Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде циркуляцияға қатысатын ұңғыма көлеміне байланысты жуу сұйығының, саз ұнтақ қоры, химиялық реагенттер мен ауырлатқыштар бір еселік қоры көзделеді. Бұл қорды жасау уақыты және оның көлемі ұңғыма құрылысының жобасында қарастырылады және геологиялы-техникалық нарядта және технологиялық регламентте көрсетіледі.
154. Бұрғылау құрылғысының порталында циркуляциялық жүйе жабдықталады:
1) қабылдау ыдыстарындағы
2) ұңғымадан шығатын бұрғылау ерітіндісіндегі газдың болуы туралы тұрақты бақылау жүйесімен, газды пайда болуы туралы сигнализация бұрғылаушы постында және орталық басқару постында орналастырылады;
3) бұрғылау ерітіндісінде газдың бірінші пайда болу белгілерінде бұрғылау ерітіндісін дегазизациялау жүйесімен.
155. Циркуляциялық жүйенің ерітінді құбырының еңісі бұрғылау ерітіндісінің ұңғыма аузынан тазарту құрылғысына қарай ағуын қамтамасыз етеді.
4-параграф. Шашылатын материалдардың пневмокөлігі
156. Пневмокөлік жүйесінің трубақұралдарының учаскелерін қосу жиі бөлшектеуге жатады, жылдам алынады, герметикалы және оларды монтаждау, демонтаждау және пайдалану кезінде ыңғайлылығы мен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл қосулар оңай орналасқан орындарда орналастырылған.
157. Биіктікте орналасқан пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында тиекті арматураларды орналастыру орындары сүйенішті қоршаулармен және траптармен (сатылармен) жабдықталған.
158. Сақтау бункерлерінің, бункер-таразылар және түсіру бункерлер түбі аэрирлеуші құрылғылармен жабдықталады.
159. Сақтау бункерлерінде, бункер-таразыларда және түсіру бункерлерде жылдам ашылатын люк-лазалар көзделеді.
160. Люк-лазаның қақпағы ашық жағдайда тығыздаушысы және фиксирлеуші құрылғысы болады.
161. Сақтау бункерлерін, бункер-таразыларды және түсіру бункерлерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану үшін люк-лазадан бункер түбіне апаратын траптар орнатылады.
162. Пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында өнім немесе ауа қозғалысының бағыты көрсетіледі.
163. Пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында ұнтақ тәріздес материалдар жиналуы және тығындар қалыптасуы мүмкін орындарда сығылған ауа берілетін үрлеу қалқаншасы орнатылады.
Үрлеу қалқаншасы корпусының ішінде аэрирлеуші құрылғы орнатылады.
164. Цемент беру трубақұбырлары мен өңделген ауаны шығару жүйесінің трубақұбырлардың тығындалып қалуының алдын алу үшін цементтің бұрғылау ерітіндісіне цементтің түсуін болдырмау мақсатында жұмыстар аяқталған соң ауаны үрлеу мүмкіндігі болады.
165. Циклондардан өңделген ауаны шығару ТСҚ қарама-қарсы жағынан желдің бағытына қарай төменгі саты төсендісінің астына қарай жүргізіледі.
166. Пневмокөлік жүйесінің компрессорлық құрылғысы компрессорды апаттан қорғауды, электрдвигательді сөндіруді және жарық және дыбыс сигналдарын бір уақытта беруді қамтамасыз ететін автоматика жүйесімен жабдықталады.
4-бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану
1-тарау. Жалпы талаптар
167. ТСҚ ұңғымаларды игеру және жөндеу әрбір нақты ұңғыма үшін әзірленген жоба (ЖҰЖ) бойынша жүргізіледі.
ЖҰЖ жұмыстарды жүргізу тәртібі, қауіпсіздік шаралары, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы көрсетіледі.
168. Келесі талаптарды орындау кезінде ТСҚ бір уақытта бұрғылау және пайдалануға жол беріледі:
1) фонтанды ұңғымалар
ұңғыма ішіндегі және ауыздарда
2) газлифтілі ұңғымалар ауыздардағы және желілік қалқанша-отсекательдермен жабдықталады.
169. Ұңғыма ауыздарының сызбасы және байлау шарттары жобада анықталады.
170. ТСҚ әрбір игерілетін және пайдаланылатын ұңғымалардың таратушы трубақұбырына тиекті құрылғылары бар су ағындары болады. Трубақұбырлардың су тартқыларында кері қалқаншалар орнатылады. Ұңғымалардың әрбір қатарының өзінің таратушы трубақұбыры болады.
171. Таратушы трубақұбырлар және тиекті құрылғылар ұңғымаларды пайдалану кезінде күтілетін максимальды қысымға есептеледі.
172. Таратушы трубақұбырдың насос манифольдасына қосу желісінде ұңғыманы жабу үшін тиекті құрылғылар орнатылады.
173. Тиекті құрылғылар арасында қысымды бақылауға арналған манометрлер орнатылады.
174. Ұңғыма маңындағы жұмыс алаңын игеру, пайдалану, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде артық қондырғылармен және материалдармен үйіп тастауға болмайды.
175. ТСҚ трубақұбырлары топтарға біріктірілген және бір кеңістікте салынады. Трубақұбырларының қиылысуына ерекше жағдайларда жобамен негізделгенде жол беріледі.
176. ТСҚ фонтанды арматураларға қызмет көрсету үшін биіктікте реттелетін құрастырылатын алаңдар көзделеді.
177. Бұрғылау қондырғысының блок-модульдерін демонтаждаудан кейін ТСҚ пайдалану ұңғымаларын жабуға арналған блок-модульдер орнатылады.
2-тарау. Ұңғымаларды игеру
178. Игерілетін ұңғымаға насостарды жабу (глушение) үшін қоса отырып, ДВС ұшқын сөндіру жағдайында тексеруді қоса алғанда барлық дайындау жұмыстарын орындау және ТСҚ бұрғылау ерітінділерінің болу шартында ТСҚ игеруге жол беріледі.
179. Жебелік және жарылыс жұмыстары перфоратор мен торпедоны ұңғымаға түсіруді қамтамасыз ету және перфоратордың бірінші атылу тәуліктің жарық уақытында болуын қамтамасыз ету есебімен оператор бекіткен ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.
Қараңғы түскен уақытта жұмыс алаңдарын және қауіпті зоналарды жарықтандыруды қамтамасыз ету кезінде белгіленген нормаларға сәйкес бұл жұмыстарды орындауға жол беріледі. Жарықтандыру жұмыс басталғанға дейін ЖҰЖ сәйкес дайындалады.
180. Түнгі уақытта ағынды шақыруға жол берілмейді.
181. ТСҚ ұңғыманы перформациялау алдында ТСҚ барлық ұңғымалар сағалары байламындағы рұқсат берудің болуы тексеріледі. Анықталған рұқсат берулер жойылады.
182. Ұңғыма перфорациялауға дейін бұрғылау ерітіндісімен толтырылады, ұңғымалар сағалары тастауға қарсы қондырғылармен жабдықталады.
183. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі Талаптарына қосымша перфорациялау кезінде қамтамасыз етіледі:
1) ТСҚ өрт және құтқару кемесінің болуы;
2) ТСҚ фонтанды ұңғымалар үшін желілік және пакерлі қалқанша-отсекательдер бар ұңғыма ішіндегі жинақтың болуы.
184. Ұңғымаларды сынауға арналған қондырғы орналастырылған алаңдардың жақсы табиғи желдеткіші болады.
185. Ұңғыманы перфорациялау кезінде бұрғылау және от жұмыстарын орындауға болмайды. Бұл жағдайда бұрғылау ұңғымаларындағы мүмкін болатын қиыншылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады. ТСҚ пайдалану ұңғымаларында ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізуге және ТСҚ қызмет көрсету кемелерінің келуіне жол берілмейді.
186. Насосты-компрессорлық трубалар ұңғымаға түсірілгенге дейін шаблондалған және опрессовкаланған. Опрессовка нәтижесі бойынша акт жасалады.
3-тарау. Мұнай өндіру
187. ТСҚ әрбір фонтанды ұңғыма сағалық арматураның бұзылуы, ұңғыма аузында өрт пайда болуы, тастау коллекторында қысымды жоғары немесе төмен өлшеу кезінде жұмыстың тоқтатылуын қамтамасыз ететін ұңғыма ішіндегі қалқанша отсекательмен, жергілікті постыдан немесе диспечерлік пульттан жеке ұңғымаларды немесе пайдалану ұңғымалар тобын апаттық жағдайда сөндіруге мүмкіндік беретін задвижка-отсекательмен жабдықталады.
188. Ұңғыма ішіндегі және желілік қалқанша-отсекательдердің жұмыс қабілеттілігі осы қалқаншаларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кесте бойынша тексеріледі.
189. Әрбір фонтанды ұңғымада труба сыртындағы, сақинадағы, трубалық және колонна аралық кеңістік ұңғымаларындағы қысым бақылау іске асырылады. ТСҚ үлгілі манометрлер кешені қарастырылады.
190. Резьбалық қосылыстарда пропусктардың алдын алу үшін запакерирленген ұңғымалардың затрубалық кеңістігінде жасанды қысымды ұстап тұруға жол беріледі. Распакерлеу және трубалық кеңістікте қысымды арттыру кезінде ұңғымаларды сөндіру және қайта перепакеровкалау шаралары қабылданады.
191. Тот басу компоненттері бар ұңғымаларды пайдалану кезінде коррозияға қарсы тұратын материалдан жасалған арматура қолданылады. Көрсетілген ұңғымаларда ингибаторды уақытында енгізу қамтамасыз етіледі.
192. Фонтанды арматураны және басқа трубақұбырларды фонтанды «шыршадан» блок-манифольдаға дейін байлау колонналы бұрыштармен және заводта жасалған үштіктермен жүргізіледі. Лақтыру желілері қабатқа мықты бекітіледі.
193. Трубақұбырлары жартылай жұмыс қысымына есептелген резьбалық қосындыларда орындалады. Бұл жағдайда трубақұбырларды қарау және жөндеу мүмкіндігі қарастырылады. Әрбір трубақұбырда 10 м интервалда бояумен ұңғыма нөмірі мен ағын бағыты көрсетіледі.
194. Трубақұбырлары арасындағы жарықтағы қашықтығы қолданылатын трубалар диаметрі ≥200 мм болғанда 200 мм кем емес. Басқа жағдайларда жарықтағы қашықтық 100 мм кем емес. Трубақұбырлардың төселімге дейінгі қашықтығы 350 мм кем емес.
195. Ұңғымалардың көп қатарлы орналасуы кезінде трубақұбырлардың пайдалану ұңғымасынан ұңғымалар арасындағы қатарларға салуға жол берілмейді.
196. Трубақұбырлар қатты бекітіледі, және қысымның тиісті маркісі және ГОСТ 14202 бойынша іздестіру бояуы болады.
197. Ұңғымалар өлшемдері және сепарация өнімдері бойынша блокты құрылғылар алдында ұңғымалардың лақтыру желілері алдында кері қалқаншалар орнатылады.
198. Ұңғымаларды, трубақұбырларды, сепараторларды және тағы басқаларды үрлеу және разрядтау технологиялық блок арқылы жүргізіледі.
199. Ұңғымалардың лақтыру трубақұбырларында, пайдалану бағанына бағытталған өнім құбырларында, желілік қалқанша-отсекательдер орнатылады.
200. Мұнай, газ және тағы басқа жанатын сұйықтары
бар трубақұбырларын тұрғын блокқа тартуға
жол берілмейді. Көрсетілген трубақұбырлары
тұрғын блоктан және ұжымдық құтқару құралдарына
201. Газ немесе жанатын сұйықтары трубақұбырлары жанбайтын трубақұбырымен қиылысқан кезде соңғылары төмен орналастырылады.
4-тарау. Ұңғымалардың ағымдағы және күрделі жөндеуі
202. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарына дайындау ЖҰЖ сәйкес жүргізіледі және ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен «Ұңғымаларды жөндеуге дайындау туралы акті» жасалады. Жөндеуден кейін ұңғыма акті бойынша өткізіледі.
203. Фонтанды ұңғымаларды жөндеу алдында бұрғылау ерітіндісінің жөнделетін ұңғыманың белгіленген параметрлері 2 еселік максимальды көлемінен кем емес қоры жасалады.
204. Фонтанды арматураны алғаннан кейін (насосты-компрессорлық труба) ескерту құрылғы жобаға сәйкес ұңғыма аузына орналастырылады және опрессовкаланады.
205. Мұнай газ пайда болуы кезінде өндіріс ұңғымаларды жөндеу, бұрғылау процессінде бұрғыланатын ұңғымаларда болатын қиындықтарға қарсы шаралар қабылдай отырып, тоқтатылады. Болған қиыншылықтар туралы ТСҚ пайдаланатын ұйым басшылығына және ашық фонтандардың алдын-алу және жою жөніндегі әскерилендірілген АҚҚ-ға хабар беріледі.
5-тарау. Ұңғымаларды бір уақытта жөндеу және бұрғылау
206. Бір қабатта ұңғымада күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге қатар бұрғыланатын ұңғымада бұрғылау аяқталғаннан кейін жол беріледі.
207. Күрделі жөндеуге жататын ұңғыма сөндіріледі және оның арматурасымен жабылады. Ұңғымада «Көңіл аударыңыз! Күрделі жөндеу күтілуде!» деп жазылған кесте ілінеді.
208. Бұрғыланушы ұңғымада бұрғылау жұмыстарын аяқтағаннан және оны игерген және консервациялағаннан кейін ұңғымаларды жөндеуге кірісуге жол беріледі.
209. Ұңғымаларда жөндеуді бастау алдында циркуляция қалпына келтіріледі және жуу сұйықтарының параметрлері теңестірілгенге дейін бұрғылау ерітіндісімен жуылады.
210. Күтумен немесе трубалар тартумен байланысты фонтанды ұңғымаларда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, мүмкін қиындықтарға қарсы шаралар қабылдай отырып, бұрғылау ұңғымаларындағы жұмыстар тоқтатылады.
6-тарау. Ұңғымалар өнімдерін жинау, дайындау және көлігі
211. ТСҚ мұнайдан (конденсат) газды сепарациялауға, газдар мен сұйықтарды депресоторлармен, антифриздермен, коррозиялар ингибаторларымен және деэмульгаторлармен өңдеуге, модульды орындаудағы блокты технологиялық құрылғыларда ұңғыма өнімдерін өлшеу, сұйықтарды насостармен айдауға жол беріледі.
212. ТСҚ мұнайды термохимиялық деэмульсациялау жүргізуге жол берілмейді.
213. ТСҚ өндірілген мұнайды сақтау үшін қойма резервуарларын орналастыруға жол берілмейді. Мұнай технологиялық қабатқа, жағалық базаға қайта айдалады немесе жекелеген қабаттарда жеке резервуарларда сақталады. ТСҚ мұнайға арналған жалпы көлемі 200 м³ артық емес буферлі ыдыстың болуына жол беріледі.
214. ТСҚ конструкцияларына пайдалану бағандарын бекітумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар люлкелерден, алаңдардан, көпірлерден және басқа да құтқару кеудешелерімен жүргізіледі.
Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары