Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Адам миына тән талдау мен түзiлудiң жоғары формалары, жануарлармен салыстырғанда кейбiр анализаторлардың сезу табалдырығының төмендiгiн өтейдi. Адамның жоғары жүйке әрекетінiң бiрден-бір ерекшелiгi, абстракциялық ой ойлауы. И.П.Павловтың айтуы бойынша, “тiршiлiктiң қожайыны” болуға алып келеді.

Шартты рефлекстер маңызының  бiрден-бiр тамаша қасиетi, организмге ешқандай әсер болмаса да, сондай әсерлер  болады-ау деп ойлағанда, жүйке болашақ  оқиғаларды болжап, берер жауаптың адекватты бағдарламарын  алдын - ала дайындайды. Мұндай болжаулар адамда бiрнеше сағаттар, тәулiктер, апталар, айлар, жылдар бұрын қалыптаса алады.

Жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы дене тәрбиелеу мәдениетiн  ғылыми негiздеуге маңызы бар. Қимыл дағдыларын қалыптастыруда және машықтану процестерiнiң тиiмдiлігі артады, егерде еттер мен вегетативтік мүшелердiң әрекеттерiн реттеушi шартты байланыстардың алыну заңдылықтары еске алынып отырса.

Бақылау сұрақтары:

1 Шартты рефлекстердің  шартсыз рефлекстерден айырмашылыңы қандай?

2 Шартты рефлекстердің  тежелунің түрлерін атаңыз. Мысал  келтіріңіз,

3 Динамикалық стереотип дегеніміз не?

4 ЖДНҚ-нің қандай топтарын  білесіз?

 

2.1.7 Ерікті қимылдар және оның жас ерекшеліктері

Мақсаты: Ерікті қимылдар мен оның жас ерекшеліктерін түсіндіру. Балалар организмінің дамуындағы қимылдардың маңызын ашып көрсету.

Жоспар:

1 Ерікті қимылдарды басқарудың негізгі принциптері.

2 Дене қалпы.

3 Ерікті қимылдардың  реттелуі.

 

1) Тірі организмдердің түтас  тіршілік тәртіптерін   ұйымдастыру   жөніндегі   қазіргі   замандағы   көзқарас функционалдық жүйе теориясыңда негізделген (П.К.Анохин). Үнемі өзгеріп тұратын  сырткы  орта  жагдайында  оргаиизм   өзінің  мүқтаждығын қанағаттандыру үшін мақсаттар қойып, оларға жетуі қажет.

П.К.Анохиннің теориясы бойынша, пайдалы нәтиже тіршілік тәртібінің иеленуші  факторы.  Оған жету  үшін  организмде  функционалдык,  жүйе қалыптасады.  Орасан  көп жүйке клеткаларының ішінен  қаншасы осы жүйеге кіргізіледі,  олардың белсенділік деңгейлері қаңдай болуы керек, араларындағы қандай байланыстар істен шығарылып тасталуы керек екені — көзделген  нәтижемен  белгіленеді.   Организм  тіршілік   іс-әрекеттеріне күрылымдық  және  функционалдық  мүмкіндіктерінің қажеттілерін  ғана пайдаланады.  Функционалдық жүйе құрылуынын  қажеттілігі  (оның әрбір элементтері тәуелсіз, дара әрекет жасамай, ортақ мақсатка бағынауында) - көзделген мақсатта.

Функционалдық жүйенің  қалыптасуы  бірнеше  кезеңнен  турады:  1) афференттік тузілу (организнің ішкі және сыртқы ортасынан келіп тускен барлық сигналдарды қорыту); 2) шешім  қабылдау; 3) қабылдаган шешім негізінде болашақ нәтиже жөнінде пікір қалыптастыру, нақты  багдарлама құру; 4) жеткен нәтижені талдау және әрекет багдарламасын нақтылау.

Бірінші кезеңде  (афференттік  түзілу) жүйке  орталықтарына келіп түскен тітіркендірулер бір уақытта 4 типті  әрекеттесуден өтеді: 1) қозғағыш афферентация - әрекетті туғызатын сигналдар; 2) жағдай афферентациясы —басқадай  сыртқы   тітіркендірулер;  3)   мотивация  (сылтау,  дәлел)  -организмнің  өз  сылтаулары:  биологиялық  - шөлдеу,  ашығу,  қорқу;әлеуметтік сылтаулар;  4) еске сақтау — тәжірибе,  өткен тітіркендірулердіңқалдырған іздері.

Барлық сигналдар жүйке  клеткаларында бір сәтте өңделіп  бір-бірімен салыстырылады.  Ағымды афференгтік  тітіркендірулерді  багалағанда, есте сақталған,  өткеңдегі тітіркендірулерден қалған іздермен  салыстырылады.

Сигналдарды   тандауда  үстем  сылтаулардың   мәні  зор,  өйткені  олар организмнің  дәл осы  сәтте  маңызды  деген  синалдарына,  қабылдағыш қасиетін арттырады.

Афференттік синтез негізінде  шешім қабылданады (не  істеу керек?) және әрекет бағдарламасы  жасалады  (қалай  істеу  керек?).  Осы жерде  организм алдына қойылған  мақсаттар  мен берілетін жауаптарының барлық мүмкін деген жолдарын бағалап, тек қана  қажетті деген біреуін таңдап алады.'Осымен бірге мида қандай нәтиже алынады деген түйсік калыптасады.

Динамикалық функционалдық жүйе — орталық жуйке жүйесіне әрекет нәтижесінен хабар беретін ұйымдасқан жүйе. Әрекеттерді  түрақты  түрде  бағалап  отырмай,  нәтижені  жақсарту мақсатында ойға  алынған  бағдарламаға түзетулер  енгізілмей,    жақсы көрсеткіштерге жету қиынға соғады.

П.К.Анохиннің    функционалдық    жүйе    туралы    үғымының универсалдық маңызы  бар, өйткені  ол  организм  әрекеттерінің түрлі жақтарын түсінуге көмектеседі (тәртіптерінің механизмін, жеке дамуындағы түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын,  патология мен қайта Құрылу жолдарының ерекшеліктерін).

Қимылдарды реттеудегі циклдық көп  деңгейлі  жүйе. Қимыл актілерінің орындалуы орталық жүйке жүйесінің түрлі бөлімдерінде  орналасқан нейрондар комплекстерімен байланысты.  Осы комплекс  қүрамына кіретін әрбір жүйке орталығы төмен,  не  болмаса жоғары  деңгейде жатқан орталықтарға  әсер  етеді. Олардың арасында,  жоғары жатқан  орталықтан төменгіге және кері қарай,  өзара ықпалдастық  циклдар құрылады. Мысалы, аталып отырған тітіркеністер айналымы ми  кыртысы мен  аралық  ми   арасында  жиі  байқалады:  ми  қыртысының  нейрондары  аралық  ми   нейрондарының белсенділігіне әсер етсе,  соңғысы қыртыс нейроңдарың   әсерлейді. Әрбір  циклда,  қозғағыш рөл көбіне жоғарыдағы  орталықтар   құзырында, ал төменгі орталықтар реттелуші бөлім болып келеді.

Жүйке  жүйесінің түрлі  бөлімдері арасындағы циклдық байланыстар   жөнінде реттеудің тұйық циклы, немесе тұйық реттеу жүйесі туралы айтуға   болады.

Қимыл  әрекеттерін  іске асыру  барысында  бірнеше  тұйық реттеу   жүйелері пайда болады (мысалы, ми қыртысы мен торлы құрылым, мишық,   жұлын мотонейрондары, еттер арасында).

Қорыта айтқанда, қимылдарды  реттеу  жүйесі  көп қабатты,  көп   деңгейлі. Мүндай күрделі реттеу жүйесінде үлкен ми қыртысының маңызы   зор, өйткені, ол осы процестерді басқарады, реттейді, қимыл мақсатының орындалуына әрекет жасайды.

Бағдарламалау. Қойылған мақсаттарды шешу  үшін  орталық жүйке   жүйесіңде қимыл әрекеттерінің бағдарламасы жасалады. Бағдарлама қимыл   актілерінің түрлері мен олардың іске қосылу ретін айғақтайды. Бағдарламаға   сәйкес эфференттік нейроңдарға, одан  әрі еттерге әмірлер беріледі. Адам   қимыл әрекеттерінің бағдарламалары алуан түрлі. Олар оның тұрмысқа,   еңбекке, спортқа  кажетті  тіршілігін қамтамасыз етеді. Әрекет  жасауға   берілген өмір  жұмыстың басталуына берілген  болса, нағыз жұмыстың озі бағдарлама арқылы іске асады. Кейбір жағдайларда бағдарлау, уақыттың тығыз кезінде жүреді (мысалы,  спорт ойындарыңда, қылыштасуда, жекпе-жекте және т.б.). Мұндай жағдайда келіп түсуші ақпараттарды және іс-әрекеттерді өңдеу өте жоғары жылдамдықты талап етеді. Қимыл  әрекеттерінің бағдарламалары өте күрделі болуы мүмкін, әсіресе стаңдартты емес жүмыстарда, өйткені ауыспалы жағдайда нәтижеге жету үшін көптеген еттер тобының іске қосылуы, іс-әрекеттің, тәртіптің түрлі айласы қажет болуы мүмкін (мысалы, түрлі ойын  ситуацияларында баскетбол добын торға тастау).

Қимылдарды функционалдық жүйе арқылы басқару үшін бағдарлаушы және басқарушы жүйке орталықтары жетімсіз. Мұндай жүйелердің айтарлықтай ерекшеліктеріне кері афферентация немесе кері байланыс  немесе жұмысшы мүшеден реттеуші орталықтарға келуші тітіркеністер жатады. Басқарушы тітіркеністердің шетте туғызған әрекеттері туралы орталық жүйке жүйесін ақпараттандыру, көру мүшелерінен, проприорецепторлардан және басқа да қабылдағыштардан келіп түсетін афференттік тітіркеністер арқылы жүреді.

Сөйтіп, кері байланыстар  арқылы жасалған қимыддардың тиімділігіне баға беріледі.

Салыстыру аппараттары. Бұл  жүйкелік  аппараттар, кері сигналды қабылдай отырып берілген бағдарламаны орыңдалған нәтижемен салыстырады  (П.К.Анохин,  Н.АБершнтейн). Мұндай ақпараттар  мидың маңдай   бөлімінде,   қыртыс   асты  дәндерінде   және   тағы  басқа құрылымдарында бар. Егерде орындалған және орындалуға тиіс әрекеттер арасында алшақтық  болса, салыстыру аппараттарында қателіктер туралы сигналдар туындайды.  Осы сигнаддарға орай  қимылдарды  басқарушы жүйеге,  қажетті түзетулер еңгізіледі. Нетижеде, қимылдардың бет-бедері, тиімділігі, қасиеттері жағдайлардың өзгеруіне карамастан сақталады.

2) Адамның қимыл әрекеті екі процестен тұрады: қимыл актілерінен және денені белгілі  бір кейіпте ұстап тұрудан.

Адамның қимыл әрекеті негізінде бұлшық ет талшықтары реакциясының механикалық екі  формасы жатады: 1) фазалық (қурысу) жиырылуы және 2) ұзақ кернеу туғызып ширығуы. Фазалық әрекеттерде еттер тез  де күшті  жиырылады. Жиырылулар  тез жиырылғыш бірліктермен іске асырылады. Ширығу (фазалық жиырылудан баяу), үнемді  (изометриялық режим үстем), баяу қимыл бірлігі қатысуымен іске асырылады. Жиырылулар мен ширығу денені  белгілі бір кейіпте ұстап тұрудың негізі. Егерде денені белгілі бір кейіпте ұстап түрғанда  еттерден көп күш талап етілсе (мысалы, тіреп тұрып бүрыш жасау), еттердің фазалык жиырылуы іске косылады.

Дене кейіпін  жасау  процестері мен қаңқа  еттерінің  қимыл актілері өзара тығыз   байланысты. Бір  жағынан қимылдар  дененің  белгілі  бір кейпінде жасалса ,екінші жағынан, денені бір кейіпте ұстап тұру  тек қана еттердің  ширығуымен  қамтамасыз етілмейді,  фазалық  әрекеттермен қамтамасыз етіледі.

Адамда ерікті және еріксіз  қимылдар мен кейіптерді айырады.  Ерікті қимылдар сананың  қатысуымен жасалса, ал  әбден  меңгерілгеннен кейін еріксіз,  сананың қатысуынсыз да жасала береді. Ерікті қимылдарды жасауда үлкен ми қыртысының ең жоғарғы бірлестік аймақтары қатысады (маңдай бөлімі).  Қимыл басталмас  бұрын  оның үлгісі құрылып, бағдарламасы жасалады. Адам осы қимылдың мақсатын түсінеді немесе денені бір белгілі кейіпте ұстап тұру керектігін сезінеді. Қимыл  әрекетін орындау барысында бағдарламаға түзетулер енгізіліп, нәтижеге сәйкестендіріледі.

Еріксіз қимылдар мен кейіпті ұстап тұру, негізінен шартсыз рефлекстер (бағдарлау, қорғану). Көп қайталанган қимылдар мен кейіптер автоматтандырылып, еріксіз қимылдарға айналады. Еріксіз қимылдар жүйке жүйеснің түрлі бөлімдерімен іске асады.

Дене кейіптері деп  қаңқаның белгілі бір жагдайда бекуін айтады.  Дене  кейпін  ұйымдастыру  жердің  тарту күшін жеңу үшін бағытталған.  Дененің  кейпі,  динамикалық  немесе  статикалық  жұмыс іетегенде тене-теңдікті ұстап, бірнеше буындарды бекітіп  тұрып, басқа бір буындарга ерік беру үшін қажет. Көптеген еңбек жене спорттык әрекеттерде адамға  ежелден танымал  емес   жаңа,  оларсыз  қимыл жасау  мүмкін болмайтын,   дене кейіптерін  иемденуге  тура   келеді.  Жұмыс  істегенде иемденетін  дене  қалпын,  жұмыс  дене  кейпі  деп  атайды.  Оны  дүрыс үйымдастыру адамның жүмыс істеу қабілетін жоғарыталуга әкеледі. Жүмыс істеу алдыңдағы  дене кейпін жасаудың маңызы өте  зор, өйткені олар дене салмағы  орталығының өзгеруін өтеп, қүлаудан сақтаңдырады, реактивті күштердің   әсер  етуіне  қарсылық  жасайды.   Дене  кейпін  сақтаудағы реакциялар   бұлшық  еттердің  ширығуымен   іске   асады,  ал   үлкен жүктемелерде  және   түзетулер   жағдайында  —   еттердің   фазалық жиырылуымен іске асады. Адам дем алғанда немесе жүмыс істегенде, қаңқа еттерінің кернеуі барынша  аз болатын ыңғайлы  кейпті  таңдайды.  Оптимальды  кейіпті үйымдастыру үшін үзақ уақыт машықтану қажет. Мысалы, түрегеп  түрып мылтық  атуда  жоғары  дәрежелі спортшы еттерінің  ширығу  белсеңділігі минимальді.  Ал  төменгі дережелі спортшыларда ол еттердің ширығуы оте қатты.

3) Бұлшық  еттің ширығуы табиғатынан  рефлекторлы акт. Бұлшық еттерде ширығу пайда болуы үшін жұлынның рефлекторлық қызметі жеткілікті. Бірақ, бүтін организмде ширығудың еттер  арасында  таратылуы  орталық  жүйкенің жоғарғы қабаттары қызметімен, ал ерікті реттеу - ми қыртысымен  іске асады. Әдетте ет созылса проприорецепторлардың тітіркенуіне  жауап ретінде, ширығу пайда  болады. Мұндай рефлекс жұлын арқылы жасалып (созылуға жауап ретінде) миотатикалық рефлекс деп аталады. Егер ет ұзақ созылатың болса, оның рефректорлық жиырылу уақыты да үзақ болады. Ет созылған кезде ұршықтарының  (мышечные  веретена)  сезімтал  ұштары қозады. Тітіркеністері  жуан афференттік  талшықтар  арқылы жұлынның алдыңғы  мұйізіне  барады да (аралық нейрондардың қатысуынсыз)  тура альфа-мотонейрондарға беріліп еттің жиырылуына екеледі.Дәл осындай екі нейронды рефлекторлық доға сіңір рефлексінің негізінде жатыр. Бұл тізе, ахил сіңірлері рефлекстері. Табиғи жағдайда ет ұршықтарын тітіркендіруші негізгі күш - салмақ күші.  Егерде жұлын зақымданса еттердің ширығуы жоғалады.

Бұлшық еттер ширығуын гамма-реттеу. Бұлшық еттің ширығу күші альфа-мотонейрондар  жіберіп түрған тітіркеністердің жиілігіне  байланысты.

Ал альфа-мотонейрондардың   беретін разрядтарының жиілігі, өз тарапынан, дәл осы еттің проприорецепторларынан туындаган тітіркеністермен реттеледі. Ет пен оны реттеуші мотонейрондар арасында тұйық шеңбер құрылады. Осы шеңбердегі тітіркеністер ағымын жоғарғы қабатта жатқан жүйке орталықтары, жұлынның гамма-мотонейрондары арқылы реттейді.

Гамма-мотонейроңдардың разрядтары бұлшық ет ұршықтарының сезімталдығын арттырады. Соның нәтижесінде альфа-мотонейроңдарға қауіпті тітіркеністер ағымы көбейеді де, сонан соң альфа-мотонейрондардан етке келетін тітіркеністер көбейеді. Сөйтіп барып еттің шиыруғы көтеріледі. Еттің гамма - мотонейрондар әсерінен кернеуі үдеп, ширығуы гамма-реттеу деп аталады. Гамма- мотонейрондардың белсенділігі ми бағанының торлы құрылымының бақылауында. Қаңқа еттерінің ширығуын реттеуге мишық, қыртыс асты дәндер және т.б. экстрапирамидалық жүйенің құрылымдары қатысады. Ең жоғарғы бақылау ми қыртысының құзырында.

Ми бөлімдері жұлынның мото- және аралық нейрондарына тітіркеністерін жібере отыра, қаңқа еттерінің ширығу дәрежесін реттеу арқылы, дененің кейіпі мен қимыл реакцияларын өзгертеді. Еттердің ширығуына мидың арнайы жене арнайы емес жүйелері әсер етеді. Арнайы емес жүйесі еттердің жалпы ширығуын жасайды. Ортаңғы мидың активтендіру бөлімі ширығуды күшейтсе, сопақша мидың тежеуші бөлімі әлсіретеді. Арнайы жүйелер сұрыптаушы әсер етеді. Июші еттердің ширығуын күшейтетін қыртыс-жұлын, қыртыс-қызыл дәндер-жұлын және қыртыс-торлы құрылым-жұлын жүйелері. Мұнымен қатар осы жүйелер жазушы еттердің  шиыруғын әлсіретеді. Бұларға қарсы кіреберіс-жұлын жүйесі жазушы еттердің ширығуын күшейтеді және июші еттердің кернеуін төмендетеді. Еттердің ширығуы кейбір жағдайларда қимыл актілерінен оза жүруі мүмкін. Мүңдайда дене қалпын ертерек өзгерту арқылы қажетті қимылға дайындалуға мүмкіңдік туады.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді