Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

Сонымен қатар алдын ала тергеуді жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері шығып отыр. Мәселен, 2008 жылы 7 бұзушылыққа жол берілді (3 кәмелетке толмағанды сот ақтады; сотқа аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық істің жіберілуін ведомстволық бақылаудың нашар болуына байланысты Ақтөбе облысында Тен қасақана адам өлтірудегі кінәсіне айғақтардың жеткіліксіз болғаны үшін ақталды, Ақмола облысында – ҚК 2-бөлігінің 145-бабы бойынша Рудобаба және Солтүстік Қазақстанда – ҚК 1-б. .177-бабы бойынша Байманов). Қылмыстық жауапкершілікке мыналар негізсіз тартылды – 3 (Солтүстік Қазақстан облысынан – А.А.Колбасов ҚК 3-б. 103-бабы бойынша және  А.Ю.Коваленко ҚК 2-б «а», 257-бабы бойынша– Б.Т.Халиуллин ҚК 2-б. 96-бабы бойынша). 1 кәмелетке толмаған заңсыз ұсталды (денсаулыққа аса ауыр зиян келтіргені үшін күдікті А.Р.Каменских (СҚО).


 

 

Ювенальды әділет

 

2008 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді және 2008 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты  – Қазақстан Республикасында ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту болып табылады, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін оның барлық кезеңінде атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдамада  Әділет, Ішкі істер, Білім министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда және адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құру көзделеді.

2008 жылғы 1 сәуірде  Алматы қаласы Бостандық ауданының  және Астана қаласы Алматы  ауданының ішкі істер органдары базасында ювенальды полиция жұмыс істеді, 2011 жылғы маусымнан бастап ювенальды полиция бөлімшелерін құру жөніндегі жұмыс елдің барлық ауданында басталды.

Астанада, Алмаматыда, Көкшетауда, Павлодарда және Екібастұзда  арнайы конкурстан өткен адвокаттардан және әлеуметтік қызметкерлерден тұратын мамандандырылған ювенальды заң консультациялары жұмыс істейді.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар  жоспарын орындау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Басқармасында  ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманының лауазымы және облыстардың және Астана қаласының ҚАЖ департаменттерінде  ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор маманның 15 лауазымы енгізілді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысымен қылмыстық-атқару инспекцияларының штат саны 2010 жылы 591 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде аудандық және қалалық инспекциялардың штаттарына қосымша саны 241 бірлік ювенальды әділет тобының мамандары енгізілді.

Ювенальды әділеттің  басты міндеті балалар арасындағы қылмысты, қараусыз және қадағалаусыз қалудың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстық  жазалар қолдану жағдайларын  азайту болып табылады.

Ювенальды әділет тұжырымдамасын орындау үшін ішкі істер органдары жүйесінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелер ювенальды полиция бөлімшелері болып қайта құрылды («Ұйымдық-штаттық мәселелер туралы» ІІМ-нің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 281 бұйрығы). Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тараптардың татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі пайда болды (ҚК-нің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген 67-бабы).

Медиация рәсімі заңнамалық түрде ресімделе бастады – 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдармен отбасы және балалар істері жөніндегі ерекшеліктерді ескере отырып, медиация рәсімін азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға) қатысты қолдану негіздері регламенттелді. 

Соттылығына кәмелетке  толмағандар жасаған қылмыстар  туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-аналарды құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы; кәмелетке толмаған балаларды қорғауға және қорғаншылыққа алудан (патронаттан) туындаған даулар бойынша азаматтық істер де; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер де (кәмелетке толмағандардың құқықтарына бас сұғу – ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) және басқалар жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар болып табылатын ювенальды соттар жұмыстарын табысты жалғастырып отыр.

Соңғы екі жылдың ішінде ювенальды соттар қараған істердің саны екі есеге өсті. Қылмыстық істер жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігіне қылмыстық жазалау шарасы тағайындалады. Биылғы жылы бас бостандығынан айыруға тек 11 % жазаланды, Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 8%-ды құрады.

Тергеу практикасын талдау кәмелетке  толмағандарға қатысты тұтқынға алудың баламалы шараларын қолдану  фактілерінің ұлғаю үрдісі бар екенін куәландырады.

 

Есепті кезең

Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық  туралы  жазылым 

Жеке кепілгерлік

Кәмелетке толмағанды қарауға беру

Кепіл

Үйде қамауда ұстау

қамау

 

1

2007 ж.

74

4

31

2

11

600

2

2008 ж.

96

5

10

1

1

571

3

2009 ж.

2979

59

704

0

7

534

4

2010 ж.

2481

56

635

0

11

293


 

 

Мәселен, 2007 жылы 600, 2010 жылы – 293 (-45,1%) қамау қолданылды.

Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастық дамуда. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылдан бастап әкімдіктің және ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларды жабық мемлекеттік  мекемелерге жіберудің тиімді қоғамдық баламасын ұсыну, оларды қамауда  күтіп-ұсату және оларға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты жазаларды жүзеге асыру жөніндегі жобаны жүзеге асыра отырып, «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы жұмыс істейді.

Жоғарыда келтірілген  шаралар олар бойынша кәмелетке  толмағандарға қатысты түзеу мекемелерінде болу шарасы қолданылған істер санының азаюына алып келді (шамамен істің 60%-ы бойынша шартты жазалау шарасы немесе тәрбиелік ықпал ету шарасы тағайындалды), татуласу жағдайларының саны артты, соңғы төрт жылдың ішінде түзеу колонияларында жазаларын өтеп жатқан және сотқа дейін қамауда ұсталып отырған балалар саны екі есеге қысқарды.

Ювенальды әділет саласындағы мамандарды даярлау  үшін Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен істерді қарауға маманданған судьяларды оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама және тақырыптық жоспар әзірледі.   

 

 

Ұстаудың, түрмеге  қамаудың немесе күзетпен ұстаудың кез  келген нысандарын қоса алғанда, бас бостандығынан айрылған балалар

(37 b) d бап)

 

2008 жылғы 26 маусымда  Қазақстан 2007 жылғы 24 қыркүйекте  Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады және тәуелсіз ұлттық превентивті тетікті (ҰПТ) әзірлеу жөніндегі міндеттемені қабылдады.

Факультативтік хаттама  ратификацияланған сәттен бастап Қазақстанда  ҰПТ құру, оның моделі және заңнамалық бекітілуі конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, жұмыс отырыстарында, семинарларда бірнеше рет талқыланды.

ҰПТ тағайындау кезінде  негізгі мәселе аталған тетікке  өз функцияларын орындау үшін жеткілікті мандат беру болып табылады.

ҰПТ шеңберінде баратын  орындар барлық жабық мекемелер, оның ішінде балаларға арналған мекемелер болып табылады. Нәтижесінде Ұлттық превентивті тетік шеңберінде тексерілуі мүмкін 244 мекеме анықтады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі – ҚАЖ) бүгінгі таңда 4 тәрбиелеу колониясы (бұдан әрі – ТК) және Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанында қыздарға арналған бір жергілікті учаске бар. Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген колонияларда ұсталып отырған сотталғандар санының азаю үрдісі байқалды. Жобалық қуаты 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы - 449,  2009 жылы - 427, 2010 жылы - 243 кәмелетке толмаған сотталғандар (о.і. 3 – әйел жынысты) болды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының  материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасында Алматы қаласында күтіп-ұстау шарттары бойынша лимиті 350 орындық (1223 ш.м) халықаралық стандарттарға жақындатылған бір колония құруға шешім қабылданған.

Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, климат жағдайы  жұмсақ Алматы қаласында кәмелетке  толмаған сотталғандарды күтіп-ұстау  тәрбиелеу процесінің тиімділігіне ықпал ететін болады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қолдады.

Бүгінгі таңда кәмелетке  толмаған сотталғандар Ақтөбе мен Өскемен  қалаларының тәрбиелеу колонияларынан Алматыға  көшірілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Ақтөбе мен Өскемен қалаларындағы тәрбиелеу колониялары оңынан сипаталатын ересек сотталғандарға арналған колония қоныстар етіп қайта бейімделді. Аталған шара Республиканың басқа колония қоныстары етіп қайта лимиттеу проблемасын оңынан шешуге мүмкіндік береді.

2011 жылғы маусымның  соңына дейін тәрбиленушілерді  Петропавл қаласының тәрбилеу колониясынан көшіруді аяқтау жоспарлануда. 

2010 жылы 170 кәмелетке толмаған  сотталғандар мерзімінен бұрын  шартты түрде босатылды (2009 ж. - 157).


2011 жылғы 1 қаңтарда ҚАЖ қылмыстық-атқару  инспекцияларында қоғамнан оқшаулаусыз  707 кәмелетке толмаған сотталғандар есепте тұр (1286 – 2010 ж.)

Сотталғандарға тәрбиелік ықпал  ету тиімділігін арттыру және колония әкімшілігіне көмек көрсету  мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілді. Қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ сотталғандардың ата-аналары және басқа да туыстары қатарынан ата-аналар комитеттері құрылды.

Барлық тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілер құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылаушы комиссиялар әрекет етеді.

Сотталғандардың жеке басын толыққанды дамыту, олардың жалпы зердесін кеңейту  және ой-өріс деңгейін арттыру мақсатында республиканың тәрбиелеу колонияларында оқыту ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда тәрбиелеу колонияларында 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда орта білім алмаған тәрбиеленушілер білім алады, оның ішінде бір бөлігі мемлекеттік тілде оқиды. Үйірмелерде тәрбиеленушілер сурет салу, қолданбалы өнер техникасына және компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренеді.

Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған түзеу мекемелерінде 5 кәтапхана  жұмыс істейді, онда сотталғандар көркем және заң әдебиетін, газеттер мен журналдарды пайдалана алады. Сондай-ақ сотталғандардың жеке қаражатына баспа басылымына жазылуды жүзеге асыруға құқығы бар. 2010 жылы тәрбеилеу колонияларының кітапхана қоры 43212 кітапты құрады.

 

Көшеде тұратын немесе жұмыс істейтін балалар

 

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алудың әртүрлі бағыттары жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешені жүргізілуде.

2007 жылдан бастап елде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында 30-дан астам, оның ішінде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу проблемалары бойынша 10 мәселе қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіретін осындай комиссиялар елдің барлық өңірлерінде жұмыс істеуде.

Информация о работе Компьютермен жумыс