Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5
1.1 Алгоритм және оның қасиеттері 5
1.2 Программаларды жасақтау технологиясы 9
1.3 Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері 11
1.4 Программалауда кездесетін қателіктер 16
2. АРНАЙЫ БӨЛІМ 18
2.1 TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері 18
2.2 Жоғарғы математика есептерін Паскаль тілінде шығару 25
2.2.1 Крамер формуласы. Есептің қойылуы 25
3.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 31
3.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды құру қажеттігінің негіздемесі 31
3.2 Программаны ендіру шығындарын есептеу 35
3.3 Жүйені ендіруге дейінгі шығынды есептеу 36
3.4 Шығын үнемділігін есептеу 38
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 39
4.1 Еңбек қорғау жүйесі туралы түсінік 39
4.2 Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар 42
4.3 Микроклимат 44
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

Файлы: 1 файл

Алгоритм.doc

— 640.00 Кб (Скачать файл)


 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Алгоритм және оның қасиеттері

1.2 Программаларды жасақтау технологиясы

1.3 Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері

1.4 Программалауда кездесетін қателіктер

2. АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1 TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері

2.2 Жоғарғы математика есептерін Паскаль тілінде шығару

2.2.1 Крамер формуласы. Есептің қойылуы

3.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды құру қажеттігінің негіздемесі

3.2 Программаны ендіру шығындарын есептеу

3.3  Жүйені ендіруге дейінгі шығынды есептеу

3.4 Шығын үнемділігін есептеу

4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

4.1 Еңбек қорғау жүйесі туралы түсінік

4.2 Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар

4.3 Микроклимат

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 


КІРІСПЕ

 

              Паскаль  тілін  1973  жылы   швейцар  математигі  Никлаус  Вирт  жасап   шығарады  да,  атақты   француз  математигі,  физигі, философы  және  алғашқы  есептеу   машинасы - арифмометрді /1641/  жасаған Блез  Паскальдің   құрметіне  "Паскаль"  деп  ат  қойды.              Паскаль тілі  оқып   үйренуге   жеңіл, түрлі  салалық   информациямен   жұмыс  істеуде  нәтижелі   болғандықтан,  дүние  жүзінде  көп  тараған   тілдердің  бірі  болып  табылады. Паскаль  тілі:

     алгоритм  құрылымын  сақтап  құрылған;

     жоғары  деңгейлі   программалау  тілдерінің    жақсы  қасиеттерін   жинақтаған;

     қазіргі    замандағы   көптеген     программалау     тілдерінің    негізі   болып  саналады.

Сондықтан   бұл   тілдің   нақты  ЭВМ - нің    мүмкіндігіне    байланысты   бірнеше   түрлері  бар.

              Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.

              Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет. Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді. Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;
тіл синтаксисі қиын емес және нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.

              Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор па.йдаланылады Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.

              Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін қолданады. Соның ішінде жоғарғы математика есептерін шешуде Паскаль тілі кеңінен қолданылуда.

              Бұл жұмыстың мақсаты жоғарғы математика есептерін Паскаль тілінде шығару.


              1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

              1.1 Алгоритм және оның қасиеттері

 

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың  квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик  Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.

    Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды. Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

    1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

    2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

    3. Бір алгоритмнің өзін  бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.

    Алгоритмнің  мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық  қасиеті деп атайды.


    4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады.

              Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады. Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.                Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің  атқарушыға тәуелсіздігі.

              Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

       алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;

       алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;

       әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;

       атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі  д.а.

       алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;

       алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс д.а;

       алгоритмдегі  әрбір команда оның қадамы д.а;

       санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;

       алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;

       бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;

       құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;

       алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;

       алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;

       алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді.

                 Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін  алгоритмді жазып көрсету тәсілін және  тілін білу керек

                 Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді.

                  Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар.Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.


 

 

Сурет 1. Алгоритмді бейнелеу әдістері

             

              Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі,  басқаша айтқанда, алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару процесі кезең дерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб т.с.с.

              Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок – схема тілінің алфавитін құрайды және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі.

              Төмендегі стандартты блок – схема тілінің алфавиті берілген. Әрбір блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.

              Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір – екі шығу сызықтары болады.

             


              Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок – схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.

                  Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне жазылады.

                  Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.

                  Деректерді өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.

                  Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді.

                  Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді болатын есептелу процесінде анықталатын тармақталу алгоритмін бейнелейді.

 

          Аталуы                 Бейнеленуі                 Мазмұны

 

  Жұмыр                                                         Алгоритмнің басы.

 

                                                                      Деректерді енгізу немесе

Параллеограм                                                      шығару.

 

Тіктөртбұрыш                                              Меншіктеу амалы немесе

                                                                     кез келген әрекет.

Жоғары жағы                                              Массивті хабарлаушы

жиектелген                                                 процедура.

тіктөртбұрыш  

                              

Екі шеті                                                        Бағыныңқы программа

жиектелген 

тіктөртбұрыш

 

Магниттік диск                                                Информацияны ИСТ – на

                                                                        ендіру және одан оқу  

 

                              Ия                             Жоқ

                                                                             Шартты тармақталу                        

  Ромб

 

Жұмыр                                                                Алгоритмнің соңы

 


              1.2 Программаларды жасақтау технологиясы

 

                  Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы адам жасайды. Пргораммалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың бірі. Программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді. Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.

                 Прграммалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым прграммалау тәсілдерін меңгеруден басталады.

Информация о работе Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар