Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа

Описание работы

Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;

Файлы: 1 файл

t2_86.doc

— 987.00 Кб (Скачать файл)

370. Байланыс кабельдері және антеналық фидерлік құрылғылар механикалық зақымданулардан қорғалған.

371. Радиорубкалар құрылғылары оны қондырғылармен және құрылғылармен жабдықтау оған қондырғылар орналастыру, қосымша агрегаттар, блоктар және қондырғылар приборлары үшін басқа ғимараттар құрылысы және кабельдік желіні монтаждауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.

372. ТСҚ барлық қызметтері телефон байланысымен, соның ішінде радиорубка және радиоаппаратты ғимараттармен жабдықталған.

 

 

4-тарау. Құтқару шлюпкасы, капсула,

плоттар байланыс құралдары

 

373. Егер танкерлік шлюпкалар, капсулалар және плоттарда штаттық радиостанциялар қарастырылмаса, онда ТСҚ радиорубкада көрінетін жерде сақталатын тасымалданатын радиостанциялар болады.

374. ТСҚ қызмет көрсетуші персоналын эвакуациялау кезінде радиостанцияны танкерлік шлюпкаға, капсулға, плотқа эвакуация жоспары бойынша тағайындалатын бақылау тұлғасы ауыстырады.

 

 

 

 

 

5-тарау. Радиоқабылдағыштар қуаттылығы

 

375. ТСҚ орташа қуаттылығы 0,5 кВт артық болатын радиопередатчиктерді орнатуға жол берілмейді.

 

9-бөлім. Электрқондырғылар

 

 

1-тарау. Жалпы талаптар

 

376. Техникалық пайдалану мен тұтынушылардың электр қондырғысының техникалық қауіпсіздігі құрылғысына және зауыт-дайындаушы техникалық құжаттарына қосымша Талаптың осы бөлімінің талаптары ТСҚ электр қондырғыларына таралады.

 

 

2-тарау. Тарату щиттері

 

377. Тарату щиттері кез келген фидерде көршілес ұяшықтарды сөндірмей қауіпсіз жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін конструкциялары болады.

378. Тарату щиттерінің фидерлерінде тасымалданушы жерге қосу мүмкіндіктері қарастырылады.

379. Коммутациялық аппаратуралар сымдарының конструкциясы оларда ескерту плакаттарының ілінуіне мүмкіндік береді.

 

 

3-тарау. Желі нейтралы режимі

 

380. Электр желілері оқшауланған нейтралдар режимінде жұмыс істейді.

381. Желі оқшаулануы кедергісінің төмендеуі туралы автоматты сигнализациясы бар оқшаулауды бақылау көзделеді.

 

 

4-тарау. Жарықтандыру

 

382. ТСҚ жұмыс орындарын жарықтандыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.

383. Жарықтандыру желісі жеке трансформатордан жарықтандырылады. Жарық және күштік жүктемені бірге қоректендіруіге жол берілмейді.

384. Бұрғылау мұнарасын және бұрғылау ғимараттарын және цементтелген насостар ғимараттарын жарықтандыру шырақшамдары үздіксіз жарықтандыруды қамтамасыз етуге арналған екі енгізуден қоректендіріледі.

385. Өндірістік ғимараттар, жұмыс алаңдары, эвакуация жолдарының апаттық жарықтандыруы болады.

386. Жергілікті жарықтандыруды талап ететін жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын орындарда қол шырақ шамдары үшін кернеулігі 12 Вольт розеткалар қарастырылады.

Жарылыс зоналарының  сыртында розеткалар орналастырылады.

12 Вольт желіні қоректендіру бөлек орамдардан жасалған трансформатордан іске асырылады.

387. ТСҚ қолды тасымалданатын аккумуляторлы шырақ шамдармен жабдықталады.

Жарылыс зоналарында  жұмыс істеуге арналған шырақ шамдар осы Талаптың 408-тармағына талаптарға жауап береді.

 

 

5-тарау. Жерге қосу

 

388. Электр қондырғылары (соның ішінде бақылаудың электр приборлары, автоматика, жарықтандыру, және тағы басқа) орнатылған барлық конструктивті металл элементтердің қабаттың металлконструкциясымен мықты электр контактісі болады.

389. Электр қондырғысының корпусы жарылыс зоналарында орналасқан кернеулік шамасына қарамастан металл конструкцияларда жерге қосылған құрылғыларға байланыссыз көп тармақты иілгіш мыс сымдармен жерге қосылады. Бұл талаптар ұшқын қауіпсіз электр тізбегі» бар-жарылыстан қорғалатын түріндегі электр қондырғыларына таралмайды.

390. Жабық және ашық технологиялық қондырғылар, отындар мен өнеркәсіп ағындарына арналған өнімдерді (заттар) тасымалдау және шашырату кезінде электрстатикалық зарядтар пайда болуы мүмкін ТСҚ орнатылатын, ыдыстар жерге қосылады.

391. Жерге қосылатын сымдар бояудан тазартылған орындарда жерге қосу көзделген орындарда электрқондырғылар корпустарына қосылады. ТСҚ металл конструкцияларының электр қондырғылары корпусында сымдардың жабысу орнында жерге қосулардың металл конструкциядардың тотығуға қарсы жабылуы болады.

392. Болтты қосулардың дірілдеуден өздігінен бұралуына қарсы шаралар қабылданады.

 

 

 

 

6-тарау. Электр энергиясының апаттық көздері

 

393. ТСҚ тұрғын блок зонасында орналасқан апаттық көзі қарастырылады. Тәуелсіз дизель-генераторлар және аккумуляторлар осындай көздерге жатады.

394. Аккумуляторлық батареяны пайдалану кезінде оны зарядтау үшін ТСҚ зарядтау құрылғысы болады. Аккумуляторлық ғимараттарға және зарядты құрылғыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі   № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.

395. Апаттық көздер қуаттылығы 18 сағат бойы бір уақытта келесі тұтынушыларды қоректендіру үшін жеткілікті:

1) құтқару құралдарын түсіруге және персоналды эвакуациялауға арналған құрылғылардың электр сымдары;

2) сигнализацияның электр  жүйелері: жарылыс қауіпті парлар  мен газдар концентрациясының артуы туралы; жарылыс қауіпті ғимараттардың желдеткіштер жүйесінің жарамсыздығы туралы; өртті анықтау және көлемді өрттерді сөндіру құралдарын түсіру туралы; ыдыстардағы сұйықтар деңгейі туралы; электр қондырғы мен ғимараттардағы артық қысымды ұстау жүйесінің жарамсыздықтары туралы;

3) апаттық жарықтандыру шырақ шамдары;

4) габаритті және басқа да арнайы фонарьлар;

5) өрт насостарының сымдары;

6) радиобайланыс құралдары.

396. Апаттық аккумуляторлық батарея 30 минут бойы келесі тұтынушылардың қоректендірілуін қамтамасыз етеді:

1) габаритті және басқа да арнайы фонарьлар;

2) радиобайланыс құралдары.

 

 

7-тарау. Басқару органдары және сигнализация жүйелері

 

397. Осы Талаптың «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімінің талаптарына сәйкес белгіленген орталық апаттық басқару пульттарында жарылыс қауіпті булар мен газдар пайда болуынан жарылыс зоналары кеңеюі кезінде қауіптілік тудыратын электр энергиясының негізгі және апаттық көздерінен қоректендіру алатын осы Талаптың 396-тармағында көрсетілген қондырғылардан басқа барлық электр және электр қондырғыларын сөндіруге арналған басқару органдары қарастырылады.

398. Басқарудың орталық-апаттық пункттерінде орнатылады:

1) авральды сигнализацияның қолмен тұйықтаулары;

2) осы Талаптың 395-тармағында көрсетілген қондырғылар орналасқан барлық ғимараттар және кеңістіктермен телефонмен байланыс құралдары;

3) командалық байланыстың қатты сөйлейтін жүйесінің микрофондық посттары.

399. Басқарудың орталық постында жарық және акустикалық сигнализациясы құрылғылары орнатылады:

1) ғимараттарда өртті  байқау;

2) концентрациялары артық  жарылыс қауіпті газдар мен булардың пайда болуы;

3) ыдыстардағы (танкілердегі) төменгі және жоғарғы деңгейлерге қол жеткізу;

4) артық қысыммен жұмыс  істейтін ғимараттар мен қондырғылардың  желдету жүйесіндегі қысымның түсуі.

 

 

8-тарау. Электр қондырғыларын қоршаған орта

әсерінен қорғау

 

400. ТСҚ орналасу орнына байланысты электроқондырғы құрылғысының талаптарымен барлық электр қондырғылардың корпустарының қорғанысы болады.

Электр двигательдері, іске қосуды реттеуші және коммутациялық аппаратура, таратушы құрылғылар, жарықтандыру арматурасы және жабық ғимараттарда орналасқан басқа электр қондырғыларының JР23 төмен емес корпустарының қорғаныс орындаулары болады.

 

 

9-тарау. Жарылыс қауіпті зоналар

 

401. Жарылыс қауіпті зоналарға 5-кестеде көрсетілген ТСҚ ғимараттар мен кеңістіктер жатады.

 

5-кесте

 

р/н

Ғимараттар мен кеңістіктер

Жарылыс қауіптілік класстары

1

2

3

1.1.

Мұнай және мұнай газдары  бар бұрғылау ерітіндісі үшін ашық технологиялық құрылғылар орналастырылған  жабық ғимараттар

 

В-I

1.2.

В-Iа зонасы класына жатқызылуы мүмкін, бірақта газдарды тарату мүмкіндігі болмайтын шахталар, каналдар, лоткалар және тағы басқа осыған ұқсас құрылғылар

В-I

1.3.

Оңай жанатын сұйықтарды айдауға арналған жүк шлангілерін сақтайтын жабық ғимараттар

В-I

1.4.

Малярлық және фонарлық ғимараттар

В-I

2.1.

Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, оңай жанатын сұйықтар, мұнай және жанатын газдар үшін сөндіретін және реттейтін құрылғылар орналастырылған жабық ғимараттар

В-Iа

2.2.

Ағынды сулардың насостарының жабық ғимараттары

В-Iа

3.1.

Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер үшін сөндіретін  құрылғылар бөлімшелері орналастырылған жабық ғимараттар

В-Iб

4.1.

Ашық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділері және барлық жаққа бірдей 5 м қашықтықта шектелген оңай жанатын сұйықтар үшін сөндіретін құрылғылар бөлімшелері маңындағы ашық кеңістіктер

В-I

4.2.

Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер, оңай жанатын сұйықтар және барлық жаққа бірдей 3 м қашықтықта шектелген үшін сөндіретін құрылғылар бөлімшелері маңындағы ашық кеңістіктер

В-Iг

4.3.

Технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер немесе оңай жанатын сұйықтар   қоршаулар шегіндегі жартылай жабық қоршаулар

В-Iг

4.4.

Қоршаулар биіктігі 3 м кем емес қоршаулар шегінде бұрғылау жұмыс алаңының жартылай жабық кеңістігі

В-Iг

4.5.

Қоршаулар шегінде бұрғылаудың  жұмыс алаңының төселімі астындағы  жартылай жабық кеңістігі

В-Iг

4.6.

Мүмкін бугаз бөлулерінен  барлық жаққа 3 м радиуста бұрғылаудың  жұмыс алаңының төселімі астындағы ашық кеңістігі

В-Iг

4.7.

Қоршаулар шегіндегі фонтандық арматура орналасқан жартылай жабық кеңістік

В-Iг

4.8.

Оңай жанатын сұйықтарды айдауға арналған жүк шлангілерін  сақтайтын жартылай жабық кеңістік

В-Iг

4.9.

Барлық жаққа бірдей 3 м қашықтыққа шектелген В-I және В-Iа ғимараттардан тартпа желдеткіштер саңылау маңындағы ашық кеңістіктер

В-Iг

4.10.

Барлық жаққа бірдей 1,5 м қашықтыққа шектелген В-I және В-Iа ғимараттардан кез келген саңылау маңындағы (ойықтар, терезелер, есіктер) ашық кеңістіктер

В-Iг


 

Бұл жағдайда:

1) егер цементтелген насостар жеке ғимаратта орналасса және олардың трубақұбыры жүйесі және арматуралары бұл насостардың бұрғылау ерітінділерінің циркуляциялық жүйесімен немесе мұнайы бар цистерналармен қосылуын қарастырмаса, онда мұндай ғимараттар жарылыс қауіпті болып табылмайды;

2) мұнай және мұнай  газы бар бұрғылау ерітіндісіне  немесе қосу фланецтері жоқ  жылдам жанатын сұйықтарға арналған  трубақұбыры учаскелері ғана салынған ғимараттар жарылыс өртті емес ғимараттарға жатады.

402. Есіктер, терезелер немесе кез келген басқа өтетін орындардың және басқа саңылаулардың болуына жол берілмейді:

1) жарылыс қауіпті  немесе басқа ғимараттар;

2) В-I және В-Iа класстарының жарылыс қауіпті зоналарында.

403. Жарылыс қауіпті емес зоналардан жарылыс қауіпті зоналарға өтетін орындар мен саңылаулар орналастыру қажеттілігі кезінде бұл зоналар жарылыс қауіпті болып табылады және жарылыс қауіпті зоналар класына қатысты болады, келесі жағдайлардан басқа:

1) В-I класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын жабық ғимарат төменде аталған талаптары орындалған жағдайда В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасы ретінде қарастырылады:

өтетін орын В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасына ашылатын газ өткізбейтін есікпен жабдықталған;

В-Iг класының жарылыс қауіпті зонасына қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;

желдеткіш жүйесіндегі  жарамсыздықтар және ғимараттардағы ауа  қысымының түсуі туралы хабарлайтын  тұрақты вахталы басқару постына  сигнализация қарастырылған;

2) В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын ғимарат жарылыс қауіпті емес зона ретінде қарастырылады, егер:

өтетін орын жарылыс  қауіпті емес зонаға қарай ашылатын газ өткізбейтін өздігінен жабылатын  есікпен жабдықталған;

жарылыс қауіпті зонаға қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;

желдеткіш жүйесіндегі  жарамсыздықтар және ғимараттардағы ауа  қысымының түсуі туралы хабарлайтын  тұрақты вахталы басқару постына  сигнализация қарастырылған;

3) В-I класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын жабық ғимарат жарылыс қауіпті емес ретінде қарастырылады, егер:

өтетін орын ауа тамбурын қалыптастыратын газ өткізбейтін өздігінен жабылатын екі есікпен жабдықталған;

В-I класының жарылыс қауіпті зонасына қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;

Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары