Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;
494. Су өрт жүйесі су өрт жүйесінің кез келген учаскесін (бөлігін) қосуды қамтамасыз ететін дистанционды басқарылатын бітегіш құрылғылармен жабдықталған.
495. Өрт насостары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптарын қанағаттандырады.
496. Өртке қарсы магистральдарда апаттық жағдайларда өрт кемелерінен сумен қамсыздандыруды іске асыру үшін тоқтау ғимараттарына арналған арналар қарастырылады. Арналар диаметрлері өртке қарсы магистральдер диаметрінен кем емес және бітегіш құрылғылары бар ескектермен жабдықталған.
497. Өртке қарсы магистральдағы пайдалану және бұрғылану ұңғымалары сағалары маңындағы ТСҚ әрбір қабаттарында ескектер орнатылады.
498. Өрт шаруашылығы су құбырында ТСҚ кез келген орнына рожкалардан екіден кем емес су ағынын қамтамасыз ететін тұрақты қысым болады. Өрт шығуы кезінде өрт насостарының автоматты немесе дистанционды іске қосылуы қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері
499. Спринклерлік жүйе, су шашырату жүйесі, су бүрку, су бүркесі, суару, көбікпен сөндіру, көмір қышқылмен сөндіру, оңай буланатын сұйықтар буларымен және көлемнің өрт сөндіру жүйелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
500. Өрт сөндірудің стационарлық жүйесінің өнімділігі көбік анықталатын есептік беттерде анықталады. Көбік пайда болуының қысқалығы 100:1 қабылданады.
5-тарау. Өрт сигнализациясының жүйесі
501. ТСҚ өртті байқаудың автоматты және қолмен өрт сигнализациясымен жабдықталған.
Күзетілетін ғимараттардағы
өртті байқаудың
502. Өртті байқаудың автоматты сигнализациясының типі жобада қарастырылады.
Автоматты сигнализациясының типін таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
503. ТСҚ өрт сөндірудің қолмен берілетін сигнализациясымен және хабарландыру сигнализациясымен жабдықталады. Қолмен сигнализация беретін датчиктер (хабарлағыштар) орнатылады:
1) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың дәліздері мен вестибюлдерінде;
2) энергетикалық құрылғы ғимараттарында;
3) технологиялық қондырғылар
орналастырылған ғимараттар
Қолмен сигнализация беру құрылғысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
504. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптарына сәйкес келетін көлемдік өрт сөндіру жүйесін іске қосу туралы ескертетін сигнализация қарастырылады.
6-тарау. Өртке қарсы жабдықтар
505. ТСҚ өрт сөндірудің алғашқы құралдары жарамдылық жағдайда ұсталады және оларға бару ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орындарда орналастырылады.
506. ТСҚ өрт сөндірудің алғашқы құралдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары негізінде таңдалады.
507. ТСҚ үш еселік қосымша қорымен осы объектіге арналған сұраныс мөлшері есебінен өрт сөндіру құралдарын: от сөндіру ұнтақтары, көбік жасаушы, және басқа химиялық құралдарды сақтау жөніндегі ғимараттар қарастырылады.
508. ТСҚ бөлек орындар сақталатын жылу байқалатын киім-кешектің үш жинағы болады.
7-тарау. Ауа ортасын бақылау
509. Ауа ортасы автоматты түрде келесі заттардың болуына тексеріледі:
1) мұнай және мұнай газдарының көп компонентті қоспаларының жарылыс қауіпті концентрациялары;
2) күкірт сутегі бар кен орындарын бұрғылау және пайдалану кезінде күкірт сутегінің ПДК.
510. Тасымалданатын газанализаторлармен ауа ортасында келесі заттардың болуын бақылау қарастырылады:
1) мұнай және мұнай
газ буларының жарылыс қауіпті
2) күкірт сутегі ПДК;
3) метанол буларының ПДК.
Приборлар саны әрбір типтен 2 данадан кем емес.
511. Ауа ортасын бақылаудың автоматты жүйесі қамтамасыз етеді:
1) егер күкірт сутегінің концентарциясы 3 мг/м3 жеткен жағдайда тиісті жергілікті басқару пультына және орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне ескерту өшіп-жанатын жарық сигналының берілуін;
2) егер мұнай және мұнай газ буларының концентрациялары 20 % НВП жеткен жағдайда тиісті жергілікті басқару пультына, бұрғылаушы мен бұрғылау мастерінің постына, орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне апаттық желдетудің іске қосылуын;
3) егер күкірт сутегінің концентарциясы 10 г/м3 жеткен жағдайда термикалық принципте жұмыс істейтін мұнай және мұнай газ буларының қауіпті концентрацияларының жарылу сигнализаторларының ажыратылуын және орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне жарық және дыбыс сигналдарының берілуін.
512. Ауа ортасында мұнай және мұнай газ буларының қауіпті концентрацияларын болуын бақылау барлық жарылыс қауіпті зоналарда қарастырылады.
513. Ауа ортасында зиянды заттар ПДК болуын бақылау олардың бөлінуі мен жиналуы мүмкін ғимараттар мен ашық кеңістіктерде жүргізіледі.
Персонал резервуарлармен жұмыс істеу кезінде жеке газ детекторларымен қамтамасыз етіледі.
514. Жарылыс қауіпті концентрациялар сигнализаторлар датчиктері мен сынама алатын құрылғылары орнатылады:
1) ТСҚ ғимараттарын желдетуге арналған ауа жинау орындарында;
2) тастау трубақұбырлары байлаулары ауданында еден үстінен 0,5 м артық емес биіктікте бұрғылау ерітіндісін немесе оңай жанатын сұйықтарды тасымалдайтын әрбір насос жанында;
3) бұрғылау ерітіндісінің ашық ыдысы үстінде-жоғары жағынан 0,2 м кем емес, ыдыс жанында еден үстінен 0,5 м биіктікте орналасқан қашықтақта;
4) діріл илегіш жанында-одан 1 м артық емес, оның үстінен 0,5 м артық емес биіктіктегі қашықтықта;
5) технологиялық аппараттар жанында-мұнай булары үшін еденнен 0,5-0,7 м артық емес биіктікте булар мен газдар бөлінуі мүмкін көздер ауданында;
6) газтаратушы батареялар секциялары жанында-көздері үстінен 0,5-0,7 м артық емес биіктікті ғимараттың екіден кем емес орында;
7) бір ғимаратта біреуден кем емес оңай жанатын сұйықтар мен жанатын газдар сақтайтын қойма ғимараттарында;
8) бұрғылаудың жұмыс алаңы астында-бұрғылау ерітіндісі ағыны ауытқу ауданында одан 1 м кем емес қашықтықта төрт орыннан кем емес.
515. Күркіртсутегі ПДК газанализаторларының датчиктері немесе сынама алу құрылғылары орналастырылады:
1) ғимараттарда-еденнен 1 м кем емес биіктікті жұмыс алаңында біреуден кем емес;
2) бұрғылаудың жұмыс алаңының астында-ағынды ауытқылаушы ауданда кемінде төрт орында.
516. Мұнай және мұнай газ булары концентрацияларының жарық және дыбыс сигнализацияларының күкірт сутегі сигналдарынан айырмашылығы болады.
Ескерту сигналдарының апаттық сигналдардан айырмашылығы болады.
517. Приборлар датчиктері және сынама алу құрылғылары оңай баратын орындарда орнатылады және мүмкін зақымданулардан сақталған.
518. Сынамалардың датчикке кешігіп түсу уақыты газ жүретін желілер есебінен минимальды және 60 секундтан артық емес.
519. Датчиктерге баратын газ жүретін желілер тот баспайтын болаттан және бақыланатын қоспалар ортасында тот баспайтын басқа материалдардан жасалады.
12-бөлім. Персоналды жеткізу
1-тарау. Жалпы талаптар
520. ТСҚ тікұшақ алаңдарымен, бұрғыланатын ұңғымалардан қарама-қарсы жақта орналасқан кемелердің жел жағынан келуді және адамдарды отырғызу және түсіруді қамтамасыз етуге арналған платформалар мен тоқтау құрылғыларымен жабдықталған. Тоқтау-отырғызу құрылғылары ғимараттың кемінде екі жағынан орналастырылады және теңіздің жылдық барынша деңгейінен 1,5 м кем емес көтеріледі. Тоқтау-отырғызу құрылғыларының және тікұшақ алаңдарының орналасуы «Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде стационарлық ғимараттарды жобалау, құрылысы және монтаждау. Негізгі ережелер. Классификациялау» Қазақстан Республикасы ҚН 3.05-27-2004 талаптарына сәйкес келеді.
Ескерту: Д типіндегі ТСҚ кемелерге арналған отырғызу алаңдарын орналастыруға ғана болады.
521. ТСҚ вахталар ауысымы тікұшақпен немесе жолаушылар кемесімен іске асырылады.
А, Б және С типтегі ТСҚ персоналды жеткізу тікұшақпен жүргізіледі.
522. ТСҚ қызмет көрсетуші персоналының тікұшақпен немесе кемеде шығуы ТСҚ бастығы бекіткен тізім бойынша және бақылау тұлғасының байқауымен жүргізіледі.
523. ТСҚ бақылау тұлғасы оған барлық келген және кеткендерді есепке алу, олардың ТСҚ болу мерзіміне байланыссыз іске асырылады.
2-тарау. Персоналды тікұшақпен жеткізу
524. Персоналды ТСҚ жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрі 1999 жылы 9 шілдеде № 185 бекіткен Әуе тасымалдаулары, Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерімен және Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінң азаматтық авиация комитеті төрағасының 12 қараша 2004 жылы № 217 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерінің жазғы экипажының қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес іске асырылады.
525. Түсіру және отырғызу операциялары тікұшақ командирінің және платформа бастығының (орынбасары) тікелей бақылауымен іске асырылады.
526. Тікұшақты алаңға қондыру (ұшыру) платформа бастығының (орынбасары) рұқсаты бойынша жүргізіледі.
527. Тікұшақпен жеткізілетін барлық жолаушылардың құтқару кеудешелері болады.
528. Тікұшақты алаңға қондыру кезінде тікұшақтың қонуына (ұшуына) кедергі келтіретін ТСҚ орналасқан крандармен жұмыс істеуге жол берілмейді. Крандар бастары тікұшақ алаңынан басқа жаққа бағытталған.
529. Тікұшақты қондыру (ұшыру) кезінде тікұшақ алаңындағы өрт сөндіру құралдары толық дайындық қалпында болады.
530. ТСҚ тікұшақ штормдық жел кезінде ек бекіткіш арқылы платформаға мықты арқандап байланады.
531. Тікұшақ ұшу және қону кезінде тікұшақ алаңында адамдардың болуына жол берілмейді.
532. Тікұшақ алаңдарын бөтен заттармен және винт қалақтары немесе двигатель айналысы зонасына түсуі мүмкін заттармен толтыруға жол берілмейді. Алаң мұздан және қардан тазартылған.
533. ТСҚ орнатылған прожекторлар ұшқышқа және тәуліктік қараңғы уақытында тікұшақтың ұшуына көрінбейтіндей әсер етпейді.
534. Тікұшақ алаңы ТСҚ ірі ғимараттарынан пайда болатын желдің құйындауы мүмкін зонадан тыс орналасатын және ұшу және қону жағынан ұшқышқа жақсы көрінетін жарықтанатын жел көрсеткішпен жабдықталған.
535. ТСҚ тікұшақты қабылдауды қамтамасыз ететін әуежай қарастырылған.
536. ТСҚ радиомаяк көздеген жағдайда, ол жаға мен платформа арасындағы барлық ұшу кезінде іске қосылған болып қалады.
537. Платформадан және жағадан тікұшақтың ұшуын радиобақылау, соның ішінде апат жиіліктерінде қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Персоналды жолаушылар кемесінде (ЖК) жеткізу
1-параграф. Жалпы талаптар
538. Адамдарды ТСҚ қызмет көрсетуші кемеден және платформадан қайта отырғызу осы мақсатқа арналған құрылғылар арқылы жүргізіледі.
539. Отырғызу және түсіру кемек және ТСҚ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасының байқауымен жүргізіледі.
540. Адамдарды қайта отырғызу платформа бастығы мен кеме капитаны арасындағы алдын ала келісім бойынша іске асырылады.
541. Кемеге отырғызу кезінде ТСҚ отырғызу алаңында адамдардың жиналуына жол берілмейді.
542. Жүзу құралдарын ТСҚ арқандап байлау кезінде арқандап байлау ұштарын қабылдау және бекіту ТСҚ қызмет көрсету персоналының бөлінген және оқытылған тұлғаларымен жүргізіледі.
Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары