Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа
Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;
бақыланатын ғимаратта артық қысымының болмауы туралы туралы хабарлайтын тұрақты вахталы басқару постына сигнализация қарастырылған.
10-тарау. Жарылыс қауіпті зонасына арналған
электр қондырғыларын таңдау
404. Технологиялық қондырғылар (ыдыстар, аппараттар, насостар, трубақұбырлары және тағы басқа ішкі көлемі) ішінде кез келген зақымдануларда жарылыс қауіпсіз» жарылыстан қорғаныс деңгейі бар «ұшқын қауіпсіз тізбек» түріндегі датчиктермен бақылау жүйесі және автоматика тізбектерінен басқа мұнай немесе мұнай немесе газы бар бұрғылау ерітіндісі бар электр қондырғыларды орнатуға жол берілмейді.
405. Теңіздің стационарлық қабатының жарылыс қауіпті аумақтарында орналастырылатын электрқондырғыларды таңдау электр қондырғысы құрылғысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
406. Жылжымалы немесе жылжымалы және қолмен тасымалданатын электр қондырғыларының бөлігі болып табылатындар болып қабылданады:
1) жарылыстан қорғаныс деңгейі бар В-I және В-Iа класстары зоналарында жарылыс қауіптілігінен төмен емес;
2) В-Iб және В-Iг кластары зонасында жарылыстан қорғанудың кез келген деңгейімен.
407. Мұнарада орналастырылған (барлық фонарьлар бойынша) кез келген жарылыс қорғаныс деңгейлі жарылыстан қорғалған жарықшамдар.
408. Қоректендірудің өзіндік көзі 12 Вольттен төмен емес жарылыстан қорғаныс деңгейі бар барлық кластар зоналарында жарылыс қауіптілігінен төмен емес қолда ұсталатын жарықшамдар.
Тыс көздерден (трансформаторлар немесе аккумуляторлар) қоректендіру кезінде келесі талаптар орындалады:
1) қоректендіру көздері
жарылыс қауіпті зоналардан
2) қоректендіруші кабельдер иілгіш, жарылыс қауіпті зоналарда жұмыс істеу кезіндегі талаптарға жауап береді.
11-тарау. Кабелдер
409. В-Iа, В-Iб және В-Iг кластарының жарылыс қауіпті зоналарда станционарлы орналастырылған электр қабылдауыштарды қоректендіру үшін механикалық және химиялық әсерлерден қорғалған кабельдерді ашық орналастыруға жол беріледі.
410. ТСҚ жылжымалы конструкцияларында (мұнара, кран және тағы басқа) орналасқан электр қабылдауыштарды қоректендіруге арналған кабельдер ТСҚ өзіне және жылжымалы конструкцияларда салынады. Көрсетішген стационарлы салынған кабельдер арасындағы қосылатын учаскелер минимальды қажетті ұзындықтағы иілгіш кабельдермен орындалады.
Қорапшалардың жарылыс қауіпті зоналарда орналасуы кезінде олар жарылыс қауіптілік класына сәйкес жарылыс қорғаныс деңгейлі жарылыстан қорғалған.
12-тарау. Найзағайдан қорғану және найзағай разрядтарының қайталамалы құбылыстарынан қорғау
411. ТСҚ найзағайдың тікелей соққыларынан қорғану найзағай тартқыш құрылғысы арқылы іске асырылады.
412. Оқпанды найзағай тартқыштың найзағай қабылдаушысы тот басудан қорғалған және 100 мм2 кем емес қимасы және 200 мм кем емес ұзындығы болады.
413. Мұнара және басқа металл конструкциялар ТСҚ металлконструкцияларымен 50 мм2 кем емес қимасы бар екі болат өткізгішпен дәнекерлеу арқылы қосылады.
414. ТСҚ металл конструкциялары ұңғыманың әрбір бағытымен 50 мм2 кем емес қимасы бар екі болат өткізгішпен дәнекерлеу арқылы қосылған.
415. Найзағай разрядтарының қайталамалы құбылыстарынан қорғану үшін ұзындығы 20 м артық емес және бір-бірінен 10 см және одан кем орналасқан металл трубалар, кабельдер қабықтары және тағы басқа металл ұстатқыштармен екі жерден кем емес дәнекерленген өзара қосылған.
13-тарау. Жарылыс қауіпті ғимараттарды желдету
416. Жарылыс қауіпті ғимараттарды желдету «Жылыту, желдету және кондиционирлеу», ҚР ҚН және Е 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес келеді.
417. Тастау және ауатартқыш шахталардың өзара орналасуы санитарлық ережелер талаптарына орындалады және кері ауаның сорылуына жол берілмейді.
418. Ауа тарту құрылғылар жарылыс қауіпті зоналардан тыс орналастырылады және жарылыс қауіпті концентрациялардың 20 % НПВ жеткен кезде жүйенің автоматты қосылу құрылғысымен жабдықталған.
419. Жарылыс қауіпті газдар мен булардың кенеттен жедел бөліну мүмкін өндірістік ғимараттарда апаттық желдеткіш көзделген. Апаттық тартпа желдеткішін іске қосу газанализаторлар датчиктері әсерінен автоматты түрде көзделеді.
Апаттық желдеткішті дистанционды іске қосу көзделеді.
420. Жарылыс қауіпті ғимараттарда орналастырылатын желдеткіш агрегаттар жарылыстан қорғаныста орындалады.
421. Бірнеше жарылыс қауіпті ғимараттарды ортақ ауа құбырларымен біріктіруге жол берілмейді.
422. Ғимаратқа қызмет көрсететін қиылысқан желдеткіш құрылғылар автоматты жұмыс істейтін кері қалқаншалар орналастырыла отырып, жарылыс қауіпті зоналардан тыс орналасқан кезде қарапайын орындауда орындалады.
10-бөлім. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар
1-тарау. Жалпы талаптар
423. Тәулік бойы жұмыс істейтін ТСҚ персоналдың демалуына, тамақтануына және басқа қажеттіліктерге арналған тұрғын және қоғамдық ғимараттар салынады.
424. Тікұшақ алаңы бар тұрғын блогы қабаттан 50 м кем емес қашықтықта жеке блокта орналастырылады. Жобамен бекітілген кезде тұрғын блокты жақын ұңғыманың сағасынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда тұрғын блогы мұнараның құлауынан және тұрғын блогы мен бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғымалар орналасқан орындар арасында су тарпасынан қорғау көзделеді.
425. ТСҚ жобалу кезінде ұңғымалардың орналасу орнына қатысты жел бағыты жағынан (жел бағытын ескере отырып) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың орналасуы ескеріледі.
426. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар дем алатын персоналға шу әсерін төмендету үшін демалу ғимараттарының ТСҚ сырт жағына қарайтындай жарылыс қауіпті зонадан тыс орналастырылады.
2-тарау. Ғимараттар конструкциясы
1-параграф. Ғимараттар конструкциясына қойылатын
жалпы талаптар
427. Ғимараттардың барлық конструкциялары мен сырт қабырғалары болаттан жасалған.
428. Ғимараттар едендері, оқшаулау, қабырғаларды өңдеу және жөндеу жобада көрсетіледі.
429. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда шулар мен вибрациялар деңгейі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 329 бұйрығымен бекітілген Жүзетін бұрғылау құрылғыларының санитарлық ережелеріне сәйкес келеді. Шу деңгейі артық болған жағдайда шуды сіңіру жөніндегі шаралар жүргізіледі.
2-параграф. Траптар мен алаңдар
430. ТСҚ қабаттар арасындағы хабар алмасу үшін траптар мен өтпелі алаңдар орналастырылады.
431. Траптар, өтпелі алаңдар, тұтқалар конструкциялары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Алаңдар арасындағы марштар 15 артық сатыдан тұрады.
432. Өтпелі алаңдардың төселімдері сырғанау мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.
3-параграф. Шығатын орындар, есіктер, терезелер
433. Шығатын орындар, есіктер, терезелердің орналасуы құтқару шлюпкалар, капсулалар және салдарға отырғызу орындарына ғимараттардан кедергісіз шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
434. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар блогының екіден кем емес шығатын орны болады.
435. Тұрғын және қоғамдық орындардағы шығатын орындар ені 0,9 м кем емес.
436. Жабуға арналған құрылғылар екі жақтан басқарылады.
437. Тұрғын ғимараттар есіктері ғимарат ішіне қарай, ал қоғамдық ғимараттар есіктері сыртқа немесе екі жаққа қарай ашылады.
438. Шығатын орындар мен эвакуациялау жолдарында жылжымалы есіктер орнатуға жол берілмейді.
439. Тұрғын ғимараттар есіктерінің 0,4 х 0,5 м мөлшеріндегі тақтайлары болады. Бұл тақтайшаларда «Апаттық шығатын орын-апаттық жағдайда ашылады» деген жазу болады.
440. Есіктер мен терезелер конструкциялары завод дайындаушы талаптарына сәйкес келеді. Су өткізбейтін немесе су газ өткізбейтін есіктер мен терезелер орнату қажеттілігі жобада қарастырылады.
3-тарау. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жабдықтау
441. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар жиһаздары мен қондырғыларының құрамы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 329 бұйрығымен бекітілген Жүзетін бұрғылау құрылғыларының санитарлық нормалары (әрі қарай-Санитарлық талаптар) және завод-дайындаушының нормативтік құжаттамасы негізінде қабылданады.
442. Каюталардағы орындар саны, палуба ауданы, биіктігі мен олардағы пайдалы кубатура экипажға арналған 1 санаттағы кемелерге арналған ғимарат ретінде Санитарлық ережелерге және 250 л.с қуаттылығы бойынша анықталады.
Бақылау тұлғасы және радиоператор үшін бір орындық тұрғын бөлмелер, ал жұмыскерлер және қосымша персонал үшін екі орындық және жобада қарастырылған жағдайда төрт орындық тұрғын бөлмелер қарастырылады.
443. ТСҚ жұмысшылар ауысымы 50 % және бақылау тұлғасының 100 % отырғызу орындарымен жабдықталған асхана көзделеді.
Палуба алаңы жетіспеген жағдайда демалу бөлмесі ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда асхананың пайдалы алаңы қосымша қондырғы мөлшерін ескере отырып, арттырылады.
444. Тұрғын блокта тыныш және шулы демалуға арналған жеке ғимарат қарастыруға болады.
Екі ғимараттағы отырғызу орындары ТСҚ болатын персонал санынан 25 % кем емес.
445. Қоғамдық ғимараттар темекі шегуге арналған орындармен жабдықталады.
1-параграф. Тамақтану блогы
446. Тамақтану блогының құрамы 6-кестеге сәйкес персонал санына қарау анықталады.
6-кесте
Ғимарат атауы |
Платформа типі | |||||
А, В, С | ||||||
Персонал саны | ||||||
50 дейін |
50-100 |
100 артық |
50 дейін |
50-100 |
100 артық | |
Ас үй |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
Тамақты ысытуға және қайнаған су дайындауға арналған қондырғы |
- |
- |
- |
+ |
- |
- |
Жеке наубайхана |
- |
+ |
- |
- |
- | |
Ас үйдегі наубайхана |
- |
+ |
- |
- |
- |
+ |
Тандырда нан пісіру |
+ |
- |
- |
- |
+ |
- |
Қойма |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
Ыдыс жуатын орын |
||||||
Механизирлеген |
- |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
Механизирленбеген |
+ |
- |
- |
+ |
- |
- |
447. Ас үй, наубайхана, буфет, ыдыс жуу, қойманың орналасуы мен қондырғылары Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
448. Тамақ блогында азық-түлік сақтау үшін мұздатқыш агрегаттары бар жеке қоймалар қарастырылады. Азық-түлік қоймаларының сыйымдылығы нақты ТСҚ арналған барлық автономдылық мерзімінде персоналдың қалыпты тамақтануы үшін қажетті азық-түлік қорын сақтауды қамтамасыз етеді.
449. Қоймаларда сақталатын азық-түліктердің жалпы көлемі платформа персоналының санына және оның автономдылығына қатысты белгіленеді.
Бір адамға шаққандағы тәуліктік азық-түлік есебі Санитарлық талаптарға сәйкес қабылданады.
450. ТСҚ тағамдар мен тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тығыз жабылатын контейнерлермен жабдықталған қоқыс жинау ғимараттары қарастырылады.
2-параграф. Санитарлық-тұрмыстық ғимараттар
451. ТСҚ Санитарлық ережелер талаптарында белгіленген нормалар бойынша жуынатын орындар, монша, дәретхана, кір жуатын орын, арнайы киімдерді кептіруге арналған ғимараттар қарастырылады.
452. Ортақ пайдаланудағы жуынатын орындар ерлер мен әйелдерге жеке орналастырылады.
Қалдықтардың барлық түрлері (қатты, сұйық, қойыртпақ тәріздес) жағалық тазарту ғимараттарына шығарылады.
3-параграф. Медициналық жәрдем
453. ТСҚ медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункт және оқшаулау ғимараты қарастырылады. Медициналық пунктте медицина қызметкері тұрақты кезекшілік жасайды.
4-тарау. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарға
қызмет көрсету жүйесі
1-параграф. Жалпы талаптар
454. Төменде көрсетілген жүйелер (трубақұбырлары, оларды қосу әдістері және тағы басқа) конструкциялары завод дайындаушының нормативтік құжаттамасы бойынша қабылданады.
2-параграф. Ғимараттарды желдету, жылыту және жарықтандыру
455. ТСҚ тұрғын және қоғамдық ғимараттарды желдету, жылыту және кондиционирлеу Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
456. Ғимарат конструкциясында шуды азайту және дірілдеудің таралуының алдын алу үшін желдеткіш қондырғысы шу-діріл сіңіруші негіздерде орнатылады.
457. Кондиционерлер мен электр желдеткіштер тұрғын блоктың дыбыс оқшаулаушы бөлек орындарға орнатылған.
458. Табиғи жарықтандыру нормалары Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
459. Ғимараттарда, сатылар мен өтпелі алаңдардағы жасанды жарықтандыру нормалары Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары