Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат

Описание работы

Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Файлы: 1 файл

1. Емдеу -са-тандыру мекемелеріні- т-рлері ж-не онда-ы медицина .doc

— 2.62 Мб (Скачать файл)
  1. Қолғапты шешпей, жарақаттанған жерден қанды сығып шығару, қолғапты шешу, 3%  хлорамин ерітіндісіне тастау.
  2. Қобдишадан крафт пакет ішіндегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.
  3. Қобдишадан 70% этил спирті, 5% йод ерітіндісін алу.
  4. Жарақатты 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, шарикті астаушаға тастау.
  5. Қанды тоқтатпай, қолды сабынмен жуу.
  6. Жарақатты стерильді мақта шаригімен құрғату, шарикті астушаға тастау.
  7. Жарақатты 70% спиртпен қайталап өңдеу, содан соң 5% йод ерітіндісімен өңдеп, қолданылған материалдарды астаушаға тастау.
  8. Жарақатқа бактерицидты пластырьді жабыстыру.
  9. Резеңке саусаққапты киіп, үстінен қолғапты кию. 

Санитарлық - эпидемияға карсы тәртіптің мақсаты - ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялардың алдын алу. Ауруханалық инфекция -стационардағы науқастарда немесе оларды күтіп және емдеп жүрген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика мен анитисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әр-түрлі ауру қоздырғыштарна қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б. нозокомиальды инфекциялар - бұрын соңды инфекцияланбаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция, Мұндай аурухана ішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактериялық дәрілер қолданылып жүрген ортада тіршілік етеді. Аурухана ішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кездесетіні стафилококктар.

Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден етіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан етуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б, өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.

Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің кез келген медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау емдеуді және науқастарды күтуді ұйымдастырудың басты бір белігі. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайын туғызу жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұракты ауа температура, ылғалдылығы) негізгі ережелерін сактаумен байланысты іске асырылады.

Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез-келген медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қарастырады. Бөлімшелерден жиналған керексіз заттар тығыз жабылатын қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады.

Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сактау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық кызметкер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) - адамзатты және жануарларды коршаған ортадағы жұкпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған   шаралар.   Дезинфекцияның   мақсаты   -   инфекциялы аурулардың таралу жолдарын жою. Дезинфекциялық шаралардың турлері: дезинфекция,  дезинсекция  және  дератизация.  Дезинфекция  аркылы қоршаған ортадағы және заттардағы патогенді микроорганизмдерді жояды. Дезинфекцияның алдын ала (дезинфекциялау) және ошақты түрлері бар. Алдын ала дезинфекциялау - патогенді қоздырғыштар бар болуы мумкін деген аймақты ғана (кұбырдағы және жүзуге арналған бассейндердегі суды хлорлау, адамдар көп жиналатын жерлерді   және т.б. дезинфекциялау) зарарсыздандыру. Ошақты дезинфекция (күнделікті және қорытынды) инфекциялық ауру ошағында, яғни инфекциялы ауруы бар науқас болған жерде мысалы: пәтерде немесе инфекциялық бөлімшеде жүргізіледі. Инфекциялы ауруы бар науқастың төсегінің қасында науқас адамнан бөлінген    патогенді    микроорганизмдерді    жою    ушін    күнделікті дезинфекциялау жұмысы өткізіледі. Науқастың төсек орнын, киім кешегін, науқасты күту кезінде қолданған заттарды, науқастан бөлінген заттарды, және т. б. күнделікті дезинфекциялап отырады. Мысалы, дизентерия кезінде ауру қоздырғыштары науқастың нәжісімен көп бөлініп коршаған ортадағы әр түрлі заттарға таралады, іш сүзегі кезінде қоздырғыштар нәжіс және зәрмен бөлініп жатады. Сондықтан науқастың нәжісі мен зәрі және оларды қоршаган заттар бірінші орында зарарсыздандырылуы кажет. Қорытынды заласыздандыру ошақтағы жұқпалы ауру коздырғышының көзі жойылғаннан кейін (жұкпалы аурулар     бөлімшесіндегі науқас ауруханадан шыкканнан кейін немесе науқас өлгеннен кейін) сол жерде сақталып қалуы мумкін ауру қоздырғыштарын жою үшін жүргізіледі. Сонымен белімшелерде күнделікті және қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі. Бөлімшенің мейірбикесі зарарсыздандырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін жақсы білуі керек және оны өзінің жұмысында үнемі қолданып кіші медицина қызметкерлерін үйретіп отыруы керек.

Зарарсыздандырудың 3 негізгі түрі бар: механикалық, физикалық және химиялық. Механикалық зарарсыздандыру түріне бөлмелерді жуып-тазалау, сыпырып, қағу кіреді. Ауа мен суды бөгде заттар мен микробтардан тазалау үшін сүзгіштен өткізу    әдістері қолданылады. Механикалық зарарсыздандыру микробтардан толық арылу үшін жеткіліксіз, сондықтан оны физикалық және химиялық арарсыздандырумен ұштастыру керек. Зарарсыздандырудың физиқалық түрі - қайнату, бумен, ыстық ауамен және ультракүлгін сәулелермен өңдеу болып табылады. Төсек орынды (2 сағат бойы сабынды-содалы ерітіндіде қайнатады), ыдыс-аяқты (15 минут бойы   2%   содалы   ерітіндіде   қайнатады),   ішуге   алналған   суды, ойыншықтарды,   тамақ   қалдықтарын   кайнатады.   Буауалы   қосынды пароформалинді зарарсыздандырғыш камерадағы негізгі әсер етуші зат болып табылады; зарарсыздандырғыш камерада науқастың заттары мен төсегі зарарсыздандырылады. Ультракүлгін сәулемен (БУВ-15 немесе БУВ-ЗО     шамы)     емдеу     және     басқа     мекемелердегі     ауа зарарсыздандырылады. Зарарсыздандырудың химиялық әдісінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін химиялық заттар қолданылады. Хлор әгі - хлор иісі бар ақ ұнтақ-түйіршікті зат, оның әсер етуші бөлшегі отгегі және хлор. Зауыттан дайындалып шығарылғанда оның құрамындағы белсенді хлор 32 немесе 36 % болады, бірнеше уақыт бойы сақталғаннан кейін ол біртіндеп азаяды. Белсенді хлор мөлшері 15 %-тен кемігенде оны зарарсыздандыру мақсатында қолдануға рұксат етілмейді. Құрғақ хлор әгімен нәжісті, зәрді, қақырықты зарарсыздандырады. Мысалы, ішек жұкпалы аурулары кезінде (дизентерия, іш сүзегі) нәжіс пен зәрдің 1 литріне 200 г құрғақ хлор әгін косады. Хлор әгінің жарықтандырылған ерітінділерін бөлмелерді, ыдыс-аяқ пен т.б. заттарды зарарсыздандыруға қолданады, тек маталардан және темірден жасалған заттарға колданбайды. 10 % хлор әкті сұйықтықты 24 сағат бойы тұндырып кояды, оның бетіндегі сұйықтықты қою-кошқыл түсті ыдысқа қу-йып алады. Негізгі жарықтандырылған ерітіндіні (10 %) 5 тәулікке дейін сақтап қояды. Ол сұйықтықтан бірнеше есе аз концентрациялы жарықтандырылған ерітінділер дайындауға болады. Мысалы, ішек жұқпалы ауруы кезінде бөлмелердің ішін, есіктерін 0,2% жарықтандырылған хлор әгінің ерітіндісімен шаяды. Хлорамин - ақ немесе боздау түсті жартылай суда ерітілетін хлор иісі бар ұнтақ. Құрамында 24 - 28 % белсенді хлоры бар. 0,1- 10 % судағы ерітіндісі түрінде қолданылады. Хлорамин ерітіндісі сақтағанда хлор әгінің ерітіндісінен тұрақтылау және маталарды көп тоздырмайды.    Ауруханалардың    бөлмелерін,    ыдыс-аяқты,    төсекті зарарсыздандыру үшін хлорамин кеңінен қолданылады. Киімді 0,2 - 0,5 % хлорамин ертіндісіне салып қойып, содан соң жуып -шаю арқылы немесе қайнату арқылы зарарсыздандырады. Кальций гинохлоридінің үштен екі бөлікті негіз тұзы (дветретиосновная соль гипохлорида кальция - ДТСГК)- ақ кристалды ұнтақ, кұрамында 48 - 52 % белсенді хлор бар, хлор әгімен салыстырғанда сақтауға тұрақты, 0,1 - 10 % ерітінді түрінде қолданылады. Сутегі асқын тотығы - түссіз мөлдір сұйықтық  айқын бактерицидтік және спорацидтік әсері бар. 27,5 - 40 % ерітінді түрінде шығарылады, 3 - 6 % түріндегі ерітінділері қолданылады. Сутегі аскын тотығы жарақаттарды жууға, киімді, ыдыстар мен бөлмелерді зарарсыздандыруға қолданылады. Зарарсыздандыру үшін 70 % этил спиртін қолдануға болады. Себебі бұдан жоғары концентрациясындағы ерітінділерінің бактерия мембранасына ену қасиеті төмен. Этил спирті инъекция жасау кезінде теріні өңдеуге, медициналық кұрал - саймандарды стерильдеуге және т.б. қолданылады. Дезинсекция – жәндіктерге қарсы күреске бағытталған шара. Алдын алу және толығымен жою түрлері бар

Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, иатрий, литий гипохлориді және т.б.) қолданылады. Хлордың микробқа қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.

Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:

1.Хлор әгінің ерітіндісін  дайындау:  10 л суға 1  кг хлор  әгін араластырып еріту (1 шелек  хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен  еріту керек).

2.Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.

3. Дайын болған сұйықтықты  қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек (осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке  дейін сақтауға болады).

4. Хлор әгінің жұмысшы  ерітіндісін дайындау:

0,1 % - 100 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға арластыру керек; 0,2 % - 2000 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8 л суғаараластыру керек ; 0,5 % - 500 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5 л суға арластыру керек;

1 % - 1 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9 л суға арластыру керек;

2 % - 2 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8 л суға арластыру керек: Дезинфекциялаушы  заттармен жұмыс атқару кезінде: дайындау, арластыру, қолдану кездерінде  сақтанудың барлық шараларын  пайдалану керек: барлық жұмыстарды  халат, ірзеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.

Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигасепт және т.б. сиякты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.

Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға арналған құрал саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек (мыс, палатаға арналған, тамақ тарататын бөлмеге арналған. Дәретханаға арналған, дәрі егу бөлмесіне арналған, т.б.). Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалық күнде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді , қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0, 5 % хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин колданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, кленкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.

Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігіне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.

Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б арнайы белмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.

Тері және шырыш жабындыларымен және т.б - мен, науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен жанасқан барлық медициналық кұралдар стерильденеді. Белок, май,және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.

Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жаткан су астында жуылу керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% аскын су тотығының ерітіндісі «Дезоксон-1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақ жерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты карағаннан кейін 0,2 % хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезоксон-1» ертіндісімен 2 минут бойы өңделеді.

Дәрі егу белмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтср мек жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса оларды жоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы (0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5 % хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутка дейін немесе 2,5 % Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатка, 2,5 % Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар баска ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітіділерге жалпы нұсқауларға сай салынады. Жууға арналған дезинфекциялық сұйықтықтар ластануға байланысты немесе қолдану туралы нұсқауға байланысты ауыстырылады. Дезэффект және Лизоформин сияқты ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ тым ластанып кеткен жағдайда ауыстыру керек. Және осы жаңа сұйықтықтарды қолдану арнайы жуғыш дезинфекциялы заттарды дайындауды керек етпейді.

Көп реттік қолдануға арналған құралдармен жұмыс істегенде келесі ережелерді білу керек. Вирусты гепатитпен ауырған науқастар үшін дәрі егу бөлмесінде бөлек шприцтер мен инелер қолданылады, ол кұралдарға стерилизацияға дейінгі өңдеуді басқа науқастарға қолданған құралдардан бөлек өткізіледі.

Бұрындары тіпті қазіргі кезде де көк тамырға дәрі енгізуге арналған кұралдарды бөлек ыдыста стерилизацияға дейінгі өңдеуден өткізеді. Кез келген стерилизациялау әдістеріне дейін стерилизация алдындағы тазалау өткізіледі. Ол кезде осы қолданған кұралдар белокты, майлы кірлерден, дәрілік заттардан тазаланады.

1 кезең. Инъекциядан кейін  дереу 1 минут бойы шприц пен  ине суық сумен шайылады (құбырдан  ағып жатқан сумен). Майлы ерітінділерді  инъекциялағаннан кейін шприцті  сабынмен және тікенекті жуғышпен  тазалайды. Сосын ине кигізетін жерді саусақпен жауып тұрып шприцке су құяды, цилиндрге итергішті енгізіп, итергішпен қысым беріп инені жуады. Әрі қарай 5 г «Биолот» ұнтағын 995 мл суға ерітіп жуғыш сұйықтық дайындалады. Ол 40 - 45°С - дейі жылытылады. Егер «Биолот» ұнтағы болмаса 20 мл 33 % сутегінің аскын тотығы (пергидроль) + 5 г жуғыш ұнтақ («Прогресоч «Айна», «Астра», «Лотос») + 975 мл судак тұратык сұйықтық дайындалады. Бұл сұйықтықты 50 - 55°С температураға дейін қыздыру керек.

2 кезен. Шприцтер мен инелерді  бөлшектенген түрінде жылы жуғыш ерітіндіге 15 минутқа дейін салып кояды. «Биолот» ұнтағынан дайындалған ерітінді қызғыш түске еніп кеткен болса, оны қолдануға болмайды себебі онын тазалағыш әсері төмен болады. Сутегі асқын тотығынан және синтетикалық жуғыш заттардан тұратын ерітінділердің түсі өзгермеген болса бір тәулік бойына пайдалануға болады. Бұл сұйықтықтарды 6 ретке дейін жылытуға болады (ол кезде сутегі асқын тотығының концентрациясы көп өзгермейді).

3кезең. 15 минуттан кейін  шприцтер мен итергіштерді осы  суда тікенекті жуғышпен жуалы, ал инелерді мандренмен тазалайды.

4кезең. Шприцтермен инелерді  жуғыш ерітіндіде механиқалық  өңдегеннен кейін кұбырдан ағып  жатқан салқын судың астында  жуады. Бұл   әтаптын   ұзақтығы   колданған   жуғыш   ерітіндінің   құрамына байланысты. Жуғыш ерітіндіде «Биолот» ұнтағы болса - 6 минут, «Прогресс» ұнтағы болса -5-6 минут, «Астра», «Лотос» және т.б. - 10 минут. Көп реттік қолдануға арналған кұралдарды стерильдеуге дейінгі тазалау кезінде кезге көрінбейтін қан қалдықтарын тексеру үшін бензидин, амидопирин  немесе ортотолуидин  сынамалары  (орталық стерильдеу белімінде күнделікті, дәрі егу бөлмесінде аптасына 1 рет) өткізіледі. Бұл сынамалар көзге көрінбейтін қан қалдықтарын анықтайды, яғни шприцтер мен инелерді стерильдеу алдындағы тазалау сапасын көрсетеді. Бензидин сынағын өткізу ушін алдын ала, 2 сағат бұрын реактив   дайындайды: стерильді мензуркаға бірнеше бензидин кристалдарын салады, 50 % 2 мл сірке кышкылын жэне 3 % 2 мл сутегі асқын тотығын кұяды. Амидопирин немесе ортотолуидин сынамасы үшін реактивті аурухананың дәріханасы дайындайды. Сынама өткізу. Тамшылатқышпен шприцтің инесі мен цилиндрге реактивті тамызады және оны инеден өткізеді. Егер шприцте немесе инеде стерильдеуге дейінгі тазалаудан кейін қан сақталып қалса, реактив дереу ашық-жасыл түске енеді (сынақ оң). 2 минуттан кейін реактив түсінің өзгеруі оң сынақ болып есептелмейді. Оң амидопирин немесе ортотолуидин сынамаларында реактив көкшіл - жасыл түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 2, 3 және 4 кезеңдерін кайталау керек. Сынақ теріс болған кезде 5 кезеңге көшеді. Фенолфталеин сынағының көмегімен шприцтер жуғыш ерітінділерден калай тазаланғандығын анықтауға болады: жуылған шприцтің бөліктерін 1 % фенолфталеин ерітіндісіне малынған мақтамен сүртеді. Жуғыш заттың қалдықтары бар болса 30 секунд ішінде ол көк-күлгін түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 4 кезеңін кайталау керек. Жуғыш зат ретінде «Биолот» немесе «Прогресс» ұнтағы қолданылған болса   фенолфталеин сынағы өткізілмейді.

5кезен. Дистилдендірілген  суы бар ыдыста шприцтер мен  инелерді құбырдан аққан судың  кұрамындағы тұзды қоспалардан (стерилизация  кезінде олар цилиндрлер мен  итергіштердің қабырғасына, инелердің  өзегіне отырып қалады да шприцтермен  инелердің өткізгіштігін бұзады ) тазалау үшін 1 минуттай жуады.

Информация о работе Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы