Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

    Жүрек етiнiң жиырылғыштығы. Жиырылғыштық қасиет арқасында,талшықтардың ширығуы көтерiлiп, нәтижеде қысқарады. Жүрек етi талшығының дара жиырылу жылдамдығы, қаңқа еттерi талшығына қарағанда баяу. Бұл жүрек етiнiң құбылмалылығы аз екенін көрсетедi. Физиологиялық жағдайда әрбiр қозу толқыны жүректiң жиырылуына әкеледi. Кейбiр жағдайларда осы заңдылық бұзылуы мүмкiн. Мысалы, жүректi қоректендiрушi ерiтiндi iшiнде кальций болмаса, қозу жиырылуға әкелмейдi.

   Жүрек жиырылуын  энергиямсн қамтамасыз етушi құрамына  фосфор кiретін микроэргиялық химиялық заттар. Олар гликолиз, тотықтану, фосфорландыру арқылы энергия бөлiп шығарады.Мұнда аэробты реакциялар үстем.

 

§ 2. Жүректегi электрлiк процестер

 

   Жүректе пайда  болған биопотенциалдар барлық  денеге таралады. Адам денесiнiң  әрбiр жерiне- аяқ-қолына, кеудесiне бекiткен электродтар арқылы оларды тiркеуге болады. Электродтар жүрек биопотенцалдарьн күшейтетiн құралға жалғанады. Қағаз бетiне жазылған биопотенциалдарын электрокардиограмма деп атайды. (ЭКГ). ЭКГ-ны тыныштық күйде немесе жұмыс кезiнде жазуға болады (мысалы, велоэргометрде, тредбанда).

   ЭКГ-ны талдағанда  тiстерiнiң үлкендiгi мен кеңдiгiн  өлшейдi. Жүректiң әрбiр циклында  Р,Q, R, S, T  тiстерiн айырады. “Р”  тiсi жүрекшедегi қозу процесiн  көрсетедi. “РQ” аралығы — жүрекшеден қарыншаға, дейiн қозудың таралу уақытын көрсетедi. Орта есеппен ол 0,12- 0,18 сек. QRS жинағы қарыншалар қозуын көрсетедi. Оның кеңдiгi тыныштықта 0,06-0,08 сек. Ең үлкен оң тiс “R” мөлшерi орта есеппен 0,2- 2,0 сек. Жалпақ келген “Т” тiсi қозудан кейiнгi миокардтағы қайта құрылу процестерiмсн байланысты. “Q-Т” аралығы элетрлік систола деп аталады. Бұл миокардтың қозумсн түгел қамтылған уақытын көрсетеді. ”R-R“ аралығы жүректiң бiр циклының мерзiмi.

   ЭКГ көрсеткiштерi арқылы жүректің автоматизмi өткізгіштігi мен қозғыштығы туралы мағлұмат алынады. Жүрек автоматизмiнiң ерекшелiгiн ЭКIГ тiстерi жинақтарының жиілігiнен, ырғағының өзгергенінен, өткiзгіштігінiң, қозғыштығының ерекшелiктерiнен, ырғақтар динамикасынан және тiстерiнiң вольтаждарынан байқайды.

   Ересек денi  сау адамдарда синустық ырғақсыздық (синусовая аритмия) болуы мүмкiн. Кейде ырғақсыздық тыныс алу фазаларымен байланысты (тыныштқ ырғақсыздық). Дем алғанда жүрек жиiрек, ал дем шығарғанда сирек соғады.Жүрек ырғағы түйiнiнде және өткiзгiш жүйесiнiң әрбiр бөлiмдерiнде пайда болуы мүмкiн.

   Жүктеменің әсерiнен  жүрек циклы қысқарады: “P”тiсi үлкейедi, QRS жинағының вольтажы төмендейдi. Кейбiр жағдайда Р-Q мен S-Т аралықтары ортаңғы сызықтан төмен қарай ығысады. Жүктемедегi ЭКГ өзгерiстерi симпатикалық жүйке әсерiнің күшейуімен, миокардтағы энергетикалық просестердiң қарқындауымен байланысты.

 

 

 

 

§3 Жүрек соғысының тыныштық және жұмыс кеэіндегі жиілігі

 

     Дені сау  адамдарда синоатриалдық түйіндегі  қозу ырғағы жүрек соғысының  ырғағымен бірдей. Бүтін организмде ырғақ жетекшісінің автоматизміне орталық жүйке жүйесінен келіп түсетін тітіркеністер мен гуморальдық факторлар ықпал етедi. Жүрек соғысының жиiлігiн қызыл тамырлардың соғуымен (пульс) немесе жүректің кеудені итерісі арқылы санайды.

    Жүрек соғысының тынштық жағдайдағы жиілігі адамның жасына, жынысына, дене көлемiне, өмiр сүру салтына байланысты. Көптеген ересек адамдарда ол 1минөтте 60-70 рет соғады. Балаларда жүрек соғысы үлкендерге қарағанда жиірек. Әйелерде еркектерге қарағанда жиірек.

   Дене еңбегімен  белсенді түрде шұғылданушы адамдардың, аз қимылдайтын адамдарға қарағанда,  жүрек ырғағы сирек болады. 1 минөтте  60 реттен сирек соғатын жүрек  жұмысын брадикардия деп атайды. Спортшыларда брадикардия  жақсы  бiлiнедi. Мысалы, шаңғышылар мен стайерлердiң жүрек соғысының жиiлiгi 1 минөтте 40 рет болуы мумкiн. 1 минөтте 90-нан аса жиi соғатын жүрек жұмысын тахикардия деп атайды.

   Жүрек соғысының  жиiлiгi дене кейпіне де байланысты: тұрғанда ол жиiрек, жатқанда  немесе отырғанда- сиректеу. Жүрек ырғағына жан сезiмдiк факторлар әсер етедi. Адамның сезiм толқуында ол жиiлейдi.

   Ет жұмысы жүрек  соғысын жиiлетедi. Жүрек ырғағының  ет жұмысында өзгеруi адамның  жасы мен жынысына байланысты. Бiрдей жұмыс жасағанның өзiнде,  еркектерге қарағанда, әйелдердiң жүрек соғысы жиi. Балалар мен жасөспiрiмдердiкi ересектерге қарағанда жиі.

   Стандартты жұмыста  жүрек соғысы қуатына тәуелдi. Дене жаттығуларын жасаған кездерде (көптеген жағдайларда) жүрек  ырғағының жиілігі 1 минөтте 160-180 жетедi. Кейбiр жағдайда 220-ға дейiн көтерiледi.

 

§ 4. Жүрек циклының фазалары

 

Жүрек жұмысы тынымсыз жиырылу  және босаңсу қасиеттерiмен сипатталады. Жүректiң жиырылу сәтiн сисотла, босаңсу сәтiн диастола деп атайды. Жүрек циклы үш фазадан тұрады: 1 — жүрекше систоласы (бұл фазада карыншалар босайды да, қанмен толтырылады); 2 - қарыншалар систоласы (қан өте жоғары қысыммен оң қарынша мен өкпе қызылтамырларына, сол қарыншамен қолқаға айдалады) З — жүректiң жалпы диастоласы (жүрекшелер мен қарыншалар еттерi босаған сәт). Жүрек циклының ұзақтығы соғу жиілiгiне байланысты. Жүрек ырғағы 1 минөтте 75 рет болса- ол 0,8 сек. Сонда жүрекше систоласы 0,10 сек, қарыншалар дистоласы 0,33 сек, қарыншалар диастоласы 0,47 сек, жүректің жалпы диастоласы 0,37 сек.

   Жүрек циклының фазалық  құрылымын поликардиография тәсiлiмен зерттейдi. Поликардиограф жүрек жұмысына пайда болатын электрлiк, дыбыс және механиакалық құбылыстарын қабат тiркейдi.

   Жүрек қарыншалары систоласының  бастапқы кезеңiнде, ет талшықтары  қозумен әлi де болса түгел  камтылмай тұрғанда, асинхрондық жиырылу фазасы, байқалады. Тыныштықта ол 0,05-0,06 сек. Осы кезде қарындағы қысым өсе бередi де, атровентрикулярлық клапандарының жабылуына әкеледi. Келесi фазасында қуыстары жүрекшелер мен қызылтамырлардан толық оңшалағанда, изометираялық жиырылу фазасы байқалады. Ол 0,03-0,05 сек. Бұл фазада қарыншаларда қысым күрт көтерiледi де, қолқа қақпашасының ашылуына әкеледi. Осыдан соң, қарыншалардан қайта айдап кетірушi фазасы келедi. Ол 0,25 сек. Қарыншалардың диастоласы протодиастолалық кезеңнен басталады. Осы кезеңде олардың еттерi бiрте-бiрте босаңсиды, бiрақ қолқа қақпашасы әлi ашылмайды. Қарыншалар еттерiнің әрi қарай босаңсуы және олардағы қысымның азаюы, қолқа қақпашасын жабады. Клапандардың жабық күйi мен жүрекшелер қуыстарының оңашалануы, қарыншалардың әрi қарай босаңси  беруi, изометриялық фазасы деп аталады. Ол 0,08 сек. Осыдан соң атиовентрикулялық;қақпаша ашылып, қарыншалар жүрекшелердегі  қанмен тола бастайды. Ол 0,35 сек. Аяғында жүрекшелер жиырылуы басталады. Ол 0,1 сек.

Дене жұмысында жүрек соғысының жиiлеуiмен қатар, циклының фазалық құрамы өзгередi. Барлық систолалық фазалар қысқарады. Қиын жұмыс изометриялық жиырылу фазасы 0-ге жақындайды. Айдау кезеңi екi есеге азайып, 0,12-0,15 сек жетуi мүмкін. Диастола күрт қысқарады. Мысалы, жүрек ырғағы 200-ге жететiн жұмыста, диастола 0,10-0,13 сек дейiн қысқарады. Қарыншалардың қанға толуына 0,05-0,08 сек қана кетеді. Жұмыс аяқталған соң жүрек циклының фазалық құрамы қайта калпына келедi (3-кесте).

Жүректің айдаушы насос  ретіндегі жұмысы

 

 

Миокардтың жиырылуы және босаңсуы нәтижесінде ішіндегі қысым бір көтеріліп, бір төмендейді. Осы қысымды адам мен жануарларда  өлшеуге болады.

Систолада жүрекшелерде қысым 5-8 мм дейін  көтеріледі, диастолада 0-ге дейін төмендейді. Жүрекшелер жиырылғанда қан босаған қарыншаларға қарай ауысады. Жүрекшелерде қысым көбейгенде қан кері қарай көк тамырларға кетуі керек. Бірақ олай болмайды, өйткені жүрекшелердің еттері жиырылғанда көктамырлардың құятын арнасы қысылып қалады.

Қарынщалар систоласы кезінде  қысым жоғарылайды: оң қарыншада 25-30мм, сол қарыншада 115-125 мм дейін. Екі қарынша ішінде қысымдар айырмашылығы бар. Сол қарынша жақсы дамыған, өйткені қанды қолқаға айдаған кезде едәуір кедергіні жеңеді.

Оң қарыншадағы қысым 5-12 мм дейін, ал сол қарыншадағы қысым 65-75 мм дейін көтерілгенде, қолқа қақпашасы ашылып, қан өкпе қызылтамырына және қолқаға лап береді. Қарыншалардың систоласы кезінде қан кері қарай жүрекшелерге қайта алмайды, өйткені осы сәтте антриовентрикулярлық клапандар жабық тұрады. Қарыншалар систоласында өкпе қызылтамырлары мен қолқадағы қысым, олардың ішіндегі қысыммен тең. Қарыншалар қаннан босағанда ішіндегі қысымы, қызылтамырлардағы қысымға қарағанда төмен. Бұл жағдай қолқа қақпашасының жабылуына әкеледі. Қарыншалар еті босаңси берген сайын ішіндегі қысым төмендей бере, диастола аяғында 0-ге дейін құлдилайды. Қарыншалар ішіндегі қысым, жүрекшелер ішіндегі қысымнан төмен кеткенде, антриовентрикулярлық клапандар ашылады да, қарыншалардың қанмен қайта толтырылуы басталады. Сөйтіп жүрек насосы оқтын-оқтын қанды қызылтамырларға айдайды және оның тынымсыз жылжуын қамтамасыз ететін жоғары қысымды қамтамасыз етіп тұрады.

Жүрек қуысы диастола кезінде қанға  қайта толуына, кеуде қуысының сора алатын қасиеті көмектеседі. Қуыс веналары мен жүрекшелерде қысым төмендеген сәтте дем алу, кеуде қуысының сору әсерін күшейтеді. Жұмыс кезінде жүректің жиырылу күші артады.

 

Жүректің жиырылу кезіндегі  механикалық және дыбыстық құбылыстары

 

 

Жүрек итерісі(түрткісі). Жүрек жиырылған сәтте көптеген адамдардың бесінші қабырға аралығында, ортаңғы – бұғана сызығынан солға қараған нүктеде жүректің итеруін сезуге болады. Жүрек жиырылған кезде пішіні өзгереді, қабырғалары қатайады, ұшы көтеріледі, сойтіп итеру пайда болады.

Қанның үлкен тамырлармен  қозғалысы реактивті серпіннің әсерінен, бүкіл дененің тербелісін туғызады. Осы тербелістерді арнайы құралмен тіркеуді баллистокардиография дейді. Бұл тәсіл қанның үлкен қызылтамырларға лақтырылған күшін, тынымсыздығын және жылдамдығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Жүрек лүпілі. Жүрек жұмыс  істеген кезде жүрек лүпілі деп  аталатын дыбыстар пайда болады. Оларды тыңдау арқылы зерттейді. Дыбыстар жөнінде нақты мағлұматты фонокардиография арқылы алуға болады.

Жүректі тыңдағанда екі  үн анықталады: систолалық, диастолалық. Бірінші үн төмен және ұзақ, екінші үн – жоғары және қысқа. Бірінші үн – антриовентрикулярлық клапандары мен оларға жалғасқан сіңір жіпшелерінің тербелістерінен туады. Екінші үн – қолқа қақпашасының жабылуымен пайда болады.

Жүрек клапандарының  жарамсыздығынан және басқа да бұзылуларда  шулар естіледі. Олардың ерекшеліктері жүрек ауруларының дагностикасында маңызды рөл атқарады.

 

Қанның систолалық және минуттік көлемі

 

 

Систолалық немесе соқпалы  көлем – жүрек бір жиырылғанда  шығаратын қан көлемі. Тынштық  күйде қанның систолалық көлемі, орта сеппен 60-80 мл. Қарыншалар систоласында қан түгел шығарылмайды. Қалған қанды жүректің қоры деп атайды. Қор түрінде қалған қан көлемінің арқасында жұмыс баталысымен-ақ, систолалақ көлем өсе бастайды. Жүректің қарыншаларында қор көлемінен басқа, қанның қалдық көлемі де бар. Жүрек қатты жиырылғанның өзінде қаннан толық арылмайды.

Ет жұмысы кезінде  қанның систолалық көлемі 100-150 мл-ге дейін  ал кейбір жағдайларда 180-200 мл-ге дейін  жоғарылуы мүмкін. Систолалық көлемінің  көтерілуі, жұмыс істеуші мүшелерді  қанмен қамтамасыз етудің бірден-бір маңызды факторы. Қанның систолалық көлемі жеңіл жұмыс кезінде (организмнің оттегіге деген мұқтаждығы барынша жоғары аэробтық мүмкіндігінің 40% деңгейінен аспаған жағдайда) өзінің ең жоғары дәрежесіне жетеді. Жұмыс қуаты жоғарылаған жағдайда қанның систолалық көлемі белгілі бір биік дәрежеде тұрақтанады немесетөмендей бастайды.

Жүректің 1 минут ішінде шығаратын қанының көлемін минуттік көлемі деп атайды. Бұл көрсеткіш  қанның систолалық көлемі мен жүрек  соғысы жиілігіне байланысты. Ересек адамдардың тыныштық күйінде қанның минуттік көлемі 5-6 л болады.

Қаннің минуттік көлемі дене аумағына байланысты, сондықтан  оны нақта анықтау үшін жүрек  индексін есептеп шығарған дұрыс. Жүрек  индексін табу үшін қанның минуттік көлемін  дене аумағының көлеміне бөледі. Ересек адамда жүрек индексі 2,5-3,5 л/мин/м2.

Жүктемеде қанның минуттік көлемі көбейеді: жеңіл жұмыста – 10-15 л, машықтанған адамдар қатты  күш салғанда – 30-35 л жетуі мүмкін. Жеңіл жұмыста қанның минуттік көлемі систолалық көлемінің өсуімен, жүрек  ырғағының жеделдеуімен қамтамасыз етіледі. Жұмыс қуаты артқан сайын минуттік көлемінің өсуі негізінен жүрек соғысының жиілеуімен жасалады. Қанның минуттік көлемі жүрек жұмысы өнімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қанның минуттік көлемінің  дәрежесі оттегіге деген қажеттілікке тәуелді, ал соңғысы атқарылған жұмыстың қуатына байланысты, сондықтан минуттік көлем мен жұмыс қуаты арасында тәуелділік бар. Бірақ, тәуелділік ыңғай біліне бермейді. Жұмыс істеуші мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі, қанның минуттік көлемінің абсолютті көтерілуіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның таралуына да байланысты. Айналымдағы қан қанша ұтымды бөлініп отырса, басқа тең жағдайларда, қанның минуттік көлемінің жоғарылуына сонша шамалы болады.

Адамда қанның систолалаық  және минуттік көлемдерін әртүрлі тәсілдермен анықтайды. Ең дәл тәсіл қатарына Фиктің тура тәсілі жатады. Ол сіңірілген оттегі мөлшері мен артерио-веноздық айырмасын анықтауға негізделген.

 

ҚАНТАМЫРЛАР

 

Қан қозғалысы туралы негізгі мағлұматтар

 

Қанның тамырлармен жылжуы қызылтамырлар мен көктамырлар арасындағы иқысымның айырмашылығына байланысты. Қозғалушы қан өзінің өтетін жолының әрбір аймағында кедергіге (оның тұтқырлығына, тамырлардың ұзындығы мен диаметріне) тап болады. Тамырлар жүйесінің әр аймағында кедергі әртүрлі. Біріншіден – тамырлар диаметріне байланысты. Егерде тамырлар диаметрлері 2 есе кішірейсе, қанның жылжуына кедергі 16 есе өседі. Негізгі кедергіні қызылтамыршалар мен қылтамырлар жасайды, өйткені олардың диаметрі өте кіші. Жүрек жұмысымен жасалған қанның қысымы, тамырлар жүйесінде бара-бара төмендейді.артерияларда қысым 10%-ке төмендесе, қызылтамыршалар мен қылтамырларда 85%-кетөмендейді. Қорытындылай айтқанда, жүрек энергиясының дені, қанды қызылтамырлар мен қылтамырша арқылы жылжытуға жұмсалады.

Уақыт бірлігінде барлық тамырлармен өтетін қанның мөлшері (Q) сонша көп болады, егерде олардың  артериялық (Ра) және веноздық (Pb) ұштарында  қысым айырымы көп болып, ал кедергісі  сонша аз болса.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді