Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Содержание работы

Кірспе
І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы
2.1 Delphi бағдарламасымен танысу
2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері
2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер
3.1 C ++ Builder әзірлеу ортасы
3.2 C ++ Builder компоненттері
3.3 C ++ Builder - де сұраулар құру
IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дипломная работа .docx

— 472.72 Кб (Скачать файл)

         Келісім бойынша жоба бастапқыда бір формаға арналған  файлдардан және бір модульдің бастапқы кодынан тұрады. Алайда жобалардың көпшілігі бірнеше формалар мен модульдерден тұрады. Жобаға модуль немесе форма қосу үшін, тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік менюден New Form тармағын таңдау керек.  Сонымен бірге жобалар менеджерінің контексті менюінің Add батырмасын пайдалана отырып және қосу қажет модульді немесе форманы таңдап жобаға қолданыстағы формалар мен модульдерді қосуға болады.  Формалар мен модульдерді жоба әзірлеу кезінде кез келген уақытта алып тастауға болады. Алайда, форма барлық уақытта модульмен байланысты болғандықтан, модуль формамен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, екіншісін алып тастамай біреуін алып тастауға болмайды. Жобадан модульді жобалар менеджерінің Remove батырмасын пайдалана отырып, алып тастауға болады.

    Егер жобалар  менеджерінде Options батырмасын таңдаса,  жоба опциясының диалогтік панелі  ашылады, онда қосымшаның басты  формасын таңдауға,  қандай формалар  динамикалық құрылатынын  анықтауға,  модульдер (соның ішінде Delphi 2.0-те  құрылған, өйткені C++ Builder оларды  жобаға қосуы мүмкін) мен компонтовканың компиляцияларының параметрлері қандай екенін анықтауға болады.

                                           6-сурет. Жоба опциясын орнату

      Топтық операциялар үшін компоненттер таңдау

      C++ Builder  қосымшаларының пайдаланушылық интерфейсін тиімді әзірлеу үшін көп жағдайда формаларды компоненттерді манипуляциялау қажеттігі туындайды. Компоненттерді манипуляциялауға арналған операциялардың көпшілігі Edit: менюінде болады.  Бұл менюдің түрлі опцияларына формада қасиеті өзгертуді қажет ететін бір немесе бірнеше компонент таңдалғаннан кейін қатынаған жөн.

Бір компонентті келесідей  тәсілдермен таңдауға болады:

    . Тышқанның көмегімен  формада компонентті таңдап.

    . Компоненттің атын объектілер селекторында таңдап.

    . Tab батырмасын баса отырып, формада компонентке өту арқылы.

Бірнеше компонентті келесідей тәсілдермен таңдауға болады:

    . Shift батырмасын басқан күйде ұстап, тышқанмен әрбір компонентті шерту.

    .Тышқанның сол жақ батырмасын басу және қажетті компоненттерді тікбұрышты контурмен қоршау.

Компоненттердің бөлінетін қасиеттерін белгілеу

     Визуалды компоненттердің көпшілігінің ортақ қсиеттері болады  (мысалы, Visible, Width, Left). Бірнеше компоненттер үшін ортақ қасиеттердің бірдей мәндерін белгілеу үшін келесідей әрекеттерді орындау қажет:

1. Бірнеше бапталатын  компоненттер таңдау. Бұл ретте   объектілер қасиеттерінің беті  барлық таңдап алынған компоненттерде  бар қасиеттерді ғана бейнелейді.

2. Ерекшеленген компоненттер  үшін ортақ қасиеттердің мәндерін  белгілеу.

Компоненттердің өлшемдерін өзгерту

    Компоненттің  өлшемін өзгертуді оны формаға  қосу кезінде де, бұдан кейін  де жүргізуге болады.

Компонент қосу кезінде оны  компоненттер палитрасында таңдаған жөн.  Одан кейін тышқанның меңзерін сол жақ батырманы басып формаға орналастыру және тышқанды ығыстыру қажет, осының нәтижесінде формада болашақтағы компоненттің шекарасын бейнелейтін тікбұрыш пайда болады. Тікбұрыш қажетті өлшемде болған кезде тышқанның батырмасын жіберу керек.

    Егер тышқанның  меңзерін компоненттің айналасында  пайда болатын  кішкентай қара  квадраттардың біріне апарса, тышқанның  меңзері форманы өзгертеді. Осы  меңзерді және онымен бірге  компоненттің шекарасын ығыстыра  отырып, оның өлшемін өзгертуге  болады.  Бірнеше компоненттің  өлшемдерін өзгерту үшін  оларды  жоғарыда сипатталған тәсілдердің  бірімен таңдау керек.  Одан  кейін Edit/Size меню пунктін таңдау  қажет.   Size диалогтік  терезесі  пайда болады. Өлшемнің опциясын  таңдаңыз. Өлшемдерді пиксельдерде дәл белгілеу үшін Width  және  Height өрістеріне сандарды енгізуге болады.  Одан кейін  OK батырмасын басу керек.

    Shift батырмасын  басқан күйде палитрадан компонент  таңдай отырып,  бір типтегі  компоненттің бірнеше көшірмесін  қосуға болады.  Бұл жағдайда  компоненттің айналасында осы  компонентті қоршап тұратын тікбұрыш  пайда болады.  Осыдан кейін   тышқанмен форманы әрбір шерту  онда компоненттердің көшірмелерінің  пайда болуына әкеледі.  Көп  қайтара көшіру режимін аяқтай  отырып, тышқанмен меңзерді таңдау  құрал-сайманын шерткен жөн (компоненттер  палитрасындағы көрсеткінің белгісі  бар бірінші батырма).

Компоненттерді  теңестіру

    Формада компоненттерді  теңестіру үшін батырмалардың  келесідей комбинациясын пайдалануға  болады:

|Shift + стрелки|таңдалынған  көрсеткі бағытында бір пиксельге  компоненттің өлшемін өзгертеді|

|Shift + Ctrl + |Компонентті көрсеткінің|  таңдалынған көрсеткінің бағытында  бір бірлік торға ығыстырады   |                                      |

|Ctrl + көрсеткілер |Компонентті  таңдалынған көрсеткі бағытында      |

|               |бір пиксельге ығыстырады                                       |

Сонымен бірге  View/Alignment Palette меню пунктін пайдалана отырып, компоненттерді тегістеуге болады. Бұл үшін:

   1. Тегістеу үшін  компоненттер таңдау.

   2. View/Alignment Palette меню  пунктін таңдау.

   3. Қажетті батырманы  таңдау керек.

Edit/Align меню пунктін пайдалануға  болады. Бұл үшін:

   1. Түзеу үшін компоненттерді  таңдау.

   2. Edit/Align меню пунктін  таңдау. Alignment диалогтік терезесі  пайда болады.

   3. Қажетті опцияны  таңдау және OK батырмасын басу.

Options/Environment меню пунктін  пайдалана отырып, компоненттерді  тегістеу шартын өзгертуге болады. Бұл үшін:

1. Options/Environment меню пунктін  таңдау.  Environment диалогтік терезесі 

Ашық күйде  Preferences бетінде  пайда болады.

2. Form designer тобында келесідей  опцияларды таңдауға болады:

    .  Display  grid  -  түзетілетін компоненттер үшін  нүктелерден формада торды көрінетін  етіп жасау

    .  Snap  to  grid  -  компоненттердің  сол және  үстіңгі жақтарын тордың сызықтарында  орналасуға мәжбүрлеу.

3. Тордың тораптары арасындағы  қашықтықты өзгерту үшін бар  мәндердің орнына жаңа мәндер  енгізу қажет. Келісім бойынша  мән – Х осі бойымен (көлденеңінен) 8 пиксель

және  Y осі бойымен (тігінен) 8 пиксель.

4. OK басу.

Borland C++ Builder – де  деректер базасымен жұмыс

    Borland C++ Builder пайдалана  отырып, Oracle, Sybase, Informix, Interbase, MS SQL Server, DB2 сияқты серверлік СУБД-мен, сонымен  бірге  ODBC- көздермен де, бір пайдаланушылық  деректер базасымен де (ДБ) жұмыс  жасайтын  қосымшалар құруға болады.

     Деректер базасын  пайдаланатын қосымшалар құрумен  байланысты C++  Builder,  мүмкіндіктері   оларды  бір мақалада суреттеу  үшін өте ауқымды. Сондықтан  бүгін біз  деректер базасының  кестелерімен жұмыстың қарапайым  мүмкіндіктерін ғана қарастырамыз.

    C++ Builder –дегі деректер  жиынтығы -  бұл әрқайсысы өз  кезегінде өрістерден және ағымдағы  жазбаны көрсеткіден тұратын  жазбалар жиынтығынан тұратын  объекті. Деректер жиынтығының  нақты бар кестемен толық сәйкестігі  болуы немесе сұраныс нәтижесі  болуы мүмкін, ол кестенің бір  бөлігі немесе өзара бірнеше  кестені біріктіруі мүмкін.

    C++ Builder –дегі деректер  жиынтығы TDataSet абстрактілі класының  тегі болып табылады (абстрактілі  класс – бұл басқа кластар  тудыруға болатын класс, алайда  осы кластағы объектінің данасын  (экземпляр) құруға болмайды).  Мысалы, бетте Data Access компоненттер  палитрасынан тұратын TQuery, TTable және TStoredProc  - өз кезегінде TDataSet ұрпағы  болып табылатын TDBDataSet  ұрпағы  болып табылады.  TDataSet  құралды  кестені ашу немесе сұранысты  орындау және жолдар бойымен  ығыстыру үшін қамтамасыз ете  отырып, кестелерді немесе сұраныстарды  тікелей басқару үшін қажетті  абстракциялардан тұрады.

TDataSource компоненті

DataSource компоненті TDataSet (TTable, TQuery, TStoredProc) компоненттері және  Data Controls компоненттері – деректерді  формада беруді қамтамасыз ететін  басқару элементтері арасында  делдал ретінде әрекет етеді. TDataSet компоненттері Borland Database Engine (BDE) кітапханасымен байланысты басқарады,  ал DataSource компоненті Data Controls компоненттерінде  деректермен байланысты басқарады. 

     Деректер базасының  тұрпатты қосымшаларында DataSource компоненті, негізінен, TDataSet (TTable немесе TQuery) бір  компонентімен және Data Controls (DBGrid, DBEdit және басқалары сияқты) бір немесе  одан да көп компоненттермен байланысты. Бұл компоненттің TDataSet және DataControls компоненттерімен байланысы төмендігідей қасиеттер мен оқиғаларды пайдалана отырып, жүзеге асырылады:

DataSource компонентінің DataSet қасиеті TdataSet компонентінің атын  идентификациялайды. Орындау сатысында  немесе жобалау сатысында объектілер  инспекторының көмегімен  DataSet қасиетіне  мән беруге болады.

DataSource компонентінің Enabled қасиеті TDataSource және  Data Controls компоненттері  арасындағы  қзара байланысты  жандандырады немесе тоқтатады.  Егер Enabled қасиетінің мәні true-ге тең  болса, онда TdataSource-мен байланысты Data Controls компоненттері деректер  жиынтығын өзгертуді қабылдайды. Enabled қасиетін пайдалану  Data Controls және TDataSource визуалды компоненттерін  уақытша ажыратуға мүмкіндік  береді, мысалы, жазбалардың көп  санымен кестеде іздестірген  жағдайда  экранда барлық кестені  парақтауды бейнелемеу үшін.

     DataSource компонентінің  AutoEdit қасиеті  Data Controls компоненттерінде  редакциялау қалай иницияланатынын  бақылайды. Егер AutoEdit қасиетінің  мәні true-ге тең болса, онда редакциялау  режимі TDataSet осы компонентімен байланысты Data Controls компонентімен тікелей фокус  алу кезінде басталады.  Керісінше  жағдайда редакциялау режимі  TDataSet компонентінің Edit әдісі шақырылған  кезде басталады, мысалы,  DBNavigator компонентінде пайдаланушы Edit батырмасын  басқаннан кейін. · DataSource компонентінің  OnDataChange оқиғасы өрістің, жазбаның, кестенің, сұратудың  мәндерін  өзгерту болған кезде басталады. 

DataSource компонентінің OnUpdateData оқиғасы пайдаланушы  TdataSet-де  ағымдағы жазбаны өзгертуге тырысқан  кезде басталады. Бұл оқиғаны  өңдеушіні өзгеретін деректер  базасы өрістерінің мәндеріне  салынатын шектеулер немесе сілтемелік  тұтастық шарттарын сақтау талап  етілетін кезде құрған жөн. 

TTable компоненті

     Деректер базасының   кестелеріне  қатынаудың ең  қарапайым  тәсілі  бір кестеге  қатынауды ұсынатын  TTable компонентін  пайдалану болып табылады. Бұл  мақсат үшін келесідей қасиет  неғұрлым жиі пайдаланылады: 

Active – осы кестенің  ашық (true) немесе жоқ (false) екенін  көрсетеді. 

DatabaseName – ізделетін кестеден  тұратын каталогтың аты немесе  алынып тасталған ДБ (деректер  базасының)  псевдонимі (alias) (псевдонимдер  сипаттамасы  Borland өнімдеріне арналған  көптеген көздерде болатын BDE конфигурациясының утилитінің көмегімен,  немесе Database/Explore меню пунктінің  көмегімен шақырылатын SQL Explorer көмегімен  белгіленеді). Бұл қасиет егер  кесте жабық болса ғана өзгертілуі  мүмкін (оның Active қасиеті false-ге тең), мысалы:

Table1->Active = false;

Table1->DatabaseName = "BCDEMOS"

Table1->Active = true;

TableName – кестенің аты.

Exclusive – егер бұл қасиет true мәнін алса, онда егер  ол  осы қосымшамен ашық болса,  басқа ешбір пайдаланушы кестені  аша алмайды.  Бұл қасиеттер  false-ге тең (келісім бойынша  мән), онда  басқа пайдаланушылар  бұл кестені аша алады. 

IndexName –кестеге арналған  қосымша индексті идентификациялайды.  Бұл қасиетті кесте ашық тұрған  кезде өзгертуге болмайды.

MasterFields – басқа кестемен  байланыс құру үшін өрістің  атын анықтайды. 

MasterSource - TDataSource компонентінің  аты, оның көмегімен  TTable байланысқан  кестеден деректер алатын болады.

ReadOnly – егер бұл қасиет  true-ге тең болса, кесте «тек  қана оқуға арналған» режимінде  ашық болады. Кесте ашық болған  кезде ReadOnly қасиетін өзгертуге  болмайды.

Eof, Bof – бұл қасиет  ағымдағы жазбаның көрсеткісі  кестенің соңғы немесе сәйкесінше  бірінші жазбасында орналасқан  кезде true мәнін қабылдайды.

Fields – Tfield объектілер  массиві. Бұл қасиетті пайдалана  отырып, кестенің құрылымы алдын  ала белгілі болған кезде өрістерге  нөмір бойынша қатынауға болады:  Edit1->Text=Table1->Fields[2]->AsString;

TTable компонентімен жұмыс  кезінде көбінесе келесідей әдістер  қолданылады: 

Open және Close сәйкесінше True және False-ге тең Active қасиетінің мәндерін  белгілейді.

Refresh ДБ-нан  деректер  жиынтығынқайтадан есептеуге мүмкіндік  береді.

First, Last, Next, Prior ағымдағы жазба  көрсеткісін сәйкесінше бірінші,  соңғы, келесі және алдыңғы  жазбаларға ығыстырады, мысалы:

Table1->First();

while (!Table1->Eof)

{

//бір нәрсе жасап жатырмыз...

Table1->Next();   

};

MoveBy көрсеткіні кестенің шегінде жолдардың көрсетілген санына ауыстырады (ол теріс болуы да мүмкін)

Информация о работе Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру