Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

2.2 суреттегі тізбекке жалғанған амперметр 4 А ток көрсетіп тұрсын. Егер трансформация коэффициенті 400/5 болса, жоғары кернеулі тізбектің С фазасында қандай ток жүріп түр?

Біріншігәр ораманың - тізбектің С фазасыньщ тогы

 

==*4=320А,                                         (13)

 

мұндағы - токтық трансформация коэффициенті (өлшеуіш аспаптың бетінде жазулы болады).

Әдетте кернеу ѳлшеуіштік трансформатор үш фазалы болса, ток ѳлшеуіштік трансформаторлар бір фазалы болады. Сондықтан үш фазалы тізбектіц тогын өлшеу үшін үш токтық трансформатор қойылады.

Токтық трансформатордың екіншігер орамасыныц орам саны кѳп болатындықтан бос жүріс кезінде онда үлкен ЭҚК пайда болады. Сондықтан өлшеуіш аспаптарды ағыткан және олар ағытулы тұрған кезде сақтық үшін екіншігәр ораманы қысқа тұйықтап қою керек жөне ол әрқашанда жерлендірілген болуы керек.

 

 

2.4 Пісірістіру трансформаторы

 

Электрмен пісірістіру деп екі металл нәрсені электр тогымен қыздыру арқылы балқытып барып біріктіруді айтады. Электрмен пісірістіру кезінде электрод пен нәрсенің арасында электр доғасы пайда болады. Ал, электр доғасы материалдың ерекше күйі - плазма екені белгілі. Оның температурасы 5000- 8000 К-ге дейін жетеді.

Электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы  (13 суретке сәйкес) тікқұлама болып келеді: әуелі ток аздап өскен кезде кернеу тез азаяды да (сипаттаманың em бөлігі), кейін ток көбейген сайын ол өзгеріссіз дерлік қалады (сипаттаманың mn бөлігі). Сипаттаманың бұл бөлігінде доға орнықты жанып тұрады.

 

Сурет 13 Пісірістіру доғасының вольт- амперлік сипаттамасы

Электр доғасының сипаттамасынан доғаны тұдыратын қондырғының вольт-амперлік сипаттамасы осындай болуы керек деген қорытынды туады. Сонымен қатар, ол қондырғыда токты біршама ретгеу мүмкіндігі болу керек. Өйткені, массасы, қалыңдығы және материалдары әртүрлі нәрселерді балқыту үшін мәндері әртүрлі токтар керек.

Мұндай шарттарды пісірістіру трансформаторларының параметрлері мен сипаттамалары қанағаттандыра алады. Басқа пісірістіру қондырғыларына қарағанда олар қарапайым, алып жүруге қолайлы және арзан. Сондыктан да пісірістіру трансформаторлары өндірісте кеңінен тараған.

Пісірістіру трансформаторларының басқа трансформаторлардан құрылымдық айырмашылығы-олардың пісірістіру тогын ретгейтін реактивті шарғысы болады. Бөлек өзекке орналасқан реактивті шарғы жұмыс кезінде онша қолайлы емес. Сондықтан көбіне реактивті шарғымен бір өзекті пісірістіру трансформаторлары (14 суретке сәйкес) қолданылады .

 

 

Сурет 14 Пісірістіру трансформаторының сұлбалык кұрылысы

 

Екіншігәр ораманың кернеуі

=+=+                                                (14)

 

мұндағы: , -доғаның және реактивті шарғының кернеулері;X- реактивті шарғының кедергісі; - пісірістіру тогы.

Бұл теңдеуден пісірістіру тогының, яғни

=,                              (15)

 

реактивті шарғының кедергісіне байланысты екені көрініп тұр. Ендеше реактивті шарғының кедергісін өзгерте отырып, пісірістіру тогын реттеуге болады. Реактивті шарғының кедергісін электрод пен нәрсе қысқа тұйықталған кезде ( = 0) екіншігәр ораманың кернеуі тудыратын токқа есептеп алады:

 

X =, (16)

 

мұндағы -екіншігәр ораманың қысқа тұйықталу тогы.

Реактивті шарғының кедергісі ондағы ауа саңылауының енін (суретге d деп белгіленген) өзгерту арқылы реттеледі. Саңылау кеңейген сайын реактивті шарғының ферромагнит өзегінің магниттік кедергісі өседі. Егер магнитгік кедергі өссе магнит тізбегі үшін Ом заңы бойынша, яғни

 

=,                                                  (17)

 

оның магнит ағыны азаяды (мұнда - реактавті шарғының орам саны, ал - реактивті шарғының магнит өткізгішінің магниттік кедергісі). Магнит ағынының азаюы өздік индукция ЭҚК-ін азайтады, ал индукцияның азаюы шарғының индуктивті кедергісінің азаюына әкеліп соғады. Егер индуктивтік кедергі азайса, пісірістіру тогы көбейеді. Ал, керісінше ауа саңылауы азайса, онда пісірістіру тогы да азаяды.

Пісірістіру транформаторының құжатында олардың түрі, мысалы ТД-500, біріншігәр ораманың номинал кернеуі (), номинал пісірістіру тогы () пісірістіру тогын реттеу аралығы (I=100…560A), екіншігәр ораманың бос жүріс кернеуі (50...60В), екіншігәр ораманың номинал кернеуі (), номинал қуаты () және массасы (120 кг) келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кәсіби білім беру ақпараттандыруды дамытудың тарихы және заманауи жағдайы  

3.1 Дүниежүзінде және Қазақстанда кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихы, заманауи білім беру технологиялары

 

Әрбір  елдің технологиялық  даму дәрежесі  оның экономикалық  қуаты мен  халқының тұрмыс деңгейі ғана емес,  сол елдің әлемдік қоғамдастықта  алатын орны,  басқа елдермен экономикалық және саяси  ықпалдасу  мүмкіндіктері,  сондай - ақ  ұлттық  қауіпсіздік  мәселелерін  шешуіне  байланысты. Сонымен қатар, қазіргі технологияның  дамуы мен қолдануының деңгейі  оның материалдық базасының дамуымен  қатар  емес,  негізінен қоғамды парасаттандыру  деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру  және  қолдана білу қабілетімен де анықталады.  

Біз өз  зерттеу жұмысымызда бүгінгі таңдағы отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи ақпараттық технологияны пайдалану арқылы колледж оқушыларының әртүрлі қажеттілігін қалыптастыру мәселесінің педагогика ғылымында зерттелуіне аса назар аударып, жете сараладық.  Зерттеу барысында  соңғы уақытта оқу - тәрбие  үдерісіне компьютер, электрондық  оқулық, мультимедиялық бағдарлама, интернет,  интерактивті тақта секілді  жаңа ақпараттық технология  құралдары  мен бағдарламаларын қолдану,  олардың  педагогикалық,  психологиялық тиімді әрі тиімсіз жағдайларын зерттеу  мәселесі  артып келе жатқанын байқадық.  Сондай - ақ,  еліміздегі  білім беру ұйымдарының заманауи ақпараттық  технология құралдарымен  мүмкіндігінше қамтамасыз  етіліп, қазақстандық және әлемдік ақпараттық желілерге қосылғанын білдік.

Алдымен  «ақпарат»,  «технология»,  «ақпараттық технология»,  «ақпараттық қоғам»,  «ақпараттық мәдениет»,  «оқытудың ақпараттық технологиясы»,  ұғымдарына тоқталайық.

 «Ақпарат»  (информация)   термині  «informatio» деген латын  сөзінен шыққан.  Мағынасы -  мазмұндау, түсіндіру. Тұрмыста күнделікті  өмірде ақпарат ұғымын, адамдардың  бір - біріне ауызша , жазбаша немесе  басқа да бір әдістермен  берілетін  мәліметтері ретінде түсіндіріледі. Ғылыми және ресми еңбектерде  бұл терминнің әртүрлі  анықтамалары  кездеседі.

«Технология»  сөзі грек тілінде  «tehno»  - өнер,  ғылым, ал  «logos»-түсіну,  оқып - үйрену деген сөздерден  құралған. Мағынасы «өндірістік үдерістерді жүргізудің тәсілдері туралы білімдердің жиынын»  білдіреді.  Оқу - тәрбие  үдерісін жүрізудің тәсілдері туралы білімдер жиынын  «оқу үдерісінің технологиясы»  деп те атауға болады.

Қазіргі заманғы ғылымда  «ақпараттық технологиялар»  түсінігінің анықтамасы өте көп.  Аталған  термин   «ақпарат»    және   «технология»  түсініктерімен  байланысты.  «Ақпарат»   және   «технология»  категорияларының анықтамаларын  жалпы ғылымдық және нақты ғылымдық білімдер тұрғысынан қарастырамыз [4].

Білім беру үдерісін ақпараттандыру оқушыға  білім берумен  байланысты  болғандықтан  ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеумен байланысты  дәрістер болып табылады. Ал білім беруде  компьютерді  және ақпараттық  технологиялар  ұғымы табылады.  Ал білім беруде компьютерді  және ақпараттық  технологиялар  ұғымы пайда болады.  А.В.Горяевтің  тұжырымдауынша , жаңа ақпараттық  технологиялар  -  мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік  редакторлар,  мультимедия  және қатынастық  технологиямен  сипатталады [5]. Н.В.Апатованың анықтауынша, жаңа ақпараттық  технология - қажетті техникалық және бағдарламалық  жайдығы бар компьютер [6].

Анықтамалық  сөздік бойынша :  жаңа ақпараттық  технология  -компьютер құралдарын оқытуда пайдалану әдістері  туралы білімдер жиыны [7].  Ал  Н.В.Макарова бұл терминді  қысқаша компьютер негізіндегі технология  деп тұжырымдайды [8].

И.В.Роберттің айтуынша,  жаңа ақпараттық технология - есептеуіш  техника  негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар,  сонымен бірге ақпаратты таратуы,  өңдеуді,  сақтауды,   жинақтауды  қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау  жүйелері болып  табылады [9].

В.Л.Извозчиковтың анықтауынша,  білім берудегі жаңа ақпараттық технология - оқытудың  жаңа электрондық құралдарын,  ең алдымен, компьютерді  оқу - тәрбие  үдерісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы [10].

 М.И.Жандак бұл терминге неғұрлым кеңірек анықтама береді.  «Жаңа ақпараттық технология  адамдардың білімін кеңейтіп,  олардың техникалық және әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін дамытатын,  ақпаратты жинау,  ұйымдастыру,  сақтау,  өңдеу,  тасымалдау  және жеткізудің  техникалық құралдары мен әдістерінің  жиынтығы» [11].

Д. Ш.Матрос төмендегі  шарттар орындалғанда ғана жаңа ақпараттық технология туралы айтуға болады дейді: егер  ол педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын қанағаттандырса  алдын  ала  жобалау, мақсатқа  сәйкестік, біртұтастық  және  т.б. ; Ақпараттық қоғам құру, онымен байланысты заманауи ақпараттық технологиялардың  біздің өмірімізге етене енуі,  білім беру жүйесін  ұйымдастыруға  жаңаша көзқарасты   талап етеді, ақпараттық қоғам талабына   сай,  компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін  қолдана  алатын,  жан - жақты  дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді қажет  етеді [12].

Бүгінде  ақпараттық технологиялар саласының заманауи жетістіктерінің негізінде білім беруді  ақпараттандырудың озық тенденциялары байқалады. Ақпаратттандыру мәселелері ашық білім  берудің объективті заңды сипаттамасы болып отыр. Арнайы  орта оқу  орындарындағы білім беруді  ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің  негізгі шарты,  әлемдік қоғамның өз дамуындағы жаңа өркениетті сатыға өтуі табылады.

Ақпараттық технология - ақпараттық  ресурстарды қолдану үдерістерінің  қиындықтарын  төмендету,  сондай  - ақ  олардың сенімділігі мен шапшаңдығын көтеру мақсатында ақпаратты  жинау, өңдеу,  сақату,  тарату,  тасымалдау  және  бейнелеуді қамтамасыз ететін технологиялық  тізбекке біріктірілген әдістер, өңдірістік үдерістер мен бағдарламалық  - техникалық құралдар жиынтығы. 

Заманауи ақпараттық технология  құралдары  арқылы әдістер мен техникалық құралдарды жинау,  ұйымдастыру,  сақтау,  өңдеу, адамдардың  білімін  кеңейтетін  және олардың техникалық және әлеуметтік үдерістерін басқару жөніндегі мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды  беру  және  көрсету жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Ақпараттық технология  - объект,  үдеріс  немесе құбылыстың  (ақпараттық  өнім)  жай - күйі  жөніндегі жаңа сападағы  ақпаратты алу үшін мәліметтерді  (бастапқы ақпарат)  жинау,  өңдеу  және жеткізу  құралдары  мен әдістерінің жиынтығын қолданатын   үдеріс.

Арнайы орта оқу орындарының білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты  - студенттердің, оқушылардың ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру.

Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз -  компьютерлік  техниканы, интернетті, компьютерлік желіні,  электрондық  және  телекоммуникациялық құралдарды  тиімді  пайдалану.

Оқытудың заманауи ақпараттық  технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасауға арналған арнайы  тәсілдер,  педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар ( кино,  аудио  және  бейне  құралдар, компьютерлер,  телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы  -    білімді   жаңаша  беру  мүмкіндіктерін жасау  (педагогикалық  іс  әрекетті  өзгерту),  білімді қабылдау, дайындық сапасын бағалау,  оқу - тәрбие үдерісінде  оқушының жеке тұлғасын  жан - жақты қалыптастыру үшін ақпараттық  технологияның  қосымшасы деп түсіну керек. Оқытудың  ақпараттық  технологиясы ақпараттық  білім жүйесінің  аясында  жүзеге асырылатын  болғандықтан,  білім технологиясына  ақпараттық   және бағдарламалық  қолдау көрсететін  құралдар бір ғана   компьютермен,  оған енгізілген бағдарламамен  шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше,  оқытудың ақпараттық технологияларының  бағдарламалық құралдары және  білім технологияларының  өздері ақпараттық   білім ортасына  -   білім жүйесінен бөлінген  жүйешелер түрінде қосылады.

 Аталмыш идея адамзат өркениетінің, ғылымы мен білімінің  кешенді де  ауқымды өрлеуін,  мемлекеттің қоғамдық - саяси  құрылымын  жетілдіру мен оның  тұрақты  дамуын  қамтамасыз етудегі орасан  зор  әлеуетімен  көптеген  елдердің  назарына  ілікті.

Бұл идеяның негізгі  тұғыры болып  табылатын  желілік  - ақпараттар технологиясы  қоғам  тұрмысындағы  барша  ресурстарды   басқаруды ұйымдастыру мен адамзаттардың рухани,  мәдени қажеттіліктерін  қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал ретінде бүкіл әлемде ерекше  қарқынмен дамып келеді.

Ақпараттық  мәдениет  дегеніміз - электронды  кітапхана  қызметін, (15 cуретке сәйкес) электрондық оқулықтарды дұрыс пайдалана алу [13].

 


 

                                   

         


                                                                  

 

 

 

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары