Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

2009 жылғы наурызда Парламент  Мәжілісіндегі үкімет сағатында  «Қазақстан балалары» бағдарламасының  бірінші кезеңін іске асыру  туралы есеп тыңдалды.

2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан  Республикасының Президенті жанындағы   Адам құқықтары жөніндегі комитетте  Конвенцияның ережелерін орындау шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы республика министрліктері мен ведомстволарының есебі тыңдалды.

2010 жылы Қазақстан Қазақстан  Республикасындағы адам құқықтары  бойынша әмбебап мерзімдік шолу  рәсімінен ойдағыдай өтті. Қазіргі  кезде БҰҰ Адам құқықтары комитетінің  ұсыныстарын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары жасалған.

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы  Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті  өкілдің оның 2010 жылғы қызметі  туралы есебі әзірленді, онда  адамның, оның ішінде әйелдер  мен балалардың құқықтары мен  бостандықтарын қамтамасыз етуге  қатысты ахуалға талдау жасалған, олардың бұзылуына байланысты өзекті проблемалар мен себептер белгіленген.

Омбудсменнің «балалар құқықтарын қорғау және көтермелеу» қызметінің басым бағыты бойынша жұмыс шеңберінде балалар құқықтарын қорғау мониторинг жүргізу үшін Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының       30 балалар мекемесіне ат басы бұрылды. Мониторинг барысында білім алу, денсаулығын қорғау, дем алу, бос уақыт пайдалану, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу, ақпаратқа қолжетімділік, ана тілін, мәдениетін пайдалану жөніндегі балалар құқықтарының сақталу мәселелері зерделенді.

2011 жылғы 23 маусымда Қазақстан  Республикасы Парлментінің Мәжілісінде  Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар  Қоры Өкілдігі (ЮНИСЕФ) делегациясының  қатысуымен БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсыныстарын орындау мәселелері қаралды.

 

VI. Базалық медициналық  қызмет көрсету және 

әлеуметтік қамсыздандыру

                                        а) Мүгедек балалар

                                                 b) (23-бап)

 

Республикада мүгедек балаларды  әлеуметтік қорғауға, оңалтуға және оларды қоғамға қосуға маңызды мән беріледі.

Қазақстан Республикасында, 01.01.2011 жылғы  жағдай бойынша,  
54 495 мүгедек бала, оның ішінде бірінші топтағы 16 жасқа дейінгі  
45 810 мүгедек бала, 18 дейінгі 1 016 мүгедек бала, екінші топтағы 18 жасқа дейінгі 3 052 мүгедек бала, үшінші топтағы 18 жасқа дейінгі 4 617 мүгедек бала есепте тұр.

Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде  әлеуметтік мекемелер желісі жұмыс  істейді, олардың ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 3 интернат үй, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 6 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 160 бөлімше бар, оларда мүгедек балалардың 30 % астамы (17 мыңнан астам адам) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Мүгедек балалар тегін медициналық  көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін емдеумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі. Амбулаториялық жағдайларда  халықтың жекелеген санаттары, ауру түрлері бойынша, оның ішінде мүгедек  балалар, тегін медикаменттермен және арнайы тағам өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға оңалту көмегі өңірлік деңгейде де, республикалық деңгейде де көрсетіледі. Кешенді оңалту медициналық терапияны, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімделуді қамтиды.

Балаларға оңалту көмегі республикалық  маңызы бар орталықтарда:   Астана қаласы – балалар оңалту орталығы (РБОО), Алматы қаласы – «Балбұлақ» балалар оңалту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Бурабай  курорты – балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы; 39 өңірлік деңгейдегі оңалту орталықтарында көрсетіледі, олардың қызметі жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі 8,5 мыңға жуық балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.

РБОО-да герман жабдығымен жарақтандырылған ортездік шағын-зауыт жұмыс істейді, ол денені және патологиясы өзгерген аяқ-қолды физиологиялық күйге  келтіретін әртүрлі арнайы құралдар жасап шығарады, бұл оңалтудың  ажырамас бөлігі болып табылады.

Есту қабілеті тумай жатып және туғаннан кейін қатты бұзылған мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету үшін 2007 жылдан бері республикада кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операциялар жүргізілуде. Осындай 430 операция жасалды. Есту қабілеті бұзылған балалар осындай операция жасату үшін бұдан бұрын шетелге жіберілетін.

Интернат үйлерде мүгедектердің  тұрмыс сапасын арттыру үшін 2009 жылдан бастап Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге (1,7 млн. АҚШ доллары) бөлінді, ол медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр-дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін басшылыққа ала отырып, жасына қарай – бір топта 6-12 адамнан топтар жасақтау ұйымдастырылды, сөйтіп әрбір балаға жеке көзқарас таныту қамтамасыз етілді. Интернат үйлерді қазіргі заманғы көмекші, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру мүгедек балалардың оңалту қызметтеріне деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен психоневрологиялық ауруларға  шалдыққан және (немесе) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға  сондай-ақ жартылай стационар жағдайында – күндіз болу бөлімдерінде, отбасына қолдау көрсету қызметтерінде, үйге барып қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Жартылай стационарларды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дамыту интернат мекемелерінде бағылатын мүмкіндіктері шектеулі балалар санын қысқартуға бағытталған.

Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның дүние жүзінің 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті елінің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы қабылданды, оны қабылдау мен іске асыру:

- арнайы әлеуметтік  қызметтер көрсетудің қазіргі  заманғы моделін қалыптастыруға;

- ауыр өмірлік ахуалға тап  болған адамдарға әлеуметтік  қызмет көрсетудің кешенді жүйесін  құруға;

- қызметі бәсекелестік ортасын  құрып, қызмет сапасын арттыруға  мүмкіндік беретін үкіметтік  емес ұйымдардың қатысуы есебінен  арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын кеңейтуге;

- халыққа көрсетілетін әлеуметтік  қызметтер тізбесін кеңейтуге  және сапасын арттыруға;

- әлеуметтік қызметтер мен ұйымдардың  құқықтық мәртебесін айқындауға, арнайы әлеуметтік қызметтер  көрсетудің біріңғай тетігін  жасауға, әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, уәкілетті органдардың құзіретін анықтауға және т.б. мүмкіндік берді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бәсекелестік нарығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес ұйымдар барған сайын кеңінен тартылуда:

2009 жылы ҮЕҰ арнайы әлеуметтік  қызметтерімен психоневрологиялық  ауруларға ұшыраған 1,5 мыңдай бала 156,9 млн. теңге сомаға қамтылды.

2010 жылы - психоневрологиялық ауруларға  ұшыраған 2 мыңнан астам бала 446,5 млн. теңге сомаға қамтылды.

2011 жылы 273,6 млн. теңге сомаға 2,1 мың балаға қызмет көрсету  жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеу, арнайы қозғалыс құралдары (орындық арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар (кіші дәрет қабылдағыштар, үлкен дәрет қабылдағыштар, жаялықтар) береді. Соңғы екі жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді.  Көру және есту қабілеттері бұзылған 3 мыңға жуық бала сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етілді, мүгедек балаларға 1 748 орындық арба берілді. Жыл сайын 1000 бала санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.

Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту және олардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2010-2011 жылдарға арналған ауру мен мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады.

«Денсаулық сақтау объектілеріне  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық ережесін бекіту туралы»  Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен мүгедектердің  қоғамдық орындарда болуының жайлы жағдайларын жасау үшін  белгілі бір санитариялық нормалар бекітілді. Атап айтқанда, арбамен қозғалатын мүгедектер үшін кірме жолдар, ішкі жолдар мен жаяулар жолдары қатты жамылғымен жасалады және пандустар жабдықталады, сатылармен қозғалу үшін ересектер мен балалар үшін қосарланған ұстағыш тұтқалар, зағиптар мен нашар көрушілер үшін – ұстағыш тұтқалар учаскелері жабдықталады, сатының бірінші және соңғы баспалдақтары кедір-бұдыр етіп жасалып, қарама-қарсы бояумен боялады, әжетханаларда арнайы кабинеттер жабдықталады.

Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндіктері  шектеулі балалардың өзекті проблемаларын  шешу мәселелерінде басқа мүдделі  министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Қазіргі кезде республикада мүмкіндіктері шектеулі 147 мыңнан астам баланың бар екені анықталып отыр 2007 жылы – 120 мыңнан астам болған).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында   мүмкіндіктері  шектеулі азаматтардың білім алуы, дамуындағы кемшіліктерді түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін оларға мемлекеттің жағдайларды қамтамасыз ететініне кепілдік берілген.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға  білім беру қызметтерін қанағаттандыру үшін республикада арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының тармақталған желісі жұмыс істейді:

9 676 мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беруге арналған 34 арнайы балалар бақшасы мен жалпы тұрпаттағы балалар бақшалары жанында  
280 арнайы топ;

26 мың баланы (15,5 %) 101 коррекциялық  мектеп және жалпы білім беретін  мектептер жанында 1 155 арнайы сынып;

17 150 бала коррекциялық-педагогикалық көмек алатын жалпы білім беру ортасына тартылған;

9 391 бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды.

  «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңының 9-бабының  
3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының жаңа тұрпаттары құрылды. Осындай ұйымдар құру қажеттілігіне балалардың бәріне біріне тегіс қазір бар арнайы (коррекциялық) мекемелер тұрпаттарында баламалы коррекциялық-педагогикалық қолдау алуға мүмкіндік бермейтін аурулардың   алуан түрлігі себеп болып отыр.

Егер 2003 жылы 2 оңалту орталығы, 14 кабинет  пен 99 логопедтік пункт ашылса, 2010 жылы – олардың саны тиісінше 17, 124 және 402 болды.

Білім беру ұйымдарының осы түрлері жалпы білім беретін мектептерде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және бұдан бұрын «оқи алмайтындар» деп есептеліп келген балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды қамтамасыз етеді. Қамту 15,5 % қамтиды немесе 26 мыңнан астам бала уақтылы көмек алады. Республикалық бюджет есебінен Қарағандыда 250 орындық ауру балаларға арналған арнайы мектеп-интернат салынды. Алматы облысында осындай мектеп-интернат  құрылысы жүргізілуде.

«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 16 және 17-баптарына және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (60 мың балаға бір ПМПК), оңалту орталықтары (облысқа бір орталық), психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері (ауданға бір кабинет) ашылды.

Қазіргі кезде 57 облыстық, қалалық  және аудандық ПМПК, оның ішінде бір  республикалық ПМПК жұмыс істейді.

ПМПК желісінің кеңеюімен дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды  анықтау жақсарды. Мысалы, егер 2007 жылы  дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны 120 мыңнан астам адамды құраса (балалар қауымының 2 %), 2010 жылы 147 679 бала анықталып, анықтау пайызы 3,4 % дейін өсті. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен арнайы ұйымдар желісі туралы деректердің орталықтандырылған банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, жалпы республика бойынша да, жекелеген өңірлер бойынша да арнайы білім жүйесін басқару сапасын жақсарту жөнінде үйлестірілген шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің оқумен 125 444-і қамтылған, бұл 85,0 % құрайды, оның ішінде: ерте жас – 2139 бала (39,1 %); мектеп жасына дейін – 18 911 бала (61,4 %); мектеп жасы – 104 494 немесе мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 93,8 %.

Түрлер бойынша:

психикалық дамуы кідірген – 37 937 (27,7 %);

сөйлеуі бұзылған – 31 395 (22,9 %); 2008 жылмен салыстырғанда балалар санының азаюы (-1,3 %);

ақыл-есі кем – 24 213, бұл жалпы санның 17,7 % құрайды;

тірек-қозғалыс аппараты бұзылған – 19 046 (13,9 %);

нашар көретін балалар – 14 640 (10,7 %);

нашар еститін – 7 482 (5,5 %);

естімейтін – 1 883 (1,4 %) және зағип балалар – 314 (0,2 %).

Информация о работе Компьютермен жумыс