Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

2 БӨЛІМ. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

2.1 МОДУЛЬ I . ӨСУ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1.1 Кіріспе

Мақсаты: Адам физиологиясы пәнініі мақсат-міндеттерімен және мазмұнымен таныстыра отырып, осы пәннің оқу-тәрбие жұмысындағы ролін түсіндіру. Жалпы физиологиялық түсініктермен таныстыру.

Жоспар:

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.

2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.

3 Өздігінен реттелу механизмі.

4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

 

Физиология - клеткалардың, мүшелердің, мүшелер жүйелерінің және бүтін организмнің қызметтері мен механизмдерін зерттейтін ғалым.

Физиологияның мақсаттары-организмнің қоршаған ортамен байланысты жағдайындағы қасиетін, өзгерістерін және қызметтерінің реттелу механизмдерін зерттеу.

Физиологияның маңызын  И.П.Павлов мынадай ойлармен түйіндеген: "Адам - өте күрделі және нәзік  жүйе. Табиғат байлығымен ләзаттану  үшін адам сау, күшті, ақылды болуы керек. Сондықтан физиология адамдарды  тек қана қалай жұмыс істеп, демалып, ауқаттанып қоюды үйретпей, сонымен қатар қалай ойлап, түйсініп, сезінуді үйретеді."

Физиология бірнеше  бөлімдерден тұрады: жалпы физиология, жеке физиология, қолданбалы физиология.

Жалпы физиология бірнеше тармақтардан тұрады: эволюциялық, жастық, экологиялық физиология.

Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді.

Физиология - биология ғылымдарына жатады. Бірақ ол көптеген басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бір ғылымдар физиологияға негіз болса (мысалы, физика, химия, биохимия) басқа біреулеріне физиологияның өзі негіз болып келеді (мысалы, медицинаға). Физиология жетістіктері медицинаның жоғары деңгейге жетуіне әсер етеді. Ал, клиникалық медицинадағы деректер физиологияны байытады. Мүшелер қызметі жөнінде мағлұмат береді.

Биологияның бір бұтағы бола тұра, физиология көптеген биология ғылымдарының  деректеріне  негізделеді. Клеткалардан, мүшелер ұлпаларының және мүшелер жүйелерінің морфологиялық құрылысынан мағлұматты болмай, олардың қызметтерін оқып білу толық болмайды. Организмде жүріп жатқан барлық құбылыстар негізінде физика-химиялық заңдар жатқандықтан, физика мен химияны оқып білу өте маңызды.

Тірі организмдердің функционалдық өзгерістерін және олардың  реттелу механизмдерін физиология - биохимия, биофизика сияқты, төркіндес  ғылымдармен бірге оқиды. Физиологияның кейбір бөлімдері, әсіресе жүйке жүйесі мен анализаторлар (анализаторлар) физиологиясы жан сезіммен (психикамен) тығыз байланысты.

Физиология-гигиенаның, педагогика, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесінің ғылыми  негізі болып танылады.

Оқу мен тәрбие жұмысын  ғылыми негізде жүргізу үшін, адамның  өсуі мен даму заңдылықтарын, қоршаған ортамен байланысын, жас кезеңдеріндегі организмнің бейімделу мүмкіндіктерінен мағлұматты болу қажет. Әсіресе, жоғары жүйке әрекеті жөнінен.

Дене тәрбиесі және спорт  мамандары үшін физиологияны оқып білудің  теориялық және іс-тәжірибелік маңызы зор. Егерде организмге есер етуші дене жаттығуларының физиологиялық заңдылықтарын  жақсы білмесе, мамандардың қызметі  құнды болмайды. Дене тәрбиесінде, әсіресе спортта, жаттығулардың адам организіміне тигізетін әсері өте күрделі. Солар жөнінде мағлұматтарды жақсы білу шарт. Онсыз спорттық жоғары нәтижеге жету қиын.

Спорт физиологиясы, жалпы физиологияның бөлімі бола тұра, басқа ғылымдармен бірге (морфология, биомеханика, спорт медицинасы, гигиена) дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесіне ғылыми негіз болып келеді.

Дене тәрбиесі факулътеттерінде оқытатын физиология курсының мақсаты - болашақ мамандарға адам организімінің  тыныштық және жұмыс кезіндегі өзгерістерінің заңдылықтарын білу болып табылады.

Физиологияның негізгі  тәсілі - тәжірибе. Дәлірек айтқанда-физиология деректері тәжірибе жасау арқылы табылады. Тәжірибе жануарлар мен адамдарға жасалады. Адамның денсаулығы мен өміріне тәжірибе зиян келтірмеуі шарт. Мысалы, велоэргометрде жүктеме беріп, жүрек қантамыр жүйесін зерттеуге болады.

Физиологияда байқаулармен толтырылатын түрлі тәжірибелік  әдістер қолданылады. Зерттеу әдістері жетілдірілген сайын өткір тәжірибелер (наркоз және басқа да факторлар организм функцияларының қалыпты ағымын өзгертеді), созылмалы тәжірибелерге орын береді. Солардың арқасында организмнің сыртқы ортамен әрекеттесулері жағдайларында қызметін зерттеу мүмкін болады.

Жануарларға жасалған тәжірибелерде сылып тастау (экстирпация) және мүшелер мен ұлпаларды егу, қан, сөл, несеп және лимфа алу үшін фистулалар салу, мүшелер мен ұлпаларды тітіркендіру және биотоктарын тіркеу үшін электродтарды енгізу тәсілдері қолданылады.

Адамға жасалатын физиологиялық  зерттеулер ішінде биоэлектрлік, тензометриялық, фотометриялық, телеметриялық және басқа физикалық  тәсілдер үлкен маңызға ие болуда. Организмді жете білуде осы замандағы электроңды және есептеуші аппараттарды пайдалану құнды. Бұлар тек қана шеткі мүшелер қызметін білуді қамтамасыз етпейді, сонымен қатар тереңде жатқан мүшелер мен ұлпалардың қызметін зерттеуге және организм функцияларының түрлі көрсеткіштерін түйісу жолымен ғана емес, радиотелеметрия жолымен де тіркеуге, алынған материалдарды есептеу машиналарының көмегімен математикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1 Физиология ғылымы  нені зерттейді?

2 Физиологияның қандай  зерттеу әдістерін білесіз?

3 Өсу және даму процестеріне  ортақ заңдылықтарды атаңыз.

 

2.1.2 Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және оның жастық ерекшелктері

Мақсаты: Жүйке жүйесінің маңызы, қызметі туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

1 Қозғыш ұлпалар физиологиясы.

2 Жүйке жүйесінің маңызы

3 Жүйке ұлпасының құрылымдық  элементтері: нейрон, синапс, нерв  талшығы.

4 Рефлекс. Рефлекс  доғасы. Оның түрлері.

5 ОЖЖ-і қызметінің  үйлесімділігі.

6 ОНЖ бөлімдерінің физиологиясы: жұлын, ми бағанасы, алдыңғы ми. Олардың жастық ерекшеліктері.

 

1)Тірі құрылымдар  мен оларға әсер етуші факторлар  арасындағы өзара әрекеттесудің  жалпы заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді. Осыған орай бұл құрылымдарды қозғыш құрылымдар деп атайды. Мұндай құрылымдарға бұлшық ет, нерв және секреторлық клеткалар мен ұлпалар жатады. Қозу физиологиясындағы ұғымдарға: тітіркену, тітіркенгіштік, тітіркендіргіштер, тітіркендіру, қозғыштық, қозу, тежелу, лабильділік жатады.

Барлық тірі клеткалар тканьдер белгілі бір  әсерлерді қабылдап, оған жауап ретінде  өздеріндегі зат алмасу процесін өзгерте алады, осыдан олардың тиісті функционалдық күйі өзгереді. Мұны тітіркену деп атайды. Тітіркену тітіркенгіштік қасиеттің нәтижесі. Қозғыш құрылымдарға әсер етуші сыртқы және ішкі орта факторларын тітіркендіргіштер десе, ал әсердің өзін тітіркендіру деп атайды.

Тітіркендіргіштер:

А) өздерінің  табиғаты жағынан:

  • физикалық (температура, ауа, қысым, ылғал, дыбыс, сәуле);
  • химиялық (тұздар, қышқылдар, ...);
  • биологиялық (микроорганизмдер, ...);
  • механикалық (соққы, қысу, ...).

Б) рецептоларға байланысты:

  • адекватты – белгілі бір рецепторлар таңдап сезетін тітіркендіргіштер (көру рецепторлары үшін жарық);
  • инадекватты – рецепторлар таңдап сезбейтін қалған басқа тітіркендіргіштердің барлығы.

В) шығу тегіне қарай:

        • сыртқы – қоршаған ортадағы әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлар;
        • ішкі – организмнің ішкі ортасындағы физикалық, химиялық, биологиялық факторлар;

Г) күшіне қарай:

          • табалдырық;
          • табалдырықтан төмен;
          • табалдырықтан жоғары;
          • субмаксималды;
          • максималды;
          • супермаксималды

деп ажыратады.

Эффект қозу түрінде беріледі.

Қозу дегеніміз тиісті адекватты тітіркендірудің күші мен әсер ету ұзақтығы жеткілікті болған жағдайда клетка мен тканьдегі зат алмасу процесі өсе келе сапалы жаңа деңгейге жеткенде олардың өздеріне ғана тән спецификалық активті рекция көрсетуі. Қозу қозғыштықтың арқасында іске асады.

Минималды қозу тудыра алатын тітікендірудің ең аз күшін  оның табалдырығы деп атайды. Күші бұдан аз болса табалдырықтан төмен, ал көп болса табалдырықтан жоғары тітіркендірулер деп атайды. Ең күшті қозу тудыра алатын тітіркендіру максималды, күші бұдан біраз төмен тітіркендіру субмаксималды, ал күші одан артық тітіркендіру супермаксималды деп аталады. Мүшенің максималды қызметін мүмкіндігінше ұзақ қамтамасыз ете алатын тітіркендірулерді оптималды, ал күші бұлардан артық, бірақ оптималды эффектіні тудыра алмайтын тітіркендірулерді пессималды деп атайды. Яғни, оптималды тітіркендірулер әсерінен ұлпада оптимум күй, ал пессималды тітіркендірулер әсерінен ұлпаның пессимум күйі пайда болады.

Бұл түсініктер орыс физиологы Н.Е.Введенскийдің  зерттеулерімен байланысты.

Қозу физиологиясында  зерттеудің ең қарапайым, әрі ыңғайлы  объектісі- нерв-бұлшық ет препараты.

Бір секундта пайда болатын қозу толқындарының  максималды жиілігімен анықталатын  ұлпа қасиетін лабильділік (функционалдық жылжығыштық) деп атайды.

Тежелу эволюция процесінің барысында пайда болған және тітіркендіруге жауап ретінде туатын активті процесс. Ол қозуды әлсіретіп, тоқтата алады.

Тірі ұлпаларда  болатын электрлік құбылыстардың (биопотенциалдардың, биотоктардың) бірнеше  түрін ажыратады. Олар:

  1. тыныштық потенциалы;
  2. зақымдану (альтерациялық) потенциалы;
  3. электорндық потенциал;
  4. локальдық потенциал немесе локальдық жауап;
  5. қақпа потенциалы;
  6. әрекет потенциалы (1 фазалы, 2 фазалы);
  7. табалдырық потенциалдары.

2)Нерв жүйесі организмді  өзгеріп отыратын сыртқы орта  факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын  қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі  жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады. Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

  1. Орталық нерв жүйесі.
  2. Шеткі нерв жүйесі.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі нерв жүйесіне орталық  нерв жүйесінен тараған нервтер  мен орталық нерв жүйесінен тысқары  орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік  жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

  1. Соматикалық нерв жүйесі.
  2. Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек – қимып аппаратын  нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын  қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін  соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың  қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

3)Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады. Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон және глиальдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының  құрылымдық және қызметтік бірлігі  нейрон болып табылады. Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Бірақ информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нерв жасушалары (нейрондар) іске асырады. Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығады: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронның басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты( былайша айтқанда байланысты) түзеді 

Әртүрлі нейрондар денелерінен  шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді