Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат
1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.
3) Шартты рефлекстердің жасалу жағдайлары мен механизмдері.
Егер жай тұрған итке индиференттік тітіркендіргіш әсер етсе (мысалы, электр шамының жарығы) ми қыртысының көру бөлімінде қозу ошағы туады. Бұл шартсыз бағдарлау рефлексі. Жарық жағылған соң 10-30 секөнттен кейін тамақ берсе, ми қыртысында екінші қозу ошағы туады. Сөйтіп, ми қыртысында екі тітіркендіргішке екі қозу ошағы туады: бірі-көру‚екіншісі-тамақтану орталығында. Соңғысындағы қозу күшті, өйткені ол табиғи шартсыз рефлекс, ал көру ошағындағы қозу бұған қарағанда әлсіз. Қозуы күшті ошақ үстемділік рөл атқарды да, теріс индукция заңына сәйкес көру ошағындағы қозуды өзіне тартады. Ми қыртысындағы айтылған екі көру ошағындағы арасында бұрын болмаған шартты байланыс пайда болады. Осының нәтижесінде, тамақ берілмей, тек жарық берілген шақта иттен сілекей бөлінеді.
И.П. Павловтың пікірі бойынша шартты, уақытша байланыс «горизонталь» құрылымды. Уақытша байланыстар қыртыс деңгейінде қалыптасады. Осымен қатар, уақытша байланыстар қыртыстың астыңғы жағындағы бөлімдер арасында да қалыптаса алады. Уақытша байланыстың тұйықталу механизмі әлі толығымен анықталмаған. Зерттеушілер мұны екі тұрғыдан түсіндіреді: морфологиялық және функционалдық. Морфологиялық тұрғыдан түсіндірушілердің ұғымынша, шартты рефлекстер жасалу кезінде жүйке клеткаларының өсінділері өседі де, жаңа байланыстар орнайды. Кейбір зерттеушілер мұндай өсуді пирамидалық клеткалар дендриттерінің бүршіктер санының көбею есебінен жүреді деп есептейді.
Функционалдық тұрғыдан
түсіндірушілердің ойынша‚
Жаңадан жасалған шартты
рефлекстердің бір ерекшелігі-
Қимыл дағдылары қалыптасарда жалпылану қимыл актілеріне қатысатын еттердің едәуір санымен білінеді.
Бекітілген шартты рефлекстер жаңадан жасалған рефлекстерге қарағанда аз таралады. Шартты тітіркендіргіштерді көп қайталағанда қозу процесі басқа орталықтарға аз таралады‚ демек шоғырланады(концентрация).
4) Шартсыз рефлекторлық, шартты рефлекторлық әрекеттерді болсын, қозу процесімен қатар тежелу процесі жүреді. Қозу мен тежелу тынымсыз әрекеттесі отыра бір реакциялардың жасалып, екінші біреуінің қаналып тұруын қамтамасыз етеді. Қандай да болмасын үйлесімді жауап түрінде жасалатын шартты рефлекс бір жүйке орталықтарының қазып, екінші біреуінің тежелуін талап етеді.
Тежелудің түрлері. Шартты рефлекторлық әрекеттердегі байқалатын тежелу түрлерін негізгі екі топқа бөлінеді – сыртқы және ішкі деп.
Шартты рефлекстердің сыртқы тежелуі. Сыртқы тежелу орталық жүйке жүйесінің қай бөлімінде болмасын туындайтын шартты да, шартсыз да рефлекстерге тән, іштен туа біткен тежелудің түрі. Тежелудің бұл түріне сыртқы және шектен тыс тежелу жатады. Сыртқы тежелу – шартты рефлекс орталығы мен тосын тітіркендіргіш орталығының әрекеттесуіне негізілген. Мысалы, шартты сигнал әсер ете бастағанда, күшті бейтаныс тітіркендіргіш шартты рефлекс орталығын тежейді.
Сыртқы тежелу физкультура
мен спорт тәжірибесінде жиі
кездеседі. Мысалы, әдеттегі машықтану
сабағында гимнастикалық
Спорт тәжірибесінде байқалғандай жақсы қуаттылған шартты рефлекстер сыртқы тежелу әсер бұзылмайды. Сыртқы тежелу адам жүйке жүйесінің типі мен функционалдық жағдайына байланысты.
Шектен тыс (қорғаныстық) тежелу. Шектен тыс тежелу өте күшті немесе әдеттегідей күші бар бірақ ұзақ уақыт әсер тітіркендіргіштен пайда болады. Ол жүйке клеткалары қорының таусылуын қорғауға, функционалдық күйі мен химиялық құрамын қайта қалпына келтіруге бағытталған қорғаныштық механизм.
Шартты рефлекстердің ішкі тежелуі. Егерде шартты рефлекс орталығында тежелу тұнғыш рет пайда болса, мұндай тежелуді ішкі деп атайды. Ішкі тежелудің бірнеше түрін айырады:сөнуші, ажыратушы, кешігуші.
Шартты рефлексті тудыратын тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен қуаттамаса олар бара-бара сөнеді. Шартты рефлекстің сөнуі уақытша байланыстың үзілуі емес – тежелуі.
Біріншіден, үзілістен соң сөнген рефлекс бара-бара қайта түзіледі. Екіншіден, егерде шартты тітіркендіргіштің әсер етіп жатқан уақытта кенеттен өте күшті бейтаныс тітіркендіргіш әсер етсе, сөнген рефлекс қолма-қол қайта түзіледі.
Шартты рефлекстің тежеліп тұрғанын ажырататын мұндай құбылысты тежелудің жойылуы (растормаживание) дейді.
Ажыратушы тежелу (дифференцировка). Шартты рефлекстер бастапқы кезде жалпыланған түрінде пайда болады. Кейін ажырату процесі жүреді. Мысалы, 1000гц жиілігі бар дыбысқа жасалған шартты рефлекс 2500 және 5000 гц жиілікті дыбысқа біліне береді. Егерде 2500 гц жиілігі бар дыбысты қуаттамаса рефлекс бара-бара сөнеді.
Адамда өте күрделі ажыратулар екінші сигналдық жүйенің қызметімен іске асады. Адамдар сөз нұсқасына ғана емес, айтылу мәніне, сөйлемдегі сөздің орнына әсерленеді.
Күрделі ажыратулар шартты қимыл рефлекстері жасалғанда да болады. Мысалы, түрлі жаттығуларды үйрету барысында жаттықтырушы дұрыс жасалған қимылды қуаттайды, ал дұрыс емесін қуаттамайды. Қуаттау дұрыс, ия дұрыс емес қимылдарды сөзбен ажыратуға мүмкіндік береді.
Ажырату жылдамдығы организмнің тарихи және онтогенездегі даму сатысына, жеке-басының ерекшеліктеріне, тітіркендірулердің функционалдық маңызына және т.б. факторларға байланысты. Мысалы, жүйке жүйесі филогенезде дамымаған, төменгі сатыдағы жануарлардың жоғары сатыда тұрған жануарларға қарағанда ажыратулары өте қиын. Бірінші балалық шақта ажыратулар екінші балалық шаққа қарағанда қиынырақ болады. Шаршағанда ажыратулар қиындайды.
Әртүрлі анализаторларға әсер етуші тітіркендірштерді ажырату оңай келеді (мысалы, жарық, дыбыс, иіс, тию). Бір анализаторқа әсер еткен тітіркендіргіштерді ажырату оңай, егер олардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, ал егерде айырмашылығы аз болса ажырату қиынға түседі. Ажырату көп қайталауды және көп еңбекті талап етеді.
Кешігіп тежелу. Шартты тітіркендіруді қуаттауы кешіккенде пайда болатын тежелу. Шартты тітіркендіруді қуаттау кешіккенде тежелу процессі бірден қалыптаспайды. Шартты тітіркендіргіш қанша күшті болса, тежелудің бұл түрі сонша қиын алынады.
5) Организм мен ортаның қатынасы, түрлі заттар мен құбылыстардың қабылдағыштар арқылы жүйке жүйесіне келіп түсуінің арқасында іске асады. Осындай сигналдаушы жолды И.П.Павлов бірінші сигналдық жүйе деп атаған.Жануарлар әлемін де, бірінші сигналдык жүйе орта жағдайы туралы организмнің ақпарат алу жолы. Ортаның түрлі заттары, физикалық және химиялық қасиеттері( дыбысы, түсі, келбеті химиялық құрамы және т.б.) шартты сигналдар маңызына ие болып организмге ақпарат беріп бейімделу реакцияларын туғызады. Мысалы, тыныш жатқан мал жыртқыш аңның жүрісін, иісін сезгенде қашуға тырысады, өйткені олар қауіптілік сигналдары.
Бірінші сигналдық жүйе
адам мен жануарларда бірдей. Әдетте
адамның алғашқы алты ай өмірінде
бірінші сигналдық жүйенің
Адамды тәрбиелеу барысында екінші сигналдық жүйе дамиды.Ол тек адамға ғана тән. Екінші сигналдық жүйе қоршаған ортамен байланысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. И.П.Павлов екінші сигналдық жүйені адамның жоғары жүйке әрекеті механизміне қосылған “төтенше қоспасы” деп атаған. Екінші сигналдық жүйе іштен айтылатын, құлаққа естілетін сөз, тіл. Бұл қоршаған ортаның ең биік ақпараттық жүйесі. Екінші сигналдық жүйе адамда еңбек, әлеуметтік ортаның әсерінен дамыған. Еңбек процестерінің нәтижесінде пайда болып, миға әсер етуші кинестезиялық тітіркендірулердің мәні ерекше. Сөз-адамға қоршаған орта заттары сияқты физиологиялық тітіркендіргіш.
Екінші сигналдық жүйенің
тағы бір ерекше маңызына ақпарат
көлемнің ұлғаюы жатады. Бұл жағдай
адамның жеке басының ғана тәжірибесінен
пайда болмайды, сонымен қатар
адам баласының тәжірибесімен
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер өзара функционалдық байланыста. Ортадан және дененің әрбір бөлімінен келіп түсетін бірінші сигналдық жүйенің сигналдары екінші сигналдық жүйенің сигналдарымен тынымсыз әрекеттесіп жатады. Сонда сигналдық жүйелерді біртұтас етіп байланыстырып тұратын екінші және жоғары реттегі шартты рефлекстер.
Екінші сигналдық дүйе адамға ғана тән, абстракциялық сөзбен ойлаудың физиологиялық негізі. Есту, көру анализаторларынан, сөйлеу мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне келіп түсетін афферентік сигналдар, жазу және ауызекі айту тілі сияқты адамда күрделі рефлекстерді қалыптастырады.
6) Шартты рефлекстер бір-бірімен үнемі әрекеттесіп отырады. Егерде тітіркендіргіштер әсері белгілі бір тәртіппен қайталана берсе, организм жауаптарды да үнемі қайталанып отырады. Бұл жағдайда рефлекстердің тітіркендіргіштермен сәйкестігі маңызды емес, керісінше тізбектегі орнының сәйкестігі маңызды.
Қимыл немесе секреция түрінде білінетін реакциялар стереотипін И.П.Павлов динамикалық стереотип немесе функционалдық жүйелілік деп атаған. “Динамикалық” деген термин сол стереотиптің функционалдығын, өзгермелігін айқындайды (жаттығулардан кейін қалыптасуы мен бекітуі, өзгеруі мүмкіндігі, ұзақ үзілістен соң сөнуі, қажығанда, науқастанғанда нашарлауы).
Спортшының әрекеттерінде динамикалық стереотип қимыл фазаларынан тұрады. Стереотипті ауыстыру жүйке жүйесіне ауыр тиеді. Жаңа стереотипті жасау үшін ескі стереотипті сөндіру қажет. Жақсы бекітілген стереотип сөнбейді, тітіркендірулар сәйкес келген жағдайларда ғана қайтадан білінеді.
Динамикалық стереотип жеке функциялармен ғана байланысты емес, организмнің тұтас өмір тәртібімен байланысты. Адамда динамикалық стереотип қалыптасуының маңызы зор. Тұрмыс, оқу, жұмыс әрекеттері көбіне уақыт мерзімінде тұрақты болып келеді. Сондықтан, үй, оқу, жұмыс тәртіптері деген стереотиптер қалыптасады. Жүйке орталықтарында стереотип күрделі функционалдық жүйе ретінде қалыптасып қалады. Бұл жүйенің әсер етуші компоненттері біртұтас комплекске айналады. Демек, динамиқалық стереотип дегеніміз табиғи орта тітіркендіргіштерінің шартты рефлекстер тобы. Жүйелік адам әрекетін, ісін жеңілдетеді. Күнде-күнде бір жұмысты орындаған адам оны жеңіл орындайды.
Осымен қатар тұрақты
динамикалық стереотиптің жағымсыз
жағы да болуы мүмкін. Мысалы, жұмысты
белгілі бір стандартпен
7) Шартты рефлекстердi зерттеудiң негiзiнде және оларды сырттай бейнелейтiн тәртiп динамикасымен салыстыра келе И.П.Павлов, екi мың жыл бұрын Гиппократ ұсынған темпераментер классификациясымен сәйкес келетiн, жүйке жүйсеiнiң 4 түрiн (типiн) бөлiп шығарды. Жiктеу негiзiне қозу мен тежелу процестерiнiң үш түрлi функционалдық қасиетiн алған: күшi, байсалдылығы (тепе-теңдiгi), жылжымалылығы (жылдамдығы).
1. Күштi, байсалды, жылжымалы түрі(сангнивик - жiгерлі, өткiр, қызу канды адам).
2. Күштi, байсалды, бiрақ жылжымалылық.қабiлетi төмен (флегматик - жігерлі, салқын қанды адам).
З. Күштi, бiрақ жеңiлтек, қозу тежеуден басым (холерик - кызба адам).
4. Әлсiз, тежеу қозудан әлде қайда басым (меланхолик - уайымшыл, жасық адам).
Балалардың жоғары жүйке әрекетiнiң түрлерi И.П.Павлов жасаған схемаға сай келедi. Таза түрлер адамдарда сирек кездеседі. Адамдардың көбiсi аралық формаларға жатады. Мұнда түрлi варианттар көп болады. Бұл жерде тәрбиенің мәнiсi зор.
Жүйке жүйсінің түрлерiн И.П.Павлов генотип пен фенотиптің қорыптасы деп қараған. Тәрбие беру барысында жүйке жүйесiнiң iштен туа бiткен қасиеттерiне әлеуметтiк ортаның алуан турлi әсерлерi қосылады. Сыртқы орта әсерлерiнен сіңiрiлген жүйке жүйесiнің қасиеттерi, тұқымнан берiлген генетикалық тапсырыстардан үстем болуы мүмкiн. Бұл жағдай тәжірибе жасалған жануарларда да байқалады. Кейбірде, сыртынан карағанда қорқақ жануарларлар тәжiрибе мезгiлiнде күштi түр белгiлерiн көрсетсе, пысықтар - әлсiз түр белгілерiн көрсетедi. Адамға жоғары жүйке әрекетiнiң қасиетін бағыттайтын әлеуметтiк орта болғандықтан жүйке жүйесi түрiнiң қалыптасуында тәрбиенің мәнi зор.
Адамның әлеуметтiк тұрғысы бар. Белсендi еңбек әлеуметтік фактор ретiнде мидың жарты шарлар бөлiмiнiң, әсiресе, адамның жоғары жүйке әрекетiн жасаушы негізгі материалдық субстраты ми қыртысының дамуына ықпал етедi. Физиологияқ тұрғыдан қарағанда жұмыс iстеушi еттердiң проприрорецепторларынан туындайтын кинестезиялық тітіркендiрулердiң маңызы зор. Адамның жоғары жүйке әрекетiнiң сапалық ерекшеліктерi екiнші сигналдық жүйе механизмiмен байланысты. Ой ойлау негiзiн құра отыра, екiнші сигналдық жүйе адамға ортадағы заттар мен құбылыстарды сөзге айналдыруға мумкiндiк бередi. Ұғымдар мен ой қорытулар - адамның ерiктi әрекетiн ұштап, өзі тұрып жатқан ортаны белсендi түрде өзгертуге бағыттайды. Адамның жоғары жүйке әрекетiнің ерекшелiктерiне, екiншi сигналдық жүйсiнiң дамуымен байланысты, іштен айтылған сөз жатады. Ол шартты рефлекстер механизмі бойынша белгілі бiр әрекеттiң, қылықтың, iстiң түрткiсi болып, адамның әлеуметтiк ортадағы жалпы тәртiбiн қалыптастыруға қатысады.
Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді