Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа
Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді іске қосы жоспарланып отыр, олардың қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.
Балаларға егу Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енеді, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және халық үшін міндетті болып табылады. 2008 жылдан бастап профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді, балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.
БДҰ сарапшыларымен бірлесіп 2008 жылдан
бері адам өлімінің, перинаталдық ажалдың
жасырын аудиті, қауіпті жағдайларды
зерттеу бойынша жұмыс
Жоғарыда аталған
2008 жылдан бастап Қазақстанның тірі бала
табудың халықаралық өлшемдеріне көшуін
қамтамасыз ету үшін халық арасында кең
көлемді түсіндіру науқанын жүргізуде,
ұлттық жаттықтырушылар тобын даярлауда
және оқытуда, халықаралық көзқарастарды
ескере отырып, әйелдер мен балалардың
диагностикасы мен емдеу хаттамаларын
жетілдіруде көмек көрсетілді.
Тірі бала табудың халықаралық
өлшемдеріне көшумен 2008 жылы
2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімінің
көрсеткіші 27 % , сәби өлімі 20% азайды. 15-18
жас аралығындағы жасөспірімдер арасында
жүктілік деңгейі 1,1 % (4 205 оқиға) және түсік
тастау 4,5 % (133 мыңнан астам), 3,1 % дейін (106
мыңнан астам) азайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен
2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының Денсаулық
2011 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында
өткен халықаралық
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.
Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет министрліктері мен ЮНИСЕФ баланы қорғау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуын жақсарту, тамақтануды жақсарту және микронутриенттік ауытқулардың алдын алу мәселелері бойынша 2010 – 2011 жылдарға арналған екіжылдық жұмыс жоспарына қол қойды.
Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы экологиясы жайсыз Семей және Арал өңірлерінен келген балаларды тексереді, емдейді және кезең-кезеңмен оңалтады.
Қазақстан Республикасындағы балалардың
иммунопрофилактикасы бойынша іс-шаралар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу халық үшін міндетті болып табылады. Егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасында балалар қауымын егу тегін медициналық көмектік кепілді көлеміне енеді және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бүгінгі күнге халықты иммунизациялау
саласындағы мемлекеттің
Ерте жастағы балалардың өлімі мен ауруға ұшырауын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылдың аяғынан бастап жекелеген өңірлерде балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Республикада ерте жастағы балаларға осы инфекцияға қарсы жаппай егу жөніндегі іс-шаралар 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына енгізілді.
Қауіпсіз ауыз суға қолжетімділік
2011 жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы халықтың денсаулығын жақсартудағы басымдықтарының бірі халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету болып белгіленді. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы 2003 жылы басталды және оң нәтижелерге қол жеткізілді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділік ауылдық елді мекендерде 41 пайызға, қалаларда 72 пайызға өсті. Әкелінетін суды қолданушылардың саны 4 есе рет кеміді. Сонымен бірге, әлі сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға зәру ауыл аз емес. Орташа алғанда 2020 жылы республикадағы ауыз суына қолжетімділік деңгейі 98 пайызды құрап, судың сапасы бекітілген барлық санитарлық талапқа сай болуы тиіс. 2020 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділік 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылдық жерлерде екі есе өсіп, 80 пайызға жетуі қажет.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес суды тұтыну жағдайының нашарлауының және халықтың денсаулық жағдайына қауіпсіз емес ауыз судың қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған мониторинг пен санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүзеге асыруда.
2010 жылы республика халқының құбырлық ауыз сумен қамтамасыз етілуі 82% құрады (құбырлық сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы 2007 жылы - 78,4%, 2008 жылы - 81,1%, 2009 жылы - 81,2%).
Республикада орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су қауіпсіздігі бойынша жағдайы тұрақты, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктің үлес салмағы 2010 жылдың өткен кезеңі ішінде 1,7% және 1,4% құрады.
Республика бойынша тұтастай алғанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауында 2831 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектісі бар. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін су құбырларының үлес салмағы 4,9% немесе 133 құрады.
Денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылдан бастап іс жүзіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханаларын жаңғырту және заманауи зертханалық құралдармен жарақтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құбырлық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аумақтық әкімдердің қызметтік рейтингісіне енгізілді.
Халықтың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайының мониторингісін жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Семей полигоны
Семей ядролық полигоны әлемдегі үш ірі ядролық полигонның бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұрынғы ядролық полигонның аумағы алдағы уақытта радиациялық жағдайды тереңдетілген кешенді түрде зерттеу және белгіленген тәртіп бойынша халық шаруашылығында қолдану үшін берілетін шаруашылық қызметпен айналысуға тыйым салынған жер қорына жатқызылды.
Полигон тұрғындарын әлеуметтік қорғау
мақсатында «Семей ядролық сынақ
полигонында ядролық сынақтарды
Қазіргі уақытта НАТО бағдарламасының қолдауымен радиологиялық бағалау бойынша жобасы, сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің қолдауымен «Жерді тұрақты пайдалануды жоспарлау» жобасы іске асырылуда.
Семей экологиялық апат аймағының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешу үшін 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы Семейдің ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу бойынша бағдарлама іске асырылды.
Семей сынақ полигонының проблемалары
2010 жылғы 10 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің № 924
қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға
арналған «Жасыл даму» салалық
бағдарламасына бұрынғы Семей
ядролық сынақ полигоны проблем
қатаң бақылаудағы аймақ аумағына жеке тұлғаның кіруін шектеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
Семей сынақ полигоны аумағында шаруашылық қызмет жүргізудің мониторингін жүзеге асыру.
Сондай-ақ, мынадай мәселелер қаралады:
бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында мемлекеттік басқаруды оңтайландыру бойынша;
Семей сынақ полигоны объектілерінің мәртебесі жөнінде;
бұрынғы Семей полигоны алаңында полигон аумағының экологиялық паспортын жасай отырып, барлық табиғи ортаның жағдайының кешенді зерттеулерін өткізу бойынша;
Семей сынақ полигонының жер бөлшегін алдағы уақытта оны шаруашылық қызметке пайдалану мақсатында жер қоры құрамынан шығару бойынша;
жергілікті радиоактивтік
Шаған өзенінің әрі қарай ластануын және Ертіс өзенінің ластану мүмкіндігін болдырмауды азайту мақсатында мониторингтік зерттеулер өткізу бойынша.
Арал теңізі
Арал теңізі бассейнінің дағдарысы кеңейіп келуде. Арал маңы елдерінің және әлемдік жұртшылықтың біріккен күш жігерінсіз Арал дағдарысын шешу мүмкін емес.
2002 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының №307-ІІ Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Қайта Құру және Даму Халықаралық Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге сәйкес («Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (1 фаза) Халықаралық банктің қарызы және республикалық бюджет есебінен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асырылуда.
2009 жылы «Сырдария өзенінің
Жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған орта жағдайын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігін жетісті дамытуға бағытталған.
Жоба шеңберінде Шардара бөгетінде өткізу қабілеттілігі 500 м3/с қосымша суағызғышты салу, 50 шақырым қазіргі бар дамбаларды күшейту және қалпына келтіру, қысқы тасқын суды өткізу үшін Сырдария өзені бассейнінің төменіндегі өзен сағасын түзету, атырауда көлдерді реттеуге арналған Ақлақ СЭС салу және т.б. жоспарлануда.
2007-2009 жылдары
«Арал көлі аймағында
Зерттеу барысында жүргізілген талдау соңғы 10-15 жылда Қызылорда облысындағы балалар мен ересек тұрғындардың ауруы бірқатар аурулардың таралу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Онкологиялық аурулардың деңгейі Қызылорда қаласында ерекше жоғары.
Қызылорда және Қазалы қалалары бойынша соңғы мәліметтермен толықтырылған Арал аймағы қоршаған орта нысандары мен әйелдерінің емшек сүтінде пестицид пен ауыр металдың болуы туралы жаңа ақпараттық электрондық мәліметтер базасы алғаш рет әзірленді. Осы материалдар негізінде мүдделі мекемелер мен тұлғалар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша негізделген шешімдер немесе ұсынымдар қабылдай алады.