Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

Фибрилляцияциялық ток (100 мА және одан да артық) сол жолмен жүріп кеудеге еніп, жүректің бұлшық еттерін тітіркендіреді. Мүндай ток өте қауіпті: оның әсерінен 1-2 с өткен соң жүректің бұлшық еттерінің талшықтары (фибрилл) жиі қысқарыла бастайды, қан тамырларындағы қанның жүрісі тоқталады және зардап шеккеннің өмірі үзіледі.

5 А ток (айнымалы болсын, тұрақты болсын) фибриллизация күйін  аттап өтіп, жүректің күрт тоқтауына  әкеліп соғады.

Осы уақытқа дейін өнеркәсіптік жиілікті (50 Гц-ке дейін) айныламы ток туралы айтылды. Жиілікті жоғарлатқанда 1000-нан 2000 Гц-ке дейін) электр тогының қауіптілігі айтарлықтай төмендейді жэне 450...500 Гц-те (күйгеннен басқа) толығымен жоғалады. Бұл беттік эффектімен түсіндіріледі: жоғарғы жиілікті ток сезімталдығы жоқ терінің бетімен жүреді.

Тұрақты ток 250...300 В-ке дейін айнымалы токқа қарағанда шамамен 4...5 есе қауіпсіз. Одан жоғары кернеулерде тұрақты ток айнымалы токтан да қауіптірек болады.

Әрбір адамның денесінің кедергіеі әр түрлі болып келеді. Денесі құрғақ, таза жэне терісі зақымдалмаған адамның денесінің кедергісі 3000-нан 100000 м-ға дейін жэне одан да артық өзгереді, мұнда негізгі кедергіні тудыратын адамның терісі, ал дененің талшықтарының кедергісі онша көп болмайды (300...500 Ом). Терінің кедергісіне көп әсерін тигізетіндер, онда- ғы тырналған жэне жара болған жерлер. Терінің сумен немесе термен дымқылдануы, сол сияқты кірленуі оның кедергісін өте төмендетіп жібереді. Адамның бетгің, мойынның, қолының шынтағынан жоғары жағының, саусақгарының сырт жағының, қолтығының шұңқырының терісінің кедергісі өте аз болады. Алақанның, табанның терілері олардың қатқыл және күсті болуына байланысты кедергілері айтарлықтай жогары болады. Кернеу жоғар- лаған кезде терінің кедергісі азаяды, мысалы, кернеу 50...200 В болғанда, сезімділігі жоқ тері қабатыныц бетінің мүйіздік қабатында электрлік тесілуі басталады.

 

 

4.2 Электр тогымен зақымданудың негізгі себептері

 

Электр тогымен зақымдану электр тізбегі кісінің денесі арқылы тұйыкталган жағдайда байқалады. Кісінің екі сымға қолдары тиіп кеткен жағдайда, екі фазалық тиіп кету деп, ал кісі колымен бір сымға тиіп кетіп және бұл кезде ол жермен түйісетін болса, онда оны бір фазалы тиіп кету деп атайды.

Екі фазалы тиіп кеткенде, желілік кернеуі кісінің денесіне беріледі және ол арқылы өте үлкен ток өтеді. Егер кісінің денесінің кедергісі R=3000 Ом болса, онда ол арқылы өтетін ток мынаған тең:

 

I = = 0,127 А= 127 мА.                            (18)

 

Бұл ток адам өміріне өте қауіпті.

Тораптың бір фазасы жермен қосылған нөлдік сымымен түйіспе болғанда, кісінің денесінің кедергісі, аяқ киімі, еден және ток көзінің жермен қосылған нөлдік сымы бір ізді тізбекті түзеді. Бұл тізбекке желілік емес, фазалық кернеу тусірілген. Демек, бұл жағдайда барлығы аяқ киімнің және еденнің кедергісінен тәуелді болады, себебі жерге қосылған нөлдік сымның кедергісі, көбіне, өте аз болады. Егер кісі сыз жерде немесе шеге кағылған аяқ киімімен немесе өткізгіш еденде тұрса, онда аяқ киімінің, еденнің кедергілері кісінің денесінің кедергісімен салыстырғанда жоққа тән аз болып, дене арқылы өтетін ток мынаған тең болады:

 

I = = = 73 мА.                                   (19)

Мұндай ток та адам өміріне қауіпті.

Алайда, кісі резеңкелі аяқ киім киіп, құрғақ ағаш еденде тұрса, онда аяқ киімнің кедергісі 50 000 Ом жэне еденнің кедергісі 100 000 Ом деп есептеп, оның денесі арқьшы өтетін токты есептегенде ол мынаған тең (кісінің денесінің орташа кедергісі 3000 Ом деп есептелген):

 

I = 0,0014 А= 1,4 мА.                           (20)

 

Мұндай ток адам емірі үшін қауіпті емес. Бұдан, біз, резеңкелі аяқ киімді және өткізбейтін еденді қауіпсіздік мақсатында пайдаланғанда қандай маңызды роль атқаратынын көреміз.

Өндірістен шегілетін зардаптарға талдау (статистика) жасағанда мынадай сұрақтарға жауап алуға болады.

Өндірістен зардап шеккендердің жалпы санына шаққанда, электр тогынан зардап шеккендер онша көп емес, небэрі 1%-дың шамасында болады екен. Ал соньщ ішівде электр тогынан қаза болғандар саны жалпы өндіріс жағдайында қаза болғандардың санының 20...40%-ын (энергетикада - 60%) құрайтындығы байқалды. Соның ішінде 75...80%-ы, кісі өлімі 1000 В-ке дейінгі төменгі кернеудегі электр тогының зардабынан болады. 1000 В кернеуге дейінгі электрқондыргыларын пайдалануда қауіпсіздікті сақтаудың шараларының бірі электрқондырғыларымен жұмыс жасағанда жеке сақтану құралын (ЖСҚ) және жерлендіргішпен сақтануды пайдалану болып табылады.

Біз кітаптың алғашқы тарауларында өткізгіштермен диэлектриктер туралы баяндаған болатынбыз. Шын мәнісінде мүлтіксіз (идеал) диэлектриктер жоқ. Олардың бәрі де аздап болса да, электр тогын өткізеді. Егер оларға түсірілген кернеулер өте үлкен болатын болса, онда материалдың кұрылымы бұзылады - бұны диэлектриктің «тесілуі» деп атайды, соның нэтижесінде ол өзінің қасиетін жоғалтып өткізгішке айналады.

Жеке сақтану күралдары (ЖСҚ) адамды электротехникалык құрылғылардың металл бөліктерінен жэне жерден изоляцияландырады. ЖСҚ-ының негізгілері: диэлектрик биялай және арнайы монтаждау қүралдары (қысқыш, тістеуік, бұрауыш және т.б.), бұлардың сабақтары изоляциялайтын материалдармен оралады. ЖСҚ-ының негіздері олардың изоляциялары жақсы болғандықган бұл құралдармен электр қондырғыларының ток жүріп түрған бөліктерімен жұмыс жасай беруге болады.

 

 

4.3 Электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмектер

 

Қазіргі тандағы медицинаның электр тогымен зақымданғанда көрсететін көмегі мол, апайда, кім электрқондырғыларымен жұмыс жасаса, сол зақымданған адамға дәрігердің көмегіне дейінгі алғашқы көмек көрсетуде білуі қажет.

Бәрінен бұрын электр тогынан зардап шеккен адамды токтың әсерінен босату керек, себебі зардап шегуші есі болса, да бұлшық еттерінің еріксіз тартылуынан, мысалы қолына қысып алған сымды да өз бетімен ашып жіберіп қала алмайды. Қондырғыны ажыратқыштан ажырату немесе сақтандырғыш болса, оны бұрап ағытып тастау қажет. Егер ондай мүмкіндік болмаса, әр сымды қиып (шауып) тастау немесе қысқа тұйықтау және электрқондырғысының сымын жерлендіргішпен қосу қажет.

Егер электр қондыргыны тез ажыратуға мүмкіндік болмаса, онда зардап шегушіні ток жүріп тұрған боліктен тез алыстату керек. Бұл жағдайда көмек көрсетуші кернеуге озі түсіп қалмас үшін, барынша сақтық шараларын орындау қажет. Егер зардап шегушінің киімдері құрғақ болса, онда оны ток жүріп тұрған бөліктен алыстату үшін киімін пайдаланады. Бұл жағдайда бір қолын артына ұстап немесе қолтасына салып, (әйтпесе екі қолымен потенциалдары әр түрлі екі нуктені ұстауы мүмкін) екінші колымен киімнен тартады.

Егер зардап шегушінің киімі ылғалданған болса, онда оған резеңке төсегіш немесе құрғақ тоқыма лақтырып, сонан соң токтын әсерінен кұтқарады.

Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету оның күйінен тәуелді. Егер зардап шегуші есін білсе, бірақ ол есінен танған немесе ұзақ уақыт токтың әсерінде болса, онда оны дәрігер келгенше ыңғайлы етіп жатқызу және толық тыныштық жасау қажет. Егер дэрігерді тез шақыру мүмкіндігі болмаса, онда зардап шегушіні тез арада емдеу орнына жеткізу керек.

Егер зардап шегуші ессіз жағдайда болып, бірақ оның тынысы және тамырының соғуы тұрақты болса, онда дәрігер келгенше, киімдерінің түймесін ағытып және белбеуін босатып, таза ауа келуін қамтамасыз ету қажет. Оған нашатырь спиртін иіскету немесе бетіне салқын су бүрку (ауызбен бүрку емес) арқылы оны есіне келтіруге шарапар жасау керек.

Егер зардап шегуші тіршілік белгісін байқатпаса (демалысы және жүрек соғуы жоқ, қарашықтары кеңейген жарыққа еш әсері жоқ болса), онда дәрігер келгенше, кутгірмей жасанды демалу жэне жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Бұл жағдайда зардап шегушіні горизонталь бетке жатқызып, киімдерінің түймелерін ағытып, басын шалқайтып, сонан соң қол орамал арқылы «ауыз- дан ауызға» күштеп ауа үрлейді, сонан соң оның пасстивті түрден қайта шығуына мүмкіндік береді. Әрбір ауа үрлегеннен кейін зардап шегушінің кеуде клеткасы кеңее түсуге тиіс. Жасанды дем алумен қабат жүрекке массаж жасау да жүргізіледі. Ол үшін көмек көрсетуші екі қолымен кеуденің жұмсақ жақ шетінен екі саусақ жоғары қойып, 3...4 см томен қарай ығысатындай етіп, жылдам басып қалады. Бұндай кезде кеуде клеткасын жұлқи басу 1 секунд сайын жүргізіледі және жасанды демалдыру алмастырылып отырады (ауыз арқылы екі рет ауа жіберіліп, 15 рет жұлқи басуды әр 1 с сайын жургізеді). Зардап шегушінің есі кіргенше жасанды дем алдыру және жүрекке массаж жасауды жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Заманауи  ақпараттық технологияны коледждерде оқу үдерісіне қолдану арқылы сабақ сапасын арттырудың жалпы мәселесі негізінен,  қазіргі кезде еліміздің экономикасын қалыпқа келтіру мен дамыту инновациялық әрекеттердің басты мақсаты болуға тиіс екені қажеттілігінен туады. Сондықтан, Қазақстанның стратегиялық инновациялық дамуындағы көпжылдық тәжірибесі еліміздегі коледждер мен мектептердің оқу үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды көптеп қолдануға әкеліп отыр.

Заманауи ақпараттық технология білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу  жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады.

Ал, заманауи ақпараттық технология оқу үдерісіне  қатысты алынған ұғым болғандықтан ол оқытушы мен оқушының іс әрекетіне, оның құрылымына, әдістер формаларын және  т.б. тәуелді. Осыған байланысты ақпараттық технология түрлері,  құрылымы, көрсеткіштер жиынтығына сипаттама берілді.

Бүгінгі таңда оқушыларды оқытуға  емес, олардың оқуына, яғни қажетті  білімді өз бетімен меңгеру және дамыту қабілетіне көңіл бөлген жөн.

 Оқушылардың дайындық сапасын арттыруды заманауи  ақпараттық технологияны  қолдану олардың дайындық сапасын жақсы әсер етеді және қажетті білімді өздігінен меңгеру іскерлігін қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, электротехника сабағында электронды есептеу техникасын пайдалану оқушылардың шығармашылық жұмысының өнімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Компьютер әдеттегі физика есептерін жаңа мазмұнмен толтыруға мүмкіндік берді, оларды анағұрлым қолайлы, қызықты етті.

Жұмысымызды нәтижелей келе, оқушылардың дайындық сапасын арттыруды заманауи ақпараттық технологияны қолдану олардың қажетті білімді өздігінен меңгеру іскерлігін қалыптастырады.

Оқушыларға білім беруде болашақ маманға төмендегідей негізгі педагогикалық еңбек қызметтерін іске асыруды ұсынамыз.

Ұстаздың негізгі еңбек қызметтерін:

1) ақпараттық

2) дамытушылық

3) бағыт берушілік

4) конструктивтік

5) қарым - қатынас

6) ұйымдастырушылық

7) зерттеушілік

8) жаппай қатысушылық 

Білім берудің сапасын меңгеруге талдау  жасау мәселесінде осы өзекті мәселені шешу шеңберіндегі сұрақтарда ғылымда нақты бір  тұрақты негізделген көзқарас қалыптаспаған.

Дипломдық жұмысымызды нәтижелей  келе колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыруда  заманауи ақпараттық технологияны қолдану  олардың қажетті білімді өздігінен  меңгеру іскерлігін қалыптастырады.

1. Колледжде оқушылардың дайындық сапасын арттыруда заманауи ақпараттық технологияны пайдаланудың ерекшеліктері зерттелінді.

2. Колледж  оқушыларының дайындық  сапасын арттырудың өлшемі, көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.

3. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларына электротехника пәндерін меңгертуде оқушылардың дайындық сапасын  арттыру жолдары қарастырылды.

Қорыта келгенде, зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – электротехника  пәндерін оқытуда заманауи ақпараттық технологияны қолдана отырып сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,келешекте  таңдайтын мамандықтарына бағыт беру. 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 «Қазақстан  Республикасының  Индустриалдық - инновациялық дамуының  2003-2015  жылдарға арналған стратегиясы» Қазақстан Республикасы  Президентінің   2003 жылғы  17 мамырдағы  № 1096 Жарлығымен  бекітілген.

2     Қазақстан Республикасы Президентінің  1997  жылғы 22  қыркүйектегі  № 6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру»  бағдарламасы. - Алматы, 1997. -45б.

3    Қазақстан Республикасы  Президентінің   2010 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасындағы білім беруді  дамытудың   2010-2015  жылдарға   арналған    мемлекеттік бағдарламысында»  қаралған. -27 б.

4  Ж.Р.Орынбаева. Информатика в профильной дифференциалции. // Материалы международной научно - управленческой конференции, Шымкент: Южно - Казахстанский госуниверситет, 2001 - Т.2, - С. 222-224.

5     Горячев А.В. Информатика в понятиях и терминах. М, 1991.

6 Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образований М., 1994.

7 Компьютерные технологий обучения: Определение терминов. Киев, 1993. – С. 156.

8 Макарова Н.В. Научные основы методической системы обучения студентов вузов экономическово профиля НИТ: автореф. Док. Дисс. СПБ. 1992.

9  Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования // и образование, 1991, № 4- С. 18-25.

10 Извозчиков В.А., Бордовский Г.А. Информационные технологии. М., 1991. – С. 245.

11 Жалдак М.И. Система подготовки учителей к использованию информационной технологий в учебном процессе: Автореф.док. дисс. М., 1989.

12 Матрос Д.Ш. Информационная модель школы Информатика и образование.-1996. №3.

13 Тажигулова А.И. Педагогические принципы конструирования электронных учебников в условиях информатизации профессионального образования: 2000,  - С.25.

14 Алехина И.В. Дидактические основы применения ЭВМ в процессе формирования педагогических умений у будущих учителей: автореф. Дисс. Кам. Пед. Науч. Бряик. -1994. –С.20

15 Василенко Н.П.Диагностика, Информационное и комбиннирование обеспечение непрерывного повышения квалификации Автореф дисс. .. камд. Пед. Наук. - Ростов - на - Дону, 1997. - С24.

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары