Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Содержание работы

Кірспе
І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы
2.1 Delphi бағдарламасымен танысу
2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері
2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер
3.1 C ++ Builder әзірлеу ортасы
3.2 C ++ Builder компоненттері
3.3 C ++ Builder - де сұраулар құру
IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дипломная работа .docx

— 472.72 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кірспе

І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері

ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы

2.1 Delphi бағдарламасымен танысу

2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері

2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері

ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер

3.1 C ++  Builder әзірлеу ортасы

3.2 C ++  Builder компоненттері

3.3 C ++  Builder - де сұраулар  құру

IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірспе

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын қолдана  білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы маманның кәсіби дайындығына  қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда мамандарды ақпараттық технологиялар  мен бағдарламалық құралдарды қолдануға  ғана емес, осы құралдарды жасауға  дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің  дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды  талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі  мен оны жеке тұлғаның толық көлемде  меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең  алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым  жасауға, олардың қажетіне қарай  ғылым жетістігін сұрыптауға, маманның өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына  мүмкіндік туғызу  - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек білімді  маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің  көшбасшысы бола алады.

Болашақ мамандарды ақпараттық–компьютерлік  және программалық модельдеу негізінде  даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық  іс - әрекет  барысында пайда болатын  мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік және программалық модельдеу әдістері туралы кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік  құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын  білу және бұл білімдерді есептерді  математикалық моделдері бойынша  шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу  және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама құру және компьютерлік моделін жасау үшін қолдана алады.

Заманауи ақпараттық жүйелерді  қолдану дағдылары және олардың  көмегімен кәсіби практикалық ойын айлаларын шешу іскерліктері мен  практикалық  маңызды есептерді  ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін  сауатты интерпретациялау іскерлігі  және оның нәтижелерін кәсіби практикалық  іс-әрекеттерде қолдану дағдылары  болашақ маманның бойында қалыптастыру басты назарда болады.

Бұл талаптардың осы көлемде  жүзеге асырылуы болашақ  мамандардың  ақпараттық-компьютерлік және программалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы келтірілген анықтамадан  байқайтынымыз «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың  компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда  болады, яғни барлық жаңа түсініктер ЭЕМ  көмегімен ойындардың айлаларын  шешу үшін ақпараттық – компьютерлік және программалық модельдеу әдістерін  қолдану мәселелеріне арналады.  

Delphi бағдарламасын оқыту әдістемелері  В.В. Фаронов және Л.М.  Климовалар  терең және ауқымды көлемде  зерттеп, еңбектер жазған. Ал, Қазақстандық  ғалымдардың ішінде осы бағдарлама  турасында  Ш.Т.Шекербекованың еңбегін атап айтса болады. Өйткені елімізде осы аталған тұлғадан басқа осы бағдарлама бойынша зерттеген маман жоқ.

Ал, информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдык белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін Ж.Ж.Жаңабаев ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.

Болашақ мамандарды кәсіби дайындауда ақпараттық-компьютерлік және программалық модельдеу технологиясын қолдану арқылы олардың кәсіби қызметінде ақпараттық-компьютерлік біліктіліктер жүйесін қалыптастыру мәселесін шешуге болады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:  Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Зерттеу тақырыбы:    Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: зерттеуге алынған ОББ түрлерінің жобалау мүмкіндігін салыстыра отырып, қайсысын пайдалану тиімді екенін көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Borland C++  және Delphi – де қосымшалар әзірлеу ортасы туралы теориялық мәселелермен қатар, онда қосымша құрудың ерекшеліктерін талдау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi:  диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші тарауда:  Объектілі бағытталған бағдарламалау негіздеріне тоқалып өтіледі.

Екінші тарауда:   Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасымен танысу, Delphi бағдарламасының компоненттері, Delphi ортасында анимация жасау әдістері туралы жазылған.

Үшінші тарауда: Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер, C ++  Builder әзірлеу ортасы, C ++  Builder компоненттері, Builder - де сұраулар  құру тақырыптарын қамтиды.

Төртінші тарауда: Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыруға есептер шығарылған.

Қорытындыда: зерттеу жұмстарының нәтижесі мен қорытынды тұжырымдамалар жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Объектілі  бағытталыған бағдарламалау негіздері

Бағдарламалау технологиясының  дамуы компьютерлік техниканың дамуымен тығыз байланысты. 1946 жылы бірінші  ЭЕМ ENIAC пайда болды. ЭЕМ ауданы 100 кв. метр бөлмеде орналасқан және қуаттылығы - 500 on/сек болған. Оның мақсаты АҚШ ӘТФ снарядтарының ұшу траекториясын есептеу болатын. Одан әрі компьютерлік техниканың дамуы ЭЕМ қуатын арттыру мен оның көлемін кішірейту бағытымен жүрді.

ЭЕМ бір түрінен басқа  түрге өтуі, тек элементтік қордың жетілдірілуімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар ЭЕМ құрылымының  өзгеруімен, олардың функционалды –  техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану  мінездемелерінің кеңейтілуімен сипатталады.

Микропроцессордың (МП) пайда  болуымен есептеуіш техниканың жаңа дәуірі басталады. Сөйтіп, бір кристаллда орындалған МП, ЭЕМ сыртқы қондырғыларынан  басқа барлық элементтерін ұстаған. Микропроцессор қорында құрылған ЭЕМ  микро – ЭЕМ деп аталады. Олар ыңғайлы, жұмыс үстелінде оңай орналасады, пайдалануда қарапайым және арнайы шарттарды талап етпейді.

OLE, ActiveX, COM, DCOM және т.б. сияқты  бағдарламалаудың жаңа технологиялары  пайда болды.

Жасанды ой өрісімен байланысты есептерге, декларативті тілдерді жеке ерекшелеуге  болады.

1961 жылы Маккарти Лисп ( LISP-List processing language ) тілін құрастырған.

1973 жылы Колнероэ Пролог (PROLOG – Programmation en LOGique) тілін құрастырған.

Microsoft NET платформасы IDE қуатты  интегралданған құрастыру ортасына  негізделген. Барлық NET тілдері үшін CLR (Common Language Runtime) орындау ортасын сақтайды. CLR-да орындалу үшін кез – келген тілде жазылған код, CLR спецификациясына сәйкес кез – келген тілде орындала алады. Мысалы, VB коды C#-та жазылған бағдарламаларда қолданыла алады және керісіңше. Тіпті, бұл бағдарламалаушы жағынан қосымша күш салуды талап етпейді. Аралық тіл Microsoft MSIL (Microsoft Intermediate Language) деп аталатын, орындалу кодының ортақ форматы құрылған. Кез – келген тілде жазылған бағдарламалар MSIL – кодта компиляцияланады, бұл тіларалық сәйкестікті оңай қамтамасыз етеді. MSIL коды орындалу кезінде NET ортасымен машиналық кодқа айналдырылады.   

         Сөйтіп, ДК мен есептеуіш желілердің  пайда болуымен, бұрын шығарылмаған  есептер де пайда болуда. Жаңа  есептерді шығаруда шешуші фактор  болып, WINDOWS операционды жүйесі мен  бағдарламалаудың жаңа технологияларының  пайда болуы болды. 

АЖ бағдарламалық қамтамасыздандыру  жүйелік, аспаптық және қолданбалы БҚ тұрады.

Жүйелік БҚ негізгі бөлігі операционды жүйе болып табылады. ОЖ ЕЖ аппаратурасының жұмысын «физикалық»  дейгейден, пайдаланушыға қолайлы, жоғарырақ «логикалық» деңгейге көшуді қамтамасыз етеді. Дисктармен, бумалармен және файлдармен жұмыс істеу  үшін FAR, Total Commander, Explorer және т.б. бағдарламалар  арналған.

Аспаптық бағдарламалық  қамтамасыздандыру – бұл бағдарламалар  мен автоматтандырылған ақпаратты  жүйелерді құру үшін арналған бағдарламалар  жиынтығы. Деректер қорын басқару  жүйелеріне Access, Foxpro, dBase, SQL Server, Paradox және т.б. жатады. ДҚҚБ адамдар қызметінің әр түрлі облыстарында деректер қорын  құру мен жұмыс істеу үшін арналған.

Қазіргі заман бағдарламалау  жүйелеріне Delphi, Visual Basic, C++, Java бағдарламалау  тілдері жатады. Бұлар объектіге-бағытталған  бағдарламалау тілдері (ОББ). Бұл тілдердің жақсы жағына есептеуіш желілерде жұмыс істеу үшін бағдарлама құру, Интернетте, сонымен қатар бағдарламалаудың әртүрлі элементтерімен объектімен сияқты жұмыс істей алу мүмкіндіктері жатады.

Бағдарламалау тілін таңдау кезінде бағдарлама өнімін құрастырған кезде бағдарламалау тілін таңдау маңызды орын алады. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді: әмбебап және проблемді – бағдарлы. Әмбебап тілдерге C++, Pascal, Basic, Java жатады.

1972 жылы Денис Ричи  жүйелік бағдарламаларды құру  үшін Си тілін құрастырған.  Содан Б. Страустроп С++ тілін құрастырған. Бұл тіл ДК жүйелік қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. С++ объектті – бағдарланған бағдарламалау әдісін білуді талап етеді. С++ әдісі бағдарлама құру үшін  сервисті аспаптардың үлкен көлемінен тұрады, отладчиктар, компиляторлар, редакторлар, кітапханалар, базистік жүйелер. Тіл меңгеруде қарапайым емес.

Delphi бағдарлама құруда  тамаша, тиімділігі жоғары құрал  болып табылады. Сонымен қатар  бұл – бағдарламалаудың күрделі  ортасы, ол көптеген әртүрлі элементтерден  тұрады. Delphi-де графикалық пайдаланушы  интерфейс бар, ол Microsoft фирмасы  Visual Basic пен Visual C++ -те қолданатын  интерфейске ұқсас. Қазіргі уақытта  көптеген фирмалар өз бағдарламаларының  интерфейсін құрастыруда оны  стандарт ретінде қабылдауда. Delphi көмегімен құрылған бағдарламалардың  көбі, өнеркәсіп пен бизнеске  байланысты есептерді шешуге  бағытталған; сондықтан, мәліметтер  қорының функциялануын қамтамасыз  ету мен есеп беруді құрастыру,  оның ең жиі кездесетін есебі  болады.

Visual Basic – бұл әлемдегі  ең таңымал бағдарламалау тілі. Ол Windows-та жұмыс істейтін бағдарлама  құрудың ең жылдам тәсілі екендігіне  ешкім күмән келтірмейді. Миллиондаған  бағдарламалаушылар VB көмегімен мүмкінше  әртүрлі бағдарлама құрастыруда.

  VB-ге кең таңымалдылықты  оның ерекше қасиеттері қамтамасыз  етуде:

• Таңқаларлық қарапайымдылық. Тіпті бастауыш бағдарламалаушы  да VB-да кәсіби бағдарлама құрастыра  алады.

• Бағдарлама құрудың жылдамдылығы мен жеңілділігі. Кез – келген басқа тілге қарағанда, бұнда  қуатты бағдарлама (ойындар, деректер қоры, желілік бағдарламалар) құру барысы әлдеқайда аз уақыт пен күш  салуды талап етеді.

• ActiveX  технологиясы мен Windows API-ді қолданудың көмегімен, VB мүмкіндіктерінің шексіз кеңеюі.

• Microsoft фирмасының күш салуына  байланысты тілдің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілдірілуінің үзілмеуі.

Java тілі – бұл өз  тарихын белгілі C++ тілінен алатын, объектіге – бағытталған бағдарламалау  тілі. Соңғыдан айырмашылығы Java түсіндіріп  берілуші тіл болып табылады. Онда жазылған бағдарламалар  желінің кез – келген жерінде  жұмыс істей алады және орындалып  жатқан платформаға тәуелді емес. Сонымен қатар тілден, С++ тілін  пайдаланушы үшін күрделі ететін, бірақ қажет емес көптеген  қасиеттері жойылған. Нәтижесінде  Java тілі С++ тіліне қарағанда әлдеқайда  қарапайым және шекті болып  шықты.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау  ортасы

2.1 Delphi бағдарламасымен  танысу

DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) - дамып отыратын қүрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программаушының компьютермен қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару құрылымымен танысуға болады. DELPHI ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек . Delphi программалау жүйесі  
Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.  
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 -ны жабамыз.  
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.  
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.

Информация о работе Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру