Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайында жаратылыс пәндерін оқыту үдерісінде заманауи ақпараттық – технологияны, ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралдарды пайдалануды талап етеді.

Компьютер көрнекі бейнелі ойлауды, қозғалыстық немесе ауызша қарым қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтендірді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады .

Қолданыстағы заманауи ақпараттық технологияны қолданудың негізгі бағыттарын анықтап алғаннан кейін, заманауи ақпараттық технология құралдарын колледждің оқу - тәрбие үдерісінде пайдаланудың қазіргі педагогикалық мүмкіндіктерін саралауды жөн көрдік. Заманауи ақпараттық технология құралдарын оқу - тәрбие  үдерісінде оқыту технологиясына едәуір оң өзгерістер әкелетін құрал ретінде қарау басымдылыққа айналып келеді. Оларды оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану білім мазмұны бойынша берілетін тапсырмаларға қойылатын талаптар мен оның мазмұнын кеңейтуге, оқушылардың білім алуға құлшынысын арттыруға, оқу үдерісіне белсенділігін дамытуға, дайындық сапасын бағалау, тексеру түрлерін өзгертуге, оқушылардың іс - әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға жағдай тудыратынына көз жеткіздік. Электротехника пәндерін оқыту кезінде оқушылардың дайындық сапасын арттыруды заманауи ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері төмендегідей, олар:

- кез келген көлемдегі  және кез келген түрдегі ақпаратты  кез келген қашықтыққа тез  арада тасымалдай алу;

- алынған ақпаратты компьютерде  қажетті уақытқа дейін сақтай  алу, өңдеу, шығару және т.б.

- алынған материалды өз  тасымалдауына ауыстыра алу, басып  шығару және онымен қажетті  уақытты жұмыс жасай алу.

Сонымен, білім беру жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологиялар оқытуды тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді:

1. Заманауи ақпараттық технология құралдарын басқару тұрғысынан қолдану.

Заманауи  ақпараттық технология  құралдары оқу - тәрбие үдерісін оңтайлы басқаруға, оқушылардың іс - әрекетіне сапалы түрде бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

  1. Заманауи ақпараттық технология құралдарын дайындық сапасын арттыру тұрғысынан қолдану.
  2. Ақпараттық технология құралдарын танымдық тұрғыдан қолдану.

Психологиялық педагогикалық аспектілері С.Пейперт, Дж.Нок секілді ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Мәселен, С.Пейперт «компьютермен оқытуда бала өзінің интеллектуалдық құрылымын құрушы құрылысшы бала қазіргі техниканы меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар жаратылыстану, математика  пәндерінен ,  басқа да интеллектуалдық  дамуына қажетті ақпараттармен танысады» - дейді. Компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар өзінің қызығушылығына  орай оқу дағдыларын меңгереді,  айнала қоршаған әлеммен танысады, өз бетінше білімін толықтырады, жетілдіреді, білуге құштарлығы  артады, алатын мамандығы туралы мәлімет, оның еңбек рыногындағы  орны нақтыланады. Сондықтан, оқушыларға ақылмен, сапамен, белгілі  бір режиммен әрекет жасауға төселдіру, қажетті ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру - педагогтардың міндеті деп білеміз.

2. Заманауи ақпараттық технология құралдарын әдістемелік тұрғыдан қолдану.

Оқушылар заманауи ақпараттық технология құралдары арқылы білім алу барысында өзінің білімін, білігін, қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейтеді, қажетті ақпаратты алады. Оқушы компьютерде дербес жұмыс істей отырып, фактілерді талдайды, терең ұғынады, нәтижесін саластырады, талдай отырып, жадына сақтауға ұмтылады. Осылайша меңгерген білімдерін оқу тәрбие үдерісінде еркін айтып, серіктерімен сұхбаттасады. Белгісіз жайтты білуге құлшынысы, ешкім әлі біле қоймаған жаңалықты жедел меңгеруге талпынысы артып, білім сапасының жоғарылауына, тұрақталуына, іс- әрекетінен көрініс беруге әрекеттенеді. Әрекет - тұлға болмысын ұйымдастырушы және іске асырушы субъектінің белсенділігін арттырушы. Зерттеу жұмысымыздың  мақсаты заманауи ақпараттық технология құралдары арқылы оқушылардың дайындық сапасын арттыру болғандықтан, колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудағы әрекет құралы ретіндегі мүмкіндіктерін толығырақ ашуға тырыстық.

Заманауи ақпараттық технология негізінде колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыруда заманауи  ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін анықтау қажеттігі туды, оны жүзеге  асыру мақсатында мектептің бухгалтерлік, экономикалық, мал дәрігерлік бөлімдерінің оқушылары арасында сауалнама, пікірлесу, әңгімелесу және т.б. жұмыстар жүргізілді. Негізгі мақсатымыз  - оқушылардың дайындық сапасын арттыру үдерісінде олардың заманауи  ақпараттық технологияны қаншалықты меңгергенін, оны пайдалану деңгейін анықтау. Зерттеу жұмысы барысында колледж оқушыларының арасында жүргізілген сауалнама барысында төмендегі жайттар анықталды:

-   келешек маман иесі ретінде ақпараттық қоғам талабына сәйкестігі;

- колледжде білім алу барысында заманауи ақпараттық технология көмегімен жинаған теориялық және практикалық білімінің жеткіліктілігі;

- физика және технология пәндерін оқыту барысындағы заманауи ақпараттық технологияны пайдалана отырып оқытуды қанағаттандыруы;

- заманауи ақпараттық  технологияны қолданудағы алған  білімі мен біліктілікті меңгеру  мақсатындағы тәжірибелік  дайындық  деңгейінің толықтығы;

-   компьютерлік сауаттылық деңгейі;

-   заманауи ақпараттық технология құралдарын пайдалану дәрежесі;

- физика және технология пәндерін оқыту барысында электронды оқу құралдарын, компьютерлік бағдарламалық оқу құралдарын, Интернет желісін қолдану жиілігі;

- заманауи ақпараттық технология құралдарын және оқу, жеке әрекетінде қолдану дәрежесі,

- заманауи ақпараттық технология құралдарын меңгеруге деген сұранысы, қызығушылығы;

- заманауи ақпараттық технология  көмегімен білімдік, біліктілік, іскерлік дағдыларды меңгеруі;

- компьютерлік сауаттылықтың пайдасының іс тәжірибедегі көрінісі;

- заманауи ақпараттық технологияның   дайындық сапасын арттырудағы орны, рөлі.

Аталған  шаралардың нәтижелері колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру жолдарын анықтай, жүргізілетін іс - әрекеттерді нығыздай түсуге септігін тигізді.

Зерттеу барысында заманауи ақпараттық технология құралдырының колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін айқындалды. Олар:

1. Оқушылардың білімді өз бетінше толыққанды алуына және оны жеткі-лікті ұғынуына қажетті қызметтің түрлі формаларын ұйымдастырады;

2. Қазіргі заманғы ақпараттар және телекоммуникациялық техноло-гиялардың барлық түрлерінің мүмкіндіктерін оқу іс - әрекетінің түрлі үдерісінде – ақпаратты тіркеу, сақтау, өңдеу, объектілерді, құбылыстарды модельдеу және орындау - пайдаланылады;

3. Оқу үдерісінде мультимедиа, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелер технологиясын пайдалану арқылы қажетті ақпаратты тікелей енгізу;

4. Мектеп оқушыларының интеллектуалды мүмкіндіктерінің, олардың білімінің, ой - өрісінің, дағдыларының деңгейін анықтайды, мемлекеттік  білім беру стандарттарына  сәйкес материалдарды игеру нәтижелерін өлшейді;

5. Оқушылардың оқу іс - әрекетін оқушылардың  интеллектуалдық дең-гейіне сәйкес басқару, білім алудың әдістері мен қолданылатын құралдарын  есепке алады;

6. Оқушылардың өз бетінше білім алу әрекетіне жағдай жасайды, өзін өзі үйрету, дамыту, жетілу дағдыларын қалыптастырады;

7. Оқушыларға білім берудің мазмұны мен мақсатына сәйкес маңызды ақпаратпен жедел қамтамасыз ете алады;

8. Білім беру ісінің тиімділігін арттыру мақсатында субъектілердің өзара қарым - қатынасына негіз жасайды.

Көрсетілген мүмкіндіктерді басшылыққа ала отырып, заманауи ақпараттық технологияларын колледж ұжымы сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, іс - шараларды ұйымдастыруда қолдануды кеңінен жүзеге асыруда.

Колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру мақсатында оқу тәрбие үдерісі барысында игеруге тиісті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған іс - әрекет түрлерін. Оқыту және бақылау түрлері ретінде төмендегідей 5 кестеде топтадық .

Колледж оқушыларының білімін сапасын арттыруға бағытталған теориялық, практикалық дайындық түрлері мен бақылау түрлерін заманауи ақпараттық технологиялар арқылы қарастырайық.

Дәріс -  білім берушінің  ауызша оқу курсының белгілі бір бөлімін жүйелі  түрде  баяндауынан тұратын оқытуды ұйымдастыру  түрлерінің бірі .

 

 

 

Кесте   5

Колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлері

  Оқыту  түрлері

  Бақылау  түрлері

Теориялық дайындық

Практикалық дайындық

Дәстүрлі

Жаңаша

Дәріс

Семинар

Зертханалық жұмыс

Өзіндік жұмыс

Сабақтан  тыс жұмыс.

 Кеңес алу

Практикалық сабақ

Тәжірибелік сабақ

Практика

Іскерлік ойындар

Бақылау жұмысы

Дербес әңгімелесу

Коллоквиум

Сынақ

Тестілеу

Рейтинг

Мамандық бойынша  кешенді емтихан


Оқытудың осы түрінің осал жерлері де жеткілікті.  Себебі, дәріс өзге адамның  тыңдаушылардың жай ғана  қабылдауына   бейімдейді, оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс істеуіне  кері әсер етеді. Білім берушінің  баяндап тәжірибелерді  сараласақ, американың  жоғары мектептерінде дәріске бөлінген уақытты қысқарту қарастырылған.  Дегенмен, дәрістен бас тарту оқушылардың білім деңгейін төмендетуге  соқтырып отыр. Кейбір жағдайда дәрісті оқытудың  басқа түрлерімен ауыстыруға болмайтынын тәжірибе көрсетуде. Сондықтан, осы  күнге дейін дәріс қолданыста, колледжде оқу үдерісін ұйымдастыруда өте тиімді. Ал, дәрісті ақпараттандыру жолын іздестіру, оңтайлы пайдалану - колледждің көкейкесті міндеттердің бірі.

 Дәрістік сабақтың үдерісі кезінде заманауи ақпараттық технологияны, атап айтқанда, электрондық оқу ресурсын қолдануда арнайы кітапхана  түріндегі сандық дәрістік материалды пайдалануға болады.Телеконференция режимінде колледждің глобальды (Internet) және жергілікті  (Internet) жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады. Көрнекілік негізінде сандық дәрістік материалды пайдалану - визуальды  дәрісті қарастырады, көрнекілік  принципіндегі тәжірибелік тәсілді іске асыру ретінде қарастырылады. Мұндай дәрісте білім беруші дәрістің тақырыбын толығырақ ашу үшін визуальды материалдарды кеңінен баяндауына тура келеді. Аталған дәріс арнайы  компьютерлік проекторлармен жабдықталған дәрісті аудиторияларда немесе компьютерлі сыныптарда өткізілу тиіс.

Осы айтылғандарды түйіндей келе, біз дәрісті оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі және болашағы бар түрі деп  тұжырымдаған. Келешекте колледжде ақпараттық технологияны қолдана отырып дәріс түрлерін белсенді түрде ендіруді дәріптеуіміз қажет.

 Практикалық сабақ. Практикалық сабақтар - зертханалық жұмыс, жаттығу, семинар пәндерді тереңірек  оқып - білуге арналған. Колледж оқушыларының пратикалық міндеттерді шешу мақсатындағы дағдысын қалыптастыру үшін маңызды рөл атқарады. Оның құрылымы негізінен  дәстүрлі болып келеді – оқушылардың кіріспе сөзі, өткен практикалық сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақ беру, тәжірибелік бөлім, қорытынды сөз. Тәжірибелік бөлімде  түрлі  жұмыстар жүреді - мәнжазба, баяндама, пікірталас, жаттығу, есептеу және т.б. Практикалық сабақтар оқушылардың  жеке  және топпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Практикалық жұмыс барысында білім алушы тапсырманы жеке орындайды, білім берушінің көмегін тікелей немесе  жанама түрде алады. Бұл әрбір оқушының білім алуын реттеуге мүмкіндік тудырады. Практикалық  сабақтар топпен жұмыс жасауында аудиториядағы білім алушылар бірнеше топқа  жіктеліп, біркелкі немесе әркелкі тапсырма орындайды. Топтар  оқушылардың танымдық  қасиеттеріне, көзқарастарының  бірегейлігіне немесе өздерінің қалауына  қарай құрылады. Дифференциациялық  тапсырмаларды орындау  оқушыларға топпен, ұжыммен жұмыс істей алу дағдысын дамытуға бейімдейді.

Практикалық сабақтардың барлық түрлерінде ақпараттық технологияны   белсене қолдануға болады.       Ақпараттық технологияны қолдана отырып, имитациялық, есептік, зертханалық, модельдік, оқу - ойындық  сабақтарды жобалауда және практикада қолдануда практикалық сабақтың  сипатын, мақсатын және онда оқушылардың жұмыс істей алу мүмкіндігін ескеру қажет. Сондай ақ, білім беруші мен оқушылардың қызметіне орай практикалық сабақтың түрін және оны өткізу әдісін де дұрыс таңдай білген жөн.

Маңызды аспектілердің бірі  - практикалық сабақ барысында қолданылатын ақпараттық технология құралдары. Әркелкі аудиториялар немесе колледжден тыс жерлерде орналасқан жерлерде теле- қатынастық құралдар көмегімен практикалық сабақтарды өткізуге болады. Тәжірибелік оқыту және оны интенсификациялау үдерісін сапалы ұйымдастыру үшін жаңа  мүмкіндіктер туындайды. Ақпараттық технологияларды осы тұрғыдан қолданған жағдайда білім беруші модератор функциясын атқарады.

 Жаттығу. Жаттығуды орындауда оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруға көңіл бөлінеді, онда оқушылар теорияның көмегімен есептер шығарады, өткен материалдарды  пысықтайды және  т.б. Сондықтан берілген тапсырманың шешу құралдары ақпараттық ресурстардың базасында болуы шарт.

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары