Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2012 в 15:22, курсовая работа
Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет.
КІРІСПЕ 4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5
1.1 Алгоритм және оның қасиеттері 5
1.2 Программаларды жасақтау технологиясы 9
1.3 Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері 11
1.4 Программалауда кездесетін қателіктер 16
2. АРНАЙЫ БӨЛІМ 18
2.1 TURBO PASCAL тілінің негізгі элементтері 18
2.2 Жоғарғы математика есептерін Паскаль тілінде шығару 25
2.2.1 Крамер формуласы. Есептің қойылуы 25
3.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 31
3.1 Бағдарламалық қамсыздандыруды құру қажеттігінің негіздемесі 31
3.2 Программаны ендіру шығындарын есептеу 35
3.3 Жүйені ендіруге дейінгі шығынды есептеу 36
3.4 Шығын үнемділігін есептеу 38
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 39
4.1 Еңбек қорғау жүйесі туралы түсінік 39
4.2 Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар 42
4.3 Микроклимат 44
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49
Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды;
жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану;
пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою;
қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек.
Тест дегеніміз-алғашқы деректердің кейбір жиыны және осы деректерге сәйкес келетін программа жұмысы кезінде алынуға тиісіті барлық нәтижелерінің дәл сипаттамасы.
Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.
Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса, онда программаны шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады.
Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.
Эталондық нәтижелерді прогрмманың компьютерде орындалу нәтижесін алғаннан кейін емес, керісінше алғанға дейін есептеп шығарып қою керек.
Тестілік деректер қателіктердің пайда болуының барлық мүмкін болатын шарттарын тексеруді қамтамасыз ететін болуы тиіс, атап айтқанда:
алгоритмн ің әрбір тармағының сыннан өтуі;
кезектегі тестіден өткізу алдыңғы өткізудегі тексерілмегендердің тексерілуі;
программаның жалпы жұмыс істейтіндігін тексеру үшін бірінші тестің мүмкіндігінше қарапайым болуы;
есептеу көлемін қысқарту үшін тестідегі арифметикалық операциялардың шегіне дейін ықшамдалуы;
тізбектер элементі санының, итерациялық есептеулер үшін алынған дәлдіктің, тестілік мысалдар цикліндегі интерация санының есептеулер көлемін қысқарту тұрғысынан берілуі;
есептеулерді азайтудың тексеру сенімділігін төмендетпеуі;
тестілік деректер жиынын кездейсоқ таңдау күткен нәтижелерді қолмен орындау тәсілімен анықтауда қиындықтарға алып келетіндіктен және көптеген жағдайлар тексерілмей қалатындықтан тестілеудің белгілі мақсатқа бағытталған және жүйеленген болуы;
тестілік деректерді күрделендіруде түсідің біртіндеп жүргізілуі.
Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.
1.Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу болжанады.
2.Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жерде тестілік деректер дегеніміз алғашқы деректер жиынының шекаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуге тиісті алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы мұндай деректердің типтік мысалдары болып табылады.
Программа дұрыс емес деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ дұрыс емес нәтиже беретін жағдайлар ең жаман жағдайлар болып есептеледі.
Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болу тиіс.
Компьютерде есеп шығарудың барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, есептің қойылуына бастап, оның құжаттарын даярлағанға дейін қателіктің кетуі мүмкін.
Мысалы есенптің дұрыс қойылмауы, есепті шығару үшін құрылған алгоритмнің дұрыс болмауы, лолгикалық қателіктер кететін жағдайларды дұрыс есенпке алмау, семантикалық және синтаксистік қателер, операцияларды орындау кезінде кететін қателіктер, деректерді беруде жіберілетін қателіктер, ендіру-шығару кезінде кететін қателіктер.
Әдетте синтаксистік қателіктер трансляциялау кезінде байқалады. Көптеген басқа да қателіктерді программалаушының не ойлағандығын білмегендіктен транслятор таба алмайды.
Сондықтан компьютердің синткасистік қателіктер туралы хабарының жоқ болуы программаның дұрыстығының жеткілікті щарты болып табылмайды.
Синтаксистік қателіктердің мысалдары:
тыныс белгілерінің қалып кетуі;
жақшалардың сәйкес келмеуі;
оператордың дұрыс жазылмауы;
қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;
айнымалы атының дұрыс жазылмауы;
цуиклдің аяқталу шартының жоқ болуы;
массив сипаттамасының жоқ болуы т.с.с.
Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен транслятор таба алмайтын көптеген қателіктер болады.
Осындай қателіктердің мысалдарын келтірейік.
Логикалық қателіктер:
кейбір шартты тексергенмен кейін алгоритмнің қай тармағын орындауға өтуді дұрыс көрсетпеу;
мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;
программада алгоритм блоктарын орындау үшін қажет болатын бір немесе бірнеше щамаларды қалдырып кету.
Циклдерде кездесетін қателіктер:
циклдің басын дұрыс көрсетпеу;
циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;
итерация санын дұрыс көрсетпеу;
шексіз цикл.
Ендіру-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер:
деректердің түрін дұрыс бермеу;
талап етілген аз немесе көп деректерді оқуды ұйымдастыру;
деректерді дұрыс түзетпеу;
Айнымалыларды пайдалануда кететін қателіктер:
айнымалыларды олардың бастапқы мәндерін көрсетпей пайдалану;
бір айнымалыны басқа айнымалының орнына қате көрсету.
Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателіктер:
алдын ала нолге келтірілмеген массивтер;
дұрыс сипатталмаған массивтер;
индекстерінің берілу реттілігі дұрыс емес массивтер.
Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателіктер:
айнымалының түрінр дұрыс көрсетпеу (мысалы, нақты айнымалының орнына бүтін айнымалыны көрсету);
әрекеттер ретін дұрыс анықтамау;
нөлге бөлу;
теріс санның квадрат түбірін табу;
санның мәнді разрядын жоғалту.
Осы қателіктердің бәрін тестілеудің көмегімен табуға болады.
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.
Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальдыетіп беруші құралдарды түсінеміз.
Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз.
Програмалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.
Әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақындық дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады. Осы белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:
машинаға тәуелді тілдер;
машинаға тәуелсіз тілдер;
Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:
машина тілі;
машинаға бағдарланған тілдер;
Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:
символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;
макротілдер.
Макротілдер машина тілінің командаларына тікелей ұқсастығы жоқ макрокомандаларды пайдалануға рұхсат етеді. Макрокомандаларды пайдалану программаны қысқартады әрі тілді жасау құралдарының жиынын кеңейте отырып программалаушының еңбегінің өнімділігін арттырады.
Машинаға тәуелсіз тілдер программаларды бөлшектеу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:
процедулалы- бағдарланған тілдер;
проблемалы – бағдарланған тілдер.
Процедулалы – бағдарланған тілдер есепті шешу алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес елмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады.
Проблемалы – бағдарланған тілдер есептерді сипаттау үшін қызмет атқарады.
Бірақ алгоритмдік тілдер өздігінен барлық проблеманы, тіптен программаны да шеше алмайды. Мұндай тілде жазылған программа компьютерде тікелей орындалмайды, ол орындалу үшін алдын ала сол компьютердің машина тіліне аудару жеткілікті қиын мәселе болып табылады.
Алгоритмдік тілден программаны машина тіліне аудару жұмысын компьютердің әмбебаптығын пайдаланып, оның өзіне жүктеуге болады. Бұл үшін әрбір алгоритмдік тілден машина тіліне формальды аударуға яғни аударудың ережесін алгоритм түрінде тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Егер, осы алгоритмді бір рет машиналық программа түріне келтіріп алсақ, онда одан кейін осы программаның көмегімен компьютердің өзі берілген алгоритмдік тілде жазылған кез келген программаны нақтылы компьютердің машина тіліне аударып бере алады. Мұндай арнайы аудармашы-программа жоғарыда айтқанымыздай транслятор деп аталады.
Компьютер белгілі бір есептерді шешу үшін адам тарапынан сол есепті қандай жолмен және қалай шығару керектігі туралы тапсырма алуы қажет. Бұл тапсырмалар бір жағынан компьютерге түсінікті болып жазылуы керек болса, екінші жағынан тапсырма беруші кісіге де ыңғайлы болғаны жөн. Осындай компьютерлік тілде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы бағдарлама деп аталады. Ал бағдарламалық текстерді жазу үшін пайдаланылатын символдардың жиынтығы компьютерлік тіл алфавитін құрайды.
Кез келген бағдарламалық тіл символдардан, сөздерден, сөз тізбектері және сөйлемдерден (операторлардан) тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал операторлар сөз тіркестерінен тұрады. Қазіргі кезде бағдарлама жазу үшін көптеген бағдарламалау тілдері қолданылады. Солардың бірі -Turbo Pascal тілі құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңілдігінің арқасында бағдарламалаушылардың арасында кеңінен қолданылады. Turbo Pascal тілінің алфавиті келесі символдардан тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 әріптерінен; олармен қызметші сөздер және идентификаторлар жазылады. Қызметші сөздер деп Turbo Pascal - дың өзіне ғана тән, өзгертуге болмайтын, әрқайсысының өзінің атқаратын белгілі қызметі бар сөздерді айтады. Бағдарламада айнымалылар мен тұрақтылардың аттарын анықтайтын, әрі бағдарламалаушының өзі белгілейтін қызметші сөздер кездеседі. Ондай сөздерді идентификаторлар деп атайды. Идентификаторды бір әріппен белгілеуге болады (мысалы: X, Ү, Z), бірақ кейбір бағдарламаларда латын алфавиті әріптері (26 әріп) айнымалылардың аттарын белгілеуге жетпейді немесе олар бағдарламалық текстің оқылуын ауырлатып жібереді. Мұндай жағдайларда идентификаторларды бірнеше әріптер, сандар және сызықшалар арқылы белгілеу ыңғайлы болып табылады(мысалы: Summa, X1, Ү12, Z23, Min1, Audan_1, Audan_2, Audan_3, т.с.с.)
Сонымен идентификаторлар деп бағдарламада кездесетін барлық тұрақтыларды, айнымалыларды, функциялар мен процедураларды белгілеу үшін қолданылатын әріптер мен сандардан және сызықшалардан тұратын қызметші сөздерді айтады.
Идентификаторларға бұлардан басқа символдарды пайдалануға болмайды. Идентификаторлар міндетті түрде әріптен басталуы керек және оларға тілдегі басқа қызметші сөздердің атын қоюға болмайды, олардың ұзындығы әртүрлі болады, бірақ алғашқы 63 символ ғана басты болып табылады. Идентификаторлар мен қызметші сөздерді бас әріппен де, кішкентай әріптермен де жаза беруге болады. Мысалы: Begin, begin, BEGIN - сөздері бір ұғымды білдіреді. READ, WRITE, ARRAY, TYPE, WHILE, REPEAT - қызметші сөздер, X, Y, Z, MASSIV, SUMMA, AUDAN1, AUDAN2 -идентификаторлар.
Read(X,Y,Z);
Summa:=X+Y+Z;
Write(' үш санның қосындысы =', Summa);
2. Сандарды белгілейтін араб цифрларынан: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Сандар бүтін және нақты болып екі түрде беріледі. Нақты сандардың бүтін бөлігі мен бөлшегін нүкте арқылы бөліп жазады: — 9.7, 6.25, .41, -8.178. Ал өте үлкен немесе өте кіші шамалар экспоненциал сандар түрінде жазылады:
1.74Е+3(1.74*103)
5.74Е-4(5.74*10-4)
3. Ұлттық алфавит әріптерінен; ұлттық әріптер түсініктеме мен комментарийлар жазу үшін немесе символдық айнымалыларда қолданылады.
Ұлттық алфавит әріптері пернетақтаның жоғарғы жағындағы цифрлар орнына орналасқан, олар арнаулы драйверлер қосылғанда ғана жұмыс істейді және бағдарлама жазылғанда, егер текст оператордың ішінде болса, онда - апострофқа, түсініктеме болса - фигуралық немесе жүлдызшалы жай жақшаларға алынып жазылады.
Информация о работе Компьютерді қолданудағы санитарлық-гигиеналық талаптар