдік стимуляциясын  вибрациялық сезгіштігін зерттеп,  оның жалғандығын, оның арт  жағынан еденге бір затты тастау  арқылы оның реакциясын байқауға  болады. Естуі бұзылған вибрациялық  сезгіштігі дұрыс адам бұл  тітіркендіргішке жауап береді, ал стимулянт бұл тітіркендіргішке  жауап бермейді. Сезгіштік анализаторларының  жұмыс істеуі  төмендеп,  тітіркендіргіштік  қасиеті жоғарылайды, ал қатты  әсерлерден төмендейді. Бұл заңдылықты  субъект куәгерді, сот процесін  шатастыру мақсатында «қараңғы  болған» деп тұжырымдағанда ескеру  қажет. Адам 3-5 минуттан соң қараңғыға  үйренеді, заттарды айыра алады, 20-30 минут қараңғыда бағдарлай  алу үшін жеткілікті. Абсолютті  қараңғы жағдайда болу жарықты  сезіну анализаторларын 40 минутта  200 есе жоғарылатады.Иіс сезу, сипап  сезу /тактильді/ анализаторларының  бейімділігі жоғары, көру және  дәм сезу анализаторларында төмендеу. Сезім органдарының қызметіне  субъектінің жүйке жүйесінің  типі елеулі әсер етеді. Жүйке  жүйесі күшті адамдарда төзімділік  пен тұрақтылық, ал жүйке жүйесі  әлсіз типтерде сезімталдықтың  жоғарылылығы анықталады (Б.М. Теплов, А.Р. Лурия). Аутотренингтің көмегімен сөздік нұсқаулар арқылы субъектінің қызығушылығын, мақсатын өзгерте отырып сезгіштік анализаторларының жоғарылату немесе төмендетуге, іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттеріне бағындыруға көз жеткізуге болады.

          Адаптация (бейімделу) – берілген  заңдылық сезгіштік анализатордың  өзгергіштігінен, тітіркендіргіштің  ұзақ әсер етуінен сезгіштік  табалдырығының төмендеуі немесе  жоғарылауы немесе тітіркендіргіштің  ұзақ әсер ету процесінде толығымен  жойылып кетуінен байқалады. Бейімделудің  бұл түрлері негативті деп  аталады. Мысалы: жағымсыз әсер  ету қараңғыда, әсіресе көмескі  жарықта, жарыққа бейімделуге  әкеледі. Мұндай жағдайда автокөлік  жүргізушілерінің реакция уақыты  жоғарылайды, қозғалушы объектілердің  локолизациясы нашарлайды. Қараңғылыққа  бейімделу – миға қараңғылықтағы  көзден берілетін сигналдың тежелуіне  әкеледі. Мұндай тежелу адамның  затты кешіктіріп көруіне әкеледі,  бұл кейде автокөліктердің қарқынды  қозғалысты жолдарда апатты жағдайлардың  пайда болуына әкеледі. Қабылдау  процесі мен оның нәтижесі  қабылдау объектісіне де, қабылдаушының  тұлғаның (қажеттілігі, қызығушылығы, мүмкіндігі т.б.) индивидуалды ерекшеліктеріне  де байланысты. Күндізгі немесе  электр жарығымен сәулелендірілген, алыстан байқалатын объект,  қабылдаушының  көзінде оған жақындаған сайын  өзгереді (әр түрлі қалыптарда, әр  түрлі бұрышта, әр түрлі ауа-райы  жағдайларында). Түс , дыбыс, иіс,  заттың формасы және құбылыстардың  көп немесе аз мөлшерде байқалуы  тұлғаның зейіні мен мақсатына  байланысты. Адамның айналасындағы  болып жатқан жағдайларды бағдарлай  алуы мен қабылданған объектілердің  мақсатын түсінуі өмірлік тәжірибемен  оның негізі болып ес, ұғыну,  пайымдау арқылы іске асады.  Мысалы: тергеуші , өліктің денесінің  басының қатерлі жарақатын қарап,  айыпталушыдан алынған қылмыс  құралын зерттеуі қажет. Қылмыс  құралының негізгі қасиеттерін  анықтап, зиян келтірудің нақты  бас-ми жарақатының конфигурациясын  анықтау. Толық ауқымды қабылдау  – затты толықтай және бөлшектей  жобалау сезім мен ойлау бірліктеріне  байланысты. Қабылдаудың сезінуден  айырмашылығы қабылдау нәтижесінде  заттың, құбылыстың толық бейнесі  қалыптасады, сондай – ақ қылмыста. Осындай заңдылықтар күшіне сәйкес, адам ақпараттардың жеткіліксіз  болу себептерінен жеткіліксіз  элементтерді өзі  толықтыруға  тырысады. Бұл қате пікірлердің  қалыптасуына әкеледі. Сол себепті  куәгерлерді тергеу кезінде тек  олардың көргендерін, естігендерін  ғана емес, олардың тұжырымдарының  неге негізделетіндігінде, қабылданған  объектінің қасиетіне аса назар  аудару қажет. Куәгердің, айыпталушының,  күдіктінің қабылдауында иллюзия  (жалған, қате) орын алуы мүмкін. Оның  себептері:

     1) Бақылаудың ерекше жағдайларда  өтуі (бір көзбен, саңылау арқылы  және т.б.).

      2)  көрген бейнелерді қате ұғыну  мен жалған пайымдау.

      3) көру процесіне қатысты әр  түрлі анализаторлардың жеке  ерекшеліктері мен көздің оптикалық  жетілмеуі салдарынан (сетчатка, жүйке  рефлекстері). Алыстан көре алмау(близорукость), алыстан көргіштік (дальнозоркость), көздің қызыл, қызғылт, көк, көкшіл түстерді айыра алмауы (далтонизм) көру аппараттарының басқа да кемістігіне байланысты.

Қабылдаудың константлығымен (тұрақтылығына) аффекті, стресс жағдайлары кері әсерін тигізеді. Сол себепті куәгерді тергеу барысында, қабылданған объектінің  ерекшеліктерін ғана емес, оның хал – жағдайы  мен перцептивті әрекетінің  қандай жағдайда өткендігін анықтаған соң  оның тұжырымдарына баға беруге болады (заттың түсіне, көлеміне, т.б. қасиеттеріне). Перцептивті әрекеттердің ішіндегі жеке заттарды қабылдаумен салыстырғанда  күрделі болып кеңістікті қабылдау болып табылады. Кеңістікті қабылдау негізі болып – вестибулярлық (сезім  мүшелері) әрекет пен көздің қозғаушы аппараттары, көздің бинокулярлы  (екі  көзбен бірдей көру) қабылдауының қатысуы, көру осьтерінен берілетін ақпараттан белгіленген затқа бұлшық еттің  күшеюі (конвергенция) және хрусталиктің жылтырау қасиетінің өзгеруінен қисықтығын өзгерту жолын сезіну (аккомодация) болып табылады.  Кеңістікті қабылдауда көру анализаторлары мен бірге есту, тактильді, кинестетикалық анализаторлар  іске қосылады. Кеңістікті қабылдаудың  нақтылығына тәжірибенің әсері  үлкен.

Уақытты қабылдау – бұл адамның санасында  шынайы құбылыстардың жүйелігі, ұзақтығы, жылдамдығының бейнеленуі. Бұл адамның  уақытты бағдарлай алуы. Тергеу практикасына сәйкес куәгердің, айыпталушының, жәбірленушінің уақытты қабылдауы көбіне эмоциялық, психикалық қысым жағдайларында  өтуі оқиғаның жүйелілігінің бұрмалауына  әсерін тигізеді. Мысалы, бұл жағдайларыды куәгердің тергеу барысында қылмыстың  жасалу кезінде аффект жағдайында болғандығын  бақылауға болады. Тергеу эксперименттері  барысында айыпталушыға (куәгерге, жәбірленушіге) қажетті кезеңде  ол немен айналысқанын, сол іс-әрекеттерді  қайта жаңғырту талап етіледі[18]. Сонымен қатар, хронометрлеу (уақытты  белгілеу) жүргізіледі.

Қимыл-қозғалысты қабылдау – бұл адам санасындакеңістікте  заттың орнының: оның жылдамдығы, шапшаңдығы мен бағытының бейнеленуі. Мысалы: көлік апатын тергеу. Мұндай жағдайда куәгерлер авто көліктің жылдамдығы жайла апат нәтижесіне немесе болған динамикалық жағдайға байланысты айтады. Деформацияланған көлікке, адамның  өлі денесіне, қанға, тормоздың дауысына, қатты соққы жылдамдықты қабылдаудың  маңызын мүлдем өзгертуі, қате тұжырымдарға әкелуі әбден мүмкін.

Ес  – тұлғаның жеке дамуы үшін маңызды, психикалық процестердің бірі. Заңгердің  кәсіби әрекетінде естің алатын орны ерекше. Оның есте сақтауы ауқымды  көлеммен ерекшеленуі, есте сақтаудың  мықтылығы, қажетті жағдайларды  нақты қайта жаңғыртуы, қажетті  ақпараттарды жылдам еске түсірумен  ерекшеленеді. Куәгерлік түсінік  беруді қалыптастыруда ес басты рөлді  атқарады. Куәгерлердің, айыпталушының, жәбірленушінің еске түсірулерінен  есте сақтаудың, қайта жаңғыртудың  заңдылықтары туралы білімдерін қолдана  отырып қажетті ақпаратты алу  тергеуші, прокурор, адвокат, соттың басты  кәсіби қасиеті болып табылады.

Ойлау мен қиялы. Әр түрлі таным процестері ішінде объективті шындықты адам санасында  бейнелейтін жоғарғы және күрделі  процесс болып ойлау болып  табылады. Әрбір әрекеттің мақсатқа жетуі үшін, соның қажеттілігін сезінуі  және оның іске асуына мүмкіндік жасауы қажет. Ойлаудың белсенділігінсіз мақсатқа жету мүмкін емес екендігін сезіну, субъектінің алға қойған мақсатының іске асуы үшін ойлау процесінің стимулы  маңызды болып табылады. Мысалы, тергеуші күрделі қылмыстық істі алғанда, өзінің ерік-жігерін, санасын  да қылмысты ашуға бағдарлауы қажет[18].

Қиял  – бұл адамның санасында бар  тәжірибелер мен білімдер негізінде  жаңа бейнелер мен құбылыстардың  пайда болатын психикалық процесс. Тергеушінің қылмысты ашуға бағытталған  іс-әрекетінде қиял процесі маңызды  орынды алады. Қажетті ақпараттың жетіспеушілігі, жағдайдың анықталмағаны іздестіріліп жатқан қылмыскердің бейнесі мен  жасалған қылмыстың механизмдерінің  ойда қайта қалыптастыруын туғызады.  Қиялдың көмегімен, куәгерге ойлаудың белсенділігін арттыру нәтижесінде  жеткіліксіз ақпараттарды толықтырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік  береді. Қиялдауға бейімділіктің  әсері куәлік дәлелдердің бұрмалануына әкеледі. Бұл эмоцияға берілгіш және әсершіл адамдарда кездеседі. Сондықтан  да азаматтық және қылмыстық процеске қатысушы заңгерлердің мұны ескеруі  қажет.

Зейін – адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуы. Бұл өзінің кәсіби іс-әрекетін іске асыруға әсерін тигізеді. Азамамттық-қылмыстық процестің  қатысушыларының зейінінің сапалы жағын заңгердің дұрыс анықтай  алуы, олардың дәлелдерін объективті анықтауға мүмкіндік береді. Зейіннің деңгейіне адамның жалпы денсаулық  жағдайы, психофизиологиялық құбылыстардың  бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының төмендеуі, зейіннің шашыраңқылығы  әсер етеді.

Әрбір адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын  маңызды құрылымдық компонент болып  темперамент пен мінез болып  табылады. Құқық қорғау органдарында қызмет ететін тұлғалардың іс-әрекеттерінің  өзіндік ерекшеліктері бар. Ол заңгердің  темпераменті, жүйке жүйесіне, психикасына  белгіленген талаптар қояды. Бұл  факторлардың орындалмауы, тұлғаға  жағымсыз психикалық әсерін тигізе отырып, тітіркендіргіштердің көптігіне психологялық тұрғыда дайын болмау, кейбір темперамент  типін қажетсіз жүйкелік психикалық қысымның жоғарылауына, әртүрлі психосоматикалық ауытқуларға әкеледі. Осыған байланысты адамның темпераментіне, жүйке жүйесінің  негізгі динамикалық қасиетіне  байланыстыоның қандай іс-әрекетке қабілетті  екендігінкөруге болады. Осыған байланысты қызметке кәсіби іріктеу, кәсіби бағдарлау  арқылы алынуы  қажет. Осыған сәйкес, әдебиеттерде барлық іс-әрекеттермен сәтті шұғылдануға болатындығы  айтылады.А.Р. Ратинов тергеу іс-әрекеттері үшін маңызды жүйке жүйесі типі мен  темперамент типін анықтауды  қажетсіз, себебі әртүрлі жағдайларды  жоғарғы деңгейде әртүрлі темперамент  типтері атқарады.Өзінің темперамент  еркшеліктерін білген тұлға өзінің мінезін де басқарып, тәрбиелей алады  және темперамент ерекшеліктерін мінезіне қарай бағындыра алады. Темперамент сипаттамаларының қылмыстың жасалу әдістерінде, шұғыл жағдайларда импульсивті әрекеттердің жасалуы саналы еріктік регуляцияға бағынбайтындығынан байқалады. Темпераменттің қасиеттері шиеленіскен конфликті сипаттарында, сыртқы ортадан жасыру мүмкін емес, эмоцияның аффективті сипат көрінісінен анық көрінеді (денсаулыққа ауыр зардап тигізу, адам өлтіру және т.б.).

Информация о работе Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу