Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

Зертханалық жұмыс.  Колледжде қосымща оқу теориямен және практикамен үйлесімді  құрылады. Зертханалық жұмыс оқушыларға алған  теориялық білімін тәжірибеде біліктілі, дағды тұрғысында  кіріктіруге мүміндік береді, оқушылардың зертханалық  жұмысқа қажетті  құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Орындалатын зертханалық  жұмыстардың  тапсырмалары:

- іргелі  жұмыста барлық оқушыларға бір мезгілде  бірдей;

- жеке жұмыста әр оқушыларға  әртүрлі тапсырма беріледі және  оның орындалу мерзімі мен  күрделілігі әртүрлі болып беріледі. Аталған тапсырмаларды орындау оқушылардың біліктілігін және дағдыларын қалыптастыруға  ықпал етеді, білім беруші оны қорытынды есеп беру кезінде бағалай алады.

Өз бетінше жұмыс. Колледжде оқушылардың ғылыми және оқу әдебиеттерін өз бетінше оқуы - қажеттілік. Белгіленген мақсатқа жетудің     жолы – оқушылардың   білімін толықтыруға құштарлығын, ынтасын арттыру, сондықтан оқушыларға  өз бетінше білім толықтыруға жағдай тудыру қажет. Заманауи ақпараттық технология құралдары колледжде оқушыларға өз бетінше білім алуға қызықтыруы, белсендіруі, жетелеуі тиіс. Телеқатынастық құралдар оқушылардың өз бетімен ізденуі, мүмкіндік жасауы, қол жетерлік жағдай тудыруы керек. Білім алушылардың өз бетінше атқаратын  жұмыстарының қатарына:

- белгілі   үлгі бойынша  алгоритм негізінде өз бетінше  орындалатын жұмыс, мұндай жұмыс  түрлеріне жаттығу түріндегі  үй жұмысы, кітаппен қосымша жұмыс, оқу материалын  жүйелеу, ақпараттық  ресурстарды таңдау және т.б. жатады;

- өз бетінше  жұмысты  қайтадан құру, оқу материалының  құрылымын жаңарту, жандандыру, мұндай  жұмыс түріне үй жұмысын өзбетінше  шығармашылықпен орындау және  т.б. жатады;

- өз бетінше  вариативті  түрде танымдық міндет атқаратын  жұмыс  жасау, мұндай жұмыс түріне  оқушылардың белгісіз проблемалық  жағдайға талдау жасауы мен  жаңа ақпарат іздестіруі талап  етілетін жұмыстар жатады, мәселен  курстық  немесе дипломдық жұмыс, үй жұмысы және  т.б.

- өз бетінше шығармашылық  (ізденушілік) жұмысы, мұнда ақпараттық  технология құралдарын қолдана  отырып, міндетті түрде оқушылардың  тікелей қатысуын талап етеді, тапсырма курстық, дипломдық, жеке, дара ізденушілік түрінде беріледі.

 

 

3.2.1 Күнтізбелік -тақырыптық  жоспарын жасау әдістемесі.

 

Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттар олар: күнтізбелік-тақырыптық жоспар және сабақ жоспары болып табылады (6 кестеге сәйкес).

Сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. (Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі).

Оқытушы оқу пәнінің тақырыбы оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп, календарлық-тақырыптық жоспар құрастырады. Календарлық- тақырыптық жоспар алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды. Календарлық-тақырыптық жоспарының негізі- тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал, сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау т.б. кіреді.

Календарлық-тақырыптық жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады:

1) тақырыптық оқу материалын  сабақтарға бөлу (1,2,3,4 графалар )

2) әрбір сабақтың әдістемесі (5,6,7,8,9 графалар)

3) оқу-тәрбие процесін  жабдықтармен қамтамасыз ету (10 графа)

Календарлық-тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптық мазмұнын логикалық байланыстырады.

Календарлық-тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек:

- сабақтың мақсаты мен  міндеттері;

- оқыту жұмысын ұйымдастыру  формасы;оқыту түрі мен әдістерін  таңдау;

- сабақта өтілетін материалдардың  тақырыбы мен мазмұны;

- сабақ уақытының ұзақтығы;

- жылдық, жарты жылдық  және апта күндері;

- сабақ барысындағы оқушылардың  өзіндік жұмысы;

- пәнаралық байланысты  іске асыру;

- тәрбиелік жұмыспен байланыс;

- өндірістік оқытумен  байланыс, көрнекі оқу-құралдарын, дидактикалық  материалды және техникалық оқу-құралдарын  пайдалану жолдары;

- оқушыларға үй тапсырмасын  беру;

- тақырып бойынша оқу  және әдістемелік әдебиеттерді  пайдалану т.б.

Мұғалім календарлық-тақырыптық жоспардың компоненттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптық мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды.

Календарлық-тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып бекітіледі.

Календарлық-тақырыптық жоспар- кәсіптік цикл пәндерінің оқытушының әдістемелік жұмысының бір элементі. Календарлық-тақырыптық жоспар күнтізбелік сеткалық кесте негізінде және құрылымдық логикаға сүйене отырып жасалады.

КТЖ бірнеше пунктерден тұрады.

1. Аптаның нөмері жазылады.

2. Сабақтың нөмері белгіленеді.

3. Сабақтың қысқаша мазмұны  жазылады.

4. Сабақ уақыты жазылады.

5. Сабақтың түрі мен  әдісі жазылады.

6. Сабақтың мақсаты жазылады. Сабақтың пәнаралық байланысы  белгіленеді.

7. Жалпы білім беру  цикл пәндері

8. Кәсіптік техникалық  цикл пәндерінен

9. Оқушылардың өзіндік  жұмысы жазылады.

10. Үй тапсырмасы.

11. Техникалық оқыту құралдары  мен дидактикалық материалдар  жазылады.

КТЖ- әр пәнге толық жазылып шығады.

КТЖ- негізінен пәннің оқу бағдарламасына қарап жасалған.

 

Кесте 6

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Оқу аптасының нөмірі

Сабақ нөмірі

Сабақты оқылатын тақырып материалының қысқаша мазмұны

Сабақ сипаттамасы

Пәнаралық байланыс

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Үй тапсырмасы

Сабақтың материал техника-лық жабдықта-луы

Ұзақтығы сағ

Оқыту-тәрбиелік мақсаты

Сабақтың типі мен әдісі

Жалпы білім беру

 циклы пәндерімен

Кәсіптік-техникалық цикл пәндерімен,пән ішіндегі байланыстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

                   Тақырып № 34  «Үшфазалы трансформатор»                                    Фс= 1+1=2сағ

20

 1

35

Трансформатор

2

Трансформатор туралы түсіндіру.

Жаңа сабақ

Физика, геометрия

Электр жетегі

Қысқаша Конспектілеу

Қалықов Б.Р., Сылкин М.В. Өмірзақов Ш «Электр машинелері»

Плакаттар, макеттер.

21

2

35

Трансформатордың жұмысы

2

Трансформатордың жұмысы туралы түсіндіру.

Аралас сабақ

Физика

Электр жетегі

Жұмыс схемасын жазу

Қалықов Б.Р., Сылкин М.В. Өмірзақов Ш «Электр машинелері»

Плакаттар, макеттер.


 

      1. Сабақ жоспарын жасау

 

Сабақ жоспары оқу бағдарламасына және перспективалық-тақырыптық жоспарға сай жасалады. Сабақты параллель топтарды өткізу оқыушы сабақты өткізу ерекшелігін көрсете отырып, бір жоспар жасауына болады. Сабақ жоспарында мыналар көрсетіледі: тақырыбы мен оқу тәрбиелік мақсаты, оның білім беру мен тәрбиелеу міндеттері, анықталған негізгі элементтер мен құрылымы, жекеленген элементтерге бөлінген уақыт,  материялды-техникалық қамтылуы, оқытушының жұмысты хабарлауы бойынша кезектілігі мен мазмұны,  оқушылардың білімдері мен ескерлектерін бекіту мен бақылау, өзіндік жұмыстың мазмұны мен сипаты, үй жұмысы мен басқа сұрақтар.

Сабақ жоспарының көлемі көбінесе сабақ мазмұны мен мақсатына оның оқу процесіндегі орнына, оқытушы тәжірибесіне, оның негізгі материялды есте сақтай алу қабілетіне байланысты.

Сабақ жоспары міндетті құжат, ол әрбір сабаққа жасалуы тиіс. Сабақ жоспары екі бөлімнен тұруы керек деген талапқа сүйене отырып жасалынады: біріншісі - жалпы, ол ішкі құрылымы бойынша сабақтың барлық типі үшін ұқсас, екіншісі - «сабақ барысы»  сабақ типіне байланысты жоспардың бұл бөлімінің құрылымында кейбір тармақтар болуы мүмкін.

 

Сабақ жоспары

Пәні : Электротехника

Сабақтың уақыты: 1сағ

Сабақтың тақырыбы : Трансформаторлар

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу, трансформатор ұғымы, трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың трансформатор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Пәнаралық байланыс: Физика, Электр жетегі

Сабақтың көрнекілік құралдары: плакаттар, слайдтар, компьютер, проектор.

Қосымша әдебиеттер:

Қалықов Б.Р., Исаханов М.Ж., Өмірзақов Ш. «Электр машинелері және электр жетегі»

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылардың сабаққа дайындығын,оқу-құралдарын тексеру, журнал бойынша тексеру (2-4)

2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен сұрақтарын тақтаға жазу.(3-5)

1. Трансформатор

2. Трансформаторлардың жіктелуі

3. Трансформатордың құрылысы мен атқаратын қызметі

3. Мұғалімнің жаңа  сабақты түсіндіруі

1. ЦБР пайдалана отырып, бірінші сұрақты түсіндіру (5-6)

2. ЦБР пайдалана отырып, екінші сұрақты түсіндіру (5-6)

3.ЦБР пайдалана отырып, үшінші сұрақты түсіндіруі және оқушыларға сұрақтар беру (5-6)

4. Жаңа сабақты  бекіту. Тест сұрақтары бойынша жұмыс (10-12 мин). Ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдаланып цифрлық білім беру ресурсында жасалған тесттік сұрақтарға жауап беру

5.Қорытындылау. (4-6) 

Оқушыларды бағалау және бағаларын журналаға белгілеу

6.Үй тапсырмасы: (3-4)

Қалықов Б.Р., Исаханов М.Ж., Өмірзақов Ш. «Электр машинелері және электр жетегі»  258 бет

 

 

      1. Таңдалған педагогикалық технология бойынша сабақ өткізу әдістемесін жасау

 

Сабақтың тақырыбы:  Трансформатор

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды  тансформатордың құрылысымен таныстыру.

2.Тәрбиелік: Оқушылардың  техникаға деген сүйіспеншілігін  ояту.

3.Дамытушылық: Трансформатордың  құрылысын үйрете отырып, инженерлік  ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Плакаттар,проектор, компьютер, экран

Сабақтың өткізілу уақыты: 1сағ

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру бөлімі:Аудиторияның дайындығы, сабаққа дайындық,

оқу– құралдарын тексеру, журнал бойынша оқушыларды түгендеу.(2-4мин)

Оқушыларды тізіммен тексеріп, жоқ оқушыларды белгілеп, олардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарларын оқытушыға қарату.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы трансформатор. Сабағымыздың мақсаты сіздерге жалпы трансформатор туралы түсінік беру болып табылады.

2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен сұрақтарын тақтаға жазу:(3-5)

1. Трансформатор

2. Трансформаторлардың жіктелуі

3. Трансформатордың құрылысы мен атқаратын қызметі

3. Мұғалімнің жаңа  сабақты түсіндіруі

1. ЦБР пайдалана отырып, бірінші сұрақты түсіндіру (5-6).

Трансформатор (лат трансформо – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.

Айналатын бөлшектері болмауына қарамастан трансформаторлар (электр) электр машинелері қатарына жатады.

Олар электриндукциялық заң негізінде бір шамадағы кернеулі электр энергиясын, екінші шамадағы кернеулі электр энергиясына айналдырады.

Трансформаторлар электрлік техникада, электроникада, автоматтандыруда, техникада, байланыс құрылыстарында телевидениеде, ЭЕМ мен техниканың басқа салаларында кең қолданыс тапты.

Олардың бір бірінен қызметі мен құрылысы жағынан айырмашылықтары болады. Дегенмен, оларға бір құрылғының түрлері деп қарап, электр энергиясын тасымалдаудың физикалық процестерін мысалдары арқылы зерттейді.

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары