Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;
215. Қызмет көрсету кемелерінің көмегімен пайдалану бағанын жөндеу кезінде ұңғымалар ТСҚ жағынан, сонымен қатар технологиялық қабат жағынан жабылады. Бағандағы қысым атмосфералық қысымға дейін төмендетіледі.
216. Пайдалану бағандары мен ұңғымаларын разрядкалау технологиялық блок арқылы жүргізіледі.
217. Жөндеуге дайындау, пайдалану бағандарын жөндеу ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.
218. Барлық негізгі және қосымша технологиялық құрылғылардың қысымның жіберілгеннен жоғары болуы, шлейфтер мен технологиялық қондырғылардың жарылуы кезінде ұңғымалардың және газ жинаушы коллекторлардың автоматты сөндірілуін қамтамасыз ететін автоматты қорғаныс құралдары болады.
Көрсетілген технологиялық құрылғылардың технологиялық режим бұзылуының сигнализациясы, дыбыс және жанып-өшіп тұратын жарық сигналдарымен жүретін автоматика аппаратурасының жарамсыздығы болады. Апаттық сигнализация жалпы дыбыс сигналымен және сигналды лампалармен іске асырылады.
219. Барлық резервтік желілер жұмыс (жүктелген режим) жағдайында болады. Резервтік желіні салу кен орнын жабдықтау жобасында көзделеді.
5-бөлім. Қондырғының орналасуы
1-тарау. Ұңғымаларды орналастыру
220. ТСҚ ұңғымалар саны жобалық тапсырмада, ұңғымалардың орналасуы ТСҚ құрылысы жобасында анықталады.
Бұл жағдайда:
1) ТСҚ жұмыс істейтін газ және газ конденсатты ұңғымалар саны 12 ден артық емес;
2) ТСҚ аномальды жоғары қабат қысымында жұмыс істейтін газконденсатты ұңғымалар саны алтыдан артық емес және олар бір қатарға орналастырылады;
3) ТСҚ жұмыс істеуші мұнай және жүктемелік ұңғымалардың саны пайдалану дебитінің сомасының тәулігіне 2 мың тоннаға дейінгі мұнай шартында 32 ден артық болмауға жол беріледі. Ұңғыма екі қатарға орналасады.
221. ТСҚ ұңғымаларды бір немесе бірнеше қатарға қабат шетінен 10 м аспайтын қашықтықта орналастыруға болады. Ұңғымалар мен қабат шеті арасында трубақұбырларын ғана орналастыруға болады.
222. Қатардағы ұңғымалар сағалары арасындағы қашықтық пайдалану және жөндеу кезінде ыңғайлы болу шартында таңдалады, бірақта 2 м кем емес.
Газ және газ конденсатты ұңғымалар сағалары және қатарлар арасындағы арақашықтық 3 м кем емес.
223. Бір бұрғылау құрылғысымен (жұптармен) бұрғыланатын ұңғымалардың екі қатары арасындағы арақашықтық 2 м кем емес.
224. Екі бұрғылау құрылғысымен бір уақытта бұрғылау кезінде мұнара астындағы порталдар арақашықтығы 4 м кем емес. Бұрғылау ерітіндісінің тазарту жүйесін бұрғылау құрылғылары арасында орналастыруға жол берілмейді.
2-тарау. Жебелі крандарды орналастыру
225. ТСҚ жебелі крандармен (стационарлық және жылжымалы) жабдықталған.
Крандарды орналастыру орындары жүк операцияларын көліктік кемелерден, сөрелерде және бұрғылау құрылғыларының қабылдау көпірлерінен механизациялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Крандар саны мен типтері жобада қарастырылады.
226. ТСҚ жебелік крандар орналасу орны жүзу құралдары палубасының краншы кабинасынан көрінуін қамтамасыз етеді.
227. Бұрғылау мұнарасының жебелік крандары тұрғын блогының және басқа құрылыстардың антеналық кешеніне тиюін болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Факельді орналастыру
228. ТСҚ апаттық жағдайларда факельді орналастыруға болады. Факел газдың күтілетін көлемін жағуға есептелген. Факелдің жылулық әсері қызмет көрсетуші құрамға және технологиялық қондырғылар үшін жанатын газдар мен сұйықтарда болатын жіберілетін шамадан артық болмайды.
229. Факельді баған тұрғын блок орналасқан қарама-қарсы қабат жақтан бұрышта орналастырады.
4-тарау. Кәсіби-геофизикалық жұмыстар үшін қондырғыларды орналастыру
230. Кәсіби-геофизикалық станцияның көтергіші және зертханасы, газкаротажды станция бір блокқа орналасқан немесе бір-біріне қатысты параллель қатар орналасқан.
231. Көтергіштің орналасу орны кәсіби-геофизикалық жұмыстарды жүргізуді және бұрғылау жұмыс алаңында қызмет көрсетуші персоналды бақылауды қамтамасыз етеді.
232. Станцияларды орнату көтергіштің жекелеген бөлшектері мен зертханаларды тексеру, реттеу, жөндеу және тағы басқа оңай баруын қамтамасыз етеді.
233. Караотажды станция ғимаратынан ТСҚ жоғары қабатынан жылдам шығуды қарастырады.
234. ТСҚ жебелік аппараттарын зарядтау және жинау ұңғыма аузынан және тұрғын блоктан 20 м кем емес қашықтықта арнайы құрылғымен жүргізіледі.
10-параграф. Радиоактивті заттарды қоймаға орналастыру
235. ТСҚ геофизикалық партияның радиометрикалық жұмыстар жүргізу кезінде жеткізген радиоактивті заттарды (әрі қарай-РЗ) уақытша сақтау қоймасы көзделеді. Қойма адамдардың тұрақты болу орнынан 10 м кем емес қашықтықта орналстырылады. Қойма есіктерінің кілті геофизикалық партия басшысында болатын мықты жабу құрылғысы болады.
236. Қойманың еденінде оларға геофизикалық партиялардың радиоактивті заттарды (әрі қарай-РЗ) тасымалданатын контейнерлері болады.
РЗ құдықтарға орналастыруға жол берілмейді.
237. Құдықтар болат трубалардан жасалады, және түбінде саңылау болмайды. Құдық ашылып-жабылатын тығыз қақпағы болады. Құдықтардың қабырғалары мен түбі екі қабаттан жасалады: құдықтар қабырғалары арасындағы ішкі кеңістік парафинмен құйылған.
238. Құдықтар бір біріне қатысты 0,6 м кем емес қашықтықта орналастырылады.
239. Құдықтар үстінен РЗ бар тасымалданатын контейнерлерді қауіпсіз түсіру және алуды қамтамасыз ететін түсіру-көтеру құрылғыларымен жабдықталады.
240. Құдықтар және түсіру-көтеру құрылғыларының конструкциялары барлық жағынан оңай баруды қамтамасыз етеді.
241. Қоймаларда сырт жағынан радиациялық қауіптілік белгісі орнатылады.
5-тарау. Пайдалану кешенінің қондырғыларын орналастыру
242. Технологиялық блоктар арасындағы қашықтық оларды қауіпсіз пайдалану және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
243. Технологиялық құрылғылар арматураларын, аппараттарын және приборларын орналастыру олардың ыңғайлы қызмет көрсетуі мен жөндеуін қамтамасыз етеді.
244. Аппараттар, аппараттар мен ғимараттар қабырғалары арасындағы өтетін жерлердің ені 1 м кем емес.
Көрсетілген қашықтықтар агрегат бөлігін көрсететін аппараттарға жатпайды. Көрсетілген жағдайда агрегаттың жекелеген аппараттары технологиялық мақсаттылықпен және қызмет көрсету мүмкіндігімен анықталады.
245. Қысымын, шығынын, температурасын және басқа параметрлерін бақылауды талап ететін технологиялық қондырғылар басқару щитінде көрсетулері бар және орналастыру орнында бақылау приборлары бар дистанционды басқару приборларымен жабдықталады.
246. Қондырғылар, аппараттар мен арматураларды орналастыру кезінде жұмыс істеушілер тұрақты болатын орындарда, басқару щитіне қызмет көрсету (тұрақты жұмыс орындары болған жағдайда) бағыты бойынша ені 2 м кем емес өтетін орындары қарастырылады.
1-параграф. Пайдалану бағаны
247. Пайдалану бағандарын қабаттарда орналастыру, монтаждау, бекіту және қорғау жобаға сәйкес орындалады.
248. Пайдалану бағандары ТСҚ шетінен кемелер тоқтайтын орын сыртынан орналастырылады. Бағандарды тұрғын блогынан 15 м кем емес қашықтықта орналастыруға және бағанды қабатқа енгізуге жол берілмейді.
Бағандар арақашықтығы 500 мм кем емес.
249. Әрбір пайдалану бағанының қабат металл конструкциясына мықты бекітуі болады.
Бекіту орындарында металл емес салулар (тығындар) болады.
250. Толқындық жүктемелер әсері зонасында пайдалану бағандары толқындық жүктемелерге есептелген және кемелердің толып кету мүмкіндігінен қорғалған.
Қоршау конструкциясы
пайдалану ұңғымаларының
6-тарау. Апаттық дизель генераторды орналастыру
251. Апаттық дизель-генератор жоғары қабатта тұрғын блоктың модулі құрамында немесе жанында тұрғын блоктың сыртқы жағынан бұрғылау және пайдалану қондырғысына қарама-қарсы орналасқан жарылыс қауіпті зонадан ауа қабылдауды қамтамасыз ете отырып, тұрғын блоктың сырт жағынан артық қысымды жеке ғимаратта орналастырылады.
Ескерту: ТСҚ персоналы тұрғын ғимараттарының астынан қабатпен ауыспалы көпірмен қосылған жеке моноблок қарастырылса, онда апаттық дизель-генератор осы монблокта орналастырылады.
7-тарау. Отын, май және метанолды орналастыру
252. Отын, май және метанолды ТСҚ сақтау оның жобада анықталатын автономдылығын, қамтамасыз ететін 30 күндік қорынан артық емес сақтауға болады.
253. Отын, май және метанолды сақтауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау талаптары қолданылады.
254. Метанол қоймасы ТСҚ төменгі қабатында орналастырылады.
Пайдалану қондырғысының блок-модуль орындалуы кезінде қоймалар блок-модульдердің сыртқы жағынан және олардың үстінде периметрі бойынша орналастырылады, келесі қабаттардағы ғимараттарда жабық және ашық технологиялық қондырғыларды орналастыруға жол берілмейді.
255. Тікұшақтарды толтыруға арналған станцияларға ғана арналған жарылыс температурасы 43ºС төмен отын қоймасы тік ұшақ алаңының астынан қабат шетінен төменгі сатыда көлбеу бойынша тұрғын блогынан 10 м кем емес қашықтықта орналастырылады.
256. Жарылыс температурасы 60ºС және одан жоғары отын қоймасы энергетикалық блок-модуль астында немесе жеке ыдыстарда орналастырылады. Соңғы жағдайда ыдыстар, фонтанды арматураны қоса алғанда, ашық және жабық технологиялық қондырғылардан тұрғын блогынан 10 м кем емес қашықтықта көлбеу бойынша орналастырылады.
257. ЛВЖ және ГЖ бар, қорғалмаған экранды отын, метанолды және басқа сыйымдылықтар қалыңдығы 40-50 мм термооқшаулау қабатымен жабылады.
258. ТСҚ отын және метанолды жүйесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
259. Қызмет көрсету кемелерінен отын және метанолды қабылдауға арналған трубақұбырлары қабаттың екі қарама-қарсы жағынан отын және метанол қоймаларына жақын орналасқан тоқтау алаңдарына стационарлы шығарылған; трубақұбырлар тұрғын блогынан 10 м кем емес қашықтықта орналасқан.
Трубақұбыры отын қоймасының жоғары бөлігіне жалғастырылған және иілгіш жеңге және тиекті қалқаншаға қосу үшін құрылғымен жабдықталған.
260. Отын трубақұбырлары жарылыс қауіпті ғимараттан тыс орналастырылады. Отын трубақұбырын жұмыс алаңдарында немесе зақымдануы мүмкін басқа орындарда салуға жол берілмейді. Отын трубақұбырын осы орындарда оларды механикалық зақымданулардан сенімді қорғау және трубақұбырлардың алынатын қосулары болмаған жағдайда салуға болады.
8-тарау. Оттығы бар жалынды жану құрылғыларды орналастыру
261. Оттығы бар жалынды жану құрылғылары құрамында газ, жанатын сұйықтар, пайдалану және бұрғыланатын ұңғымалар бар аппараттардан (15 м кем емес) максимальды мүмкін алыстату кезінде орналастырылады.
6-бөлім. Құтқару құралдары
1-тарау. Жалпы талаптар
262. Құтқару құралдары мен құрылғыларының құтқару құралдары құралдары мен құрылғылары, жабдықтау заттары мен қондырғылары қабатты пайдаланудың макроклиматтық жағдайда пайдалануда мықты.
263. ТСҚ теңіз кемелерінде қолданылатын құтқару құралдарына, олардың конструкцияларын қолдануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
2-тарау. ТСҚ ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықтау
264. ТСҚ құрылысымен аяқталған қабылдау кезінде оларда ұжымдық құтқару құралдары, капсулалар, құтқару шлюпкалары мен плоттары орнатылған.
265. ТСҚ ұжымдық құтқару құралдары жаңа жабдықтары бар, жедел пайдалануға дайын жарамды жағдайда ұсталады.
Ұжымдық құтқару құралдары айқын бояулармен (қызғылт сары, қызыл) боялған, тәуліктің кез келген уақытында пайдалануда байқалады, құтқарылушы персонал тәуліктің кез келген уақытында әртүрлі әдіспен, рация және басқа табылған құралдарды қоса алғанда құтқарушылардың көңілін аударатындай болып орналастырылады. Құтқару кемелері егер жұмысты мұзбен жабылатын теңізде жүргізу жоспарланса, персоналды мұз жағдайларында құтқаруды қамтамасыз етеді.
266. ТСҚ қызмет көрсетуші персонал вахтасының әрбір ауысуы кезінде ұжымдық құтқару құралдарының жарамдылығы тексеріледі. Анықталған кемшіліктері жедел жойылады.
267. Судағы ұжымдық құтқару құралдарының саны объектіде тұрақты болатын адамдардың штаттық санынан 50 % артық болады.
268. ТСҚ келуіне қарай вахталар ауысу кезінде әрбір ұжымдық құтқару құралы бойынша аға лауазымдағы бақылау тұлғасы соңғылардың журналда тиісті жазу арқылы қабылдау-беруді іске асырады.
Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары