Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Содержание работы

Кірспе
І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы
2.1 Delphi бағдарламасымен танысу
2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері
2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер
3.1 C ++ Builder әзірлеу ортасы
3.2 C ++ Builder компоненттері
3.3 C ++ Builder - де сұраулар құру
IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дипломная работа .docx

— 472.72 Кб (Скачать файл)

          Delphi ортасыңдағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттестігіне негізделген: бағдарламаньң құруын визуалды (яғни оньң Windows терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.

Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз  байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады, керісінше-бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компонентгердің жойылуына алып келеді.

          Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды кажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады жөне ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап бағдарламаны іске қосуга болады.

  Модуль деп бағдарламаның  белгілі бір тәуелсіз бөлігін  атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM   және DCU   файлдарын   құрады. PAS-файлында бағдарлама кодының терезесіңдегі мәтін көшірмесі, DFM  - файлында форма терезесінін мазмұн анықтамасы, ал DCU — файлында алдынғы екі файл мәтіннің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU —файлы компилятор жұмысьның нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесіңде орьндалатьш немесе жүктелетін ЕХЕ — файлы кұрылады.

2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері

Delphi ортасы көп терезелі жүйе  тәрізді .Оны жүктеу үшін:  
Пуск/программы /Borland delphi/ Delphi. командасын қолданамыз .Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады. Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель компонентов, рабочая область

1.Негізгі терезе(Project1)

2.Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)

3.Форма конструкторының терезесі(form1)

4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)

Мұны View/obgect inspector немесе F1клавиші  арқылы экранға шығамыз . Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады.

1. Propertits ( қасиет )

2. Events (жағдай)

Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға  қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің  оқиғалар тізімі және сол оқиға сәйкес командалар жазылады. Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады. Delphi-де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар

  1. Проект коды (DPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
  2. Форма сипаттамасы (DFM)
  3. Форма модулі (PAS)
  4. Модулдер (PAS)
  5. Объектілер параметрі (ОРТ)
  6. Ресурстар сипаттамасы

Копилтильда таңбасымен өзгеріс енгізеді. Ең қарапайым проектінің өзі көп формадан тұрады. Сондықтан кез-келген проект құру барысында оның барлық элементін сақтайтын каталог ашқан дұрыс. Проекті аты проекті файлының атымен сәйкес келеді және дискіге сақталу барысында да ресурстар файлымен проектілер параметрлері файлы да осы атпен аталады. Проект файлының атын өзгерткенде автоматты түрде осы файл аттары өзгереді. Проектіні құру проект файлын компиляциялау барысында орындалады және қосымшаның ехе файл проект атымен аталады.  
Проект файлын қарауға және өңдеуге болады. Ол ұшін Progect/view Sourec (проект) (просмотр источника) командасы арқылы ашылады. Формаларды қарау үшін view\Forms…shift+F12. формалар сипаты сақталған файлда форманың өзі мен оның сипаттамасы беріледі. Форма модулінің файлында форма класының сипаты беріледі. Ол форманы қолданғанда автоматты түрде ашады. Қажетті модульді ашу үшін view-Units… немесе ctrl+F12 модульдер файлында кез келген формамен байланыспаған модульдер сақталады. Олар объект pascal тілінде жазылады. Оларды қолдану үшін Uses бөлігінде атты көрсету қажет. Ресурстар файлының проект аты беріледі. Проектіні сақтағанда автоматты түрде құрылады.

Delphi-тен ресурстар файлымен жұмыс  жасауға арналған графиктік редактор  қарастырылған. Бұл Tools\image Editor3.0 командасы арқылы алынады. Ресурстарға

• Компаненттер пиктограммасы (.DCR)

• Расторлық бейнелер (.BMP)

• Қосымшалар пиктограммалары (.ICD)

• Курсорлар (.CUR)

Проект параметрлер файлында параметрлер  мен олардың мәндері текстік  редактордың әр түрлі жолында  орналастырылады.Проектіні компиляциялау  және орындау.Проектіні компиляциялау  барысында орындалуға дайын файл немесе динамикалық кітапхана (Д44) құрылады. Компиляциялау процесі Progect\complie<проект аты> ctrlF9 командалары арқылы орындалады және мынандай жағдайлар атқарылады. Соңғы рет компиляцияланғаннан  кейін мәні өзгерген модульдердің файлдары компиляцияланады. Нәтижесінде әрқайсысы  үшін DCU кеңеймесімен анықталған модулге  өзгеріс енгізілген болса, онда осы  модулге пайдаланылатын модулге  қайта компеляцияланады. Барлық модульдер  компиляцияланғаннан кейін проект файлы компиляцияанады да қосымша  орындалуға дайын файл құрылады. Проектіні Delphi немесе Windows жүйесінде жүктейді. Delphi ортасында проектіні жүктеу үшін Run/ Run немесе F9 тетігі басылады. Егер қосымша жұмыс жасамай қалса, Delphi ортасында Run/ Program Reset немесе Crtl+F12 командалары  арқылы тоқтатылады.

Delphi – ді қосқан соң жоғарғы  терезеде компанент палитрасының  иконкалары орналасады. Егер курсор  бір иконкаға тоқтап қалса,  оның астында сары төрт бұрышта  көмекші пайда боладлы.  
Бұл компонент палитрасынан қосымшаларды құрайтын копоненттерді таңдайды. Компонент құрамы визуальды және логикалық компоненттерден тұрады. Тетік редакциялау жазықтығы сияқты заттар визуальді компоненттер, ол кестелер логикалық болады.

Delphi-де программа визуальді түрде  жазылатындықтан, барлық осы компоненттер  форма жазықтығында өзінің графикалық  көрінісіне ие болады, олармен  тиісті түрде операциялану үшін  қажет. Бірақ жұмыс істеп тұрған  программаға көрініп тұрған тек  визуальді копонент болып қалады. Копонент қызметі бойынша палитра беттерінде топталған. Мысалы, Windows “common-dialogs” көрсететін компоненттердің барлығы “Dialogs” деп аталатын палитра бетінде орналасқан. Delphi ұйымдастырушыға ортаны максимальді ыңғайлылық үшін икемдейді. Компонент палитрасын, құралдар сызғышын оңай өзгертуге және синтаксисті белгілеп, қоюларды түспен икемдеуге болады. Delphi –де компоненттің өз тобын анықтауға болады, және оны палитра бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар. Интеллектуальді редактор. Программалар редакциялауды макростарды орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

Графикалық дұрыстағыш. Delphi –де  қуатты редакторға енгізілген кодтағы  қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге  адымдап басу арқылы программаны  әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет  болса, ассемблердегі нұсқауларды  және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.

Объектілер инспекторы. Бұл құрал  бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз программаны жобалау  кезінде объектінің жағдайлар мен  қасиеттер мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .  
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу арқылы тез арада жетуге болады.

Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді  және қосымшалар бойынша навигацияны  жүзеге асырады. Объект иерархиясын, кітапханадағы  компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді атаулар  тізімін қарауға болады.  
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.  
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:  
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.  
Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.  
Форма шаблонын сарапшысы.

RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды қайта  құратын сарапшы енеді. Қазіргі  уақытта DLL құрылысын жеңілдететін  және тіпті өзінің сарапшыларын  жасайтын сарапшыларда болды. 

Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек  игеруге мүмкіндік береді. Ол тек  көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

Query компоненті алыстатылған SQL –  серверлерге болмаса жергілікті  мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру  және орындау үшін пайдаланылады. 

DBGrid компоненті мәліметтерді жол  немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін  туғызу үшін пайдаланылады. Компонент  визуальды. 

DataSource компоненті - бұл компонент  Table немесе Query компоненттері секілді  мәліметтер қорымен байланыстыру  үшін пайдаланылады. 

MainMenu компоненті - бұл компонент  формаға негізгі меню құру  үшін қолданылады. Басты қасиеті  Items арқылы менюге керекті сөздер  жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің  үстінен 2 рет шерту арқылы  жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан  басқаруға мүмкіндік береді.  
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.

Button компоненті - бұл компонент  ең көп қолданылатын компоненттер  қатарына жатады. Caption басты қасиеті  болып табылады. Басты оқиғасы  болып OnClick болып табылады. Осы  оқиғаға батырманы басқан кездегі  орындалатын операторлар жазылады.

ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің  функциясын біріктіреді. Пайдаланушы  текстті енгізуге және тізімнен  таңдап алуына болады.

Edit компоненті бір жолды текст  енгізу үшін немесе көрсету  үшін қолданылады. Тексті енгізіп  шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті  арқылы компоненттің түрін көркейтуге  болады.AutoSelect қасиеті барлық текст  автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған  тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті  енгізілетін тексттің максимальды  ұзындығын анықтайды. 

Label компоненті формада әртүрлі  жазуларды немесе белгілерді  көру үшін компоненті қолданылады.  Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы  тек бір ғана жолды таңдай  алады. Басты қасиеті Items.

ExcelApplication компоненті - бұл компонент  Microsoft Excel программасын шақыру үшін  қолданылады. 

WebBrowser компоненті -бұл компонент  htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды  көрсету үшін арналған.

Delphi программалау ортасының графикалық  мүмкіндіктері  
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің  үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік  элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.  
Мысалы:  
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);

Бет (Холст);

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.

Қарандаш және қылқалам Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.  
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.  
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі(контуры) 

Width - түзудің қалыңдығы (пиксель  бойынша) 

Style - түзудің түрі

Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде  мынадай атаулы тұрақтыларды  қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді  қабылдайды:  
psSolid – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын  штрихтар;

psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен  болса, онда пункттирлік түзулер  біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:

Color- тұйық облысты бояйтын түс; 

Style - аймақты толықтыру стилі  (типі).

Brush.color қасиетінің мәні ретінде  жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті  атаулы тұрақтыларды қолдануға  болады.

Информация о работе Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру