Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

                                

 Жалпы бағыттағы сервистік бағдарламалық құралдар

Оқушылардың білік - дағды мен білім деңгейін бағалау  мен бақылауға арналған бағдарла-малық құралдар

Электронды тренажерлер

Математикалық және қозғалыс-тарды модельдеуге арналған бағдарламалар

Іздестіру - ақпаратты анықтама-лық жүйелер

Электронды оқулықтары

Сараптамалық оқыту жүйелері

Интеллектуалдық зерделік оқы-ту жүйелері

Кәсіби қызметін автоматтандыру құралдары





Электронды оқыту құралдарын оқу үдерісінде қолдану педагогика    тұрғысынан тиімді, төмендегі негізгі қағидалар үшін:

- электронды  оқыту құралы тек аталған ақпараттық  технология арқылы тиімді меңгеруге лайық мазмұнымен толы;

- әр жаңа электронды  оқыту құралы  педагогтарға оқу  үдерісінде электронды оқыту  құралын қолдану тиімділігін  жетуге мүмкіндік береді;

- электронды  оқыту құралдары  мәліметтердің ауқымды мөлшерін  қамтиды; оның ішінде аудио, бейне ,т.б. түріндегі ақпараттар.

- электронды оқыту құралдарын  қолдану оқытудың мақсат міндеттеріне  жетуін қамтамасыз етеді және  оқу үдерісінің тиімділігін арттырады.

Осы тәжірибеден көргеніміздей, электронды оқыту  құралдарын қолдану үнемі тиімді бола бермейді. Жаңашыл технологиялық құралдарды қолдануда негізгі оқытудан гөрі ақпараттандыру құралдарын пайдаланып оқытудың тиімді екендігін көптеген мысалдардан көруімізге болады. Электронды оқыту құралын қолдану тиімді, орынды, қажетті болатын жағдайларды оқытушының өзі білу керек.

Электронды оқыту құралын қолданудағы негізгі дидактикалық  мақсаттар -  мәліметтерді хабарлау, білімдерін қалыптастыру  және бекіту, білік - дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру, оқуға ынталарын арттыру, меңгеруін бақылау және  қорытындылау,т.б.

Қазіргі кезеңде сапалы білім беру үшін электронды оқыту құралдарын қолдану өте қажет. Оларды теориядан гөрі  іс жүзінде асыруға мүмкіндік береді:

-  оқушылардың  білімдерін өз бетінше  көрсету әрекетінің  алуан түрлерін ұйымдастыру;

- оқыту әрекетінің сан алуан түрлерін орындау барысында  қазіргі ақпа-раттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану;

- гипермәтінді және гипермедиа жүйелердің,  мультимедиа техноло-гиясының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқу үрдісіне тура және ассоциациялық мәліметтерді еңгізу;

- оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, білік дағды білім дең-гейін , жалпы білім беру пәндерінің белгілі сабаққа дайындық деңгейін, мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес материалды меңгеру нәтижелерін объективті тұрғыдан бағалау және диагностикасын жүргізу;

- жеке оқушының интеллектуалдық деңгейіне, оның білік дағды білім  деңгейіне, ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын оқу құралдары мен әдістерін ескере отырып, оқушылардың оқу іс - әрекетін басқару;

-  оқушылардың  жеке өздік оқу жұмысын жүзеге асыруға жағдай туғызу, өз бетінше біліктіліктерін дамыту, жүзеге асыру, білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;

-  білімнің мазмұны мен мақсаттарына сәйкес қазіргі өзекті ақпаратпен ата аналарды, оқытушыларды, оқушыларды уақытында қамтамасыз ету;

- оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған оқушылар мен оқыту-шылардың, ата - аналардың арасындағы тұрақты қарым - қатынастарының негізін қалайды.

Электронды оқыту құралдары мен ресурстарының білім беру жүйесінің басты қажеттілігін негізгі төрт топқа бөліп көрсетуге болады.

Бірінші топқа - оқушылардың белгілі білім жүйесін қалыптастыру қажеттілігі жатады. Электронды оқыту құралын қолдану қажеттілігі оқушыларды математика, физика, химия, биология,  т.б. пәндерін бір кезеңде  қатар қарастыру интегралды  сипаттағы циклдарымен таныстырудан туындайды.

Электронды оқыту құралында қажетті  микро және  макро дүниенің элементтерін,  қолдану құралдарын зерттеуден туындайды.(Мысалы, өсімдіктердің жасушаларын, атом құрылымын,Күн жүйесіндегі  үрдістерін зерттеуге мүмкіндік беретін электронды оқыту құралдары,т.с.с.)

Электронды оқыту құралының қажеттілігі дәстүрлі оқытуға тәжірибелік  негізделуден  таппайтын («шексіздік» ұғымымен таныстыру, тепе - теңдікті  сақтауды зерттеу заңдар мен ұғымдар қатарын зерттеу) жағдайында туындайды.

Екінші топқа - оқушылардың репродуктивтік дағдыларын меңгерту қажеттілігіне байланысын жатқызамыз. Есептеу жүргізу жағдайларында пәндік репродуктивтік дағдыларды меңгеруге байланысты  электронды  оқыту құралында қажеттілік туындайды. Есеп жүргізу, оны тексеру, нәтижелерді өңдеуге арналған уақытты  қысқарту барысында электронды оқыту құралын қолдану өте тиімді  (мысалы, физикада өлшеу құралдарының бірліктерін  анықтау,  химияда  көміртек изомерлерін  құрастыру, математика типтік тригонометриялық есептерді шешу).

Үшінші топқа - өз бетінше іздеу жолы арқылы субъективтік жаңа білім алуға көмектесетін  оқушылардың шығармашылық  дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі жатады. Алған өнімнің жаңашылдығы шығамашылықпен байқау негізгі белгісі  болып табылады. Шығармашылық әрекетінің міндетті шарты - танымдық үдеріс  барысында кездесетін қиыншылдықтар.  Сонымен, шығармашылық дағдыларын  қалыптастыруды арнайы  ұйымдастырылған  танымдық әрекеттерден , арнайы құрастырылған оқу міндеттеріннен талап етеді.

Үдерістің ең тиімді нұсқасын немесе  ең үнемді жолын таңдау мәселелерін  шешу барысында электронды оқыту құралдары өте қажет.

Электронды оқыту құралдарында  қажеттілік  болжам нәтижелерін тексеруге бағытталған  мәселелерді шешуде туындайды.

Электронды оқыту құралдары зертханалық тәжірибе өткізуде қажет болуы мүмкін, егер де бұл тәжірибеге сол оқу орынында табылмайтын белгілі құралдар керек болса.

Төртінші топқа - оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға керекті қажеттіліктері жатады.

Электронды оқыту құралының мазмұны, біріншіден, ақпаратты сақтау, өңдеу, ұсыну  дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның теориялық бөлігі колледж оқушылары үшін ақпараттың оңайлығына бағытталып информатика саласындағы барлық  теориялық сұрақтарды қамтиды.

Электронды оқыту құралының мәтіндік ақпараттық материалдары көптеген  суреттермен  қамтылған, оның ішінде теориялық ережелердің және іс-тәжірибелі әрекеттерді көруге көмектесетін мультимедиялық  презентациялар, дыбыстық түсініктемелер. Ұсынылатын аспаптар жиынтығы оқыту мазмұнының құрылымын қандай да бір тәсілмен қалыптастырып, әр түрлі сабақтарды ұйымдастыруға жол ашады. Электрондық оқыту шеңберінде оқыту  үдерісіне нақты бағдарламалық өнімді ендіру  мен қолданудың тиімділік деңгейін, яғни, әдістемелік толықтығын өнімнің аспаптар жиынтығы анықтайды.

Бағдарламалық өнімнің деңгейі оны қолдану кезіндегі нақты жұмыс істеу қабілеті мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен анықталады. Бағдарламалық өнімнің жұмысы оның жылдамдылығымен, сенімділігімен, интерфейсінің ыңғайлылығымен сипатталады. Мәселен, бағдарламалық өнімнің  деңгейін  тек қана оны қолданған кезде анықтауға болады. Алайда, электрондық оқыту құралдарын бағалап таңдауды естен шығармау қажет.

Электрондық оқытуды «электротехника» сабағында  пайдаланудың тиімділігі:    қазіргі коллеждің даму болашағы қоғамның даму үдерісімен  үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту  технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Атап айтсақ, колледж оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын  дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды  сабақта пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз  бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір білім алушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап,тестілер шешіп, карталар және схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады. 

 Электрондық  оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады.  Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз.

Бүгінгі күнде қоғамның жедел дамуы барысында колледждегі оқушылардың  білім алуын ұйымдастырудағы негізгі мақсат – оқытудың әдістемелік жүйесін оның білім беру, ақпараттық функциясына  қатынасына қарай дамытушылық фунциясына шешуші рөл бере отырып бағыттау және осы ақпараттарды пайдалану біліктерін  қалыптастыруға басты назар аудару болып табылады.

Электронды оқыту құралдары мен ресурстары сапалы болу керек екені бәріне мәлім. Ең басты олар стандартты талаптарға сай болу керек.

Білім беру саласындағы негізгі талаптарының бірі – колледж оқушыларының білім сапасын арттыру. Бұл тұрғыдан электронды оқу құралдарына қойылатын дидактикалық талаптар білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттерді қамтиды.Бұл дидактикалық талаптармен әдістемелік талаптар тығыз байланысты. Әдістемелік талаптары белгілі  бір пәннің   ерекшелігін ескеріп, оқушылардың дайындық сапасын арттыруға бағытталады.

1. Көптеген техникалық  құралдары мен жүйелер оқытуды ақпараттандыруға арналып, оқушылардың ойлау компоненттерінің байланысына негізделуі қажет.

2. Электронды оқыту құралдары оқытудың жүйелілігін дәлелдеп, әр деңгейі пән бойынша  белгілі ғылыми ұғымдарын жүйеге келтіру керек.

3. Электронды оқыту құралдары оқушыларға оқу материалын  меңгеруде  дағдыландыру әрекеттерін 4 кестеде ұсыну керек .

Электронды оқыту, дәстүрлі қағаз  кітаптардан айырмашылығы  жанды болып келеді. Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдыған: «Барлық мүмкін  деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру  керек, атап айтқанда, қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше  сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу қажет» [19]. Дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес  келеді.

 

 

 

Кесте 4

Электронды оқу құралдарына қойылатын дидактикалық талаптар және олардың мазмұны

Талаптар

                                 Мазмұны

Сандық  электронды оқыту  құралының ғылымилығы

Оқу материалының мазмұны ғылыми жетістіктері, дәлелдері жағынан толық болу керек. Негізгі әдістері: тәжірибе, салыстыру, бақылау, жалпылау, жекелендіру, индукция және дедукция, синтез және анализ.

Қарапайымдылы-ғы мен қол жетерлігі.

Оқу материалының мазмұны зерттеу деңгейін анықтау керек. Негізгі принцип оқушылардың бас ерекшеліктеріне сәйкестігі

Көрнекілігі

Зерттеу объектілерін қабылдау сезімталдығын ескеру керек. Негізгі ерекшелігі көрнекілігі жоғары деңгейде жүзеге асады.

Жүйелілігі мен сатылығы

Оқу материалының мазмұны құрылымдық жүйеде беру керек. Пән бойынша білімді белгілі жүйеде қабылдау. Негізгі ұстанымдары пәнаралық байланыс, ұсынылған ақпараттың практикамен

байланысы, оқу үдерісін сатылап ұйымдастыру.

Оқу қағидалығы

Танымдық іс әрекетін сипаттап, оқу қағидаларын қамту керек. Дәстүрлі оқулықтан электронды құралды қолдануда оқушының

 

  ойлау әрекеті жоғары болады.

Интербелсенділігі

Электронды оқыту құралы мен оқушының арасындағы байланысы қамтылуы керек. Оқу барысында ЭОҚ кері байланысын  қамтып, оқушының әрекетін бағалап түзету жұмысының нұсқауын ұсынады.


 

Ақпараттық технологияларды міндетті пән ретінде оқытуда бөлінген сағаттар саны әртүрлі мемлекеттерде бір жылда 20 -дан  6 -ға  дейін өзгереді. Осы сағаттар санына білім беру жобаларында және басқа пәндерді оқытуда ақпараттық технологияны қолданатын уақытты қосу керек. Бірақ бұл параметр тәжірибе жүзінде есептелінбейді.

Кәдімгі экспериментті жасау әдетте қымбат және оны шынайы түрде іске асыру қиын болады.  Міне, сондықтан да компьютерлік демонстрацияны қолданып  тәжірибе  жасаудың артықшылығы бар.

Компьютер экранда үдерісті бірнеше рет қайталауға, оны кез келген  кезеңіне өтуге болады.

Білім мен біліктілікті  меңгерудегі компьютерді оқыту жүйесіне арналған қосымша  ғана емес және оның рөлі «оқытушы - оқулық - оқушы»  деп аталатын үш компонентті жүйені   «оқытушы – оқулық  - компьютер - оқушы» байланысы арқылы кеңейтеді.

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары