Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат
1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.
Көз алмасының артқы полюсінің маңында көру жүйесінің кірген жері бар. Мұны соқыр дақ дейді, өйткені мұнда ешқандай жарық сезгіш элементтер жоқ. Ең артқы полюсінде сары дақ орналасқан. Ортасында орталық шұңқыр бар. Көз алмасына сыртқы көз еттері жабысады. Олардың жиырылуы көз алмасының түрлі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Көздің сәуле сындырғыш
аппараты. Бір ортадан екінші ортаға
өткенде сәуле сынады – рефракция.
Көздің сындырғыш аппараты өте күрделі,
торлы қабағында заттардың
Көздің негізгі сындырушы ортасы мүйізгек пен бұршақ тәрізді дене.
Көздің реферекциясы. Параллель келген сәулелер сынғанда, фокусы торлы қабықта болуы үшін, көздің барлық сындырғыш ортасының қосынды күші, оның ұзындығына сәйкес келуі керек.
Нормальды (эмметропиялдық)
рефракцияда парпллель
Жақыннан көру (миопия) рефракциясы- көздің іштен туа біткен алдыңғы – артқы бағыттағы ұзындығы, көлденеңнен артық болуынан болады. Көздің сындырғыш күшінің көп болуына байланысты, параллель сәулелердің сынығы торлы қабықтан ілгері түседі.
Алыстан көру (гиперметропия) рефрекциясы – көздің алдыңғы – артқы диаметрі қысқа болуына байланысты. Параллель сәулелер сынғанда фокусы торлы қабықтың артына түседі. Миопия және гиперметропия рефрекциясында сәуле шашыраңқы түседі
Аккомодация деп көз бұршағының сәуле сындырғыш қасиетін торлы қабыққа объектілерді айқын түсіру үшін өзгерте алатын бейімделуді айтады. Нормальді рефракцияда бір нүктеден көзге түскен сәулелер параллель болса қабықта тоғысады.
Жақын заттар нүктелелінен таралған шашыраңқы сәулелер,физика заңдары бойынша торлы қабықтан ары тоғысады. Сондықтан , нормальды рефракциясы бар адам, барлық жақында тұрған заттарды шашыраңқы жарық шеңберінде көруі керек, өйткені фокусы торлы қабықтың ар жағында орналасады. Ал әдетте,аккомодацияның негізінде жақындағы болсын, алыстағы болсын заттарды айқын көруге мүмкіндік бар.
Аккомодацияның физиологиялық мәні мынада. Көз бұршағына кірпікті (цинн) байламы жабысқан. Бұл байлам көз бұршағы киіп тұрған қапты (капсуланы) созады. Сонда бұршақ сопақтанады. Ал тарту әлсірегенде көз бұршағы серпімділігінің негізінде дөңестенеді.
Нәтежесінде иін радиусы азаяды және сындыру күші көбейеді.
Адамның жасы ұлғайған сайын
аккомодия азаяды. Бұл көз бұршағының
серпімділігінің жойылумен
Көз аккамодациясы рефлекторлық процесс. Ортадан тепкіш жүйке- көзді қимылдатқыш жүйке талшықтары. Олар кірпікті етті жүйкелендіреді.
Көз қарашығы шатыраш қабықтағы тесік. Оның тереңінде екі ұзын салалы бұлшық еттер талшықтары орналасқан: шеңберлі (циркулі) және радиальды. Көзді қимылдататын жүйкенің парасипатикалдық талшықтары циркулярлықеттерін жиырғанда, көз қарашығы кішірейеді. Симпатикалық жүйке радиальды еттер талшықтарын жиырғанда, көз қарашығы ұлғаяды. Қарашықтың көлемі рефлекторлық жолмен реттеледі. Жарық – көру талшықтарының сезімтал ұштарына әсер етіп, қарашығын кішерейтеді, ал қараңғыда ол ұлғайады.
Көру сенсорлық жүйесінің
құрылым элементтері мен
Екінші нейронның талшықтары көру жүйесінің құрамында көз алмасынан шығып, үшінші нейрон орналасқан аралық мидың көру төмпектеріне барады. Үшінші нейронның талшығы жарты шар тәрізді ми қыртысының шүйде бөлімінде жатқан төртінші нейронмен жалғасады.
Таяқшалар мен құтышалар толы қабықта бірдей орналаспаған. Құтышалардың негізгі бөлігі сары дақта. Ал таяқшалар тек орталық шұңқырда. Орталық шұңқырдың шеткі алаңдарында құтыштар азая береді.
Көру жүйкесінің торлы қабыққа кірген жерінде сәуле сезгіш элементтер- таяқшалар мен құтышалар жоқ. Осы жерге проекцияланған қандай да болмасын объект сезілмейді. Сондықтан бұл орын соқыр дақ деп аталады.
Жарық мен қараңғыға бейімделу. Жарықтану азайған сайын көру анализаторының сезімталдығы арта түседі. Мұны қараңғыға бейімделу дейді. Жарықтану көбейген сайын анализатортың сезімталдығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу дейді. Жарық жерден қараңғы жерге ауысқанда, көру анализаторының сезімталдығы он, жүз, мың есе өседі. Алғашқы 2-3 секөнтте шамалы, 3-4 секөнттен 15-20 секөнтке дейін сезімталдығы тез көтеріледі, әрі қарай баппен өсіп, 30-40 мин қарңғыда болғанда максимумға жетеді. Сондықтан адам жарық жерден шамалы жарықтанған бөлмеге көшкенде, бастапқы кезде маңайдағы заттарды айыра алмайды, ал ондаған секөнт пен минөтен кейін олар айқындала бастайды. Қараңғыдан жарыққа көшкенде қабылдағыштар сезімталдығы тез төмендейді, ал өте жарық жерде бұл процесс 1-2 минөт аясында аяқталады.
Көру қабылдағыштарының сәулеге сезімталдығы, ішіндегі ерекше жарық сезгіш пигментпен байланысты. Торлы қабықтың таяқшаларында родопсин бар (көру пурпуры). Сәуле әсер еткенде родопсин ыдырайды, нәтежеде таяқшалар сезімталдығы төмендейді. Қараңғыда родопсин қайта құрылады (ресинтезделеді). Ресинтез процесінде А витамині маңызды рөл атқарады.
Кейбір ауруларда және адамның тамағында А витамині тапшы болғанда, таяқшалардың қозғыштығы нашарлайды. Соның нәтежесінде авитаминоз немесе гиповитаминоз А-мен науқастанғандарда, жарықтану нашар мезгілдерде (мысалы, кешке, түнде)көру қабілеті төмен болады. Мұны – тауық соқыр деп атайды.
Көру аймағы және көздің өткірлігі. Көз алмасы қимылсыз тұрған сәттерде, көрініп тұрған кеңістіктің шекарасын көру аймағы дейді.Әдетте, ақ түс үшін көру аймағы көз қарашығына түсетін сәулелерге кедергі жасайтын, көз ұясының қабырғасымен шектеледі. Орта есеппен алғанда көру аймағы ақ түс үшін мынадай: сырт жағынан 900 ,іш жағынан 650, жоғарғы жағынан 650, төменгі жағынан. Бұл көру аймағының ішкі мен жоғары жағынан сәуленің түсу шегіне байланысты.
Көру аймағы ақ түске қарағанда бояулы объектілерге аз болады. Бұл жағдай торлы қабықтың шет алаңдарында құтышалардың жоқ болуымен түсіндіріледі.
Көру бұрышы -1 минөтке тең уақытта көздің екі нүктені жеке-жеке көру қабілеті. Мұны көздің өткірлігі дейді. Зерттеу үшін пайдаланылатын арнайы таблицаларда көздің өткірлігі1 цифімен бағаланады. Бұл көру бұрышы 1 мин-ке тең деген сөз. Көздің 0,5 өткірлігіне 2 көру бұрышы сәйкес, ал 0,1-10 көру бұрышына тең.
Орталық шұңқырдың ортасынан қашықтаған сайын көздің өткірлігі нашарлай береді. Шетінде орналасқан таяқшалар бұрын көрініп тұрған объектілердің жоғалуын немесе көру аймағында жаңадан пайда болған объектілер туралы ақпараттайды. Бас пен көз қимылдарының нәтежесінде тиісті объектілер орталық шұңқырға проекцияланып, барынша анық ажыратуды қамтамасыз етеді. Сондықтан, орталық шұңқырдағы қабылдағыштармен байланысты анализатор элементтерін ажырату анализатор деп атаса, ал торлы қабықтың шетіндегі элементтерімен байланыстарын – қимыл анализатор дейді. Мысалы,спорт ойындарында көру аймағы істен толық шығарылса, доппен жасайтын жаттығулар іске аспайды. өйткені объект көру аймағынан көрінбей кетеді.
Түсті қабылдап түйсіну торлы қабықтың құтышалар аппаратымен қамтамасыз етеді. Тек қана таяқшалар жұмыс істеген кезде адам түстерді ажырата алмайды (мысалы, қараңғыда).
Адам көзінің қабылдағыштары, әдетте, сәуле толқынының ұзындығы 400-750 миллимикрон арлығында қозады. 400 миллимикрон ұзындығынан (ультракүлгін) төмен және 800 миллимикрон ұзындығынан сезімтал ұштары қабылдамайды.
әрбір түс реңмен, қоюлығымен және ашықтығымен сипатталады. Рең деп түсті объектілерінің ақтан айырымын айтады (қызыл, көк, көкшіл,жасыл және т.б.).Түстің қоюлығы оған қосылғын ақтың мөлшерімен сипатталады. Түстің ашықтығы – сәуле тарату интенсвтігінің дәрежесі. Спектор түстері табиғатта реңк байлығын көрсете алмайды. Бір спектірлік түстің қоюлығы мен ашықтығын өзгерте отырып, мың реңк алуға болады.
Кеңістікті түйсіну. Адамның кеңістікті түйсінуі бірнеше физиологиялық механизмдерге байланысты. Кеңістікті түйсінуде көру түкпірі маңызды рөл атқарады. Көру түпкірінің арқасында адам алыста орналасқан түрлі заттардың тұрған жерін дәл бағдалай алады.
Монокулярлы (бір көзбен көру) көруде заттардың қашықтануы мынадай формулаларға байланысты: 1) жақын тұрған объектілер, қашықтықтағы заттарды көлегейлеп тұрады; 2) жақын тұрған заттардың көру аймағына, алыс тұрған заттар төмен проекцияланады; 3) бір көлеміжақын орналасқан заттардың торлы қабықа проекциясы, алыста тұрған заттар проекциясына үлкен болып келеді; 4) алыста тұрған заттар сағымдалып көрінеді; 5) алыстағы объектілердің түсі қашықтаған сайын қоюлығынан айырылып, сұрғылт тарта береді; 6) жақын тұрған заттардан гөрі, алыстағы қозғалған заттардың торлы қабыққа түсетін бейнесінің жылдамдық бұрышы кем болады.
3)Есту анализаторы. Рецепторлар. Есту хабарын қабылдап алу және өткізу механизмі. Есту табалдырықтары, дыбысты сезіну жиілігінің диапазоны. Сөзді қабылдау.Спортпен шүғылдану кезіндегі есту анализаторлар жүйесінің маңызы. Онтогенездегі қүлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерінің қалыптасуы және дамуы. Балалар және жасөспірімдердің есту мүмкіншілігінің бүзылуының алдын алу.
4)Тепе-теңдік анализаторы. Тепе-теңдік анализаторының рецепторлары және қабылдау механизмі. Тепе-тендік рефлекстері, тепе-теңдік тұрақтылығы. Қимылды басқарудағы тепе-теңдік анализаторларының маңызы. Тепе-тендік — моторлы; тепе-теңдік маңайлы; моторлы және тепе-тендік — вегетативтік рефлекстер. Тепе- теңдік аппаратының дене күйі статикалық және статокинетикалық рефлекстердің пайда болуындағы маңызы.
5)Қимыл анализаторы. Рецепторлар, хабарды қабылдап алу және ОЖЖ-не өткізу механизмі. Қимыл анализаторларының ми қыртысындағы деңгейі жәңе қимылды басқарудағы кері байланыстың маңызы.
6)Висцералді, ауру, жанасу, иіс сезу және дәм сезу анализаторлары туралы түсінік. Сенсорлық жүйенің дене жаттығуларын орындаудағы үйлесімді әрекеті. Қимыл белсенділігінін проприорецептивті анализаторлар дамуын жетілдірудегі маңызы. Балалар мен жас өспірімдер сенсорлық жүйелерінің даму ерекшеліктері. Егде жастағы адамдардың анализаторлар жүйесі кызметінің (көру, есту, бұлшық ет сезімі, тері сезімталдығы) өзгеруі.
Бақылау сұрақтары:
1 Анализаторлар қандай бөлімдерден тұрады?
2 Көру анализаторының шеткі бөлімін атаңыз.
3 Негізгі есту мүшесін атаңыз.
2.1.6 Жоғары жүйке қызметтері (ЖЖҚ)
Мақсаты: Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы түсінік беру. Мидың интегративтік қызметінің нейрофизиологиялық механизмдерін түсіндіру.
Жоспар:
1 ЖЖҚ-і туралы түсінік.
2 Шартты және шартсыз рефлекстер
3 Шартты рефлекстердің жасалу жағдайлары мен механизмдері.
4 Шартты рефлекстердің тежелуі.
5 Бірінші және екінші сигналдық жүйелер.
6 Динамикалық стереотип
7 Жоғары жүйке әрекетiнің түрлерi (типтерi)
Мидың интегративтік қызметі.
1)Жоғары жүйке қызметі өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға организмең бейімделуін қамтамасыз етеді. Жоғары жүйке қызметі көптеген факторлар әсерімен қалыптасады. Бір жағынан, орталық жүйке жүйесіне түсетін афференттік тітіркеністер болса, екінші жағынан жүйкенің өткен әрекеттерінен қалған іздерінен, демек, есте сақтау қасиетінің негізінде қалыптасады.
Афференттік тітіркеністерінде организм әрекетінің тиімділігі туралы, кері байланыс жолдарымен жасалатын сенсорлық түзетулердің маңызы зор (мысалы, спортта дене бөлшегінің өзгеруі, снарядтардың қозғалу траекториясы жөнінде ақпараттар).
Афференттік тітіркеністерді талдау, қорыту негізінде жаңа рефректорлық әрекеттер құралады. Жоғары жүйке қызметі жаттығуларға бйімделуде, жаңа қимыл дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Жоғары жүйке әрекеті адамда мидың түрлі бөлімдерінің, солардың ішінде, негізінен үлкен ми жарты шарларының қыртысы қызметімен байланысты. Жануарларға жасалған тәжірибелер қөрсеткендей, үлкен ми жарты шарлар қыртысын зақымдаса, жоғары жүйке қызметі нашарлайды. Олар қоршаған ортаға беймделе алмай, өздігінен тіршілік етпейді.
И.П. Павловтың пікірінше, үлкен ми жарты шарларының қыртысы тіршілік функцияларының «таратушысы да, басқарушысы», себебі тарихи дамуда организмнің барлық соматиқалық және вегетативтік әрекеттері, осы мүшенің ықпалына көшкен. И.П. Павловтың мұны «кортикализация функции» деп атаған.
2) И.П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа бөлген – шартсыз және шартты деп. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды және тұрақты. Шартты рефлекстер организмнің тіршілік ету жолында пайда болады, тұқым қуаламайды, тұрақты емес. Шартсыз рефлекстердің дайын рефлекторлық доғасы бар. Ол қабылдағыштардан, аралық нейроннан және эффектордан тұрады. Шартты рефлекстердің доғасы анализатортан, тұйықтағыштан және эффектордан тұрады. Шартты рефлекстер жасалу үшін, ми қыртысында шартты байланыстың пайда болуы қажет. Шартсыз рефлекстердің доғасы мидың төменгі бөлімдері арқылы өте алады. Ал шартты рефлекстер мидың жоғары бөлімдерімен байланысты.
Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді