Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Лимбиялық жүйе деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады.

Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар организм әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр  сақтау үрдістерін, ұйқыны және ояу  күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді т.б.) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. К.Прибрам мен Л. Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады: 1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары); 2. Метаболизм процестері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс); 3. Эмоциялық реакцияларға қатысатындар (гиппокамп, энторинальдық қыртыс, белдеуше ирек).

Үлкен ми сыңарлары бас миының ең үлкен және маңызды бөлімі. Мидың салмағының 80 пайызы ми сыңарларына келеді. Ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Ми сыңарларының бетінде көптеген сайлар мен иірімдер орналасып, оның пішінін күрделендіреді. Оның сыртында қалыңдығы 2-4 мм сұр зат – қыртыс қаптаған. Ми сыңарларының қыртысы ОНЖ ең жоғарғы бөлімі.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы  адамның психикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Ағза мен сыртқы орта арасындағы байланысты жүзеге асырады. Үлкен ми сыңарлар қыртысында көптеген сайлар мен қатпарлар болады, соның арқасында қыртыстың жалпы ауданы үлкейеді. Адамдарда ми сыңарлары қыртысының ауданы 2200 см2-тан тұрады. Қыртысты 109-1010 нейрондар мен глиаль жасушалары құрайды. Глиаль жасушалары ионды реттеуші және қоректік қызмет атқарады.

Ми қыртысын құратын  жасушалардық түрлері бірнешеу. Олардың  бір тобы пирамидалық жасушалар. Олардың денесі үшбұрыш пішіндес болып келеді. Қыртыс бетіне қарағанда  вертикаль бағытта орналасады. Бұл жасушылардың денесінен жоғары қарай Т әрпі тәрізді бұтақтанып, дендриттер шығады, ал төмен қарай аксон шығады. Аксон төмен кететін жолдар құрамына кіреді немес ми қыртысының басқа аймақтарына бағытталады. Пирамидалық жасушалардың дендриттері қалың тапшықтар шипиктер түзеді. Әрқайсысы анық синапстық байланыс аймағын береді.

Келесі тобы ұсақ жұлдыз тәрізді жасушалар. Бұл жасушалардың күшті бұтақтанған аксан мен  дендриттері болады. Бұл өсінділер  арқылы қыртысішілік байланыс түзіледі. Жасушалардың үшінші тобы ұршық тәрізді ұзын аксоны бар жасушалар. Аксондары вертикаль және горизонталь бағытқа бағытталады.

Қыртыстың сұр затына оның астында жатқан ақ заттан өте  көп афференттік талшықтар келеді. Олардың ішінен мынадай негізгі  талшықтарды айырады: а) проекциялық  талшықтар — үлкен жартышарлар қыртысын мидың төмен жатқан бөлімдерімен байланыстырады; б) ассоциациялық талшықтар — қыртыстың бір-бірінен алыс және жақын жатқан бір жарты шардағы аймақтарды байланыстырады, бір жарты шардан екіншісіне келетін талшықтарды комиссуральдық деп атайды. Қыртыстың эфференттік талшықтарының өздерінің ішінен проекциялық және ассоциациялық талшықтарды айырады. Бұлардың біріншісі қыртыстың төменгі қабаттарынан, ал екіншісі жоғарғы қабаттарындағы жасушалардан кетеді. Ал мидың салмағының артуы дендриттердің өсу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде туғаннан кейін жасушалардың орналасу жиілігі біртіндеп азая береді: Үлкейген дендриттер жасуша денелерінің арасындағы кеңістіктерді толтырып, олардың өзін біраз ығыстырады. Жасқа байланысты дендриттер құрылысында да біраз өзгерістер жүреді: оларда ерекше қалыңданған кішкене өсінділер (шипики) пайда болады. Шипиктер орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдерінде кездеседі, әсіресе олардың саны қыртыстың пирамидалы жасушаларында көп, әрі алуан пішінді болып келеді, Қыртыста шипиктер туу қарсаңында пайда болып, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Шипиктер түрлі зақымдағыш заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы, мидағы қан айналу бұзылса шипиктер тез ыдырап кетеді. Дендриттің түрлі аймақтарында шипиктер санының өсіп-кебеюі белгілі аралық нейрондардан қозудың өтуін жеңілдете түседі.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы  мынадай қабаттардан тұрады:

  1. Молекулярлы қабат. Бұл қабатта нерв жасушалары өте аз және майда келеді. Бұл қабатты негізінен төменгі қабаттың пирамидалық жасушылырынан келетін нерв талшықтарының торы құрайды.
  2. Сыртқы түйіршікті қабат. Көптеген ұсақ жұлдыз тәрізді жасушалардан тұрады. Ал шеткі аймақтарын ұсақ пирамидалық жасушалар толықтырады.
  3. Сыртқы пирамидалық қабат. Бұл қабат үлкен және орта пирамидалық жасушалардан түзіледі.
  4. Ішкі түйіршікті қабат. Тығыз орналасқан жұлдыз тәрізді жасушалардан түзіледі және көлденең бағытта жатқан көптеген мейлінді талшықтардан тұрады.
  5. Ішкі пирамидалық қабат немесе түйсінді қимылдатқыш аймақ. Бұл үлкен пирамидалық жасушалардан түзіледі. Бұл қабатта орташа жасушалардан басқа Бец тапқан көптеген ірі пирамидалық жасушалар орналасады.
  6. Полиморфтык қабат (көпқыртысты). Бұл қабат мидың ақ затына бірігіп жатады. Бұл қабатта пирамида және ұршық тәрізді жасушалар мен тығыздығы әртүрлі тапшықтар болады.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы  адамда өте жақсы жетілген. Оның қалыңдығы үлкен жартышарлардың әрбір бөлімінде түрліше (1,3-4,5 мм-ге дейін) болады.

Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып  алуға болады. Оны жазып алатын аспап электроэнцефолограф деп аталады.

Ал жазып алынған  биопотенциалдың қисық сызығы электроэнцефолограмма (ЭЭГ) деп аталады.

ЭЭГ-да негізгі 5 түрлі  ырғақты ажыратады: альфа,бета, дельта, тетта, гамма.

  1. Альфа  ырғағы – тыныштық ырғағы. Жиілігі секундына 8-13 Гц. Бұл ырғақ адам көзді жұмған тыныштық жағдайында байқалады. Ми қыртысының желке, төбе тұстарынан жақсы жазылады.
  2. Бетта ырғағы - әрекет ырғағы. Жиілігі секундына 14-30 Гц. Бұл ырғақ ой жұмысында, тітіркендіру бергенде, көңіл-күй өзгергенде туады. Ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.
  3. Дельта ырғақ – баяу ырғақ. Ұйықтағанда пайда болады. Секундына 0,5 Гц. Ояу күйдегі адамда бұл ырғақ тек потологиялық жағдайда ғана көрініс береді.
  4. Гамма ырғағы – қатты, қозу кезінде пайда болады (қуану, ренжу). Ең жиі ырғақ, секундына 40 Гц.

Бақылау сұрақтары:

1 Қозу физиологиясының  негізгі терминдеріне анықтама  берііңіз.

2 Рефлекс пен рефлекс  доғасына анықтама беріп, оларпдың  классификациясын беріңіз.

3 Тежелудің қандай  түрлерін білесіз?

4 Жұлынның құрылысы мен қызметі.

5 Ми бағанасын құрайтын  құрылымдардың атаңыз, қызметтерін  сипаттаңыз.

 

2.1.3 Вегетативті жүйке жүйесі ( ВЖЖ) және оның жас

ерекшеліктері

Мақсаты: ВЖЖ-нің вегетативті қызметтер реттелуіндегі және ағзаның ішкі орта түрақтылығын сақтаудағы маңызын түсіндіру.

Жоспар:

1 ВЖЖ маңызы.

2 ВЖЖ-нің құрылыс ерекшеліктері

3 ВЖЖ бөлімдері.

3.1 Симпатикалық бөлімдердің құрылысы және қызметтері.

3.2 Парасимпатикалық бөлімдердің құрылысы және қызметтері.

3.3 Жүйке жүйесін зерттеу әдістері

 

1) Организмге тән қызметтерді екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса, екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер, немесе вегегативтік функция-ар, жатқызылған.

Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсу, көбею - вегетатавтік қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін нерв бөлігін - анимальдық, ал өсімдіктерге тән қызметгерді реттейтін нерв белігін-вегетативтік деп атаған. Анимальдық қызметтерді ОНЖ-сі, ал вегетативтік кызметтерді - арнаулы нерв түйін-дерінен құралған вегетативтік нерв жүйесі реттейді деп санаған.

Ұзақ уақыт вегетативтік нерв жүйесі ми мен жұлынға тәуелсіз автономды жүйе ретінде танылып  келді. Оның негізгі қызметі ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, зәр бөлу, кобею т.с.с. қызмеітерді реттеу деп есептелді.

Сонымен, анимальдық немесе тәндік (сомалық) нерв жүйесі организмнің  сезім-қимыл әрекеттерін қамтамасыз етсе, вегетативтік нерв жүйесі бүкіл  ішкі ағзалардың, қан тамырларының, тер бездерінің нервленуін, жеке ағзалардың нәрленуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде организмнің  вегетативік қызметінің тұлғалық-анимальдық функциялар сияқты орталық нерв жүйесімен  басқарылатыны дәлелденді. Осының нәтижесінде  вегетативтік нерв жүйесінің автономиясы туралы ұғым жойылып, оның біртұтас нерв аппаратының бір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас калыптасты, шеткі нерв жүйесін тұлғалық және вегетативтік нервлерге бөлу принціпі қабылданды. Тұлғалық нерв организмнің сыртқы ортамен афферентгік және эфференттік байланыстарын, ал вегетативтік нерв ішкі ортаның тұрақтылығын, зат алмасу үрдісінің қарқынын, организмнің бейімделу реакцияларын қамтамасыз етеді.

2) Вегетативтік нерв бөліміне тәндік жүйкемен салыстырғанда бірнеше морфологаялық ерекшеліктер тән.

1. Вегетативтік нервтер  орталық нерв жүйесінің тек  қана белгілі бір бөліктерінен  ғана - ортанғы және сопақша мидан,  жұлынның құйымшақ бөлігінен,  басталады. Ал, тәндік (тұлғалық) нервтер  орталықтары мидың бағандық бөлігі  мен бүкіл жұлын бойында орналасады.

2.    Тұлғалық нервтермен салыстырғаңда вегетативтік нервтердің қозғыштығы және қозуды өткізу жылдамдығы төмен болады. Вегетативтік нервтерге қозу толқыны секундына 1-30 м жылдамдықпен, ал тұлғалық нервтерде - 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

3.    Вегетативтік нерв тамырларда миелин қабығы болмайды, олар үлпексіз нервтер, ал тұлғалық нерв тамырлар — үлпекті, миелинді құрылым.

4.    Вегетативтік нерв бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса, тұлғалық нерв бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетативтік нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі. Сондықтан, олар түйін алды (преганглийлік) және түйіннен соңғы (постганглийлік) талшықтарға бөлінеді. Түлғалық нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге еш жерде үзілмей жетеді.

3)Вегетативтік нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады.

1. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтер орталығы нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық нерв орталықтары жұлын сұр затының көкірек және бел омыртқалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналаса, парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.

2. Симпатикалық нерв бөлімінің түйіңдері өздері нервлендіретін мүшелерден тыс орналаса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың өзінде орнығады.

3.  Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді нервтеңдіреді. Парасимпатикалық бөлім әмбебап емес: тері тамырлары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа еттері парасимпатикалық нервтермен нервтенбейді.

4.      Симпатиклық нервтерге мультипликация (көп тарамдалу) құбылысы тән: түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшықтар санынан әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалық нервлер айтарлықтай көп тарамдалмайды.

5.      Симпатикалық нервтердің эфференттік талшықтары парасимпатикалық нерв талшықтарынан ұзын келеді. Симпатикалык, нерв үштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары - атропинмен жансызданады.

6.      Симпатикалық нервтер қозу толқынын симпатин, ал парасимпатикалық нервтер - ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық нерв ұшының ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшының, керісінше, норадреналин бөлетіні дәлелдеген. Осымен байланысты вегетативтік нервтер холинергиялық және адренергиялық болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық нервтер өз қызметін ацетилхолин ал адренергиялық нервлер - норадреналин бөлу арқылы атқарады.

Вегетативтік нерв жүйесінің  симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері  организм функцияларына әр түрлі әсер етеді. Симпатикалық бөлімнің қозуы нәтижесінде организм стресс (булығу) жағдайынан шығады. Симпатикалық нерв жүрек жұмысының ырғағын жиілетіп, артериялық қысымды жоғарылатады, бұлшық еттің қанмен жабдықталуын жақсартып, қандағы глюкоза деңгейін көтереді, ас қорыту жүйесі мүшелері қызметін әлсіретеді. Оның әсерімен организм күшін жүмылдырып, стрестен шығуға мүмкіндік алады.

Парасимпатикалық нерв жүрек жұмысын баяулатып, қан  қысымын төмендетеді, ас қорыту ағзаларының  қызметін жандандырады. Демек, оның әсерімен организмде қор толықтыру, оны қалпына келтіру үрдістері жүреді.

Сонымен, симпатикалық жүйе организмнің жалпы белсенділігін  жоғарылатса, парасимпатикалық жүйе оның әрекеті кезіндегі шығынды жабуға, организм қорын қайта толықтыруға  жағдай туғызады.

Бақылау сұрақтары:

1 ВЖЖ-нің симпатикалық  бөлімінің орталығын атаңыз.

2 Симпатикалық бөлімнің  құрылысына тін ерекшелік қандай?

3 Парасимпатикалық бөлімнің  атқаратын қызметі қандай?

 

2.1.4 Жүйке - бұлшық ет жүйесі және оның жас ерекшеліктері

Мақсаты: Жүйке - бұлшық ет жүйесі және оның жас ерекшеліктерімен таныстыру.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді