Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 23:36, дипломная работа
Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында автоматтандырылған жұмыс орнын құру адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады.
КІРІСПЕ
Қазіргі техника мен
технологияның дамып, маңызы артқан
XXI-ғасыр заманында
Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін. Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:
Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.
Ақпараттық технологиялардың негізінде кез келген жұмыс орнының автоматтандырылған жүйесін құруға болады. Бұндай автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) жұмыстың өнімді жүруіне және уақыт пен шығынын азайтуға тиімді программа болып саналады. Қоғамдағы берілгендерді өңдеуде автоматтандырылған жүйені күнделікті қолдану барысында көптеген мәселелер туындап жатады. Ол мәселелерді шешу мен тиімді жағын қарастыру, оңтайландыру қажеттігі туындайды.
Бұл дипломдық жобада осы мәселелерді негіздеп, Шардара әкімшілік аппаратының кадрлар бөлімінің автоматтандырылған жұмыс орнына арналған мәліметтер қоры жасалынды.
Программаны жобалап жасау нәтижесінде білім мен біліктілікті шыңдай түсетіндігі дәлелденді. Желі арқылы қолжетімділікті ескеру және оның қауіпсіздігін сараптау осындай программалардың басты талаптары болып саналады.
Тақырыптың өзектілігі: Мәліметтер базасын құра отырып, автоматтандырылған жұмыс орнын құру, саралау, оңтайландыру. Уақыт пен шығын қаражаттарын тиімді үнемдеу.
Жұмыстың
мақсаты: Автоматтандырылған жұмыс
орнын пайдалана отырып, әкімшілік
аппаратының кадрлар АЖО-сын
Жұмыстың міндеті: Әкімшілік аппаратының кадралар бөлімінің ақпарттарын қолдана отырып, “Кадрлар бөлімі” АЖО-сын құру.
Жұмыстың зерттеу әдістері: “Кадрлар бөлімі” АЖО-сын құру барысында көптеген мәселелерін шешу. Ақпараттық қауіпсіздігін жобалау, мәліметтер қорын құру және Delphi ортасында жобалау.
Жұмыстың жаңалығы: Автоматтандырылған жұмыс орнын құру барысында, кадрлар бөліміне қатысты мәскелелрді шешу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, программаны жобалауға кеткен шығындарды есептеу, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
1.1 Delphi бағдарламасының құрылымы
Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мумкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р — кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, кәзіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады. Delphi екі түрде дайыңдалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар ушін (Delphi Client - Server), екіншісі - қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi- мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны — екінші түр.
Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу кажет.
Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады [1].
1.2 Delphi ортасы
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:
Іске қосу - Программалар - Borland Delphi 7-Delphi 7 экранда 2.1 суретіне сәйкес Delphi ортасының үш терезесі керінеді.
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезенің астында орналасқаннан көрінбейді.
Сурет 1.1 Delphi ортасы
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пунктгеріне (ішкі мәзірлерге) 2.2 суретіне сәйкес Delphi жұмыс істеу команпдалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Сурет 2.2 Delphi-дің негізгі терезесі
Стандартты түймелер:
- New (Жаңа);
- Open (Ашу);
- Save (Сақтау);
-Open Project (Проектіні ашу);
-View Form (Форманы көрсету);
- Run (Іске қосу):
- Pause (Үзіліс);
-Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу киын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компонентгердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер жөнінде келесі такырыптарды караңыз) түрлі касиеттері бар (оларды компонент "паспорты" деп те атайды). Қасиет (сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін аныктайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма такырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске косылған кезде форма касиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір касиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы тандау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына тандалған объект атауы да жазылып койылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған касиеттер терезесінде көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері .
Форма қасиеттері;
Name (Amay) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің
(компоненттердің) негізгі касиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруте болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат тендеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 opнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін касиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) — формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны тандап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт: 2.3 суретіне сәйкес таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін тандап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
Сурет 2.3 Шрифт таңдау терезесі
Caption (Тақырып, бетіне жазу) — форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Forml сөзі енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басып қойған жөн).
Color (Түс) — форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі — қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биіктік) — пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың ені мен биіктігін орнату қаснеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасистін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінін өлшемін 14 ету үшін программаға Forml.FontSize := 14 меншіктеу операторын енгізуге болады.
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Dеlphi-де анықтамалар ағылшьш тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін "Сократ 97" сияқты арнайы дайындалған программамы пайдаланған жөн (мұндай программа Компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
3. Dеlphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдалаиушы программаларынын кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратып) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясына нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
Delphi пакеті қиын программаларды программалаудың қарапайым және әрлеу әдістерімен құруға арналған. Программамен жұмыс істегенде екі екі стадияға бөлуге болады. Бірінше стадия – жобалау стадиясы. Бұнда программа бөлек құрама бөліктерден құралады да оған қажетті параметірлерімен мінездемелер белгіленеді. Дәл осы стадияда әлі программа жұмыс атқарғанға дейінгі нәтижелерін көруге болады және визуалды программалаудың әдістері қолданылады. Екінші стадия – программаның жұмыс атқару стадиясы және аралық, үшінші стадияны бөліп қарастыруға болады. Бұл стадияны – тексеру стадиясы деп атаймыз. Тексеру кезінде программаның қателіктерін, дұрыс жұмыс атқарылуын қарастырады.
Жобалау болімінде
бірнеше файлдар құрастырылып
қолданылады. Негізгі бөлігі
Программаның жұмыс
істеу стадиясында әртүрлі