Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

   Буферлiк жүйелер қан реакциясының қышқыл жағына ауып кетпеуіне кедергі келтіредi. Бұл жағдай күштi қышқылдардың (мысалы, сүт қышқылы), қанға түсетiн әлсiз қышқылдарды олардың негiздермен байланысын ықтыратын қасиеiмен түсiндiрiледi. Нәтижеде күштi қышқылдардың тұздары түзiлiп қанның реакциясы қышқыл жағына ауытқымауына тежелу пайда болады. Қанның барлық буферлік жүйелерi организмде салыстырмалы тұрақты болатын сiлтiлiк қор жасайды.

   Қанның қышқылдық-сiлтiлік  теңдігі дегенiмiз - қалыпты жағдайда  қышқылдық және сiлтiлік эквивалеттерінiң шамалы ғана ауытқуын көрсетеді. Бүйрек қызметiн, тер бездерiн, тыныс және ас қорыту жүйелерінің жүйкелік-гуморальдық реттеу механизмдерiнiң арқасында, организмнен зат алмасу қалдықтарын  шығару арқылы, рН тұрақтылығы мен қышқылдық-сiлтiлiк теңдiктi ұстап тұру қамтамасыз етiледi.

 

§ 5. Қанның қорғаныстық реакциялары

 

   Ақ түйiршктердiң  негiзгi  қызметi иммуногенез процестерiмен,  микробтардың тiршiлiк өнiмдерiн  залалсыздандыратын, иммундық  денелердi синтездеу қабiлеттiлiгiмен байланысты. Осы процестермен организмнiң белгiлi бiр ауруларға қарсы тұра алатындығы түсiндiрiледi. Иммундық денелер белсендi түрде кейбiр жұқпалы ауруларға жасалады (қылша, шешек және т.б.) да, көптеген жылдар бойы сақталып, сол жұқпалы аурулардың қайталанбауын қамтамасыз етедi. Нәтижеде сыртқы ортаның залалды әсер етушi факторларын қабылдамайтын қасиет қалыптастырылады (иммунитет). Ақ түйiшiктер амеба тәрiздi қозғала алатын қасиетiнiң арқасында, қанда айналып жүрген қарсы иммундық денелердi өзiне жапсырып алып, тамырлардан өтiп барып, ұлпалардың қабынған жерiне жеткiзедi. Нейтрофилдер протоплазмасында ферменттер көп, ауруды қоздырушы микробтарды қорытып жiбередi. Бұл құбылысты И .М.Мечников ашып, фагоцитоз деп атаған. Қабынған жердегi өлi клеткаларды да осылай қорытады. Ақ түйiршiктер қабынудан кейін қайта құрылу процестерiне де қатысады.

   Организмдi қан  кетуден қорғау. Бұл қызмет қанның  ұюға деген мүмкiндiгiнiң барлығына  байланысты. Қан ұюының мазмұны  - плазмада ерiтiндi түрінде жүрген  фибриноген белогының ерiмейтiн фибрин белогына айналып, жiп тәрiздi болып, жара маңайына жабысып қалуында. Қойыртылған қан (тромб) қанның әрi қарай кетуiне кедергi келтiрiп, организді қансыраудан сақтайды.

   Фибриногеннiң  фибринге айналуы тромбин ферментiнің   әсерiмен протромбин белогынан, қанда тромбоциттер  талқандалғанда пайда болатын тромбопластин көмегiмен жүредi. Тромбопластиннiң пайда болуы және протромбиннің троминге айналуы кальций иондарының қатысуымен өтедi.

   Қан құю. Қан  кұюдың қансырағанда және кейбiр  ауруларды емдеуге маңызы өте зор. Бұл жерде қанды берушi (донор) мен қанды қабылдаушы (реципиент) адамдардың қан үйлесiмдiлiгін қатал сақтау қажет. Үйлеспеу құйылатын қанның эритроцитiндегі агглютиноген заты, реципиент қанның плазмасындағы агглютинин  заты кездескен жағдайда болады (агглютинация).

 

§ 6. Қимыл әрекеттерiндегi қанның өзгерiстерi.

 

   Бұлшық ет әрекеттерi  қан жүйсiнде елеулi өзгерiстер  туғызады. Қарқынды бұлшық ет  жұымысында оттегi тапшлығының  себебiнен, зат алмасудың қышқыл  өнімдерi көптеп пайда болуынан, қанның қышқылдық-сілтiлiк теңдігі бұзылуының негiзiнде, метаболизм ацидозы пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда сiлтілiк қордың төмендеуi, рН дәрежесiн өзгертпеуі мүмкiн емес. Ал оның дәрежесi 6,95-ке дейiн төмендесе өтелмеген ацидоз деп аталады. Бұл жерде сүт қышқылының рөлі ерекше. Оның концентрациясы 9-12 мг%-тен тыныштықта, 250 мг%-ке дейiн жетедi. Жүктеме әсерінен болатын қышқылдық-сiлтiлік теңдiк параметрлерiнiң өзгерген мөлшерi, спортшының машықтық дәрежесiн көрсетедi. Машықтанбаған адамдармен салыстырғанда, ыңғай және ұзақ уақыт циклдық жаттығулар жасап жүрген спртшыларда, стандартты жұмыс орындаған кезде, қышқылдық-сiлтiлк теңдiк өзгерiстерi аз бiлiнедi. Ұзақ мерзiмдi жұмыстарды атқарғанда, спортшылар қанның буферлiк сыйымдылығы көбеюiнiң арқасында, метаболизм ацитозы өте кеш дамиды. Бұлшық ет жұмысы әсерiнен қанның  тұтқырлығы 70% өсуi мумкiн. Бұл жағдай терлеу арқылы судың көптеп кетуiмен, қанның пiшiндi элементтер санының көбеюiмен, коллоидты сапасының  өзгеруiмен түсндiріледi. Қан тұтқырлығының көтерiлу себебiнен шеткi кедергi көтерiледi де, гемодинамикаға әсер етiп жүрек-қантамыр жұмысын ауырлатады.

   Бұлшық ет жұмысы  ақ түйiршіктер санының көбеюiне  және формуласына өзтерiстер енгізедi (миогендiк лейкоцитоз). Ақ қан  бейнесiнiң өзгеру дәрежесi жасалған жұмыстың көлемi мен қарқындылығына байланысты. Жалпы лейкоцитоз себебi қанның деполардан тамырларға шығуында. Миогендiк лейкоцитоз дамуында үш фаза байқалады: лимфоцитарлык, біріншi нейтрофильдiк және екiншi нейтрофильдiк.

   1 фаза — лимфоцитарлық. Лимфоциттер санының көбеюi есебiнен байқалады. Бұл фаза жұмыс басталған соң 10 минөттен кейiн көрiнiс бередi.

   2 фаза -  бiрiншi нейтрофильдік. Лейкоциттердiң 16-18 мыңға дейiн көбеюiмен сипатталып, формуласында неитрофильдерің жас  формалары пайда болады (жас клеткалар 2-8%, таяқша ядролы 10-12%, сегменттi ядролы - 65-75%). Осыған пара-пар эозинофильдер 1-2%-ке және лимфоциттер 10-12% дейiн азаяды. Бұл фаза пәрмендi жұмыс басталғаннан соң 1-2 сағаттан  кейiн бiлiнедi де, қанды жасаушы мүшелердiң  белсендiлiгiн көрсетедi.

   3 фаза - екiншi нейтрофильдiк  фаза. Лейкоцитоз 30-50 мыңға жетедi. Жас  клеткалар - 6-8%, таяқша ядролы 20-25% жетедi, ллмфоциттер — 5- 10% дейiн  азаяды. Эозинофильдер жоғалады. Бұл  фаза өте ауыр да, ұзак ет  жұмысында байқалады. Екiншi нейтрофильдiк фаза бiрiншiсiмен салыстырғанда титықтағанның белгiсi ретiнде бағаланады.

   Жүктемеге орай  болатын қызыл қан реакцияларының  үш түрiн айырады. Реакцияның  бiрiншi түрiнде эритроциттер көбейедi (миогендiк эритроцитоз). Қанның ферменттiк  жүйсiнiң белсендiлігi, ретикулоциттер саны өзгермейдi. Бұрынғы қалпына бiрнеше сағаттан  соң оралады. Мұңдай типтi реакция қысқа, бiрақ өте қарқынды жұмыста болады және өзгерiстерi олардың деполардан шығуымен байланысты.

    Реакцияның  екiншi түрi қанды жасайтын мүшелер қызметiнің күшеюiмен байлансты. Мұның көрсеткiшi ретикулоциттердiң көбеюiнде. Эритроциттердiң жалпы саны шамалы азаяды, бояғыш көрсеткiшi төмендейдi, гемоглобиннiң процентi азаяды, ферменттiк жүйелердiң белсендiлiгi артады. Қайта құрылу мерзiмi екi күнге созылады. Осы типті реакция ұзақ және  қарқынды жұмыста болады.

   Реакцияның үшiншi түрi ет жұмысының кейбiр ерекше  түрлерiнде байқалады (мысалы, 3 күнге  созылған шаңғы жарысы, көп күндiк  велогонка). Бұл реакция қанды  жасау қызметiнің қаналуымен байланысты. Эритроциттер саны, гемоглобин азаяды, бояғыш көрсеткiшi төмендейдi. Тотықтандыру - қайта құру ферменттерiнiң белсендiлiгi күрт әлсiрейдi. Қайта құрылу кезеңi 6 күнге дейін созылады. Осы типтi реакция өте қатты шаршағандықтың көрсеткiшi болып келедi. Бұлшық ет жұмысында миогендiк тромбоцитоз да байқалады. Ол жұмыстан соң бiрнеше сағат бойы тiркіледi. Тромбоцитоз қанның ұюын жеделдетедi. Лейкоцитоз бен қатар тромбоцитоз қорғаныштық реакция деп бағаланады.

Бақылау сұрақтары:

1 Организмнің ішкі  ортасы дегеніміз не?

2 Қанның қандай ұлпаға  жатады?

3 Қан жасушаларын атаңыз.

 

2.2.2 Қан айналымы және оның жас ерекшеліктері

Мақсаты: Қан айналу жүйесінің физиологиясын баяндау.

Жоспар:

1 Қан айналымның маңызы.

2 Қан айналымның жалпы  схемасы.

3 Қан тамырлар.

4 Жүрек.

5 Қан көлемдері.

6 Гемодинамика.

7 Лимфа жүйесі.

 

Қанайналым деп организмдегі қанның қантамырлар арқылы тынымсыз қозғалысын айтады. Қанайналым жүйесi мүшелерiне - қан қозғалысын  қамтамасыз ететiн энергия көзi - жүрек және тасымалдау мен қайта бөлу қызметін атқарушы тамырлар жатады.

   Тұтас организмде  қанайналым мүшелерiлiң қызметi орталық  жүйке жүйесiнен және гуморальдық  факторлармен  реттеледi, тiршiліктің  әрбiр сәтiнде ұлпалардың оттегі  мен қоректiк заттарға деген  қажеттiлiгi сәйкестендiрiледi.

   ХVIІ ғасырда  В.Гарвей организмде қан тұйық  шеңберлер iшiнде қозғалады деп  дәлелдеген. Қан жүрек жасаған  қысым айырмашылығымен козғалады.  Қанайналымының екi шеңбері бар:  үлкен және кiші. Үлкен қанайналым  шеңбері жүректiң сол жақ қарыншасынан  басталады. Оның құрамына қолқа, әртүрлi калибрлі қызылтамырлар (артериялар), қызылтамыршылар (артериолалар), қылтамырлар (капиллярлар), көктамыршылар (венулалар) мен көктамырлар (веналар) кiреді. Үлкен қанайналым шеңберi оң жүрекшеге қуыс веналар болып аяқталып құяды. Қылтамырлар қабырғалары арқылы қан мен ұлпалар арасында зат алмасуы жүредi: қызылтамырлар қаны оттегiнi берiп, көмiрқышқыл газымен қанығып, веноздық қанға айналады. Жүректiң оң жақ қарыншасынан басталатын кiшi қанайналым шеңберi өкпе қызылтамырларынан, қызылтамыршалардан, қылтамырлардан, көк тамыршылардан және көк тамырлардан тұрады. Сол жақ жүрекiшеге олар өкпе көктамырлары болып құяды. Қылтамыршаларда қан көмiрқышқыл газынан ажырап, оттегiмен қанығып, артериялық қанға айналады.

ЖҮРЕК

 

§ 1. Жүрек және оның физиологиялық қасиетi

 

Жалпы сипаттамасы. Жүрек  ортасынан оң және сол бөлiмге  бойлық қалқамен бөлінген еттi мүше. Олардың  әрқайсысы қабырғасы фиброздық  қалқамен бөлiнген қарынша мен жүрекшеден тұрады. Жүрекшелерден қарыншларға  және онан ары қарай қолқа мен өкпе қызылтамырларына қарай қанның бiр бағытта қозғалуы, қарыншалардың кiре және шыға берiсiндегi тесiктерiнде орналасқан клапандармен қамтамасыз етiледi. Клапандардың ашылуы мен жабылуы екi жағындағы қысымның дәрежесiнде тәуелдi.

   Жүрек етiнiң   талшықтары көлденең жолағы бар миожiпшелерден тұрады. Ет талшықтарының диаметрi 12-24 мк болса, ұзындығы 50мк жетедi. Жүректiң әр бөлiмдендегi қабырғаларының қалындығы  бiрдей емес. Мұндай ерекшелiк жүректiң атқаратын ак (5-8 мм), жүрекше қабырғалары мұнан да жұқа 2-3 мм.  

Жүректің  көлемi оньң қуыстарының аумағы мен қабырғаларының қалыңдығынан құралады. Осы өлшемдер адамның денесіне, жасына, жынысына және қимыл белсендiгіне байланысты. Жүректiң көлемі рентгенография, қуыстарының  аумағы радиокардиография арқылы анықталады. Орта бойлы және орта салмақты ересек, денi сау еркек жүрегiнiң‚ ұзындығы орта есеппен 14 ем, көлденеңі 12 ем, қарынша қуыстарының аумағы 250-350 мл. Әйелдерде бұл өлшемдер сәл аздау.

   Жүректiң жалпы  көлемiн бипланды телерентгенография  деген арнайы тәсiлмен анықтайды. Жүректiң суретi бұл тәсiлмен екi проекцияда түсiрiледi. Табылған өлшемдер арқылы жүректiң жалпы көлемін есептеп шығарады. Орта есеппен жүректiң жалпы көлемi еркектерде 700-900 мл, әйелдерде 500-600 мл. Ауыр қара жұмыс пен спорт, жүрек етiнiң қалыңдауы мен қуыстарының кеңуiне әкеледі.

   Жүрек қанмен, қолқаның шыға берiсiнде басталатын  сауыт (венечная) артериясы арқылы  қамтамасыз етiледi. Қан сауыт  артериясына жүрек босаған кезде  енедi. Қарыншалар жиырылған мезгiлде  сауыт артериялары қолқа қақпашасымен қалқаланады, ал артериялардың өзi жиырылған жүрек етiмен сығымдалады. Сондықтан жүрек етiнiң қанмен қамтамасыз етiлуi жиырылған кезде азаяды. Сауыт артериясына 1 минөтте 200-250 мл қам өтедi. Қара жұмыс iстеген  кезде жүректiң қанмен қамсыздануы жоғарылайды. Ол қанның көлемi iстелген жұмыстың қуатына байланысты. Өте ауыр жұмыстарда жүректiң қанмен қамсыздануы 1000 мл жетуi мүмкiн.

   Жүрек етiнiң  физиологиялық қасиетi. Жүрек етiнiң  қозғыштық, өткiзгiштiк, жиырылғыштық  және автоматизм қасиетi бар.

   Жүрек автоматизмi. Сыртқы тiтіркендiргiшсiз, өзінен  шығатын тiтiркеністер әсерiнен  ырғақты түрде жиырыла алатын  қасиетін, жүректiң автоматизмi дейдi. Қозу- оң жүрекшеге құйылатын  қуыс веналар орнында пайда  болады. Осы жерде бейқалыпты  ет ұлпасы шоғырланған, синоатриалдық немесе Кис - Фляк түйiнi деп аталған.

   Синоатриалдық  түйiнде туған қозу артриовентрикулярлық  түйінге дейiн таралады. Бұл түйiннен‚  Гис шоғыры шығып екiге айырылады  да, ұштары Пуркинье талшықтарын  жасап қарыншалар еттерiне қозуды өткiзедi.

   Синоатриалдық  түйiннің автоматтық, қасиетi өте  жоғары.Нормалы жағдайда осы бөлiмнiң  тiтiркенiстері жүректiң басқа  бөлiмдер әрекетiн қамтамасыз  етедi. Миокардтың (жүрек бұлшық етiнiң)  басқа аймақтарының, жеке алғанда  атриовентрикулярлық түйiннiң автоматизмi әлсiз. Олар жүрек ырғағын басқарып тұрушы тiтiркеністермен басылып тұрады.

   Егерде, мысалы,  бақаның синоатриалдық түйiнiн  жекелесе жүрек өз әрекетiн  уақытша тоқтатады. Осыдан кейiн  ол қайта жиырылады, бiрақ ырғақ  жиілiгi бастапқы ырғағын қарағанда сирек болады. Тұңғыш рет Станниус жасаған бұл тәжiрибе, жүректің әдеттегi жұмысындағы синоатриалдық түйiннiң жетекшi рөлiн көрсетедi.

   Жүректiң қозғыштығы. Ол түрлi тiтiркендiргіштер әсер  еткенде бiлiнсдi. Тiтiркендiргiш күшi  табалдырықтан төмен болмауы шарт. Табалдырық деңгейiндегi тiтiркендiргiгштер, белгiлi бiр жағдайларда, барынша жоғары күшi бар жиырылуға әкеледi. Жүрек қозуының осы ерекшелiгi “түгел немесе түк емес” заңы деп аталған. Бiрақ бұл заң ыңғай бiлiне бермейдi. Жүрек бұлшық етiнiң жиырылуы дәрежесі тiтiркендiргiш күшiне  ғана тәуелдi емес, сонымен қатар алдын-ала оның созылуына, температурамен оның қоректендiретiн қанның құрамына байланысты.

   Жүрек етiнiң  қозғыштығы тұрақты емес. Қозу  барысында ол өзгередi.Оның алғашқы кезеңiнде жүрек етi қайта әсер етушi тiтiркендiргiштi қабылдамайды.Бұл кезең абсолюттiк қасарыс (рефрактерлiк) фазасы деп аталады. Адамда ол 0,2 -0,3 сек, демек жүректiң жиырылған уақытымен сәйкес келедi.  Абсолюттiк қасарыс фазасы аяқталысымен жүрек етiнiң қозғыштығы қайта қалпына келiп өте қысқа мерзiм бойы бастапқыдан жоғары болады.

Абсолюттiк қасарыс  кезеңiнің ұзақ болуының арқасында, әдеттегi жағдайда, жүрек етi кұрысу режимiнде жиырыла алмайды. Бұл  жағдай жүрекшелер мен қарыншалар жұмысын  үйлестiру үшiн өте маңызды.

Жиі түсiп тұратын тiтiркендiргiштерге жүрек етi абсолюттiк қасарыс фазасы кезiнде жауап бермейдi. Қосымша, кезектен тыс тiтiркенiс, қозғьштығы қайта кұрылған кезде келiп түссе, жүректiң қосымша жиырылуы байқалады  да, экстрасистола деп аталады. Кезектi тiтiркенiс жүрекке қасарыс фазасында келедi. Жүрек оған әсерлснбейдi, сондықтан экстрасистоладан кейiн ұзақ өтем паузасы (компенсаторная пауза) туады.

   Жүректiң өткiзгiштiгi. Өткiзгiштiк қасиет арқасында қозу  миокард бойына ырғақ жетекшiсi  клеткаларынан таралады. Жүректе қозу электрлiк жолмен таралады. Жүрек етнiң бiр талшығында пайда болған әрекет потенциалы басқаларына тiтiркендiргіш болып келедi. Жүректің қозуды өткiзгiш қасиетi талшықтарының құрылымдық ерекшелiктерiнен басқа да, көптеген факторларға тәуелдi. Мысалы, қозу өткiзгiштiгі температура жоғарыласа жеделдейдi де, оттегi тапшылығында баяулайды. Жүректiң әртүрлi бөлiмiнiң өткiзгiштiгi әрқалай. Бұл оның iшiндсгi гликоген мөлшерi мен қасарыс фазаларының ұзақтығына байланысты. Сондықтан, қозу алдымен жүректiң iшкi қабаттарын жайлайды да, соңынан сыртына қарай тарайды. Қозудың таралу жылдамдығы жүректiң өткiзгiш жүйесiне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қабырғаларының қалыңдығына байланысты. Ең жоғарғы өткiзгiштiк қасиет өткiзгiш жүйесiне, әсiресе Пуринье талшықтарына тән. Жүрекше етiнiң талшықтарынан атриовентрикулярлық түйiнге дейiн қозудың таралу жылдамдығы шамалы. Қозу процесiнiң осы жерде тежелуi жүрекшелер мен қарыншалар жұмысының тiзбектiлiгін қамтамасыз етедi.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді