Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 22:00, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, агрохимия, селекция, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.
Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Технологиялық бөлім
1.1Ұн зауытының майдалау бөлімін жобалауға берілген бастапқы
мәліметтер....................................................................................................................6
1.2Астықтың сапалық сипаттамасы...........................................................................6
1.3Ұн тарту партиясын есептеу................................................................................10
1.4Астықтың ерекшеліктерін зерттеп майдалау процесстерінің технологиялық схемасының сипаттамасы.........................................................................................12
1.5Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің технологиялық схемасы бойынша жабдықтарды есептеу және таңдау..........................................................................16
1.6 Майдалау бөліміндегі астықтың қозғалысының коммуникациясы...............22
2 Құрылыс бөлімі
2.1 Ұн тарту зауытының майдалау бөліміндегі жабдықтардың қабаттарда үйлесімді орналасуы..................................................................................................25
2.2 Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің құрылыс параметрлерін анықтау.......................................................................................................................28
2.3 Жобаланатын өндіріс ғимарат құрылысының жалпы сипаттамасы...............31
3 Энергетикалық бөлім
3.1 Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің электр жабдықтары және электр энергиясымен қамтамасыз ету.................................................................................36
3.2 Электрқозғалтқыштың қажетті және берілген қуатын есептеу......................38
3.3 Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу.................39
4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
4.1 Өндірісте еңбек қорғаудың маңызы..................................................................41
4.2 Ұн тарту зауытының майдалау бөліміндегі жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі...........................................42
4.3 Өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау......................................43
4.4 Өндірістік жарықтандыру..................................................................................45
4.5 Өндірістік шаң.....................................................................................................45
4.6 Өндірістік ғимараттың микроклиматы.............................................................45
4.7 Өндірістік шу.......................................................................................................46
Қорытынды................................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер..............................

Файлы: 1 файл

АЙГУЛЬ ҰН ЖАРМА.docx

— 114.53 Кб (Скачать файл)

Цехішілік транспортқа гравитациялық, пневматикалық және аэрозольді түрлерді жатқызады. Гравитациялық транспортты  ұн тарту және жарма зауыттарында кеңінен қолданылады. Оған өздігінен  ағу, яғни осы құбырлармен дән, аралық және дайын өнімдерді тасымалдайтын  құбырларды жатқызады.

Өздігінен ағу құбырларын көлденең қимаға түсу бұрышымен, қиманың  ауданы мен пішінімен сипатталады. Ірілігі әр түрлі сусымалы өнімдерді  тасымалдау кезінде өздігінен ағу  құбырдың горизанталға қарағанда көлбеу бұрышын үйкеліс бұрышынан үлкен  етіп алады. Бұл өнімнің үздіксіз жылжып отыруын және құбырлардың  бітелуіне жол бермейді.

Астықты тасымалдау кезінде  өздігінен ағатын құбырлардың маңызы зор. Жабдықтарға жақын орналасқан құбырлар, оларға  қызмет көрсету, жөндеу кезінде, кедергі жасамауы керек.Өнімдерді  өздігінен ағу құбырлары арқылы тасымалдау кезінде олардың көлбеулілігі өнім түріне байланысты әртүрлі болады. Дән үшін 36°C- тан кем емес, ал ұн және аралық өнім үшін- 45°C.

Цех ішіндегі жабдықтар  мен транспорттық машиналарды дұрыс  жайластыру арқасында біз транспорттық механизмдерді құруға кететін шығындарды, кәсіпорынның энергия шығындарын және дайын өнімнің өзіндік құнын  төмендете аламыз.

Коммуникацияны орындау  үшін келесі жобалық материалдар  қажет:

    • технологиялық процесстер схемасы;

    • ғимараттың ұзыннан және көлденең қималары;

    • өнімнің қозғалыс ведомостьі, осы арқылы өнімнің бағыты мен жүйесі алдын ала жазылып қойылады.

Аралық өнімдерді вертикал бағытта механикалық транспорт  – нориямен және пневматикалық транспортпен, яғни өнімтасымалдағыш құбырлармен  тасымалдайды.

Дән мен аралық өнімдерді  бір қабатта тасымалдау үшін горизантал бағыттағы шнектерді қолданады. Ситовекалық машиналарда байытылатын  жармашықтарды шнектерде тасымалдауға болмайды. Себебі, жармашықтар шнекпен  үйкелу нәтижесінде ұнтаққа айналады да, ал ситовейкалық машинада ол қалдықтарға  сұрыпталынады.  Сол себепті де манка жармасын ұсақтау бөліміне шнекпен тасымалдауға болмайды. Шнектердің орнына шынжырлы конвейерлерді қолданады.

Ұн тарту бөлімінде  шнекті транспортты сирек қолданады. Ал дайындау бөлімінде шнектерді  тазаланбаған дән үшін бункерлерден шығару үшін, ылғалдағаннан кейін  бөктіру бункерллердің алдында  және олардан кейін қолданады. Шнектерді  әдетте қабаттың жоғарғы жағында  және еденнен кемінде 2 м қашықтықта орналастырады. Пневматикалық және аэрозольді қондырғыларда қысымы жоғары ауаны қолданады. Бұл жерде өнім тігінен де көлденең де тасымалданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Құрылыс бөлімі

2.1 Жобаланатын  кәсіпорынның қабаттарында  жабдықтардың  үйлесімді орналасуы  

       

Технологиялық қондырғыларды  алдын ала орналастырғаннан кейін  машиналарды операция бойынша жобалауды  бастайды. Оны алдымен жоспарда технологиялық  схемамен сәйкес жасайды, оған қоса жабдықтарды  орналастыруды білікті станоктар  қабатынан бастайды. Білікті станоктар  мен рассевтерді технологиялық  процесстің схемасы бойынша орналастырады, бұл аралық өнімдердің технологиялық  процесстен ауып кетпеуін қамтамасыз етеді. Аралық өнім транспорттық механизмі  аз және ең қысқа жолмен өтуі керек. Ең алдымен білікті станоктар  орнатылады, одан кейін рассевтер  осы білікті станокқа байланыстырылып  орналастырылады. Білікті станоктрады  екі, үш және төрт қатармен ғимараттың ұзындығы бойынша, ал рассевтерді, әдетте, екі қатармен, кейбір кезде үш және төрт қатармен орналастырады.

Білікті станоктрады екі  қатармен орналастырғанда біріншісі  жармалау жүйелеріне арналса, екіншісі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арналып  қойылады. Білікті станоктарды үш қатарлы етіп орнатса біріншісі  жармалау жүйелеріне, екіншісі жармалау және қырғылау, ал үшіншісі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арнап қояды. Білікті  станоктарды төрт қатарлы етіп қойса, онда алғашқы екі қатар жармалау жүйелеріне, кейінгі екеуі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арналып қойылады.

 Білікті станоктарды  жүйелер бойынша орналастырмас  бұрын бірінші жармалау жүйесіне  арналған орынды анықтап алу  керек. Әдетте, оны дайындау бөліміне  қарайтын қабырғаның қыр жағынан  бастап, одан кейін қалған жармалау  жүйелерді орналастырады. 

Ұнтақтау жүйелерін қатарлы  жүйеде жармалау жүйелеріне параллельді  етіп орналастырады. Ең алдымен қырғылау жүйесін бірінші жармалау жүйесіне қарама қарсы орнатып, ұнтақтау жүйелерімен  аяқтайды. Бірінші қырғылау және бірінші  ұнтақтау жүйелерін бірінші жармалау жүйесіне қарама қарсы етіп орнатады. Жармашықтар мен дунстарды жрамалау және қырғылау жүйелерінен минималды  қысқа жолмен ұнтақтау жүйелеріне тасымалдау тек қана олардың жармалау жүйелеріне қарама қарсы орналасқан жағдайда ғана бола алады.

Жармалау жүйесінің үгіту  және ұнтақтау жүйесінің үгіту жүйелерін  бір жерде орналастырады. Егер ұнтақтау жүйелерінің саны көп болса, онда соңғы ұнтақтау жүйелері жармалау жүйелері жақта, соңғы жармалау жүйелерінің  жанында орналастырады. Егер жармалау жүйелері ұнтақтау жүйелерінен көп болса, онда жармалау жүйелерінің соңғы екі білігін ұнтақтау жүйелерінің соңғы жүйелерінің жанында орналастырылады. Бұл шарт соңғы өнім кебекті бір жерден жинауға мүмкіндік береді.

Коммуникацияны параллельді  етіп орналастыру, яғни жармалау жүйелерін  ұнтақтау жүйелеріне қарсы, соңғы үгіту  жүйелерін (жармалаудан және ұнтақтаудан) бір жерде орналастыру, технологиялық  схеманы артық тарнспорттық механизмсіз  құруға мүмкіндік береді.

Сырғыма жүйесін  жоғарғы  сырғымалары осы сырғыма жүйелеріне түсетіндей етіп ұнтақтау жүйелерінің  жанында орнату керек. Мысалы, бірінші  сырғыма жүйесін үшінші немесе төртінші ұнтақтау жүйелерінің қасында, ал екінші сырғыманы жетінші және сегізінші  ұнтақтау жүйелерінің жанында орналастырған  жөн.

Рассевтерді орналастыру  білікті станоктармен тығыз байланыста болады. Әрбір елеу жүйесі өзінің майдалау жүйесінің үсітінде орналасуы керек. Бұл кезде өнімді неғұрлым өзіндік  ағу жүйесімен немесе транспорттық механизмдердің минималды санымен  түсуін қамтамасыз ету керек. Білікті  станоктармен байланыспаған рассевтер  жүйелерін (жармашықты сорттау, ситовекалық  машиналардан шыққан сырғымаларды, дунстарды  қайта сорттау) бұлардан шыққан өнімдер  өзіндік ағу құбырлармен тасымалданатын жерге орналасырған жөн.

Ұнды бақылау жүйелерін  ұнты қаптау немесе ұнды тарасыз сақтау цехтеріне жақын орналастырады. Себебі, ұнды қысқа жолмен цехке  тасымалдау тиімді. Ұнды және манка  жармасын қаптау бөліміне нориялар арқылы тасымалдайды.

Қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жобалауда, әдетте, бірінші  қабаттан бастайды. Ол қосымша білікті  станоктарды қоюға, оларға түсетін  жүктемені азайтуға, ұн зауытының  өнімділігін жоғарылатуға, ұнның  жоғарғы сорттарының сапасы мен  шығымын жоғарылатуға мүмкіндік  береді.

Білікті станоктардың саны көбейгеннен кейін оларды жүйелерге  бөлу және оларды екі қабатқа сыйдырып орналастыру керек. Білікті станоктрады  екі қабатта орналастыру бір  қабатқа орналастыру сияқты болады.Тек  алдымен қай қабатта жармалау жүйелері, қай қабатта ұнтақтау жүйелерін  орналастыру екенін шешу керек. Бірінші  қабатта қырғылау жүйесін, ал екінші қабатта жармалау және сұрыптау жүйелерін  орналастырған жөн.

Ситовейкалық машиналарды  рассевтерден кейінгі қабатта орналастырады. Бұл кейбір жармашықтар санын  өзіндік ағу құбырлармен, ал қалған бөлікті қосымша өнімтасымалдағыш құбырларымен тасымалдайды. Егер оны орындауға мүмкіндік болмаса, онда бір өнімтасымалдағыш құбырды қолдануға болады, бірақ бір жүйеге екі өнімтасымалдағыш құбырларды орналастыруға болмайды. Технологиялық қондырғылардан басқа майдалау бөлімінде қосымша қондырғыларды орналастырады. Оларды технологиялық процесстің жүру барысында қояды. Аспирациялық қондырғыларды екінші сорт шығаратын жүйелерге жақын орналастырады. Шаңсорғыштарды үгіту бөліміне жақын, таразыларды үгіту бөліміне немесе дайын өнім алатын бөлімне жақын орналастырады.

Ұн зауытының майдалау бөлімінде қондырғыларды келесідей  орналастырады: бірінші қабатта  білікті станоктар, екінші қабатта  магнитті колонкалар (бөлгіш қабаты), үшінші қабатта ситовейкалық машиналар, төртінші қабатта рассевтер, бесінші қабатта  түсіргіштер. Негізгі қабат болып  білікті станоктар және рассевтер  қабаты есептелуі мүмкін. Сондықтан  қондырғыларды үйлестіруді білікті  және рассевтік қабаттардан бастайды. Сол себепті білікті станоктарды  орнату кезіндегі басты қойылатын  шарт оларды неғұрлым дұрыс үйлестіру, өйткені соған байланысты қабаттың ауданы да анықталады.

Білікті станоктарды, әдетте, бірінші немесе екінші қабатта орналастырады. Білікті станоктарды орнатқан кезде  балкалардың орналасуына мән  бөлу керек. Балкалардың осьтері  мен білікті станоктардың осьтері  бір біріне сәйкес келмеу керек. Білікті  станоктар бір, екі, үш және төрт қатарлы  болып топтастырылады. Бір топта  бір, екі, төрт білік болуы мүмкін, білікті топ арасындағы қашықтық 1метрден кем және ұзына бойына және көлденең қабырғаларының ені бойынша  қашықтық 1,25 м-ден кем болмауы  керек.

Рассевтер топтастырылмай, қабатта бір, екі, үш, төрт қатарлы  болып орнастырылады. Жылжымалы  електі рамалардың бар болғандығына байланысты рассевтерді рамалар  шкафтан проходқа қарай шығарылатындай етіп орнатқан жөн. Рассевтер арасындағы қашықтықты  1,25 м-ден кем болмайтындай етіп таңдайды. Рассевтік қабат, әдетте, циклон – түсіргіштердің қабаттарынан кейін тұрады.

Білікті станок пен рассевтерді  орнату кезінде мына жағдайларды  салыстыру керек: майдалау бөлімінің  енінің ұзындығына қатынасын, қабатт ауданының  қондырғылармен толу коэффициентін, бекітілген қашықтықтар нормасын қамтамасыз етуін, қондырғыларға қызмет көрсету ыңғайлылығын. Әр нұсқаны талдау нәтижесінде жақсысын таңдап, майдалау бөлімінің ұзындығын  және енін таңдайды. Қондырғыларды  шаршы ғимаратқа үйлестіру ең тиімді нұсқа болып табылады.

Ситовейкалық машиналарға  қызмет көрсету үшін жан жақтан проход болу керек. Ситовейкалық машиналарды  үйлестіру өнімнің коммуникациясына байланысты болады. Барлық жағдайда жармашықтар  мен дунсттың рассевтерден ситовейкалық машиналарға біркелкі түсуін, сонымен  қатар осы машиналардан ары қарай  қырғылау жүйелерінің және ұнтақтау жүйелерінің білікті станоктарына гравитациялық транспортты қолдана  отырып тасымалдануын қамтамасыз ету  керек.

Ситовейкалық машиналарды  қабылдағыш қондырғылары терезеге қарайтындай  екі қатарлы: бірінші қатар жармалау жүйесінің рассевтері астында, ал екінші қатар ұнтақтау жүйесінің рассевтері астында  етіп ортанқан жөн. Ситовейкалық машиналардың саны бір немесе екіден аспайтын болса, оларды рассевтермен бірге  орнатуға болады. 

 Үгіту машиналарын,  әдетте, ситовейкалық машиналардың  қабатында немесе магнитті сепаратор  қабатында орнатады. Бұл оларға  өнімді өзіндік ағу құбырлармен  түсуін қамтамасыз етеді. Үгіту  машиналарының өтімі мен сырғымасы  жүйелерге сұрыпталу үшін түсуі  мүмкін, бұл кезде оларға арнайы  транспорттық механизм болады. Үгіту  машиналарын бір бірінен 0,8 метрден  кем емес қашықтықта орнатылуы  тиіс.

Таразылар ситовейкалық машиналардың қабатында бақылау рассевінің астында  орнатылады. Өнім таразыларға өзіндік  ағу құбырымен келіп түседі. Сонымен  қатар таразыларды магнитті сепараторлардың  жанында орнатуға да болады. Автоматты  таразылар норияларға жақын орнатылуы  тиіс, себебі дайын өнім таразылардан кейін дайын өнім бөліміне жіберіледі. Автоматты таразылардың жұмыс істеуі үшін олардың астына және төменгі  жағына бункерлер орнатады.

Ережерлерге сәйкес майдалау бөлімінде магнитті сепараторлар орнатылуы  тиіс. Магнитті сепараторлар білікті  станоктардың үстіндегі қабатта, білікті  станок пен магнитті сепаратордың осьтері  сәйкес келетіндей етіп тұрғызылады.

Пневмотранспорттық қондырғылар  алтыншы неменс бесінші қабатта  екі, үш, төрт қатарлы болып, рассевтердің қабылдағыштарының үстіне етіп орнатылады. Топтар арасындағы өту жолдары 0,8 м – ден кем болмауы керек.    

 

 

2.2  Жобаланатын  ғимараттың  құрылыс өлшемдерін  анықтау

 

Ұн зауытының майдалау бөлімінің қондырғыларын аралық өнім қысқа жолмен тасымалданатындай  етіп орнатылады. Бұл кездегі басты  шарт біртекті қондырғылар бір қабатта орналасуы керек. Қондырғылардың дұрыс үйлестірілуіне, оның жұмыс істеуіне жағдай жасауына, оны жөңдеуге және оған техникалық қызметті көрсетуіне көп көңіл бөледі. Қондырғыларды орналастыру нұсқасын таңдай отырып, қабаттар санын ескеру керек. Ұн зауытының көлденең бойына қимасында пролеттар санын білікті станоктар санына, рассевтер және басқа да технологиялық маңызы бар қондырғылардың санына байланысты анықтайды.

Саны он екі біліктен аспайтын ұн зауытын жобалаған кезде екі  пролетті ғимаратты таңдайды, бұл  кезде колонна торы 6 x 6 м болады. Өнімділігі жоғары ұн зауыттарында колонна  торы 6 x 9 м болатындай етіп, үш пролетті ғимарат таңдайды. Өнім тасымалдағыш құбырлар мен нориялар ғимараттың ортаңғы  қабатында немесе көлденең қабырғалардың  жанында қатарлы етіп орнатылады. Бұл қондырғылардың қатар саны білікті  станоктардың қатар санына және рассевтердің қатар санына байланысты болады. бұл  механизмдер білікті станоктар  мен рассевтерге жақын орналасу керек.

Информация о работе Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі