Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның TIMSS-2007 халықаралық

салыстырмалы  зерттеудегі нәтижесі

 

Математика                                            Жаратылыстану


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық жоғарғы мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне кірді, Болон Декларациясына қосылды.

Сапалы жоғары білім алуға ынта білдірген студенттер саны көбеюде. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары 27 әлем елдерінде оқиды.

Жоғарғы оқу орындарында білім  алу шетелдіктердің келуіне қызығушылықты жоғарылату үшін барлық жағдайлар жасалуда. Республиканың жоғарғы оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.

Әлеуметтік серіктестік дамуда. 2010 жылы ірі компаниялармен («ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Қазинжиниринг», «Қазпочта» АҚ және т.б.) және аймақтық әкімшіліктермен 32 меморандум мен келісімдер жасалды.

 Жаңа жағдайда білім жүйесінің  дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуінің анықтаушы факторы болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

 

Бағдарламаның бірінші кезеңінің  (2011-2015 жж.) қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен 461,1 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуға арналған  мемлекеттік  бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімнің (одан әрі -ЖІӨ) шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1% -дан 2% -ға дейін.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы  орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық "Балапан" бағдарламасы әзірленді. 2010-2014 жылдарда бағдарламаны іске асыру шараларын қаржыландыру көлемі 216 283, 5 млн. теңгені құрайды.

Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстанда қойылған мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам орын енгізу жоспарлануда.

2011 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Республикада 6960 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді (2010 ж.-6446бірлік), оларда 481 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж.-446,4 мың).

"Балапан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда жүйе 514 бірлікке көбейді (222 балабақша, 292 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі мынадай қамтамасыз етілді:

- 30 балабақша (6,2 мың орын) құрылысы;

- 292 шағын орталықтың (9,2 мың орын) және 95 жекеменшік балабақшаның (7,5 мың орын) ашылуы;

- бұрын жекеменшіктендірілген 97 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын үйлердің                         1-қабаттарында ашылуы, мектепке дейінгі мекемелерді ашуға жарамды коммуналды меншікті бөлек орналасқан ғимараттарды босату, жалға алынған, басқа ғимараттар мен бөлмелерді беру (11,6 мың. орын).

Нәтижесінде, барлық бала санының 1-ден 6 жасқа дейінгі 41,6% балаға балабақшаларда мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндік жасалды. Жалпы 5-6 жастағы балалардың 88,9% мектепке дейінгі дайындықпен қамтылды.

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен оқытуға қамтылған балалар үлесі 2015 жылға 74 пайыз, 2020 жылда 100 пайызды құрайды.

Бұл ретте барлық 5-6 жастағы балалар білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындықпен қамтылады.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. 

 2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Мектептердің спорт залдарын қазіргі  заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.

Жергілікті бюджет қаражаттары  есебінен мектептерге сервистік  қызмет көрсете отырып, оларды жаңа түрлендірілген физика, химия, биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.

Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады. 2015 жылға дейін республикалық бюджеттен 200-ге жуық, осынша мектеп жергілікті бюджеттің есебінен салынады.

Техникалық және кәсіптік білім  жүйесі (ТжКБ) тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда, нарықтық еңбек сұранысында, экономика және әлеуметтік саласының даму перспективасында басты рөл атқарады.

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. 2005 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті. Оның ішінде 22,8 % ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы білім беретін мектептердің 32,7 % түлектері кәсіптік лицейлер мен колледждерде, оның ішінде 9-сыныптан кейін - 24,8%, 11-сыныптан кейін 7,9% оқуын жалғастыруда.

ТжКБ оқу мекемелерінде 609 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 36,3% құрайды.

Техникалық және қызмет көрсету  еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Демалыс, бос уақыт  және мәдени қызмет

(31-бап)

 

Конвенцияның 31-бабын iске асыру мақсатында республикада балалардың демалуға, мәдени және шығармашылық қызметке жан-жақты қатысуына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдануда.

Әлеуметтанушылар және саясатшылар қауымдастығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2008 жылы «Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықтары: қамтамасыз етілуі және іске асырылуы» бойынша әлеуметтану зерттеуі жүргізілді. Әлеуметтану зерттеуі республиканың 63 мектебінде өткізілді –республикалық, облыстық,  жергілікті маңызды 18 қалаларда және 14 ауылдық аудандық орталықтарда. Зерттеу жұмыстарына 1511 бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардың оқушылары қамтылды. Зерттеу қорытындылары бойынша барлық қазақстандық балалар кітапханаларға еркін кіре алады, бірақ мәдени мекемелерде, демалыс және ойын-сауық орындарында, көбінесе ауылдық жерлердің балаларының барлығының, демалуға мүмкіндіктері бола бермейді. 80,5 оқушылардың пікірлері бойынша балалардың мәдени өмірге қатысудың практикалық дағдыларымен танысуы мектеп қабырғасында болады. Оқушылар мен мұғалімдердің көпшілігі (жартысынан артық 2/3 бөлігіне дейін) зерделенген мектептерде балалардың демалуына, бос уақытын өткізуге, демалуға, ойнауға, сондай-ақ қосымша білім алуға әртүрлі нысандардың бар екендігін атап өтті.

Әлеуметтану зерттеудің нәтижелерін есепке ала отырып, балалардың бос уақытын, мәдени өмірге құқығын іске асыру үшін ұйымдастыру шаралары қабылданды.

2010 жылы республикада 23º396 мектепішілік спорттық секциялар, 425 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдер көркемөнерпаздар және көркемсурет мектептері жұмыс жасауда.

2010 жылы жазғы демалыс кезеңінде 8791 балалар сауықтыру ұйымдары балалардың демалысын қамтамасыз етті (212 қала сыртындағы лагерлер, олардың 7-і жыл бойы жұмыс істейді; 5º900 - мектеп жанындағы; 84-санаторийлік; 1º628 профильдік және дебаттық; 967-спорттық және палаталық лагерлер).

8º751 ұйым мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастырды (676 аула клубтары, 3º029 қызығушылығы бойынша клубтар және 5º046 мектеп жанындағы алаңдар).

1 млн. 953 мың. 351 оқушылар демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық нысандарым қамтылды, бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 83% құрайды.

886º222 оқушы сауықтыру демалысымен қамтылған, оның ішінде қала сыртындағы сауықтыру ұйымдарында-11%.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, аула клубтар желісін дамыту бойынша Қарағанды облысында - 112, Шығыс Қазақстан облысында - 79, Павлодар облысында - 60, Қостанай облысында - 46 оң тенденция байқалады.

Балаларды сауықтыру мекемелерінің желісін кеңейту, жаңғырту және сақтау бойынша шаралар қабылданды (Павлодар облысында жыл бойы жұмыс істейтін оқыту-сауықтыру орталығы ашылды, Қостанай облысында жетім балаларға арналған лагерь жаңартылды; Шығыс Қазақстан - 26, Солтүстік Қазақстан - 19, Батыс Қазақстан облыстарында - 13 желісі сақталуда).

Жазғы демалыс кезеңінде республикада 153-тен астам спорт лагерлері жұмыс атқарды, олардың қызметімен жалпы бала санының 3% қамтылды.

 

 

 

VIII. Арнайы қорғау шаралары

i) Босқын балалар

(22-бап)

 

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау» деген 47-бабында мыналар көзделген:

1. Босқын және амалсыз қоныс  аударушы балалардың өз мүдделерiнiң  қорғалуына құқығы бар. 

2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі  қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының  не өзге де заңды өкілдерiнiң  бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.

2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасындағы босқындар мен оралмандардың құықтары сақтау туралы» арнайы баяндамасы басып шығарылды, ол Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның ҚР-дағы босқын балалар жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының құру жөніндегі  бірлескен жобасы бойынша жұмыстың нәтижесіне айналды.

Баяндамада босқындар мен оралмандар тап болатын проблемалар талданды, жобаның барысында жүргізілген  босқындар мен оралмандардың, оның ішінде балалардың құқықтарын сақтау мониторингінің нәтижелері тұжырымдалды.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пана  іздеп жүрген адамдардың және  республиканың аумағындағы босқындардың  құқықтық жағдайын анықтауға  бағытталған «Босқындар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы  күшіне енді. Құқықтық көмекпен қатар олар ҮЕҰ-дан, халықаралық ұйымдардан материалдық және гуманитарлық қолдау алады. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  тұратын азаматтығы жоқ адамдарды  әлеуметтік қамсыздандыру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік шаралары қолданылмайды.

Көші-қон саясаты саласындағы  қолданыстағы заңнама пысықтауды талап етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көші-қон сасатының 2007 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрлігі Көші-қон саясаты  комитетінің деректері бойынша 2011 жылғы 15 қаңтарда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Ауғанстаннан (106), Ираннан (5), Қырғызстаннан (1), Пәкістаннан (1), Қытайдан (2) және Өзбекстаннан (11) келген 226 босқын бала (мектепке дейінгі жастағы - 66, мектеп жасындағы - 160  бала) тұрады. Оның ішінде 100 босқын бала Қазақстанда туған.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 47-баптарына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандарттары шегінде тегін  жалпы орта білім алуға кепілдік береді.

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 2-бабының ережелері қазақстандық заңнамада әрбір баланың тең  құқығын қамтамасыз етуді бекітіп  берді, сондықтан тұруға рұқсаты  бар шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың балалары үшін ана тілін тереңдетіп оқуға жағдайлар жасалған. 

Алматы қаласында Ауған мәдени орталығы, Ауған босқын әйелдері қауымдастығы, Ауған мектебі сияқты босқындардың қоғамдық бірлестіктері құрылып, жұмыс  істеуде, онда 60-тан астам бала білім  алады, ауған балаларына арналған балабақша жұмыс істейді.

Қазақстан БҰҰ-ның БЖКБ (Босқындар  істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы) іс-шараларына белсенді түрде  атсалысуда.

2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында  2007 жылғы 14 қарашада қол қойылған  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.

 

b) Кәмелетке толмағандарға  қатысты сот төрелігін орындау 

(40-бап)

 

Кәмелетке толмағандар  жасаған қылмыстар бойынша және оларға қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекше бақылауда тұрады. Мәселен, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің жай-күйі ай сайын талданып отырады және талдау негізінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе өзге де құқық бұзушылықтарға тартатын адамдарды (ата-аналарын, ересек таныстарын, достарын) анықтау және қылмыстық, азаматтық, отбасылық және әкімшілік заңнамаға сәйес оларға шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы нұсқаулар жіберіледі.

Информация о работе Компьютермен жумыс