Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Президентінің  2003  жылғы  17   мамырдағы   №  1096       Жарлығымен    бекітілген   «Қазақстан  Республикасының   Индустриалдық   инновациялық   дамуының   2003-2015   жылдарға арналған  стратегиясында»  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  мемлекеттік  саясат  айқын көрсетілген. Ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі міндет әлемдестік  қоғамдастық  іске асыратын  ғаламдық ақпараттық  инфрақұрылымның бір  бөлігі  болып табылатын  ұлттық  ақпараттық  инфрақұрылымды біртіндеп  дамыту,  бағдарламалық   және компьютерлік технологияларды дамытуды ынталандыруға  баса назар аудару болып  отыр.  Қазіргі қоғамдағы ақпараттану барысында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамда өмір сүруіне,  тиімді шешім табуына,  оларды пайдалану қабілеттілігін  қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың  маңызы  зор [1]. 

Білім  сапасының   мәселесі - қазіргі білім  саясаты   мен  ғылымда ең негізгі орталық,  өйткені жеке тұлғаның  дамуына  бағытталған  кешенді  міндеттерді  шешуге байланысты  қайшылығы  мол мынау өмірге бейімделе алатын,  адамгершілік  биігіне талпынып,  жоғары  кәсіби  еңбекке жету  себептеріне  негізделген.

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының мемлекеттік басқару  органдарының,  халықтың,   шаруашылық  субъектілерінің,   қоғамдық  ұйымдардың  ұлттық  ақпараттық  инфрақұрылымға   жан - жақты қол жеткізуін  қамтамасыз етуге,  мемлекеттік органдар порталдарын жасауды, мемлекеттік  деректер базасы  мен құжат  айналымы  рәсімдерін  қоса  алғанда, «электрондық  үкіметті»  әзірлеп, енгізуге,  ақпараттандырудың  мемлекеттік  құралдары  мен жүйелерін  стандарттауға,  сәйкестендіруге  және сертификаттауға,  ішкі және сыртқы әлемдік  рыноктардың  жаңа мүмкіндіктерін  барынша пайдалануға мүмкіндік  беретін  электрондық  сауда - саттықты  толық  ауқымда  енгізуге  бағытталған  игі  шаралар  бастау алуда.

Қоғам  мен жеке  тұлғаның алға жылжуы тікелей білім  сапасына  байланысты. Педагогикалық қызмет  теориясында  оқу  бағдарламасының рөлін  төмендетіп   немесе  оны  сақтамаса,  оқу үдерісінің  іс тәжірибесі   мен білім мазмұнының  кейбір  элементтеріне,   жеке тұлғаға да және  қоғам  мүддесіне  де орасан зор  нұқсан келеді.

Бұл  шараларды жүзеге  асыруда  ұлттық білім беру  жүйесін компьютерлендіру,  білім беруді   ақпараттандыру,  келешек ұрпақтың  ақпараттық  тұрғыдан  жастайынан сауаттануын  көздеген  іс  шаралар  қоғамға  батыл еніп келеді. Елбасының  бастамасымен көтерілген   Білім  беру  жүйесін   ақпараттандыру   мемлекеттік бағдарламасы  тың  істерге  жол  ашып,  білім беру жүйесін  компьтерлендіру  жұмысын жүргізіп келеді.

Білім   беру  саласының ақпарат деректеріне  жүгінсек,  бүгінгі  күні республикамызда  жұмыс  істеп  жатқан  8  мың  жалпы орта білім беретін мектептер  толығымен  компьютермен жабдықталды,  кәсіптік лицейлер  мен колледждерді   компьютерлендіру  ісі жүріп  жатыр [2].

Аталған  бағдарлама елімізде кешенді  және нақты  жұмыстар атқарылды. Бүгінгі  таңда оқу орындарын заманауи ақпараттық технологиялармен  қамтамасыз ету жұмыстары  жүзеге асырылуда.

Ақпараттандырудың  негізгі міндеттерінің  бірі - білім  жүйесіне заманауи ақпараттық  технология  құралдарын енгізу.  Осыған орай,  колледж  оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырып,  оны ары  қарай  дамыту білім ошақтарының  алдында тұрған өзекті  мәселе болып  отыр.

Аталған мемлекеттік бағдарламада оқу - тәрбие үдерісіне  педагогикалық   және  ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану техникалық және  кәсіптік білім беруді  дамытудың басты  бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.

Зерттеудің  мақсаты:  Заманауи ақпараттық технологиялар  көмегімен  колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.

Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.

Зерттеу міндеттері :

  • еліміздегі және дүние   жүзіндегі  кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың  тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;

- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;

- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;

- колледж  оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып  әдістемесін жасау.

 

Дипломдық жұмыс құрылымы. Кіріспеден, төрт бөлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қызылорда қаласы №6 кәсіптік лицей оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

    1. Қызылорда қаласындағы №6 кәсіптік лицей тарихы, материалдық-техникалық базасы

 

Қызылорда қаласындағы № 6 кәсіптік лицей тарихы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады, суретке сәйкес көрсетілгендей. Ол Қазақ ССР-і Министрлер кеңесінің 1956 жылғы қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық № 26-шы Құрылыс мектебі болып ашылды. Кейін 1958 жылдың аяғында № 26 училище деген атауға ие болды, ал 1965 жылы қалалық № 113-ші болып өзгертілді. Тура 10 жылдан кейін 1975 жылы № 113-ші орта білім беретін училище болып статусы өзгерді. Ал 1984 жылы № 6 орта білім беретін училище, 1997 жылы орта техникалық мектеп болды. 1999 жылы бастапқы кәсіптік білім беру мектебі, 2001-2009 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіптік мектеп болып, 2009 жылы кәсіптік лицейге өзгертілді. Кәсіптік лицейдің сыртқы көрінісі (1 суретке сәйкес) көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 Кәсіптік лицей көрінісі

 

Лицейде 18 оқу кабинеттері, 5 шеберхана (Газэлектрмен пісіруші, ағаш өңдеу, екі тігін шеберханасы), 3 зертхана (ЭЕ және ЕМ операторы және аспазшы мамандығы бойынша), сонымен қатар Pentium ІҮ маркалы 42 компьютермен 13 Suzuki маркалы ноутбуктармен жабдықталған компьютерлік сыныптар жұмыс жасайды.

42 компьютер интернет  желісіне қосылған. Жалпы білім  беретін пәндерден толықтай және  арнаулы пәндерден біршама электронды  оқулықтар қолданлуда. Мультимедиялық  лингафондық және интерактифтік  кабинеттермен қамтылған; интерактифтік  тақтамен жабдықталған 2 оқу кабинеті  бар және медициналық пункт және 120 орындық асхана жұмыс жасауда.Педагогикалық ұжымның сапалық және сандық құрамы

Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау және оқу барысында олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау үшін алдымен оқытушы, өндірістік оқыту шебері педагогикалық-психологиялық білімі толысқан, жан-жақты тәжірибелі маман болуы керек. Сондықтан кәсіптік білім беретін оқу орындарында жалпы және арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет. Олар әрдайым өз білімін көтеру мақсатында шығармашылық ізденісте болуы шарт және оқу тәрбие үдерісін, әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Кәсіптік лицейде 9 арнаулы пән оқытушылары, 22 жалпы пән оқытушылары және 32 өндірістік оқыту шеберлері бар. Лицейде жоғары санатты 5 оқытушы, 3 өндірістік оқыту шебері, 1-санатты 5 оқытушы, 4 өндірістік оқыту шебері, 2-санатты 18 оқытушы және 18 өндірістік оқыту шебері жұмыс атқарады.

Шығармашылақ топ 2009-2010 оқу жылында «өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электромонтері» мамандығы бойынша «электромонтер» оқулығы, «газэлектрмен пісіруші» мамандығы бойынша «Газэлектрмен дәнекерлеу» дидактикалық әдістемелік жинағы 2010 – 2011 оқу жылында «Ағаш шебері», «Тігінші» оқулықтары Астана қаласындағы «Фолиант» баспанасынан басылып шықты. Облыс және республика көлемінде таратылуда.

№6 кәсіптік лицей – «Құрылыс саласындағы ең үздік оқу мекемесі - 2010» облыстық байқауының І орын иегері

2011 – 2012 оқу жылында «Үздік  оқу – әдістемелік жұмыстар»  облыстық байқауының ІІ орын  жүлдегері

2011 – 2012 оқу жылында «Үздік  аула» облыстық байқауының ІІІ  орын жүлдегері

Облыс әкімінің техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының педагог қызыметкерлеріне тағайындалатын 2010 жылғы «Үздік мұғалім» наминациясы бойынша конурсқа арнаулы пән оқытушысы Айгүл Сыздықова қатысып бас жүлдені жеңіп алды.

 

Кәсіптік лицей мамандықтары

 

  • Кесте 1

    Лицей мамандықтарының тізімі

    Мамандық атауы

    Біліктілік атауы

    1

    Өндірістегі электромеханикалық жабдықтау

    Электржабдықтарды жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

    2

    Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

    Құрылыс электрослесарі

    3

    Үйлер мен ғимараттарды салу

    және пайдалану

    Сылақшы

     

    Үйлер мен ғимараттарды салу және

    Ағаш ұстасы

    1 кестенің жалғасы

     

    пайдалану

     
     

    Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу

    Тігінші

    6

    Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету

    Аппаратураларды жөндеу және қызмет көрсету радиомеханигі

    7

    Дәнекерлеу ісі

    Электрогазымен дәнекерлеуші

    8

    Тамақтарды ұйымдастыру

    Аспаз

    9

    Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыздандыру

    Электронды есептеу машинасының операторы

    1

    Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды мантаждау және пайдалану

    Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі


     

     

    Кәсіптік лицей мамандықтарында көріністер (2-6 суреттерге сәйкес) берілген:

     

     

    Сурет 2 Электромонтер

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Сурет 3 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

     

     

    Сурет 4 Электронды есептеу және есептеу машинасының операторы

     

     

    Сурет 5 Газэлектрмен пісіруші мамандығы

     

     

    Сурет 6 Тамақтандыруды ұйымдастыру – аспазшы мамандығы

     

    1.Облыстық ішкі саясат  басқармасының ұйымдастыруымен  кәсіптік лицейлер арасында 2011 жылы  және 2012 жылы өткізген интелектуалдық  сайыста І курс № 30 топ оқушысы  Баханов Амар 2 рет бас жүлдені  жеңіп алды. ІІ курс № 24 топ  оқушысы Мырзалы Назерке І  орынмен марапатталды.

    2.Облыстық білім басқармасының  мадақтамасымен ІІ курс № 24 топ  оқушысы Мырзалы Назерке марапатталды

    3.Облыстық ішкі саясат  басқармасының ұйымдастырған облыс  көшбасшыларымен бірге тынығуға  және тәжірбие алмасуға «Арай  Санрайс» лагеріне ІІ курс  № 23 топтық оқушысы Мырзалы Қуаныш  барып қайтты

    4.Спорттан ІІІ кур № 16 топ оқушысы Сисенов Мақсат  өз салмақ дәрежесі бойынша  Джип Судан бас жүлдені жеңіп  алды.

    5.ІІ курс №19 топ оқушысы  Базарбаев Ғазиз қазақша күрестен  облыстық бірнеше турнирлерге  қатысып жүлделі орындарға ие  болды.

    6.I курс оқушысы Мұхтар  Аслан 2012 жылы Петропавл қаласында  грек – рим күресінен өткен  Халықаралық жарыстың қола жүлдегері 2012 жылы грек – рим күресінен  Астана қаласында өткен ҚР  чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылы қараша айында Қызылорда  қаласында өткен грек – рим  күресінің чемпионы.

    Лицейдің әлеуметті серіктестері

    • «Сыр жиһазы» ЖШС

    •  «Асар» ЖШС і

    • «Альянс» ЖШС і

    •  «ҚӘТТК» АҚ ы

    •  «Сұлтан-сүйрік» тігін ательесі

    •  «Бабас» ЖШС і

    • «Қызылорда жылы электр орталығы» ММ і

    • «КСМиК» ЖШС і

    • «Альбион», «Қыз Жібек», «Ақниет», «Байқоңыр» кафе және мейрамханалары.

    Әлеуметтік серіктестіктердің ашатын жолдары (7 суретке сәйкес).

     

     

    Сурет 7 Әлеуметтік серіктестіктердің ашатын жолдары

     

    Лицей қабырғасында қолөнер орталығы жұмыс жасауда. Оның көріністері (8-9 суреттерге сәйкес) берілген.

     

     

    Сурет 8 Жүн және киізбен жұмыс істеу

     

     

    Сурет 9 Құрақ тігу

     

    «Асыл мұра » қолөнер орталығы республикалық, облыстық қолөнер көрмелеріне қатысып, жүлделі орындарға иеленіп жұмыстар жасауда, көріністері (10 суретке сәйкес) берілген

    Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары