Кадрлар бөлімі АЖО құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 23:36, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында автоматтандырылған жұмыс орнын құру адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады.

Файлы: 1 файл

Кадрлар бөлімі_принтер.doc

— 2.75 Мб (Скачать файл)

Бірінші жағдайда, деректер көзіне тікелей қатынау үшін компоненттер

connectionstring қасиетін қолданады.  Ал, екінші жағдайда, байланысты кеңірек басқаратын және мәліметтерге біруақытта бірнеше компоненттермен қатынасатын арнайы TADOConnection компонентін қолданады.

жұмысын күрделі түрде  жеңілдетті.

Delphi пакеті қиын программаларды  программалаудың қарапайым және  әрлеу әдістерімен құруға арналған. Программамен жұмыс істегенде екі екі стадияға бөлуге болады. Бірінше стадия – жобалау стадиясы. Бұнда программа бөлек құрама бөліктерден құралады да оған қажетті параметірлерімен мінездемелер белгіленеді. Дәл осы стадияда әлі программа жұмыс атқарғанға дейінгі нәтижелерін көруге болады және визуалды программалаудың әдістері қолданылады. Екінші стадия – программаның жұмыс атқару стадиясы және аралық, үшінші стадияны бөліп қарастыруға болады. Бұл стадияны – тексеру стадиясы деп атаймыз. Тексеру кезінде программаның қателіктерін, дұрыс жұмыс атқарылуын қарастырады.

 Жобалау болімінде  бірнеше файлдар құрастырылып  қолданылады. Негізгі бөлігі жоба (Borland\Turbo Pascal – да бұл бөлік  программа деп аталған). Жоба орналасқан  файл *.dpr кеңейтілуімен. Әдеттебұл бөлік бүкіл программаның жинақтауыш бөлігі болып келеді, бірақ керек жағдайда өзіне қажетті  өзгертулер енгізуге болады.

 Программаның жұмыс  істеу стадиясында әртүрлі динамикалық  кітапханалы файлдарды (DLL – Dynamic Link Library) қолданылуы мүмкін, кеңейтілуі *.dll. Программаның жұмыс істеу барысында әртүрлі текстік немесе текстік емес файлдарды қолданылуы мүмкін, мұнда қажетті мәліметтер орналасады.

     BDE механизміне ұқсас ODBC (Open Data Base Connection – мәліметтер қорымен ашық байланысу) драйверлер жүйесі де қолданылады. ODBC драйверлері де BDE механизмінің функцияларын, яғни төмен деңгейлі мәліметтер қорына қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.

Microsoft фирмасының өңдеуімен  жасалынған МҚБЖ мүмкіндіктерінің  өзара байланысы болып табылады. Ол қолданып отырған МҚБЖ мен деңгей қосымшаларының арасындағы байланысты орнатады. ODBC қызметі - қосымшалардан таңдалып алынған ақпарат бойынша сұраныстар қабылдау және оларды мәліметтер қоры ядросының тіліне аудару.

ODBC механизмінің негізгі тағайындалуы: қосымшаларды абстрогирлейді, яғни сол арқылы серверлік мәліметтер қоры кез келген клиенттік қосымшаларға ашық, қол жеткізімді бола алады.

МҚ серверлерін көп  ойлап қажеті жоқ, SQL сұраныстарын өңдеу  – олардың басты міндеті. Файлдық тізбек, электронды кесте, электронды почта және т.б. үшін ADO механизмі мен OLE DB интерфейсі шақырылады. OLE DB мәліметтерді өңдеудің стандартты функцияларын инкасулирлейтін арнайы СОМ объектілер жиынтығы мен объектілер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп отыратын арнайы деректер көзінің функциялары мен интерфейстерді ұсынады.

ADO технологиясына сәйкес  кез келген дерек көзі (мәліметтер  қоры, электронды кесте, файл), мәліметтер  провайдерінің көмегімен қосымшаға  қатынасатын мәліметтер қоймасы  деп аталады. Қосымшадағы минимальді компоненттер құрамына байланыс объектісі, деректер тобының объектісі, сұраныстар процессорының объектілері кіреді.

Соnnectionstring қасиеті ADO объектісімен байланысатын ақпаратты сақтауға арналған. Мұнда үтірлі нүкте арқылы барлық параметрлер тізімделеді. Ең аз дегенде, байланыс провайдерлері мен қашықтатылған сервер атаулары болуы керек:

Connectionstring:='Remote Server=ServerName;Provider=ProviderName';

Қажет жағдайда қашықтатылған  провайдер жолы :

Connectionstring:='Remote Provider=ProviderName';

және провайдерге қажетті  параметрлер көрсетіледі:

'User Name=User_Name;Password=Password';

ADO деректер көзіне  қатынайтын әр компонент Соnnectionstring қасиетінде байланыс параметрлеріне  сұраныс қоя отырып өз бетінше  байланыс ашады. Қосымшада неғұрлым көбірек  ADO компоненттері бар болса, бір уақытта соғұрлым көп байланыс ашылуы мүмкін. Сондықтан да ADO механизміне байланысты арнайы TADOConnection компоненті арқылы орнатқан тиімдірек болып келеді. Сонымен қатар бұл компонент Соnnectionstring қасиеті ұсынған байланысты да аша алады және де өңдеушіге байланысты басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл байланыс түрімен жұмыс істейтін компоненттер TADOConnection компонентіне property Connection: TADOConnection; қасиетінің көмегімен қосылады. Ал бұл қасиет ADO деректерін инкапсуляциалайтын әр компонентте болады .

Бұл технологияны қолданып, Қазақстандағы кадрлық іс жүргізу  жұмысын автоматтандыруды қарастырайық [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         3 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ

 

3.1 Зерттеу объектісі

 

Бұл дипломдық жобадағы программа  диплом алдындағы практикада өткен  «ГЦТ Алматытелеком» мемлекеттік мекемесінің кадрлық бөлімшесіне арналып жасалған.  Шардара ауданы әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан,  ұйымдық - құқық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын «ГЦТ  Алматытелеком»

ведомствосы болып табылады.

Аппараттың негізгі  міндеттері аудан әкімінің қызметін талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып  табылады. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары бар. Мекемеге азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Егер мекемеге заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Мекеменің мақсаты мен мәні аудан әкімінің қызметіне ақпараттық сараптамалау, ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдылыққа сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Мекеменің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

Мекеменің мүлкі құрылтайшының оған берген мүлкі есебінен және негізгі қорлар, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны аппараттың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктер қалыптастырады. Мекемеге бекітіліп берілген мүлік  коммуналдық меншігіне жатады.

Мекеменің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық кесіммен өзгеше белгіленбесе оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешіп отырады. Мекеме басшысы мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз іс-қимыл жүргізеді, азаматтар мен заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін білдіреді, оған берілген құқық шегінде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізеді, есеп-шоттар мен басқа шоттарды ашады, келісім-шарттарға соның ішінде еңбек жөнінде келісім-шарттарға тұрады, сенім хаттар береді, өкімдер шығады.

       3.2 Есептің қойылымы

  

         Дипломдық жобаның негізгі мақсаты «ГЦТ Алматытелеком» кадрлық бөлімін автоматтандыруға арналғандықтан, мұнда деректер қоры міндетті түрде болу қажет. Программа ақпараттың қауіпсіздігін сақтауды ескере отырып, құпия сөз бен логиндік есім болу қажет. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толыққанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру қажет. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. АЖО-ны құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс.

Программа келесі талаптарды орындау қажет:

  • Ақпаратты қасақана ұрлауды ескеру, ақпараттық қауіпсіздік;
  • Қарапайым және түсінікті интерфейстін болуы;
  • Сол мекемеде жұмыс жасайтын адамдар туралы ақпарт болу қажет;
  • Жұмысқа қабылдау;
  • Бос вакансия;
  • Қызметкерлерді еңбек демалысына шығару бұйрығын жасау;
  • Қызметкер туралы жеке басына қатысты мәліметтердің болуы;
  • Жеке фото деректерінің болуы;
  • Марапаттары мен ғылыми жұмыстарыны туралы ақпарат;
  • Бөлім бойынша кадрлар мәліметі;

 

 

3.3 АЖО мәліметтер қорын жобалау және ақпараттық жүйелер

 

Мәліметтер қоры қандай да бір пәндік аумақ, яғни адам қызметінің аумағы туралы деректерден тұратын  мәліметтерді сақтау және қолдану үшін құрылады. Мәліметтер қорының қосымшалары қандай да бір мәліметтер қорымен өзара байланысу үшін керек. Өзара байланыс деп мәліметтерді алу, оларды қолданушыға тиімді форматта көрсету, жөндеу, өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару сияқты процестерді айтады.

     Мәліметтер қорын жобалау келесі пункттерден тұрады:

- Мәліметтер қорының ақпараттық қажеттілігін анықтау;

Мәліметтер қорында  үлгілейтін шынайы әлемнің объектілерін – пәндік аумақты талдау. Бұл  объектілерден мағыналарды құрастыру  және олардың мінездемелерін беру. (мысалы, “деталь” мағынасының мінездемесі “атауы”, “түсі”, “салмағы” т.б.) және олардың тізімін құрастыру. Мағыналар мен мінездемелер арасында сәйкестік жасау – таңдалынған МҚБЖ-не негіздеп кестелер және олардың бағандары (атрибут-өріс) анықталуы керек. (Paradox, dBase, FoxPro, Access, Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т.б.).

- Әрбір объектіні ерекше-уникалды түрде анықтайтын атрибуттарды анықтау

- Мәліметтердің толықтылығын қамтамасыз ететін ережелерді құрастыру.

- Объектілер арасында байланыс орнату.

- Кестені қалыптандыру.

- Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұрақтарды жоспарлау

Мәліметтер қорын құру кезінде басты назар аударатын  нәрсе – ол құрылатын қордың қатынастарында қайталанулар санын азайту арқылы жобалауды  дұрыс бастау. Егер жоба басынан бастап дұрыс жобаланса, онда оны әрі қарай дамытуға келгенде бөгеттер саны азаяды.

 

 

3.4 Деректердің қайталануы

 

Деректердің шамалы (қарапайым) және шамадан тыс қайталануы болады. Қарапайым қайталану МҚ-н өңдеу  кезінде бөгет жасамайды. Мысалы: бұл дипломдық жобада «ГЦТ Алматытелеком»кадрлар бөлімінің автоматтан- дырылған жүйесі программасы жобаланған. Осы “Кадрлар бөлімі” АЖО-ның мәліметтер қорында (Қызметкер және Телефон) деген 1-ші кестеде бар, бір жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің телефондары бірдей болуы мүмкін.

 

       Кесте 1

       Қызметкерлер және Телефон қатынасы

Қызметкер  есімі

Телефоны

Алия

525458

Ғалия

525458

Берік

525458

Серік

562651


 

       Мұндағы 525458 нөмірінің бірнеше адам үшін қайталануы қарапайым қайталану болып табылады. ҚТБ-қатынасы 2-ші және 3-ші кестеде (Қызметкер, телефон, бөлме) бар болсын.

 

       Кесте 2

       Қызметкер, телефон, бөлім қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлiм

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

111

525458

Берік

111

525458

Серік

112

562651


         Кесте 3

         Қызметкер, телефон, бөлме қатынасы

Қызметкер  есімі

Бөлім

Телефоны

Алия

111

525458

Ғалия

-

-

Берік

-

-

Серік

112

562651


 

          2-кестеде деректердің шамадан тыс қайталануы бар. Одан құтылу үшін

3-кестедегідей қор  құрсақ «-» таңбасы пайда болады, ол да қайталанады, оған жадыдан орын бөлінеді және программалау кезінде  осы таңбаны ескеру туралы шарт болуы керек.

     Сондықтан  жұмыс күрделене түседі. Одан құтылу үшін 4-ші 5-кестелердегідей ТБ (Телефон-Бөлім) және  ҚБ (Қызметкер-Бөлім) қатынастарын құру дұрыс.

 

         Кесте 4

        Телефон-Бөлім қатынасы

Телефоны

Бөлме

525458

111

562651

112

Информация о работе Кадрлар бөлімі АЖО құру