Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 23:36, дипломная работа
Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында автоматтандырылған жұмыс орнын құру адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады.
Кесте 5
Қызметкер-Бөлім қатынасы
Қызметкер есімі |
Бөлме |
Алия |
111 |
Ғалия |
111 |
Берік |
111 |
Серік |
112 |
Әр бөлімнің телефоны МҚ-на бөлек жазылады да басқа қатынасқа бөлімде тұратындардың аты-жөні жазылады. Бұл қатынастың тиімділігі мысалы: Ғалия жұмыстан шығып кетсе, ол туралы деректерді МҚ-нан өшірсек те, 111-ші бөлімнің телефоны туралы дерек өшпейді. Мұндай процесті қатынастарды қалыптандыру дейді.
Деректердің шамадан тыс қайталануы өңдеу кезінде қиындықтар туындатады, оларды қатынасты жаңалау аномалиясы дейді. Олар кейбір жаңадан толтыру, жөндеу кезінде бөгет жасайды.
3.5 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) ақпараттық
жүйесін жобалау
Ақпараттық жүйелерді үйренген кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. АЖО-ны құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс. АЖО-ны жобалау жалпы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың негізгілері төменде келтірілген.
Концептуалдық жобалау - программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау.
Логикалық жобалау - реляциялық негізінде жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.
Физикалық жобалау - мәліметтер қорын басқару жүйелері құралдарымен орындалады: мәліметтерді сипаттау тілі, мәліметтерді манипуляциялау тілі. Физикалық модельдеудің соңғы этабында ЭЕМ жадысында мәліметтер қоры файлдары және іздеу структурасы файлдары пайда болады.
АЖО - ны жобалау жұмысы барысында құрылған инфологиялық модель негізінде даталогиялық модель құрылады.
Оның инфологиялық модельден айырмашылығы жүйедегі құбылыстар уақыт мерзімі бойынша нақтыланады. Әрі қарай физикалық модель жасалады. Бұл жұмыс кезеңінде ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер қандай құрылғыларда сақталып, қандай жадтың түрлерін талап ететіні анықталады.
Мәліметтер қорының концептуалды жобалануы.
Мәліметтер қорын жобалаудағы үрдістің бірінші фазасы кәсіпорынның талданатын бөлігі үшін мәліметтердің концептуальді моделін құру болып табылады. Оның құрылуы нақты бір ретпен орындалады: бастапқыда мәліметтерді қолданушылардың ұсыныс моделі толық құрылады; содан соң олар мәліметтердің коңцептуальді моделіне интегралданады [7].
3.6 АЖО құру үшін программалау тілдерін таңдау
Дипломдық жобада программаны құру үшін Delphi программасы таңдалынды. Себебі, Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өндеуге арналған үстеме программа кұрылады.
Сонымен қатар деректер қорын құру үшін MS Access мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын программасы керек. MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:
• әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
• Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
• Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы .
3.7 Delphi7 ортасында локальды деректер қорын қолданып АЖО құру
Мәліметтер қоры бар
ақпараттық жүйелерді жобалау физикалық
және логикалық деңгейде жүреді. Жобалауды
физикалық тұрғыда жүргізу
Логикалық жобалау мәліметтер қорының кесте санын және структурасын анықтау, мәліметтер қоры бойынша сұраныстар құру, есеп беру құжаттарының типін анықтау, деректерді енгізу форматы, т.б. мәселелерді шешеді.
Логикалық жобалау мәселесін шешу заттық аумақтың қасиеттерін ескереді, мұнда ең маңыздысы болып деректерді структуризациялау болып табылады. Деректердің структурасын құруда 3 негізгі әдіс бар:
анықтау), деректерді өңдеуге қойылатын талаптарды анықтау, CASE-жүйе (мәліметтер қорын автоматты түрде жобалау және өңдеу жүйесі) көмегімен дайын жоба сызбасын алу.
Осындай ерекшеліктері бар мәліметтер қорын қолданып ақпараттық жүйелерді құру және жобалау өте көкейтесті мәселе. Біз бұл тарауда желілік емес жергілікті мәліметтер қорын қолданып ақпараттық жүйе құруды қарастырамыз .
3.7.1 «Кадрлар бөлімі» ақпараттық жүйесінің жобасы
Алдымен Access-те 3.1 суретіне сәйкес «Қызметкерлер» мәліметтер қорын құрып алайық. Онда қызметкерлердің коды, аты-жөні, туған күні, мекен жайы, үйдегі телефоны, ұялы телефоны, атқаратын қызметінің коды, қызметінің атауы, білімі, азаматтығы, ұлты, жынысы, жанұялық жағдайы, жұмыс өтілі (стаж), бөлімі, фотосы, балалары, жұмысқа қабылдау күні, шартқа отырған күні, логин, пароль туралы деректер сақталады. Мұндағы фотосының типі «поле объекта OLE» болуы керек. Логин, балалары туралы өрістердің типі логикалық болғаны дұрыс, себебі олар ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдау арқылы бар немесе жоқ деген мағынаны ашады.
Қалған өрістердің типтері сіздерге бұрынна таныс. Осы кестемен байланысты болатын 3.2 суретіне сәйкес қызметтер кестесін құрамыз . Бұл кестеде жұмыс орнында бар қызметтердің атаулары және саны сақталады. Мысалы 1-категориялы маман болып 3 адам қызмет атқара алады. Сонымен қатар бұл кестенің қажеттілігі қызметкер жұмыстан шыққан кезде оның қызметі бос қалатыны белгілі оны вакантты қызмет деп табу керек.
Сурет 3.1 Bd_rabotniki кестесі
Сонымен қатар 3.3 суретіне сәйкес логиндарды сақтау кестесі құрылады. Онда ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге құқылы адамдардың логині мен қай уақытта,қандай өзгерістер жасағаны туралы мәліметтер сақталуы керек.
Сурет 3.2 Kizmetter кестесі
Бұл кестедегі Id-санаушы, user-қолданушы логині, action-операция коды, evtdate-уақыт пен дата, message-хабарлама.
Сурет 3.3 Logs кестесінің өрістер типі мен толтырылған түрі
Ақпараттық жүйеде қандай операцияны кім орындағанын анықтау үшін 3.4
суретіне сәйкес «actions» кестесі құрылады. Онда операцияның коды мен операция амалы жазылады.
Сурет 3.4 Actions кестесінің өрістер типі мен толтырылған күйі
Әрбір қызметкер қандай
да бір мақсатпен іс-сапарға
Сондықтан 3.5 суретіне сәйкес «Сапар» кестесін құру керек. Онда сапарға жіберілетін аймақтың коды, аймақтың атауы және қызметкердің коды сақталады. Сол арқылы кестедегі нешінші қызметкер қай аймаққа баратынын анықтауға болады.
Сурет 3.5 Sapar кестесінің өрістер типі мен толтырылған күйі
Бұл кесте 3.6 суретіне сәйкес «Сапар мақсаты» кестесімен байланысты. Себебі іс-сапарға қандай мақсатпен жіберілетінін анықтау үшін аймақтың коды мен іс-сапардың мақсаты сақталуы керек. Сонда қызметкердің қай аймаққа қандай мақсатпен жіберілетінін автоматты анықтауға болады.
Сурет 3.6 SaparMaks кестесінің өрістер типі мен толтырылған күйі
«Қызметкерлер» туралы негізгі кестемен «сапар» және «сапар мақсаты» кестелері бір бірімен байланысты болуы керек. Байланысу өрістері «Қызметкерлер» кестесінен kod өрісі, «Сапар» кестесінен fioNom өрісі, «Сапар мақсаты» кестесінен AimakNom өрісі болып табылады. Олар 3.7 суретіне сәйкес Схема данных терезесінде осы үш кілт бойынша байланысып, схемасын жасау керек .
Сурет 3.7 Кестелер арасындағы байланыс схемасы
Қызметкерлердің деректерін архивке сақтау үшін жаңа база 3.8 суретіне сәйкес («arh» деген атаумен) ашып қою керек. Онда қызметкерлер туралы негізгі деректер сақталатын бос орын дайын тұрады. Егер қызметкер жұмыстан шығып кеткеннен кейін бірнеше жылдан кейін өзінің жұмыс істегені туралы деректерді қажет етсе, ADO технологиясымен ДҚ құру үшін таңдап алынған провайдермен жұмыс істейді. «Кадрлар бөлімі» мәліметтер қорының провайдері ретінде Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider және МҚБЖ ретінде Microsoft Access–ті таңдайық.
Сурет 3.8 «arh» кестесінің өрістер типі
Ол үшін ADOConnection1 комонентінің – ConnectionString қасиетіндегі көп нүктесі бар пернені басамыз, сосын ашылған терезеде «Build» пернесін басамыз. 3.9 суретіне сәйкес шыққан терезедегі провайдерлер тізімінен Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider провайдерін белгілеп, «далее» -ні таңдап, бірінші пунктте пернесін басамыз, Access-те «Қызметкерлер» ДҚ тауып көрсетеміз, «Проверить подключение» батырмасын басып, ішкі және сыртқы терезелерде «ок» пернесін басамыз.
Сурет 3.9 Мәліметтермен байланыс орнату терезесі
Соңынша Login Promt-False, Connected-True әрекеттерін орындаймыз.
Жұмыс ітеу үшін келесі амалдарды орындаймыз.
3.8 «Кадрлар бөлімі» жобасын сипаттау
Жобаның мұқаба формасында басты формаға көшу пернесін қоюға болады. SpeedButton1 пернесін қойып, оны шерту оқиғасына мына кодты жазамыз: dfLogin.Show; Мұндағы dfLogin формасы «Теңестіруден өтіңіз» деп аталсын . Онда жүйеге кіру үшін батырма орнатылған. Батырмаға басқан кезде төкпелі тізім ашылады, бұл тізімге Өскемен қаласының №2 автобазасының кадрлар бөлімінің директоры мен кадрлар бөлімі инспекторының аты-жөндері осы қалыптағы ADOQuery1 компонентінен келіп түседі. Ол сұранысты құру программада жазылған.
Әрбір инспектор
өздерінің жеке құпиялы
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
IsAppend := False;
with qrKizmet do
begin
Close;
SQL.Text := 'SELECT * FROM kizmetter';
Open;
end;
with qrLog do
begin
Close;
SQL.Text := 'SELECT * FROM logs';
Open;
end;
otd:='Все';
ADOQuery1.Active := True;
with cbKizmet do
begin
DataSource := DataSource1;
DataField := 'idkizmet';
ListSource := dsKizmet;
ListField := 'kizmet';
KeyField := 'id';
end;
end;
Бұл кодтың көмегімен мұқаба беттен кейінгі «Теңестіруден өтіңіз» формасы ашылып, ондағы қолданушы тізіміне кадрлар бөлімінде жұмыс істейтін инспекторлардың тізімі «bdrabotniki»деректер қорынан келіп түседі. Ал логинді енгізу жолағына қандай да бір логинді енгізсек осы деректер қорындағы инспекторлардың логинімен салыстырылып, егер бірдей болса, ақпараттық жүйеге енуге болады.
Ескерту. Формалардағы компоненттердің атауларын, қасиеттерін суреттерге қарап өздеріңіз анықтауыңыз керек.