Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;
Әрбір қызметкер немесе келуші өзінің жиналу пунктін және ұжымдық құтқару құралын біледі.
269. ТСҚ персоналдың азаюы кезінде жұмыстардың жекелеген циклдерін аяқтаған соң (мысалы, бұрғылау) ұжымдық құтқару құралдарының ТСҚ саны қайта қаралуы мүмкін.
3-тарау. ТСҚ апат сигналдарының пиротехникалық
құралдарымен жабдықтау
270. Барлық ТСҚ апаттық сигналдарының пиротехникалық құралдарымен 2-кестеде көрсетілген көлемде жабдықталады.
2-кесте
ТСҚ апат сигналдарының пиротехникалық құралдарымен жабдықтау |
Саны, дана |
Парашютті ракета |
18 |
Ракета немесе дыбысты граната |
18 |
Бір жұлдызды жасыл ракета |
12 |
Бір жұлдызды қызыл ракета |
12 |
271. ТСҚ пиротехникалық сигналды құралдар бөлек орындарда болады.
272. Пиротехникалық сигналды құралдардың сақталуы мен жарамдылығын бақылауды бақылау тұлғасы іске асырады. Пиротехникалық сигналды құралдардың болуы және оларды мақсатты шығындау журналда ескеріледі.
273. ТСҚ приотехникалық құралдар суөтпейтін жәщшіктерде сақталады. Құтқару шлюпкаларында, карсулаларда, немесе плоттарда пиротехникалық құралдар металл су өтпейтін контейнерлерде сақталады.
4-тарау. Құтқару шлюпкалар, капсулалар, плоттар конструкциясы
1-параграф. Негізгі талаптары
274. Құтқару шлюпкалар, капсулалар, плоттарда отырғызу орындары тартпа белдіктермен жабдықталады.
275. Құтқару шлюпкалар, капсулалар, плоттарда оларды адамдармен тікұшақпен тасымалдауды іске асыруға мүмкіндік беретін құралдары болады.
276. Құтқару плоттарының оларды суға олы адамдар санымен түсіру қауіпсіздігін және плот ішінен басқаруды іске асыруды қамтамасыз ететін конструкциясы болады.
2-параграф. Құтқару шлюпкалар, капсулалар,
плоттарды жабдықтау
277. ТСҚ орнатылған А, В, С, түріндегі құтқару шлюпка, капсула, плоттарды жабдықтау жүзудің шектелген ауданындағы кемелерге арналғандай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
278. ТСҚ орнатылған Д түріндегі құтқару шлюпка, капсула, плоттарды жабдықтау жүзудің шектелген ауданындағы кемелерге арналғандай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
279. Танкерлі шлюпкалар мен плоттарда провизия қорларымен жабдықтау дәрігермен бірге декадада бір реттен жиі емес бақылау тұлғасымен жүргізіледі.
Танкерлі шлюпкалар мен плоттардағы ауыз су сапасы екі аптада бір реттен жиі емес-жылдың суық уақытында, ал жылдың жылы уақытында-аптасына бір реттен жиі емес тексеріледі.
Тексеріс нәтижелері журналда тіркеледі.
Ауа температурасы нольден төмендеген кезде анжерка шлюпкалар мен плоттарға жақын орналасқан ғимаратқа шығарылады.
5-тарау. Құтқару кеудешелері мен құтқару дөңгелектері
280. Құтқару кеудешелері мен құтқару дөңгелектеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
6-тарау. Түсіру құрылғыларының конструкциялары
1-параграф. Негізгі талаптар
281. Түсіру құрылғылары элементтерінің конструктивті мөлшері жобаға сәйкес жұмыс жүктемесінде мықтылық қоры қамтамасыз етілетіндей болып таңдалады.
282. Түсіру құрылғыларының жұмыс жүктемесін анықтау кезінде келесі операциялар қанағаттандырылады:
1) 1 м/с артық емес жылдамдықта суға толық жабдықтармен және адамдар санымен түсіру;
2) судан көтеру.
283. ТСҚ түсіру құрылғысын байлау оны кез келген типтегі қабатта құтқару құралымен монтаждауды қамтамасыз етеді.
284. Түсіру құрылғысы қажет болғанда қабаттағы жұмыстардың (мысалы, бұрғылау) жекелеген циклдері аяқталғанда оны оңай демонстрациялауға мүмкіндік беретін унифицирленген бөлшектерден жасалған.
285. Түсіру құрылғысы қабатта түсіру және суға түсіру процессінде стационарлық қабаттың ұжымдық құтқару құралының металл конструкцияларының зақымдану мүмкіндігі болмайтындай болып орналастырылады.
286. Түсіру конструкциясының құрылғысы суға құтқару құралдарының гравитациялық түсірілуін қамтамасыз етеді.
287. Түсіру құрылғысын іске қосу құтқару құралының қабаттан, ішінен іске асырылады.
288. Түсіру құрылғысы оны құтқару құралынан суға түсіру кезінде автоматты және қолмен қосу (дублиреуші) қамтамасыз етіледі.
289. Түсіру құрылғысы құтқару құралының қабаттағы бастапқы жағдайына көтеруді қамтамасыз етеді.
290. Құтқару құралын бастапқы жағдайға соққысыз қоюды қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылады.
291. Түсіру жүйесі кез келген гидрометеорологиялық жағдайда жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
292. Түсіру құрылғысының конструкциясы түсіру процесінде құтқару құралының өздігінен ажыратылуын қамтамасыз етеді.
7-тарау. Түсіру құрылғысына арналған
шығырлар конструкциясы
293. Түсіру құрылғысына арналған лебедка конструкциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптарына жауап береді.
8-тарау. ТСҚ құтқару құралдарын орналастыру және орнату
1-параграф. Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары
294. Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары ТСҚ қызмет көрсетуші персоналдың тұрғын ғимараттары зонасында орнатылады.
Ұжымдық құтқару құралының, түсіру құрылғысы мен шығырлардың орналасу орны олардың зақымдану мүмкіндігін болдырмайды.
Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары палуба үстінде 2 метрге дейінгі биіктікте көтеру механизмдерінің элементтерін орнатуға жол берілмейді.
295. Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары оларға қабаттың қызмет көсретуші персоналын отырғызу есебімен орналастырылады.
296. Әрбір құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары үшін түсіру құрылғысының жекелеген комплектісі қарастырылады.
297. Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары бастапқы жағдайда мықты бекітіледі.
Бекіту конструкциясы құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттардың желдің әсерінен бұралуына жол бермейді және адамдарды жедел және жылдам түсуін қамтамасыз етеді.
Бекіту оңай және жедел қолмен беріледі және шектен тыс кернеулік бермейді.
298. Көп сатылы ТСҚ үшін құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары биіктігі жағынан әртүрлі сатыларда болады. Бұл жағдайда барынша жоғары сатыдағы құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттарын түсіру кезінде барынша төмен сатыдағы шлюпкалар мен плоттарды түсіру кедергі жасамайды.
299. Әрбір құтқару шлюпкалары, капсулдарының екі борттың сыртынан және алдынан, құтқару плоттарында нақты ТСҚ бағыныстылығын көрсететін анық және өшірілмейтін жазулар болады.
2-параграф. Құтқару кеудешелері.
Құтқару шеңберлері
300. ТСҚ әр адамға арналған құтқару кеудешелері болады. Вахталық персоналға арналған құтқару кеудешелері жұмыс орындарында болады.
301. Құтқару кеудешелері оңай орналасқан орында орналастырылады. Құтқару кеудешелерінің сақталу орны нақты белгіленген. Егер құтқару кеудешелері ТСҚ барлық қызметкерлерге таратылмаса, онда оларды бір орында 20 данадан артық сақтауға жол берілмейді.
302. Құтқару шеңберлері отырғызу-шығару алаңдарының, жүргінші көпір (ол болған жағдайда) екі жағынан бірдей ТСҚ әрбір сатысының периметрі бойынша әрбір 20 м сайын таратылған, және қол жетімді болып және кез келген уақытта жедел пайдалануға дайын болатындай етіп орналастырылған. Құтқару шеңберлері алынбалы желілермен жабдықталған.
303. ТСҚ құтқару шеңберлерінің 50 % кем емес бөлігі өздігінен жанатын оттармен және 25 % автоматты әсер ететін түтін шашкаларымен жабдықталған.
304. Өздігінен жанатын буйлармен және автоматты әсер ететін түтін шашкалары бар құтқару шеңберлері ТСҚ әрбір жағында оларды жедел тастауға болатындай етіліп орналастырылады.
305. Түтін шашкалы өздігінен жанатын оттың іске қосу лині ТСҚ құтқару шеңберіне жақын қозғалмайтын бөліміне бекітілген.
7-бөлім. Сигнал құралдары
1-тарау. Жалпы талаптар
306. ТСҚ сигналды құралдар құрамы мен орналасуы Теңізде кемелердің соқтығысуының алдын алудың Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 4 наурыз 1994 жылғы № 244 қаулысымен бекітілген халықаралық ережелеріне (КСАХЕ-72) сәйкес келеді.
307. ТСҚ құрылысына арналған оператор тапсырысына келесі сызбалар қоса тіркеледі:
1) ТСҚ навигациялық қоршауының орналасуы;
2) ТСҚ теңізде жүзу
қауіпсіздігінің сигналдық
3) ТСҚ аэронавигация сигналды құралдарының орналасуы;
4) қауіпсіздік зонасы;
308. Қауіпсіздік зонасының навигациялық қондырғы жүйесінде ТСҚ пайдаланумен байланысты ТСҚ ауданында жүзу режимімен байланысты барлық өзгерістер туралы хабарланады.
309. ТСҚ техникалық жобасында уақытша жүзетін ескерту белгілері немесе навигациялық қондырғылардың тұрақты құралдары, орналастыру орындары, оларға қызмет көрсету құрылғылары қарастырылады.
310. ТСҚ қондырғылары мен сигнал құралдары және құрылғылары мен жабдықтау ұйымның бақылау тұлғасы жүргізіледі.
311. Теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауға жатады:
1) теңізде жүзу қауіпсіздігінің сигналдық құралдары;
2) навигациялық қондырғы құралдары;
3) аэронавигацияның сигналдық құралдары.
312. Ұйымның осы мақсатқа арналған өкілетті бақылау тұлғасы штатты сипаттар бойынша сигналдық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылау жүргізеді.
313. Сигналды құралдарды кезектен тыс куәландыру реттелмейтін фонтанды, ТСҚ өртті жойғаннан кейін және сигналды құралдардың бұзылуына әкелетін басқа жағдайларда жүргізіледі.
314. Сигналды құралдарды кезектен тыс куәландыру ТСҚ иесінің тапсырысы бойынша, аэронавигацияның сигналдық құралдарын азаматтық авиацияның кәсіпорнының талабы бойынша жүргізіледі.
315. Сигналды құралдар ТСҚ және мұнай кәсібі технологиялық қондырғысымен бір уақытта куәландыруға жатады.
2-тарау. ТСҚ синалды құралдармен жабдықтау
316. Сигналды құралдар құрамына мыналар енгізіледі:
1) құрамына сигналды-ажырату фонарьлары, сигналды фигуралар, дыбыс сигнал құралдары, пиротехникалық сигналды құралдар енгізілетін теңізде жүзу қауіпсіздігінің сигналды құралдары;
2) бумды қоса алғанда навигациялық қондырғы құралдары;
3) кодты және шектеуші оттарды қоса алатын аэронавигациялық қондырғылар құралдары.
317. ТСҚ сигналды құралдарының құрамы, пиротехникалық сигналды құралдардан басқа 3-кестеге сәйкес келеді.
318. ТСҚ буксирленетін блоктарында орнатылатын сигналды-ажыратушы фонарьлар, акуммуляторлардан қоректендірілетін электрлі немесе майлы.
Сигналды құралдардың құрамы
3-кесте
ТСҚ жабдықтау |
Теңізде жүзу қауіпсіздігінің сигналды құралдары |
Нави гациялық қон Дыр ғылар құралдары |
аэронавигации 1) сигналды құралдары | |||||||||
Сигналды-ажырату фонарлары |
Сигнал ды фигура лар |
Дыбыс сигнал құрал дары | ||||||||||
Габаритті |
Бортты оттар |
Кормдық |
Ажыратқышты ТСҚ |
Ромб |
Шар |
Қоңырау |
Тифон |
Буй 2) |
Код ты |
Шек теулі | ||
Ерекше оң жақ борт |
Ерекше сол жақ борт | |||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Тасымалдау кезінде |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
- |
13) |
13) |
- |
- |
Фонарь ТСҚ барлық биік ғимараттарында орнатылады. | |
Монтаждау (демонтаждау) кезінде |
5 |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 | |
Пайдалану |
5 |
- |
- |
- |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
- |
1 | |
Соның ішінде су асты техникалық жұмыстар |
2 |
2 |
||||||||||
Консервацияда |
4 |
- |
- |
- |
1 |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
- |
Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары