Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Адам қимылдары  сөз өсеріне төуелді. Қимылдарды  тілмен реттсу мидың маңдай белімінің қызметі. Дамудың алғашқы кезеңцеріңце (2-3 жаста), ерікті қимыл реакцияларын  реттеу,  тіл нүсқауымен  сөйкес  келмейді. Тілді  меңгерген сайын  (3-4  жаста) мына қимыл  "керек", мынаның  "керегі жоқ" деп айта алатын інамаға келеді. Тілді жасаушы еттерцен таражан афференгтік тітіркеністер, жүмыс істеп түрған бұлшық  егтерцің  проприорецептивтік   сигнадцарын  толықтырып,  өте маңызды бағдар береді Тіл арқылы ацам езіне-өзі есеп береді, қимылдардың маңызын қайтадан түйсіктен өткізіп бағалайды. Дамыған  сайын қарапайым тіл  реакциялары  күрделеніп, өзін-өзі  реттеуші күрделі жүйеге айналады.

Баланың сыртқы тілі (айтатын сөздері)  алдымен сыбырға айналып, кейін  ішкі тшге айналады. Ішкі тіл (ой ойлау процесі) үлкен адам  өрекеттерінің маңызды ретіеушісі. Маңдай белімі зақымдаліанда тіл сақталуы мүмкін, бірақ қимыл өрекеттерін реттеудегі релі  бүзылады.  Ауру  басқа ацамнан келетін сөз нусқауларын, не болмаса езінің іштей нүсқауъш  орьшдай алмайды. Қимылдар стереотипті, инертті,  мағынасыз болып қала береді.

Бақылау сұрақтары:

1 Қандай дене қалыптарын білесіз?

2 Қимыл-қозғалыстарды басқару,  реттеу кезіндегі кері байланыстардың  ролі қандай?

 

2.2 МОДУЛЬ II. ІШКІ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.  ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ГУМОРАЛЬДЫҚ ЖОЛМЕН РЕТТЕЛУІ

 

2.2.1 Қан және оның жас ерекшеліктері

Мақсаты: Қан жүйесі, оның құрамы, көлемі, дамуы, түзілуі, реттелуі туралы түсіндіру.

Жоспар:

1 Қан қызметі

2 Қанның физико-химиялық  қасиеттері

3 Қан құрамы.

4 Қан жүйесінің реттелуі.

5 Бұлшық ет қызметі  кезіндегі қан өзгерістері.

6 Қан жасушаларының  түзілуі. 

7 Иммунитет.

 

Қан, лимфа және ұлпа суы, барлық клеткалар мен ұлпалардың тiршiлiгi өтiп жататын организмнiң iшкi ортасы. Қан ұлпаның ерекше түрi болып келедi де, мынаңдай қасиеттермен сипатталады: 1) құрамында пiшiндi элементтерi немесе қан түйіршiктерi бар сұйықтық орта;  2) тынымсыз қозғалыста;  З) қанның құрамындағы заттар, онан тыс жерде пайда болып және талқандалады.

   Қанды жасайтын  және талқандайтын мүшелермен (жiлiк  майы, көкбауыр, қарабауыр және лимфа  бездерi) тұтас жүйе құрайды (Г.Ф.Ланг). Қызметi рефлекторлық және гуморальдық жолмен реттеледi.

   Қан тамырлар iшiнде  шыр айналып организмде мынаңдай  қызметтердi атқарады: 1) тасымалдау; 2) реттеу; 3) қорғау; 4) тыныс алу.

   Қан  қоректiк  заттарды (глюкозаны, аминоқышiқылдарды, майларды және т.б.) клеткаларға жеткiзедi, ал зат алмасу қалдықтарын (аммиакты, мочевинаны, несеп қышқылын және т.б.) шығару мүшелерiне әкетедi. Түрлі мүшелер мен ұлпаларға әсер ететiн гормондар мен физиологиялық затарды тасымалдау арқылы қан реттеу қызметiн атқарады. Қан  қызметiмен дене температурасының қалыптылығы да iске асады. Қорғау қызметі ақ түйiршiктердiң фагоцитозға  деген қабiлетiнiң және иммунды денелердiң микроорганизмдер мен уларын залалсыздандырумен байланысты. Оттегiнi өкпеден ұлпаларға, көмiрқышқыл газын өкпеге жеткiзiп отырып, қан тыныс алу қызметiн аткарады.

 

§ 2. Қанның организмдегi мөлшерi

 

   Ересек адам  қанының жалпы мөлшерi дене массасының 5-8% құрайды да, 5-6 л сәйкес келедi. Қан  мөлшерiнiң дене салмағына  қатынасы, орта есеппен, еркектерде 61,5 мп/кг, ал әйелдерде - 58,9 мп/кг.

   Тыныштық күйде  барлық қан массасы тамырлар  айналымында болмайды. Оның 40-50% деполарда  сақталады (көк және қарабауырда,  терi және өкпе тамырларында). Деполардағы қанның көлемдiк бiрлiгiнде, тамырларда айналып жүрген  бөлiгiнен гөрi, пiшiндi элементтерi көп болады. Қанның  деполардан жалпы қанайналым арнасына шығуы көптеген факторларға байланысты. Солардың iшiндегi ең маңыздысы организмнiң оттегiге мұқтаждығы  болып есептеледi (бұлшық ет жұмысы, қан кету, атмосфералық кысымының төмендеуі және т.б.). Қанның  1/З-нен айырылуы өмiрге кауiптi. Денi сау адамға шамалы мөлшерде (200-400 мл) қанынан айырылу қауiптi емес, керiсiнше, қанның жаңаруына әкеледi.

 

§  3. Қан құрамы

 

   Қан  пiшіндi денелерден (55-58% ) - қызыл түйіршiктерден (эритроциттерден), ақ түйіршiктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) және сұйық бөлiмi плазмадан (42- 45%) тұрады.

   Адам мен сүтқоректілерр  қызыл қан туйiршiктерінiң диаметрi 7-8 мк ядросыз арнайы клеткалар. Олар жiлiк майында жаралып, бауыр мен көкбауырда талқандалады.  1 мм3 қанда еркектерде, орта есеппен, 5 млн., әйелдерде 4,5 млн., қызыл қан түйiршіктерi болады.

   Қызыл қан түйiршiктерiнің  құрылысы атқаратын кызметiне  орай газдарды тасымалдауға бейiмделген. Оның екi жағы ойыс диск тәрiздес. Мұндай пiшiн оны сыртқы ортамен жанасу көлемiн ұлғайтып, газ алмасу процесiн жеделдетуге септiгiн тигiзедi. Дамуының алғашқы фазаларында ядролары болады да, ретикулоциттер деп атайды. Әрi қарай даму барысында ядро орынын тыныс пигментi — гемоглабин, (Нв), қызыл түйiршiктердiң құрғақ затыньңт 90% құрайды.

    Гемоглабиннің  оттегiнi оңай байлай және ажырай  алатын қасиетi бар. Оны өзіне  қосып алып оксигемоглобинге  айналады (Н в 02). Оттегi аз жерге  бере отыра, ол қайта құрылған гемоглобинге айналады (ННв). Ересек, денi сау адамдардың қанында гемоглабин 14-15%. Жалпы  мөлшерi 700 грамм.

   Қызыл  қан  түйiршiктерi мен гемоглобиннiң мөлшерi сыртқы орта факторларының әсерiмен  өзгередi (атмосфералық қысым, жылдық маусым, ауа-райы және т.б.). Осымен қатар, тiршiлiк кезеңдерiнде организмдегi қайта құрылу процестерiне, жүйелi турде спортпен шұғылдануға орай және т.б. жағдайларда, эритроциттер мен гемоглабин мөлшерi өзгерiп тұрады. Спортшылардың қанында эритроциттер саны мен гемоглабин мөлшерi жоғары болады. Таулы  жерлерде қызыл қан түйршiктерiнiң пайда болуы күшейгенде (эритропоэз) эритроциттер саны 1 мм3  - де 7 млн. жетедi.

   Қаңқа  мен жүрек еттерінде миоглобин заты болады. Ол жұмыс iстеуші еттердi оттегімен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Гемоглобин мен миоглобин байлаған оттегiнiң жалпы мөлшерiнiң 14% миоглобин үлесiне тиедi.

   Ақ түйiршiктерi өздерiнiң морфологиялық пiшiндерi және функционалдық қызметтерi  жағынан белгiлi клеткаларға   ұқсайды - ядролары мен протоплазмасы бар. Олар лимфа бездерiнде, көк бауырда және жiлiк майында жаралады. Адам қанының 1 мм3 –де 5-6 мың ақ түйiршiктер бар.

   Құрылысы жағынан  ақ түйiршiктер бірдей емес  — бiрiнiң протоплазмасы дәндi заттардан тұрса (гранулоциттер), басқаларында дәндер жоқ (агранулоциттер). Барлық ақ түйiршіктердiң 70-75% гранулоциттер — нейтральдi, қышқыл, негiзгi баяулармен бояла алатын нейтрофильдерге (60- 70%), эозинофильдерге (2-4%) және базофильдерге (0,5-1%) бөлiнедi. Нейтрофильдер өз тарапынан балғын, таяқша ядролы және сегменттi ядролы деп бөлiнеді. Балғын және таяқша ядролы элементтер нейтрофильдердің жетiлмеген  түрлерi деп аталады. Агранулоциттер екi топтан тұрады: лимфоциттер (25-30%) және моноциттер (4-8%). Қандағы ақ түйіршіктердің түрлi формаларының ара-қатынасын ақ түиіршіктер формуласы деп атайды.

   Ақ түйiршіктер  саны мен ақ түйiршiктер формуласы  ынғай тұрақты болмайды. Ақ түйiршiктер  санының көбеюі - лейкоцитоз, азаюы  - лейкопения деп аталады. Ақ  түйiршiктер санының өзгеруi, тууы  мен талқандауы арасындағы алшақтық, организмдегi қанның қайта бөлінуiне (перераспределение) және т.б. жағдайларға байланысты.

Ақ түйiршiктер қызметi алуан түрлi. Ең бастысы организмдi қорғау. Оның негiзiнде фагоцитоз  құбылысы жатады. Табиғаты белокты  болып келетiн уларды талқаңдайтын және қарсы денелердi (иммунды денелердi) жасайтын мүмкiндiгi бар. Көптеген ферменттерге бай бола тұра, ақ түйiршiктер кейбiр қоректік заттарды да ыдыратады.

   Қан  табақшалары  — диаметрi 2-5 мк, сопақша немесе  дөңгелек пішiндi плазмалық құрылымдар. Адам мен сүтқоректiлер қанында олардың ядролары жоқ. Қан  табақшалары жiлiк майы мен көк бауырда туады, саны 1 мм3 қанда 200-600 мың. Олар қанның ұюында маңызды рөл атқарады.

   Плазма - өте күрделi биологиялық зат. Оның құрамына  су – 90-92% органикалық және бейорганикалық заттар, түрлі белоктар (альбуминдер - 4-5%, глобулиндер - 2-3%, фибриноген - 0,2 0,4%), глюкоза 85-115 мг%, аминқышқылдары мен минералдық заттар - 0,65%. Соңғылардың iшiнде Na, К, Са, Мg, Cl, HР04, H2CO3 иондары және осылармен қатар гормондар, витаминдер, ерiтiлген  газдар бар. Қоректiк заттарды ыдыратуға  және тотықтандыру - қайта құрылу процестерiне, қанның ұюына қатысатын ферменттер де табылған.

 

§ 4. Организмнiң iшкi ортасындағы физикалық-химиялық               процестердiң реттелуі.

 

   Қанның меншiктi салмағы мен тұтқырлығы (вязкость) плазманың белоктық құрамына, қызыл  қан түйiршiктерiнiң саны мен  гемоглабин мөлшерiнс байланысты. Сумен  салыстырғанда қанның  меншiктi салмағы жоғары (1,060-1,080) және  тұтқырлығы 3-5 есе көп. Пiшiндi элементтердің плазмада таразыланып тұруын қанның суспензиялық қасиетi деп атайды. Бұл қасиет эритроциттер саны мен плазма белоктарына байланысты. Қанның қимылсыз статикалық жағдайында пiшiндi элементтердің суспензиялық тұрақтылғы бұзылып, соның iшiнде эритроциттердiң шөгуi байқалады. Бұл феномендi эритроциттердiң шөгу жылдамдығы немесе реакциясы деп атайды. Ол плазма белогы жағдайының, плазма мен эритроциттср мөлшерi арақатынасының көрсеткiші  болып келедi. Эритроциттср шөгуiнiң жылдамдығы ерлерде – 1 сағатта 4-6 мм, әйелдерде - 6-10 мм.

   Организм клеткаларының,  ұлпаларының тiршiлігi, химиялық процестер  бағдары мен жылдамдығы қалыпты  болу үшiн қанның физикалық-химиялық  құрамының тұрақтылығы өте маңызды  (осмостық  қысымының тұрақтылығы,  қышқылдық-сілтiлiк теңдiк, су-тұз және қан плазмасы белоктарының мөлшерi). Бұл тұрақтылық өте күрделі механизмдердiң әрекеттерiмен iске асады.

   Қанның осмостық  қысымы. Плазма мен қан клеткаларында  ерiген заттар, соның iшiнде минералдар  мен газдардың меншiкті салмағы  көп. Осмос заңы бойынша ерiткiш  жарғақша арқылы концентрациясы  жоғары жаққа өтедi. Ерiткiшi жарғақша  арқылы өткiзудi қамтамасыз ететiн күшті-осмостық қысым ден атайды. Адам мен сүтқоректiлер қанның осмостық қысымы 7,6-8,1 атм. Осмостық қысымның тербелуiне қарай өз көлемiн өзгерту арқылы әрекет  жасайтын қызыл қан түйiршiктерi үшiн тұрақтылық аса қажет. Егерде қан плазмасынан су артық кетiп, нәтижеде тұздар концентрациясы көбейсе, осмос заңы бойынша су жартылай өткiзгiш қабiлеттi түйiршiктер жарғақшасы арқылы плазмаға ауысады да, түйiршіктер қатпарланады (әжiмделедi).  Плазмада тұздар концентрациясы төмендеген жағдайда су қызыл түйiршiктерге  өтiп, нәтижеде олар iсiнiп, физиологиялық қасиетiнен айырылады. Өте төмен осмостық қысымда эритроциттер жарылып гемолиз болады (еру процесi).

Осмостық қысымның өзгеруiне төтеп берiп бүтiдiгін сақтай алатын қасиетiн эритроциттердiң осмостық берiктегi деп атайды. Осмостық қысым температуранның өзгеруіне, қоректiк заттардың қабылдануына, тiршілiк жағдайларының өзгеруiне байланысты ауытқып тұрады. Оның тұрақтылығы бүйрек пен тер бездерiнің шығару қызметiмен реттеледi. Осмостық қысымды ұстап тұруда плазманың белоктық тұрақтылығы аса маңызды. Осмостық қысым тек қана ерiгiш кристаллоидтермен жасалмайды, сонымен қатар белоктық қосындылармен жасалады. Плазмадағы белоктардың мөлшелерiне тәуелдi осмостық қысымды онкотикалық қысым деп атайды. Жалпы осмостық қысымның деңгейiнен (7-8 атм.) белоктар үлесiне 1/20 - 1/30 атм. (немесе 30-35 мм сынап бағанасымен) тиедi. Бұл шама аса зор болмағанмен организм ұлпалары мен қан арасында судың  таратылу мен сүзiлу процестерiнде өте маңызды. Белоктар үлкен молекулалық салмағы бар, суды жақсы сiңiрушi коллоидтар. Сондықтан, плазма белоктары сүзiлу процестерiне  кедергi келтiрiп отыра, тамырлардың ішiнде суды ұстап тұрады.

   Қанның белсенді  реакциясын (рН) тұрақты түрде ұстан  тұру. Қанның  әлсіз сілтiлік   реакциясы бар. Оның реакциясы Н+ пен ОН- иондары мөлшерiнiң  ара-қатынасымен жасалады. Артериалық қанның белсендi реакциясының көрсеткiшi (рН)-7,4 , веноздық қанның көрсеткiшi (рН)-7,35. Соңғы көрсеткiштiң венозды қанда төмен болуы көмiрқышқыл газының көп мөлшерде болуымен түсiндiрiледi. Қанның реакциясы белгiлi бiр дәрежеде болған жағдайда ғана физиологиялық процестер оптимальды жүредi. Осы реакция дәрежесіне клеткалардағы тотығу-қайта құрылы процестерi, белоктардың ыдырауы мен түзiлуi, глигколиз, көмiрсулары мен майлардың тотықтануы, гемоглобиннiң  ұлпаларға оттегiнi бере алу мүмкiндiгi тәуелдi. Сондықтан рН нормадан (7,35-7,4) едәуiр ауытқығанда көптеген физиологиялық процестсрдiң бұзылуына, төтенше жағдайларда шектен тыс кетсе - организмнiң опат болуына әкеледi.

 

   Зат алмасу процесiнде организмде ыңғай қышқыл реакциялы заттар босап шығады. Сондықтан қан реакциясының кышқыл жаққа қарай ауытқитын тенденциясы бар. Осыған қарамастан адамға өте жоғары реакция тұрақтылығы тән. Организмде қанның Н+ мен ОН- иондары концентрацияларын реттеу бiрден-бiр жақсы жетілген механизмдер. Қанның рН көрсеткiшiн өте нәзiк реттеу буферлiк қасиетімен және шығару мүшелерiнiң әрекетiмен қамтамасыз етiлсдi.

   Қанның буферлiк  қасиетiнiң маңызы - белсендi реакциясының  ауытқымауына кедергi жасау. Бұл  қасиет әлсіз қышқылдармен оның тұздары және күштi негiздер қоспасынан тұратын буферлiк жүйслермен қамтамсыз етiлдi. Оларға жататындары: 1)көмiрқышқылы — екі көмiртектi натрий (карбонаттық буферлiк жүйе);  2) бiр негіздi — екі негiздi фосфор қышқылды натрий (фосфаттық буферлік жүйе);  3) плазма белоктары (плазманың белоктың буферлiк жүйесi);  4) гемоглобин — гемоглобиннің калий тұзы (гемоглобиндық буферлiк жүйе). Қанның буферлік қасиетi 75% жағдайында гемоглобин және оның тұздарының мөлшерiне байланысты.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді