Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2012 в 15:22, курсовая работа
Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет.
КІРІСПЕ 4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5
1.1 Алгоритм және оның қасиеттері 5
1.2 Программаларды жасақтау технологиясы 9
1.3 Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері 11
1.4 Программалауда кездесетін қателіктер 16
2. АРНАЙЫ БӨЛІМ 18
2.1 TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері 18
2.2 Жоғарғы математика есептерін Паскаль тілінде шығару 25
2.2.1 Крамер формуласы. Есептің қойылуы 25
3.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 31
3.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды құру қажеттігінің негіздемесі 31
3.2 Программаны ендіру шығындарын есептеу 35
3.3 Жүйені ендіруге дейінгі шығынды есептеу 36
3.4 Шығын үнемділігін есептеу 38
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 39
4.1 Еңбек қорғау жүйесі туралы түсінік 39
4.2 Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар 42
4.3 Микроклимат 44
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49
Көз деңгейі экран центріне немесе 2/3 биіктігіне келуі керек.
Бүкіл гигиеналық талаптарды орындап компьютерде жұмыс істеу уақыты бойжеткенге 5-6 сағаттан артық емес, әр 20-30 минут сайын 5-10 минутты демалыс жасау керек. Бұл көз демалу үшін, статикалық электр тоғын алу үшін, ЦНС, демалу жүйелерінің, мидің қан жүрісінің функционалдық жағдайын жақсартатын, дененің төменгі жағында орналасатын аяқтар, мойын белбеуінің іркілген құбылыстарын жоятын физикалық жаттығулар кешендерін орындау керек. Жылына екі рет көз бақылауын жүргізу керек.
Өндірістік бөлмелердегі микроклимат – бұл ішкі ортадағы адам организміне әсер тигізетін температура мөлшерімен, ылғал мен ауа желінің жылдамдығымен, сонымен қатар жылулық және технологиялық құрал-жабдықтармен анықталатын метеорологиялық шарттары.
Мол жылу мен ылғал болумен көптеген қоғамдық кәсіпорындар үшін микроклдимат – жұмыс орындардағы еңбек шарттарының негізгі сипаттамасы. Осыған қызметкерлердің денсаулығы, еңбек қабілеттілігі, еңбек өнімділігі, сонымен қатар әдепсіз еңбек шартарына бөлінетін жеңілдіктер мен компенсациялар үшін шығындары, кадрлардың тұрақсыздық деңгейі тікелей байланысты.
Метеорологиялық шарттар міндеттері санитарлық ережелер мен нормалар – СанПиН 2.2.4.548 – 96 «Гигиенические требования к микроклимату производственных помещений» тәртібін белгілейді, олар жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбек процесінің сипаттамасын, жұмыс орындау қиындығын, мекендеу уақыты мен осы көрсеткіштерді бағаларды есепке алып жабық өндірістің жұмыс аймағы үшін микроклиматтың орнықты және мүмкін шамалар көрсеткіштерін орнатады.
Микроклимат көрсеткіштері адам мен айналадағы орта арасындағы жылулық балансты сақтауы қажет және адам организмінің орнықты және мүмкін жылулық күйін ұстауы қажет.
Микроклиматтың орнықты шарттары адам организмінің термогуляция механизмдерінің минималды күш жұмсауымен 8 сағаттық жұмыс барысында жылулық комфортының жалпы және жергілікті сезіммен қамтамасыз етеді, адам денсаулығының ауытқуларын шақырмайды, жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейінің алғы шарттарын құрайды және жұмыс орындарында қажетті болып табылады.
Микроклимат көрсеткіштерінің орнықты шамасын жүйке-эмоциялық жұмыспен байланысты (кабинеттегі, технологиялық процестерді басқаратын пульттар мен күзет орындарындағы және есептеуіш техника бөлмелеріндегі оператор жұмысы, т. б.) өндірістегі жұмыс орындарында сақтау керек.
Мүмкін микроклиматтық шарттар қызметкердың 8 сағаттық жұмыс уақытындағы оның мүмкін жылулық және функционалдық халжағдайының критериялармен белгіленген. Олар адам денсаулығын құртпайды, бірақ термогуляция механизмдерінің пайда болуына, халжағдайдың нашарлауына және жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Микроклимат көрсеткіштерінің мүмкін шамасы технологиялық талаптармен, техникалық және экономикалық дәлелденген себептермен орнықты шамалар орындалмаған жағдайларында орнатылады.
Микроклиматты нормалау негізінде адам организмі кейбір физиологиялық процестер (тері жабынына қанның жақындауы, тер шығу және т. б.) арқасында қалыпты жылулық балансты сақтау шарттары белгіленген. Сол физиологиялық процестер арқасында сыртқы ортамен жылу айырбас жолымен адам организмінің тұрақты температурасы сақтайтын термогуляциямен қамтамасыз етеді.
Термогуляцияға айналадағы ауаның көтеріңкі ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығы, әсіресе жоғары температурамен қосылуы жағымсыз әсер тигізеді. Салыстырмалы көтеріңкі ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы кезінде адам денесінен ылғалдың (тер) булану қарқындылығы төмендейді. Ауа қозғалысы жылу айырбас қабілеттілігін күшейтеді, бірақ жердің суық кезеңдерінде (қыста) ауа қозғалысы адам организміне жағымсыз әсерін тигізеді. Адам организміне, сонымен қатар, ауаның тым артық құрғақтылығы (ылғалдылығы 30%-дан аз болса) жағымсыз әсерін тигізеді.
Термогуляция нәтижесінде адам организмінде зат айырбасы өзгереді және айналадағы ортаның температурасына байланысты адамның жылу шығару деңгейі не көтеріледі, не төмендейді. Ауа температурасы 15-20°C және ауа ылғалдылығы 35-70% болған кезде адамның зат айырбастау қарқындылығы және жылу шығару қабілетінің деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Ауа температурасы 30°C-қа дейін болған кезде адам организмінің жылу қайтарылуы конвекция мен сәйлеленумен орындалады, ал егер температура бұдан жоғары болса, онда тер булану және тердің күшейген құрылуы арқылы орындалады.
Қиын жұмыстар орындау кезінде және ауа температурасы 30°C-тан асқан кезде тер шығу көлемі сменасына 10 дм3-ға тең болады. Сумен бірге адам организмі 30-40 г. тұз жоғалтады, бұл қалыпты жағдаймен салыстырғанда 20-30 г.-ға жоғары. Сондықтан ыстық цехтарда, әсіресе ас үйлерінде, қызметкерлер сақтандыру шаралары ретінде тұзды су ішуі керек. Бұл маңызды.
Микроклимат көрсеткіштерінің орнықты және мүмкін абсолюттік шамалары сурет 1-де көрсетілген тізбекпен келесі факторларға байланысты таңдалады.
Алдымен еңбек процесінің сипаттамасы орнатылады, ал егер еңбек процесі адамның орталық жүйке жүйесін қатты жүктесе (еңбек шиеленісушілік), онда бөлме А1 микроклиматының орнықты көрсеткіштерімен қамтамасыз етілуі қажет. Ал егер орнатылған сипаттама тіреу-қимылдатқыш аппараттының жүктелуінде (еңбек ауырлығы) көрінсе, онда бөлме А2 микроклиматының орнықты көрсеткіштерімен қамтамасыз етілуі қажет.
Бөлменің жұмыс аймағындағы микроклимат көрсеткіштерінің орнықты және мүмкін абсолюттік шамасы келесі факторларға байланысты анықталады: жыл кезеңі ПГ және де КР жұмыс ауырлығымен қол күш жұмысының категориясы.
Жыл кезеңдері суық Х (тәуліктік орташа ауа температурасы 10°C немесе одан кіші) және жылы Т (тәуліктік орташа ауа температурасы 10°C немесе одан жоғары) болып бөлінеді.
Қол күш жұмысының ауырлығы және еңбек шиеленісушілігі сол жұмысты орындауға жұмсалатын адам организмінің энергошығындарымен анықталады және келесі бес категорияға бөлінеді:
Ia – жеңіл, 120 ккал/сағ (0,5 МДж/сағ) дейін энергошығыны жұмсалады, физикалық шиеленісушілігін қажет етпейтін, яғни отырып орындалады;
Ib – жеңіл, 120-150 ккал/сағ (0,5-0,6 МДж/сағ) аралығында энергошығын мөлшері жұмсалады, яғни отырып, не тұрып, не кейбір физикалық шиеленісушілікті қажет ететін қозғалыс кезінде орындалады;
IIa – орта салмақты, 150-200 ккал/сағ (0,6-0,8 МДж/сағ), яғни массасы 1 кг-ға дейінгі заттармен қозғалыс кезінде орындалады, сонымен қатар кейбір физикалық шиеленісушілікті қажет ететін отырып немесе тұрып орындалады;
IIb – орта салмақты, 200-250 ккал/сағ (0,8-1,0 МДж/сағ), яғни массасы 10 кг-ға дейінгі заттармен қозғалыс кезінде тұрып орындалады және орташа физикалық шиеленісушілікті қажет етеді;
III – аса ауыр салмақты, 250 ккал/сағ-тан (0,8-1,0 МДж/сағ) үлкен, яғни массасы 10 кг-нан астам заттармен тұрақты қозғалыс кезінде тұрып орындалады және үлкен физикалық шиеленісушілікті қажет етеді.
Атқарылатын жұмыс категориясында өндіріс мінездемесі осы қарастырылатын өндірістің 50%-нен астам қызметкерлері орындайтын категориядан шығады.
Температураның, салыстырмалы ылғалдылығының және ауа жылдамдығының орнықты шамаларын сақтау конструкциялар (қабырға, еден, төбе) мен құрал-саймандардың (экран және т.с.с.) жұмыс аймағын қоршайтын және сақтайтын ішкі беттердің температурасы, сонымен қатар технологиялық құрал-жабдықтардың немесе оның қоршайтын құралдарының сыртқы беттердің температурасы бөлек қол күші жұмсалатын жұмыс категорияларына орнатылған ауа температурасының орнықты шамаларының шектерін 2°C-тан аспауы қажет. Қоршалатын конструкциялардың ішкі беттер температурасы орнықты шамадан төмен немесе жоғары болса, онда жұмыс орындары сол конструкциялардан не дегенде 1 м қашықтықта орналастырылуы қажет. Ауа температурасының өзгерістері жұмыс аймағының биіктігі мен көлденеңдігінде бөлек жұмыс категориялары үшін орнықты шектерден аспауы қажет.
Егер бөлмеде мүмкін микроклимат көрсеткіштері орнатылса, онда жұмыс аймағында қоршалатын құрал-жабдықтардың температурасы бөлек жұмыс категорияларына қойылған температура шегінен шықпауы тиіс. Жұмыс аймағының биіктігі бойынша ауа температурасының өзгерісі 3°C-қа дейін ғана рұқсат етіледі, көлденең бойынша және жеңіл жұмыстар кезінде смена барысында – 4°C-қа дейін, орташа салмақты ауырлық кезінде – 5°C-қа және аса ауыр жұмыс кезінде – 6°C-қа дейін рұқсат етіледі.
Азық-түлік кәсіпорындарындағы көптеген бөлмелерде едәуір жылу және ылғал бөледі. Осындай бөлмелерге жатады, мысалы: нан зауытының пеш бөлімдері; кондитерлік өнеркәсіптің пеш, пісіру, қуыру, наубай, үгінді тарқату және басқа бөлмелер; сыра және алкогольсіз зауыттардың қайнату, сепарацияны жарықтату, өнімдерді бөлшектеп өңдеу, ыдыс жуу және басқа бөлімшелері; қант зауыттарының бөлімшелерінің көбісі. Осы бөлімшелерде микроклимат көрсеткіштерін нормалау үшін және қызметкерлерді жылу және суықтан, тұмау және басқа аурулардан сақтау үшін инженерлі-құрылысшы шаралар қолданылады, олар мыналарды өзіне қосады:
жылулықты өткізбеуге сәйкес құрылыс конструкциясы;
күн инсоляциясын төмендететін құралдар;
құрал-жабдықтардың сырт бетінен (қазандар, бу және ыстық су құбырлары және т.б.) жылулықты өткізбеу;
вентиляция;
кондиционирлеу;
жылу беру;
жұмыс орындарын ауамен хош иістету;
бөлмелерге сыртқы суық ауаны кіруін ескертетін құралдар (ауалық-жылулық бүркеу).
Көптеген жылдар бойы алгоритмге деген қызығушылық өсу үстінде. Ол ғылымдардың зертеуі бойынша экономикада техникада және көптеген орындарда есептеуіш машиналарды қолданумен байланысты. Информатика курсында түйінді мәселелердің бірі зерттелінетін процестің алгоритмін компьютерде жүзеге асыратын программа құру болып табылады. Зерттелінетін процестің немесе объектінің ақпараттық моделіне сәйкес құрылған және ақпаратты электронды есептеуіш машинада (ЭЕМ да) өңдеу алгоритмін жазу үшін арнаулы программалау жүйелері қолданылады.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Тақырыпта айтылғандай жұмыс жасау барысында Turbo Pascal программалау тілі қолданылады. Бұл тақырыпты программада пайдаланылатын мәліметтер мен шамалардың мәндерін Турбо Паскаль мәліметтер типтерінің түрлеріне салып есептер шығару және типтер туралы толығырақ түсініп, осы курстық жұмыс тақырыбын толық ашып көрсету мақсатында таңдалынған.
Турбо Паскаль ортасындағы мәліметтер типтері – бұл өте ауқымды тақырып. Ол үлкен екі бөлімге бөлінеді. Біріншісі, қарапайым тип, екіншісі, құрылымдық тип. Негізгі бөлімде құрылымдық тип қарастырылады.
Құрылымдық типтердің өзі төртке бөлінеді. Олар: массивтер (array), файлдар (file), жиындар (set), жазбалар (record).
Дипломдық жұмыс жазу барысында, материалдық түсінікті қарапайым тілмен берілуіне және оны іс жүзінде қолдану мүмкіншілігін мысал есептер көмегімен көрсетуге басты назар аударылды.
1. Лапчик М.М. «Вычисления. Алгоритмизация. Программирование» Москва «Просвещение» 1988г.
2. Гусева А.Н. « Учимся информатике: задачи и методы их решения» Диалог-МИФИ 1988 г.
3. И.А. Бабушкин, Н.А. Бушмелева, С.М. Окулов, С.Ю. Черных «Практикум по Турбо Паскалю» Выпуск 1,2,3 № 44,46,48 1997 г.
4. Н. Культин «Турбо Паскаль для начинающих» БХВ – Петербург 2000 г.
5. С.А. Абрамов, Г.Г. Гнездилова, Е.Н. Капустина, М.И. Селюн «Задачи по программированию» Москва «Наука» 1988 г.
6. Н. Культин «С++ в примерах и задачах » БХВ – Петербург 2000 г.
7. Зуев Е.А. Программирование на языке Turbo Pascal 6.0, 7.0 -М.: Радио и связь, 1993.
8. Пикулин В.В. Алгоритмизация и разработка программ на ТУРБО ПАСКАЛЕ.Методические указания к курсовому проектированию по дисциплине "Основы алгоритмизация и языки программирования", Пенза,1996г.
9. Йенсен К., Вирт Н.Паскаль: руководство для пользователя. -М.: Финансы и статистика, 1989.
10. Белецкий Я. Турбо Паскаль с графикой для персональных компьютеров. - М.: Машиностроение, 1991.
11. Форсайт Р. Паскаль для всех, перевод с английского М: Машиностроение, 1986
12. Фаронов В.В. ТУРБО ПАСКАЛЬ 7.0. Начальный курс. Учебное пособие.-М: Нолидж, 1997
13. Брябрин В.Н. Программное обеспечение персональных ЭВМ. -М.: Наука, 1988.
14. Васюкова Н.Д., Тюляева В.В. Практикум по основам программирования. Язык Паскаль: Учеб. пособие. - М.: Высш. шк.. 1991.
15. Вирт Н. Алгоритмы + структуры данных = программы. - М.:
Мир, 1985.
16. Голенков ЕЛ., Данилина Н.П., Кутепова Л.А. Программирование задач на языке Паскаль в среде ОС ЕС: Метод. указания. - Пенза: Пенз. политехн. ин-т, 1989.
17. Л. Семашко, А. И. Салтыков “Программирование на языке паскаль” - Москва “Наука”, 1988.
18. О. Н. Перминов “Язык программирования паскаль” - Москва “Радио и связь”, 1989.
19.Ғ.Ш.Тойкенов, Паскаль тілінде программалау, Алматы “Дәнекер” 2001 жыл.
20..В.Э.Фигурнов, IBM PC для пользователя.
21. 3.Е.А.Бурин, Программирование на языке TURBO-PASCAL. Алматы 2000 год.
Информация о работе Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар