Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Содержание работы

Кірспе
І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы
2.1 Delphi бағдарламасымен танысу
2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері
2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер
3.1 C ++ Builder әзірлеу ортасы
3.2 C ++ Builder компоненттері
3.3 C ++ Builder - де сұраулар құру
IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дипломная работа .docx

— 472.72 Кб (Скачать файл)

Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді  қабылдайды:

bsSolid - біркелкі бояу;

bsClear – облыс болмайды;

bsHorizontal – көлденең штрих;

bsVertical – тік штрих; 

bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген  диоганалдық штрих.               

Мәтінді шығару Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);

Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;

Текст – айнымалы немесе символдық  типті тұрақты (шығарылатын мәтін).  
TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын, PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,  
мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);

Қарапайым графиктерді сызу әдістері LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.  
Объект. Canvas. LineTo(x , y);

MoveTo әдісі қарандашты белгіленген  нүктеге апарады.  
Объект. Canvas. MoveTo(x , y);

Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке  жағдайда, шеңбер – параметр мәніне  тәуелді болады): Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);

Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш координаттары.  
Arc әдісі доға сызады:

Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);

Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.

Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:

Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);

Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ  үстінгі және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.

FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы  берілген түсімен тіктөртбұрышты  бояйды. Бұл әдістің бір ғана  параметрі бар, бұл структураның Trect типі.

Мысалы:  
Var  
R:Rect(20,20,150,150);  
With Canvas do

begin  
Brush.Color:=clRed;  
FillRect®;  
End;  
End;  

Canvas объектінің қасиеттері

Жоғарыда айтып кеткендей, программа  орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):

Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;

Форманың бетіндегі нүктені  қызыл түске бояйды.

 

2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың  көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге  және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды  интерфейс көмегімен жұмыс істеу  керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп  ақпарат арасында өзімізге керекті  мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Программа құруға ыңғайлы  тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың  структуралық тәртібін және программалаудың  басқа тілдерге қарағанда жалпы  жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты  есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Delphi типті жүйені тез  және визуальды құру ортасы  деп атайды.Себебі ол өзіне  компилятормен қоса редактор  және көптеген дайын программалар  жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен  200 – ге жуық дайын компоненттер  бар. 

Delphi-де программа құру  жақсы жабдықталған компьютерді  қажет етеді. 

DELPHI – бұл Borland International-дың  қосымшаларды тез құруға арналған  жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен  мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.

DELPHI тілі объектілі –  бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп  беру генераторлары, визуальді  компоненттің және информациялық  жүйені немесе Windows ортасының қарапайым  программаларын кәсіби өндеуде  өзінді сенімді сезіну үшін  арналған тағы басқа құрылғылар  жатады.

Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен  жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар  негізінен өндіріс және бизнес  есептерін шешуге бағытталған.  Бұл мәлімметтер қорымен және  есеп беру жұмыстары басты  шешілу керек есептер болып  табылады.

Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда

- Мобильді компьютерлерді  тарату кең ауқым алуымен байланысты.

Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды  беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай  дамуы.

Жоғарыда айтылғандай  бизнеспен және өндіріспен тығыз  байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін  шешу үшін идеал көмекші құрал  тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы  интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің  стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы  интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез  программа құру ортасы делінеді.

Құрудың графикалық ортасынан  басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің  күштілігі.

Delphi 6-да басқа да қазіргі  программалау ортасы сияқты, объектілі  бағытталған программаларға негізделген.  Программа құру барысында дайын  компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған  оқиғаларды пайдалану арқылы  аз ғана программа кодымен  айналып өтуге болады. Программа  құрушыға бұл өзінің программасының  қолданушы интерфейсін құру барысында  көп уақыт үнемдеуді білдіреді. 

Delphi 6 қолданушыға өте  ыңғайлы, тез программа құруға  мүмкіндік береді. Бұл ортаның  құрал-саймандары өте көп және  керек кезінде актив элемент  үшін F1 пернесін басу арқылы көмек  алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер

3.1 C ++  Builder әзірлеу ортасы

      C++ Builder бас  терезесі бапталатын инструменттік  панельден (сол жақта) және  компоненттер палитрасынан (оң жақта)  тұратын SDI- қосымша болып келеді. Мұнан басқа, келісім бойынша  C++ Builder іске қосқан кезде  объектілер  инспекторының терезесі (сол жақта)  және жаңа қосымшаның формасы  (оң жақта) пайда болады. Қосымша  формасы терезесінің  астында  код редакторының терезесі орналасады.

1-сурет. C++ Builder әзірлеу ортасы

  

    Формалар C++ Builder қосымшалардың негізі болып табылады. Қосымшаның пайдаланушылық интерфейсін құру  терезеге C++ Builder объектілері элементтерінің компоненттер деп аталтын формаларын қосудан тұрады. C++ Builder компоненттері көп беттік блокнот түрінде орындалған компоненттер палитрасында орналасады. C++ Builder маңызды ерекшелігі оның өзіндік компоненттер  құруға және компоненттер палитрасын баптауға, сондай-ақ түрлі жобалар үшін компоненттер палитрасының түрліше версияларын құруға мүмкіндік беретіндігінен тұрады.

3.2 C ++  Builder компоненттері

      Компоненттер  көрінетін (визуалды) және көрінбейтін  (визуалды емес) болып бөлінеді. Визуалды  компоненттер жобалау кезіндегі  сияқты, дәл солай орындау кезінде  пайда болады. Мысалдары батырмалар  мен редакцияланатын өрістер  болып табылады. Визуалды емес  компоненттер  формадағы пиктограммалар  сияқты жобалау кезінде пайда  болады. Олар орындау кезінде  еш уақытта көрінбейді, алайда  белгілі бір функционалдыққа  ие болады (мысалы, деректерге қатынауды  қамтамасыз етеді, Windows 95 стандартты  диалогтарын шақырады және т.б.)

2-сурет. Көрінетін және көрінбейтін компоненттерді пайдалану мысалы

Формаға компонент қосу үшін тышқанмен палитрада қажетті  компонентті  таңдауға және тышқанның  сол жақ батырмасымен жобаланатын  форманың қажетті жерін шертуге  болады. Формада компонент пайда  болады және одан әрі оны жылжытуға, көлемін өзгертуге болады және басқа  да сипаттамалары. C++ Builder әрбір компонентінің  сипаттамасының үш түрі болады: қасиет, оқиға және әдістер. Егер палитрадан компонент  таңдап және оны формаға  қосса, объектілер инспекторы осы компоненттермен  пайдаланылуы мүмкін қасиеттер мен оқиғаларды  автоматты түрде көрсетеді. Объектілер инспекторының үстіңгі бөлігінде формада барлардың арасынан қажетті объектіні таңдауға мүмкіндік беретін түсірілетін тізім болады.

                             3-сурет. Объектілер инспекторы

 Компоненттердің қасиеттері

     Қасиет компоненттің  оның сыртқы түрін және бағытын  анықтайтын атрибуттары болып  табылады. Компоненттің қасиеттер  бағанындағы көптеген қасиеттері  келісім бойынша белгіленетін  мәнге ие болады (мысалы, батырмалардың  биіктігі). Компоненттің қасиеті  қасиеттер (Properties) бетінде бейнеленеді.  Объектілер инспекторы компоненттердің  жарияланған (published) қасиеттерін  бейнелейді. Рublished-қасиеттен басқа,  компоненттер көбінесе қосымшаны  орындау кезінде ғана қолжетімді  болатын ортақ (public), жарияланған  қасиеттерге ие болады. Объектілер  инспекторы жобалау кезінде қасиет  белгілеу үшін пайдаланылады.  Қасиеттер тізімі объектілер  инспекторының қасиеттер бетінде  орналасады. Қасиетті жобалау кезінде  анықтауға немесе қосымшаны орындау  кезінде компоненттің қасиеттерінің   түрін өзгерту үшін код жазуға  болады.

    Жобалау кезінде  компоненттің қасиетін анықтауда  формада компонент таңдау, объектілер  инспекторында  қасиеттер бетін  ашу, анықталатын қасиетті таңдау  және оны қасиеттер редакторының  көмегімен өзгерту қажет (бұл  мәтін немесе сан енгізу үшін  қарапа йым өріс, түсетін тізім, ашылатын тізім, диалогтік панель және т.б. болуы мүмкін).

Оқиғалар

    Объектілер инспекторының  оқиғалар  (Events) беті компонент  танып-ажырататын оқиғалар тізімін  көрсетеді (графикалық пайдаланушылық  интерфейсі бар операциялық жүйелерге  арналған программалау, жекелеп  алғанда, Windows 95 немесе Windows NT үшін қосымшаның  қандай да бір оқиғаға реакциясын  сипаттауды қарастырады, ал операциялық  жүйенің өзі қандай да бір  оқиғаның болғанын анықтау мақсатында  компьютерді тұрақты сұратумен  айналысады).

    Әрбір компоненттің  өзіндік оқиғаларды өңдеушілер  жиынтығы болады. C++ Builder-де оқиғаларды  өңдеушілер деп аталатын функцияларды  жазған және оқиғаларды осы  функциялармен байланыстырған жөн.  Қандай да бір оқиғаның өңдеуішін  құра отырып, сіз программаға  егер бұл оқиға болса, жазылған  функцияны орындауды тапсырасыз.

    Оқиғаларды өңдеуішті  қосу үшін формада  тышқанның  көмегімен  оқиғаларды өңдеуіш  қажет компонентті таңдау қажет,  содан кейін объектілер инспекторының   оқиғалар бетін ашып, C++ Builder-ді  оқиғаларды өңдеуіш прототипін  генерациялау және оны код  редакторында көрсетуге мәжбүрлеу  үшін тышқанның сол жақ батырмасымен  оқиғалармен қатар мәндер бағанын  екі рет шерту керек. Бұл  ретте бос функцияның мәтіні  автоматты түрде генерацияланады  және редактор код енгізу керек  жерде  ашылады. Меңзер операторлық  жаөшалардың { ... } ішінде позицияланады.  Одан әрі оқиға болған кезде   орындалуы тиіс  кодты енгізу  керек. Оқиғаларды өңдеуіштің  дөңгелек жақшаларда функциялардың атауынан кейін көрсетілетін  параметрлері болуы мүмкін.

                                     4-сурет. Оқиғаларды өңдеуіштің прототипі.

      Әдістер

      Әдіс компонентпен  байланысты және объектінің бір  бөлігі ретінде  жарияланатын  функция болып табылады. Оқиғаларды  өңдеуіш құра отырып, келесі нотацияны: -> пайдаланып, әдістерді шақыруға  болады, мысалы:

Edit1->Show();

Форма құрған кезде онымен байланысты модуль мен *.h кеңейтуі бар  тақырыптық файл міндетті түрде генерацияланатынын, жаңа модуль құрған кезде ол формамен байланысты болуы (мысалы, егер онда есептеулер процедуралары  болса) міндетті емес екенін атап көрсетеміз. Форма мен  модульдің атауын өзгертуге болады, және мұны құрғаннан кейін бірден, онда басқа формалар мен модульдерде  көптеген сілтемелер пайда болғанға дейін  жасаған дұрыс.

Жобалар менеджері

      Қосымшалар  құрайтын файлдар – формалар  мен модульдер – жобаға жинақталған.  Жобалар менеджері файлдар мен  қосымшалар модульдерінің тізімін  көрсетеді және олардың арасындағы  навигацияны жүзеге асыруға мүмкіндік  береді. View/Project Manager меню тармағын  таңдап, жобалар менеджерін шақыруға болады. Келісім бойынша жаңадан құрылған жоба Project1.cpp деген атау алады.

                                            5-сурет. Жобалар менеджері

Информация о работе Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру