Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

 


 

 

 

 

 

  

 

Сурет  15  Ақпараттық  мәдениет  ұғымы

 

Оқытудың ақпараттық  технологиясында  қолданылатын бағдарламаны  қамтамасыз етуді  бірнеше категорияға бөлуге болады:

-  оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

-  ақпарат іздеу жүйесі;

-  модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

-  танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

-  коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған  инструменттік құралдар.

Жедел дамып отырған ғылыми  -  техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналып отыр. Ақпараттық технологиялық  дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл  дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді  болады.  Тұтас дүние қалыптастыру  мен  қоғамдастықтар, жеке адам  мен бүкіл дүниежүзілік  қоғамдастықтың  өмір сүруі үшін жаңа  жағдайларды  қамтамасыз  етуде ақпараттық  технологиялар  маңызды  рөл атқарады.  Жапония ,  Малайзия ,  Сингапур  елдерінің  қарқындап алға  шығуының  негізі  жетілген  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  болып табылады. Мәселенің  төркіні  өткен ғасырдың жетпісінші  жылдарында  жапон  ғалымдары  ұсынған   «ақпараттық  қоғам» туралы  қазіргі заманғы  озық идеядан бастау алды.

Әлем социологтары бұл үдерісті адамзат қоғамы өзінің даму жолында  «ақпараттық қоғам»  деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда. Күні  бүгін   АҚШ,  Ұлыбритания,  Канада,  Франция,  Германия, Дания,  Финляндия, Оңтүстік  Корея ,  Сингапур,  Малайзия, Марокко,  Маврикия, Эстония  секілді  т.б.  көптеген елдер  ақпараттық қоғамның негізін қалауда  көш  басында келеді.  Мәселен,  АҚШ  1993  жылы ұлттық -  ақпараттық  инфрақұрылым  қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994  жылы шілде де  Еуропалық одақ  комиссиясы  «Ақпараттық қоғамға  - Еуропалық жол»  атты  жоспарын бекітті, 1995  жылы Финляндия  «Ақпараттық қоғамға -  финдік  жол»  деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе , 1996  жылы   ГФР  «Ақпаратттық  қоғамға - германдық  жол»  атты бағдарламасын  қабылдады.  Осылайша өткен ғасырдың  90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы  елдерде қабылданды.  Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру мақсатында  «Үлкен сегіздік»  елдері 2000  жылы әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың   «Окинава хартиясын»   бекітті.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ерекшеліктері   И.В.Алехина, М.П.Василенко, И.А.Катышева,  Е.И.Мащбиц , В.В. Наумов,  Л.В.Путляева, М.Л.Степанова,  О.К.Тихомиров және т.б.  еңбектерінде  қаралған.  Бұл еңбектерде  педагогикалық қызметті  ақпараттандырудың  негізгі бағыттары, оқытушыларды  ақпаратпен қамтамасыз  етудің оперативті  жүйесі ақпаратты  қорды құрудың, сақтаудың  және пайдаланудың  теориялық  аспектілері  сипатталған.

Ақпараттық технологияны оқыту құралы ретінде қарастырушы көзқараста шетелдердің мектептерінде компьютерлердің көмегімен  оқушылардың өздігінен істейтін  жұмыстарына  ерекше  көңіл аударылып  отыр. Компьютермен жұмыс істегенде  оқушы белсенді  емес бақылаушы  болып қала  алмайтындығын француз зерттеушілері  байқаған .

Э.И.Кузнецовтың еңбегінде  АҚШ  пен  Ұлыбритания сияқты  елдерде оқу орындарының  компьютерлермен  жоғары дәрежеде қамтылуына қарамастан, оларда компьютерді  оқыту құралы ретінде пайдалану шектеліп отыру себептері  аталған. Олар:

Компьютерді  оқыту құралы ретінде пайдаланудың   психологиялық  педагогикалық тұжырымдарының  жасалмағандығында.

Оқытушылардың компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалануға дайын еместігінде.

Олардың сапасын бағалау  қиындығында .

Ақпараттық технологияның тиімділігі бойынша жүргізілген зерттеулер  Т.Гергей,  Е.И.Мащбиц,  Л. Герих,  Б.Макау,  Х.Нисиносоно,  Г.А.Козолова,  Бетти  Коллис және  т.б. ғалымдарға компьютерді  оқыту үдерісінде пайдалану оқытуды  даралауға қолайлы жағдай  жасайтындығы,  оқушылардың дайындық сапасын арттыратындығы,  оқыту үдерісін басқаруда  жаңа мүмкіндіктер  беретіндігі,  жалпы дидактикалық мақсаттарға  қол жеткізетіндігі және оқытуды көптеген мәселелерін шешуге болады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық технология  оқу материалын меңгеру   уақыты мен сапасы  бойынша тиімді болатындығы сөзсіз .

Біздің ойымызша,  заманауи ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың дайындық сапасын арттырудың сапалық өлшемі түрлі педагогикалық міндеттерді шешу барысында жаңа ақпараттық технологияларды сауатты пайдалану іскерлілік білігі,  дағдысы. Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына  ықпал етті, «Интернет» ұғымын өмірге еңгізді. Интернет сөзі тікелей  мағынасы  халықаралық  желі дегенді білдіреді. Интернет  бұл дүниежүзіндегі  компьютерлер  мен серверлер жиынтығы, ал  қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін бағалау  қиынға түседі.

Жиырма бірінші ғасырда жаппай  білімді ақпараттандыруға көшу кезінде еліміз  қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.

Еліміз ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту үдерісін  оқып үйренудің  ақпараттық ресурсы болып табылатын  оқытуға арналған бағдарламалық  құралдарды дайындамай  жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең,  мысалы бақылайтын және тест жүргізетін бағдарламалар,  компьютерлік ойындар,  ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар  және мультимедиялық бағдарламалар [14].

Бағдарламалардың басты мақсаты  Интернет арқылы компьютермен халыққа білім беруді, мемлекеттік басқару  ісінің тиімділігін арттыруды, электрондық құжатпен құрлықаралық масштабта ақпарат алмасып, қол қою,  төлем жасау жүйесін қалыптастыруды, мемлекеттік басқару органдарының  құжаттары  мен кітапханалардың,  ғылыми зерттеу  институттарының, оқу  орындарының және басқа да санаткерлік орталықтардың  сан түрлі  ақпараттық ресурстарына қол жеткізу. Бұл идеялар жыл өткен  сайын қазіргі  әлем ағзасына тереңдей сіңіп, мемлекеттік билік құрылымдарының азаматтармен өзара қарым- қатынасын тиімді арттыруға бағытталған  электрондық  э - үкімет  (е - government ), кәсіпкерлікті  дамытып экономика әлеуетін арттыруға негізделген  э - бизнес  (е - business ), азаматтардың тұрмыстық  тіршіліктеріне  қатынасты   э - азамат  (е - citizen)   іспетті  т.б.  нысандары  жан - жақты дамып келеді.

Бүгінгі күні  «ақпараттық қоғам»  құру  мәселесін әлемнің көптеген елдері мемлекеттік биліктің  жүйе түзуші басты құралы санатында қарап,  оған сәйкес арнайы  стратегиялық  саясат түзіп,  олардың ауқымында орасан зор  жұмыстар жүргізіп келеді.  Бір ерекшелігі бұл үдерістерге ең жоғарғы  дәрежедегі мемлекеттік деңгейде назар аударып, тиімді  басшылық жасаған елдер  қазірдің өзінде - ақ  ел экономикасын дамытуда, әлеуметтік саладағы  қайшылықтарды жоюда   елеулі оң нәтижелерге қол жеткізді. Ал мұндай жетістіктерді тек дамыған елдер ғана емес, олармен қатар қаржылық, материалдық, ғылыми санаткерлік ресурстарды мейлінше  төмен, әрі өткір  әлеуметтік  экономикалық проблемаларды  бастан  кешіріп отырған дамушы елдер де сезіне бастады. Мәселен, Еуропаның дамыған  елдерін  былай қоя тұрып, әлемнің үшінші елдері санатындағы   Солтүстік Африканың Марокко елінде ақпараттық технологиялар алғашында білікті мамандардың Еуропаға қоныс аударуын тоқтатып,  ел экономикасын  ырықтандырудың  тетігі ретінде қарастырылған болатын.

БҰҰ – ның  тәуелсіз сарапшыларының келтірілген деректері бойынша  1996  жылы  бұл елде 20  интернет - провайдер, 50 - ге  жуық  интернет -  кафе , 10 - мыңдай  интернет тұтынушылары, 50 - ге  тарта  ақпараттық  web-  сайттар, 1,4  млн.  тіркелген телефон  желілері болды.  Интернетке енудің орташа құны ол уақытта айына  50  АҚШ  долларын  құрайтын. Мемлекеттің жоғарғы дәрежелі  саяси басшыларының  қолдауымен  1998 жылы наурызда  елді ақпараттық технологиялар негізінде  дамытудың ұлттық жоспары бекітілді.  Оның басты мақсаттары барлық сатыдағы  билік құрылымдары  қызметінің  барынща ашық  болуын қамтамасыз етуге,  жаңа технологиялар негізінде мемлекеттік секторды басқарудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін енгізуге,  ел  өнеркәсібінің өнімділігін  арттыруға, кедейлікке  қарсы  күреске  бағытталған   Үкімет   бағдарламасын  жүзеге асыруда ауыл - қыстақтарда оқшауланған  халықтың тұрмысын  көтеру үшін  жаңа технологиялар  арқылы  оларға нақты көмек көрсететін шараларды жүзеге асыруды белгіледі.   Үкімет   межеленген  стратегиялық  бағыттарды табанды  жүзеге  асырудың  нәтижесінде   2000  жылдың ортасына  қарай   млн.  халқы  бар  Мароккода    интернет  провайлер,  интернет  кафе,  млн.тіркелген  және  мың  ұялы  телефондар жұмыс істеді.  Бұл кезең  ішінде елдегі ақпараттық ресурстар  қоғам өмірінің  сан алуан  салаларынан түрліше мағлұмат беретін мыңдаған  сайттармен  толықты.  Ел ішінде  сауда саттық,  инвестиция  тарту,  өнеркәсіп  пен ауылшаруашылығын  көтеру  секілді  т.б.  мәселелер бойынша ақпарат алмасу жақсы  жолға қойылды.

Сонымен  қатар,  ең   бір  маңызды  мәселе Интернетті пайдаланудың  айлық  құны елде  10   есеге  (айына  6  долларға  жуық ) төмендеді.  Осының  нәтижесінде  ақпараттық  технологиялар  мемлекеттің  ашық саясатын жүргізудің негізгі құралына айналып,  халық пен мемлекеттік билік арасындағы толық түсіністікпен кең ауқымда  нығая бастады.  Елдегі  жастарға жаңа технологиялар саласында көптеп жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік  қарқынды дами түсті. 

Туризм саласы,  Интернет - провайдерлері  мен Интернет - кафе компанияларының дамуыда елеулі  нәтижелерге  қол жетті. Зaманауи  ақпараттық технологиялардың  елдегі  халық шаруашылығының   дамуына жасаған  демеуі мен ықпалына толығымен  баға беру алдағы  уақыттың еншісінде болғанына қарамай,  науқан басталғаннан бері бас аяғы  төрт жыл ішінде интернеттің   Марокко қоғамында экономикалық  тұрақтылық пен халықтың болашақ сенімділігіне  қосқан елеулі үлесін  ел азаматтары  айқын  сезінетіндігін айтады. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан бұл бағытта  қызу қолға алынған мәселелер -  елді ақпараттандыруды жалғастыру,  ақпараттық ресурстар  аясын кеңейтіп, олардың тақырыптық мазмұнын,  танымдық аясын толықтыру, ұлттық желі арналарын шалғай аудандардағы  ауыл  ауылдарға жеткізіп, халықтың  компьютерлік  сауатын кеңінен ашу арқылы  ауыл  мен қала арасында барша мәселе бойынша ақпараттық теңсіздікті жою.

Тарихта адамзат  өркениетін дамытуда бірнеше ақпараттық серпілістер  болғаны мәлім.  Олардың біріншісі - жазу   арқылы  ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа  жетуі. Екінші  серпіліс - баспалардың  пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрді  пайда болу нәтижесінде қалыптасқан  телеграф,  телефон,  теледидар,  радио секілді  т.б. ақпарат  тарату құралдарының адамзат  өмірінен  кеңінен орын алуымен  ерекшеленеді.  Ақпараттың даму эволюциясындағы  бұл  серпілістер  күллі әлем халықтары іспетті қазақ халқы үшін өз мемлекетінде  жоғары мәдениеті бар өркениетті  қоғам құруына   орасан зор ықпалы  болды. 

Ал  XX  ғасырдың  соңғы ширегінен басталатын төртінші  серпіліс -  микро  процессорлы  компьютерлік технологияның  ақпараттық  қатынастық технологиямен  бірігуі нәтижесінде  қалыптасып, желілік ақпараттар  (информационно – коммуникационные)  технологиясы  атанған жаңа ақпараттық серпіліс бүгінгі дәуір қоғамын  ғажайып өзгерістерге бастар негізгі күшке айналып келеді.

Ғылым мен технологияның даму қарқыны білім беру саласының оқыту үдерісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс  жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта,  телеконференция,  бейне - конференция,  телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Қазіргі бүкіл дүниежүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда,  әр  түрлі байланыс жүйелері сол дененің  нерв, қан тамырларының   рөліне   айналған заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме,  кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып  жатқан жаңалықтармен  танысуда, ақпараттар ағымынан  қалыспау үшін интернет, электронды  пошта құралдарын  пайдалануға  болатыны белгілі. Сондықтан, білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының  бірі оқушыларға интернет жүйесінде  жұмыс  істей білуіне  жағдай  жасау.

Интернет жүйесінде жұмыс істеу  оқушыларға  әлемдік білім мен ғылым жетістігін хабарлар болып,  оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны рас. Интернетті пайдалану  арқылы оқушылар өздеріне керекті  мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа  видео,  аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай  нәтижелер беруде. Кез келген  сабақта электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай,  логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне  жағдай жасайды.  Дәстүрлі  оқулықты  оның  электрондық  нұсқасына  оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі  оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі,  оны компьютерлік  желілер арқылы тарату болып табылады.

Білім сапасы идеясының жетекші рөлі, білімді диверсификациялау үдерісінен  туындайтын қоғамдық өмірдің басқа да  салалармен өзара тығыз байланыстылығымен  айқындалады.  Халықаралық  талаптарға  сай,  жаңа білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттер төмендегідей болып келеді: 

  • білім беруді халықаралық стандарттар  сапасымен; бәсекеге

қабілетті өніммен қамтамасыз ету;

  • білім жүйесінің инновациялылығын ұлттық және  халықаралық -

мойындалған білім моделдерінің өзара ықпалдастығы негізінде қамтамасыз ету;

  • болашақтың сапалық деңгейін озық бағдарламалықпен қамтамасыз

ету.

Жоғарыда айтылғандырдан жаңа ақпараттық  технология дидактика мәселелерін есептеуіш техника көмегімен шешетін «педагогикалық технология» деген анықтама беруге болады.

Ақпараттандыру кезеңінде мектеп мұғалімдері, оқушылар, басқарушы  және педагогикалық  кадрлар өзара тығыз байланыста  болып,  мектептің оқу үдерісі кешенді қарастыруда бұл категориялар айқын көрініс табады .

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары