- Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау,
лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды
алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен
дәрі құю.
- Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру,
тамақтандыру т.б.
- Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
- Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу: лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау, ауруханадан
шығу қағазын толтырып беру.
- Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат
есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін
қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады,
патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде
үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
- Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
- Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
- Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің
айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды,
нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді.
- Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын
тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
- Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс
істейтін жерлерде еңбек шарттарын және
қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды,
өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем
көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы
санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп
дегеніміз ауруханаішілік инфекцияның
таралмауының алдын алуға бағытталған
санитарлық алдын алу және эпидемияға
қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру
мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы
тәртібі оның бағытына қарай анықталады.
ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің
ең негізгі бағыты санитарлы – эпидемияға
қарсы шараларды қамтамасыз ету және
орындау.
ЕПҰ санитарлық
эпидемияға қарсы тәртіп оның
профилімен қамтамасыз етіледі.
Санитарлық эпидемияға қарсы
тәртіптің негізгі талаптары
ҚР ДСМ инструкцияларымен, бұйрықтарымен
қамтамасыз етіледі:
- ҚР заңы «Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура лы»
4. 12. 02. № 361. 11-30 к.
- Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың
және ана мен баланың ауруханалық қорғау
ұйымдастыруы және құрамына талаптар.
- Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от
31.01.03 ж. «Медициналық құрал-саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру
сапасына санитарлық гигиеналық және
эпидемияға қарсы талаптары».
- ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР «Вирусты
гепатиттердің ауруханадағы алдын алу
шаралары».
- ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы
«Аурухана ішіндегі инфекцияларға инфекциялық бақылауды
ұйымдастыру».
- ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы
«Бөртпе сүзек және Брилл ауруы ошағында
эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру
және орындау».
- ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы
ҚР «Қышыма ауруын анықтау және емдеу шараларын жетілдіру».
- ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы «ЖИТС ауруын
алдын алу».
- ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы «Туберкулезбен
күресті күшейту шараларымен жағдайлар»
- ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы «Іріңді хирургиялық
аурулары бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана
ішіндегі инфекциямен күрес іс шараларын
күшейту».
- №.528.15.10.1977ж бұйрық «Сіреспе ауруымен күрес шараларын жетілдіру».
- ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы «Зарарсыздандыру
ісінің алдын дамуының іс әрекеттері».
- ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы «Залалсыздандыру ісін күшейту».
- ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы «Медициналық
қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға,
сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
туралы жалпы ережелерді әрбір медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық - алдын алу іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру
мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу
сауықтыру ұйымының бас дәрігеріне, бас
мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің
аға мейірбикелеріне жүктеледі.
Санитарлық эпидемиологиялық
тәртіп шаралар жинағына кіреді:
- Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды
жинау және санитарлық ережелерін орындау
Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.
- Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды
жүргізу.
- Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.
- Асептика және антисептика талаптарын
орындалуын қатаң сақтау және бақылау.
Аурухана қала жанындағы аймақта орналасуы
қажет. Темір жол мен автокөлік жолдарынан
тыс жерде болуы керек. Аурухана территориясы
көгертілген және жақсы жабдықталған
болуы қажет. Қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды
шығару күнделікті жасау міндетті. Оларды
арнайы бөлінген жерде жинап отырады.
Тері-мерез ауруханасы, онкологиялық,
хирургиялық соның ішінде акушер гинекологиялық
бөлімшелерде қалдықтарды жабық ыдыста шығарылып, арнайы
бөлінген жерлерде жағылып, жойылуы
керек.
Науқастар палатасында,
дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде,
таңу бөлмесінде, операция жасайтын
бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде,
мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек.
Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы
қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында
тумбочкалар, орындықтар болу керек.
Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті.
Терезе форточкалары арқылы күнде желдету
жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас
бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы
болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t
20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С
аспауы қажет. Палаталардың санитарлық
жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны
ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу
керек. Ол кезде жуу ерітінділерін және
зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып
отыру керек.
Аурухана жайларында құрт құмырсқалар
пайда болған жағдайда олар жойылады. Оны дезинсекция деп атаймыз.
Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз.
Сонымен ауруханадағы жайларда қажет
санитарлық жағдайды сақтау медицина
қызметкерлермен, науқастардың жеке басының
тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Науқастың төсеніштерін
ауыстыру, сақтау
ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде
науқастардың киімі мен төсеніштері аптасына 1 рет ауыстырылады.
Бөлінділермен ластанған төсеніштер
мен киімдер қажеттілігіне қарай, жиі
ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу
кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын
сақтау қажет:
- биологиялық сұйықтықтар мен ластанған
киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет;
- төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған
орта ластануын болдырмау мақсатында);
- лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен
қаптарға салу қажет;
- бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға
болмайды;
- лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;
- лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа
дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда
(металл, пластмасса немесе дезинфекцияға
жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады;
- лас киіммен жұмыс істейтін персонал
санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі
керек;
- таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға
болмайды;
Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың
деконтаминациясы
Деконтаминация - зарарсыздандыру және
қорғау мақсатында микроағзаларды кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік
инфекциялардың алдын алуда маңызды бағыттарының
бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция
және залалсыздау жатады.
Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың
ластану қауіпі деңгейіне қарай деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.
Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған
заттар немесе науқаспен тікелей жанаспайтын
заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар) жатады.
Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.
Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында
инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын,
бірақ шырышты қабықтар немесе басқа жерлермен
жанасатын вирулентті микроағзалармен
немесе қатынас жолмен жұғатын микроағзалармен
зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық,
гинекологиялық жабдықтар, термометрлер
т.б.). Контаминация үшін оларды тазалау,
соңынан дезинфекциялау қажет.
Қауіптің жоғары деңгейі - инвазивты процедураларда қолданылатын
құрал-жабдықтар. Контаминация үшін оларды
тазалау, дезинфекциялау, залалсыздау
қажет.
АІИ алдын алу үшін
ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:
- Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.
- Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі
(науқастарды педикулезге қарау және педикулез
анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты
анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады.
- Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды
тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан
Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі.
- Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
- Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу
мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына
бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады.
- Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
- Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес
жүргізіледі.
- Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды
(ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына,
вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста
болған науқастарды бақылау мерзімдері
сақталады.
- Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі,
буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату
уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және
жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау
заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген
тамақты сақтау ережелері сақталады.
- Карантинды және аса қауіпті жұқпалы
аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде
жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.
- ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою
ережелері сақталады.
Мейірбикенің
жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің
жалпы шаралары
Мейірбике міндеттері:
- Қолды жуу деңгейлерін сақтау.
- Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен
қатар қанмен жұмыс істегенде қолғап кию.
- Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды
жуу.
- Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез арада жинау.
- Қолданылған құрал-саймандарды, күтім
заттарын, таңу материалдарын нормативті
құжаттарға сай тез арада зарарсыздандыру.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
- Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар
бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы
ауру түріне қарай) ауыстыру.
- Қажет концентрациядағы дезинфекциялық
ерітінділерді дайындау.
- Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді
дайындау.
- Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.
- Заттарды камералы дезинфекция үшін
клеенка қапқа салу.
- Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін
бөлме ортасына жинау.
- Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе,
есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.
- Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.
- Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен
кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.
- Арнайы киімді камералы дезинфекциялау
үшін клеенка қапқа салу.
Емдеу бөлімшесіндегі
емдеу сақтандыру тәртібі
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің
физикалық және психикалық тыныштығын
сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру
шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға
дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды
ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы
факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс
ұйымдастыру жатады.
Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:
- Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін
қамтамасыздандыру.
- Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.
- Рационалды физикалық белсенділік тәртібін
қамтамасыз ету.
Бөлімшеде тыныштықты
сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге
радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат
берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің
бөлмелерді жинау барысында, күндізгі
және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты
бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі
күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.
Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы
медициналық этика мен деонтологияны
сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан
сөздің оның денсаулығының жақсаруының
үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау
керек. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің
4 тәртібі қолданылады: