Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа
Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.
Экологиялық факторлардың теріс әрекетін төмендету және оған адам ағзасының қарсы тұруын көтеру, сондай-ақ, Арал маңының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштерін анықтау бойынша ұсынымдар әзірленді.
Жасөспірімдердің денсаулығы
Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, қауіпті факторы мен әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы, денсаулық мектебін жүргізу, шылым тартумен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу жөнінде баспасөз конференциялары, байқаулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және басқа да іс-шаралар, сонымен қатар көрнекі ақпараттық материалдар (плакаттар, бүктемелер, үндеу хаттар, ата-аналарға арналған жадынамалар, қалта күнтізбесі, футболкалар, бейсболкалар, сөмкелер және басқалар) таратқан спорттық мәдени іс-шаралар, спартакиадалар, байқаулар өткізілді. Әлеуметтік маңызды аурулардың, туберкулездің, шылым тартудың профилактикасы бойынша бейне- және аудиороликтер әзірленді. Республиканың барлық аймақтарында салауатты өмір салты аспектісінде билбордтар мен лайтбокстар орналастырылды. Бүкіләлемдік отбасы және Халықаралық балаларды қорғау күндеріне арналған республикалық акциялар өткізілді. Осы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың медициналық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, сондай-ақ, оның ішінде ауылдық жерлерге дәрігерлердің баруымен, отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулықты сақтау, жасанды түсіктің профилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек стөлдер ұйымдастырылды.
Маскүнемдікпен және шылым шегумен күресуге арналған шаралар қабылданды.
18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынды және жиырма бірге дейінгі жастағы тұлғаларға ішімдік өнімдерін сатуға тыйм салынды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабы)
Балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу мақсатында жыл сайын бастауыш сынып педагогтарына, білім беру ұйымдарының валеологтары мен медициналық қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстелдер, оқу семинарларын жүргізе отырып, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі бәрімізге байланысты» ұранымен айлық өткізіледі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 16 мыңнан астам баланы қамтыған 1 349 арнайы медициналық топтар, 6 мыңнан астам медициналық кабинеттер (жалпы білім беретін мектептердің 82%), 487 стоматологиялық кабинеттер жұмыс жасайды.
АИТВ/ЖИТС
ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша күрестің шараларын күшейту және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1216 қаулысымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша бағдарламасын іске асыру аяқталды.
Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы мен таралуы бойынша іс-шаралар жүргізілді. АИТВ-инфекциясы бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
Қазақстанда есірткіні қолданудан келген залалды төмендету стратегиясы мемлекеттік профилактикалық саясатқа интеграцияланған – елде оқыту, ақпараттандыру, кеңес беру және есірткі енгізетін тұлғаларға шприц пен инелерді айырбастау қызметтерін атқаратын 168, оның ішінде 24 жылжымалы сенім пунктілері құрылған.
АИТВ-ге ерікті анонимдік тестілеу мен әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинеттер желісінің қызметі ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Халықтың түрлі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуын анықтауға мүмкіндік беретін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі ендірілді. АИТВ профилактикасы бағдарламасымен қамтылған ауру жұқтырған адамдардың пайызы (яғни жыл бойы шприц, мүшеқап алған және АИТВ тестілеуден қайда өтуге болатынын білетіндер) 2010 жылы 66,5 %-ды (2009 жылы – 59,9%) құрады.
Анадан балаға берілетін АИТВ-нің профилактика жұмыстары жүргізілуде: жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына экспресс-тексеру, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді жүктілік, босандыру кезінде және жаңа туған нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеу.
Жедел жәрдем стансаларында, ірі стационарлар мен ЖИТС орталықтарында антиретровирустық дәрі-дәрмектер ортаймайтын қоры жасалды. АИТВ-инфекцияланған балалар мене ересектер арасындағы қайталама, оппортунистік (пневмоцистік пневмония мен токсоплазмоз) аурулардың химиялық профилактикасын қамтамасыз етеді.
2010 жылы АИТВ/ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар 97 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізілді.
Халықаралық донорлардың қоры мобилизацияланды: 2010 жылы 1 064,384 млн. теңге сомасында халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЖИТС-пен, туберкулезбен, безгекпен күресу бойынша 786,729 млн. теңге сомасында Ғаламдық қордың гранттары бөлінді.
Қазақстан Республикасында 1987 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде 15771, оның ішінде 349 балада АИТВ-инфекция жағдайы тіркелді.
АИТВ-инфекцияланғандардың ішінде 14 жасқа дейiн балалар саны 24 (1,3%), 15-тен 19 жасқа дейiн 32 - 1,6% (2009 жылы – 2,6%) құрайды. Барлық тіркелген АИТВ-инфекция жағдайларының 96,2% 15-49 жастағылар құрайды. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан
Қазіргі уақытта 103 бала спецификалық антиретровирустық ем, 3 бала ілеспелі аурулардан ем алуда. 149 АИТВ-инфекцияланған баланың 11-і АИТВ-инфекциясына байланысты емес ілеспелі аурулардан қайтыс болды, 1 баланы АҚШ азаматтары асырап алды.
АИТВ-инфекцияланған балаларға үнемі медициналық бақылауды, емдеуді, оңалтуды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында амбулаториялық-диагностикалық бөлімі мен оқыту орталығы бар 60 орындық стационарлық көмек беретін «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың профилактикасы және емдеуіне арналған орталық ашылды.
Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: облыстық балалар ауруханасы, қан орталығы, стерилизациялау кешені, перзентхана салынды; медициналық мекемелер толық көлемде дәрі-дәрмекпен және медициналық бір рет қолдануға арналған заттармен қамтамасыз етілді.
Жыл сайын АИТВ-инфекцияланған балалар ата-аналарымен бірге Алматы қаласындағы «Алатау» балалар санаторийінде, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында, Шымкент қаласындағы «Ардагерлер үйінде» сауықтыру мен психологиялық оңалту курсын өтеді. Бір бала Израиль мемлекетінің «Адас» клиникасында емделді.
БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып АИТВ-инфекцияланған балалар мен олардың отбасыларына айналасындағылардың жағымсыз қарым-қатынасын азайту, сондай-ақ қоғамдағы шиеленісті шешу үшін Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық қызметкерлері мен психологтар санынан тәртіптік мультикомандалар ұйымдастырылды. Командалар осындай балалар анықталған әрбір елді мекендердің мектептерінде, балабақшаларда оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен әңгімелер жүргізді, жапа шеккен балаларға төзімді қарым-қатынас туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы мен күрес орталығы АИТВ-инфекцияланған балаларды күту бойынша аналар үшін оқу өткізді.
2010 жылы АИТВ-инфекцияланғандардың жастық құрылымы:
- 15-19 жастағылар - 32 -1,6% (2009ж.- 2,6%)
- 20-29 жастағылар – 759 - 38,2% (2009ж. - 40,2%)
- 30-39 жастағылар – 786 - 39,5% (2009ж. – 38,4%)
- 40-49 жастағылар – 297 - 14,9% (2009ж. – 13,9%)
- 50-59 жастағылар – 74 - 3,7% (2009ж. – 3,2%)
- >60 жастан жоғары – 16 - 0,8% (0,4%)
14 жасқа дейінгі балалар 24 (1,3%) құрайды.
15-49 жастағылардың популяциясына барлық тіркелген АИТВ-инфекциясы жағдайының 96,2% жатады. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
Әлеуметтік кәсіби мәртебесі бойынша бөлінуі:
- 67,6% (1344) - жұмыссыздар (2008ж. – 70,9%, 2009ж. - 70,5%);
- 18,2% (361) - жұмысшылар (2008ж. – 12,6%, 2009ж.- 15,4%);
- 4,1% (82) - қызметкерлер (2009ж. - 3%);
- 0,4% (8) зейнеткерлер - (2009ж.- 0,3%);
- 5,8% (115) – шетел азаматтары (2008ж.- 6,9%, 2009ж.- 6,7%);
- 1% (19) – колледж және жоғарғы оқу орындарының оқушылары (2009ж.- 1%);
- 0,1% (1) - әскери қызметкерлер;
- 1,6% (32) - белгісіз тұлғалар.
Жұмыс істейтін азаматтардың үлесі анықтау құрылымында біртіндеп артуда.
АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы әрекеттер бойынша шаралар мынадай 12 бағытта жүзеге асырылды:
ЖИТС, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша жастар үшін ЖИТС мәселесіне арналған сахналандырылған көріністер, суреттер, шығармалар байқаулары, концерттер, КТК-лар, сұрақ-жауап кештері, би кешіндегі ақпараттық жұмыстар сияқты түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
d) Әлеуметтiк қамтамасыз ету, балаларға күтiм көрсету жөнiндегi қызметтер мен мекемелер
(26-бап және 18-баптың 3-тармағы)
Қазақстан Республикасында Конвенцияның 26-бабын және 27-бабының 3-тармағын, Комитеттiң ұсынымдарының балаларды, сондай-ақ балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қорғау бөлiгiнде 26-28, 51, 52, 53-тармақтарын орындауға ерекше назар аударылады.
Елімізде балалары бар отбасыларын, сондай-ақ көпбалалы аналарды қолдаудың кешенді жүйесі жасалған.
2006 жылы "Балалары бар отбасыларына
төленетiн мемлекеттiк
- баланың туғанына байланысты
біржолғы мемлекеттік
- отбасындағы балалар санына
байланысты сараланған
- табысы жан басына шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан төмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4℅-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.
Аталған кезеңде бала күтімі бойынша жәрдемақымен орта есеппен 130,6 мың адам қамтылды, бұл 2007 жылғы ұқсас кезеңнен 59,9℅ аз. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 19,1 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 52,8 ℅ өсті.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бала күтіміне байланысты жәрдемақы алатындарды қамтудың 2007 жылмен салыстырғанда төмендеуі жұмыс істейтін аналарға 2008 жылдан бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төлеуді енгізумен байланысты.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4℅ көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5℅ ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73℅ құрады.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.