Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат

Описание работы

Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Файлы: 1 файл

1. Емдеу -са-тандыру мекемелеріні- т-рлері ж-не онда-ы медицина .doc

— 2.62 Мб (Скачать файл)

1.  Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда  қатты ауырып түскен емделушілерге 

     тағайындалады. Бұл емделушілерге  күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі 

     керек.

2.  Төсек тәртібі - біршама қозғалыс  белсенділігімен сипатталады, бұрылуға,

     белгілі бір уақытта  аяқты түсіріп, төсектің шетіне  отыруға рұқсат беріледі.

3.  Палаталық тәртіп - төсек жанындағы  орындыққа отыруға, тұруға және  

     белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні 

     палатаның ішінде  тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары  жүргізіледі.

4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде  еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,

аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

 

Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.

 

Асептика және антисептика

Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.

Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық,   химиялық, биологиялық және аралас.

 

Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.

Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою,  турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.

Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды  қолдану.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

 

Қан арқылы берілетін инфекциялардың жұқтыру қауіпі:

ЕПҰ-да 20-дан астам патогендерді микробтарды жұқтыру мүмкін.

  • Зарарланған инемен жарақаттардың жұғу мүмкіндігі:

-Гепатит В : 5-30%

           -гепатит С : 3-10%

          -ЖҚТБ : 0,2-0,3%

Нұсқалары

  • пациент → пациент 
  • медицина қызметкері → пациент 
  • пациент→ медицина қызметкері

Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:

  • қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;
  • қанның шырышты қабықтарға түсуі;
  • қанның теріге түсуі;

 

Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ны кәсіби жұқтыру 350-ге жақын медициналық қызметкерлерде анықталған. Олардың ішінде 106-ы дәлелденген, 238 жағдайда ЖҚТБ жұқтыру себебі болып кәсіби қатынас деп болжанып отыр.

Вирусты гепатит В, С жөнінде бірнеше он мыңдаған жағдайлар анықталған. Медицина қызметкерлерде В және С вирусты гепатиттерінің серологиялық маркерлерінің таралуы жалпы халық арасында таралудан 3 есе жиі байқалады.

 

Емделушілердің шалдығуы

    • Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.
  • АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;

 

Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:

  • Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;
  • дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.
  • көк тамырдан қан алғанда;
  • көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;
  • ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;
  • жұмыс орнын жинағанда.

 

Алдын алудың стандартты шаралары:

  1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.
  2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.
  3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.
  4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.

 

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:

  • пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға қарсы ем алуы;
  • құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;
  • жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;
  • медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;
  • жарақатты өңдеу;
  • жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы  жүргізу уақыты.

 

Жеке қорғаныс заттары:

  • резеңке және латекс қолғаптары;
  • бетперде, көзәйнек;
  • халат, алжапқыш;

-    жабық аяқ-киім.

ЕПҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар

І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін

   70% спиртпен сүрту.

ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін болса, онда жуу керек:

  • көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;
  • мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;
  • ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000

Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат  алған науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу емін міндетті түрде қабылдауы қажет.

 

Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру

  • ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану;
  • қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;
  • қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы контейнерлерге тастау;
  • қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.

 

Өткір, ұшты заттарды беру ережелері:

  • құрал-саймандарды қолдан қолға бермеу;
  • «қоямын», «аламын» деп айту.

 

Жарақаттануды болдырмау мақсатында инженерлік қорғаныстары бар қауіпсіз құрал –саймандар:

  • СР шприцтер ретракционды инелерімен;
  • Скальпель қорғаныс қақпағымен;
  • Инелерді сақтауға  арналған арнайы контейнер;
  • Қанды алуға арналған вакуумды пробиркалар;

 

 

Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы мейірбике жұмысының ерекшеліктері

 

Манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне, киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.

Апат жағдайдағы қобдиша

 Қобдиша құрамына кіреді:

  1. Крафт пакеттегі таңу материалы,  стерильді мақта тампондары,  турундалар.
  2. Крафт пакеттегі тамызғыштар - 4 дана.
  3. Ерітінділер үшін стерильді ыдыс - 3 дана.
  4. Ундинка (көз жууға арналған стакан)- стерильді 2 дана.
  5. 70% этил спирті – 100мл.
  6. 5% йод -10 мл.
  7. 0,05% калий перманганаты- 10мл
  8. 1%  проторгол
  9. 6% сүтегінің асқын тотығы- 100мл
  10. Резеңке саусаққап-2-3 дана
  11. Бактерицидты лейкопластырь-2-3 дана
  12. Қайшы

 

Манипуляцияны орындаған соң мейірбике міндетті түрде орындауы қажет:

  1. Құрал-жабдықтар және таңу материалдарын дезинфекциялау (көрсетілген дезинфекциялық ерітінділердің біреуімен):
  • 3% хлораминде -60 минут;
  • 1,5% гипохлорид кальций -60 минут:
  • 4% сутегінің асқын тотығы -20 минут.
  1. Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау, дайындау және залалсыздандыру.
  1. Манипуляциядан  соң жұмыс үстелін 3% хлорамин ерітіндісімен (2 рет) немесе басқа ұсынылған ерітіндімен өңдеу.
  2. Дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста қолды жуғаннан соң, резеңке қолғаптарды шешу.
  3. Резеңке қолғаптарды дезерітіндіге салып қою.
  4. Халат, бет пердені шешіп, лас киімге арналған резеңке қапқа салу.
  5. Қолды ағып тұрған судың астында сабынмен (2 рет) жуу, құрғату.

 

Ескерту: Жұмыс үстелі манипуляция кезінде қанмен ластанса 6% сүтегінің асқын тотығы ерітіндісі және 0,5% жуушы ерітіндіге малынған шүберекпен (2 рет – арасы 15 минуттан) өңдеу қажет.

 

Жұмыс аяқталғаннан соң жұмыс үстелі 2 рет 3% хлораминмен өңделеді, шүберек 3% хлораминге 60 минутқа салып қойылады.

 

Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі мен терісіне түсуі

 

Мейірбикенің іс- әрекеттері:

  1. Ластанған киімді аударып шешу.
  2. Киімді 1 сағатқа 3% хлорамин ерітіндісіне салып қою.
  3. 3% хлораминге малынған салфетканы киімнің ластанған жеріне 60 минутқа қою, соңынан ыстық суда жуу.
  4. 70% этил спиртіне малынған мақта тампонымен теріні биологиялық сұйықтық қалдықтарынан тазалау.
  5. Мақта тампонын контейнерге тастау.
  6. Теріні сабынмен жуу.
  7. Антисептикалық ерітіндіге малынған тампонмен теріні биологиялық сұйықтық қалдықтарынан тазалауды қайталау.
  8. Тампонды арнайы ыдысқа тастау.

 

Ескерту: қолданылған тампондар 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа 60 минутқа салынады. Киімді зарарсыздағаннан соң клеенкалы қапқа салынып, жууға жіберіледі.

 

Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі

 

Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша, корнцанг.

    1. Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, таңу материалдарын және  

     ундинканы алып астаушаға  салу.

    1. Қобдишадан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу, ундинкаға   

     құйып, көзді жуу.

    1. Басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып, көзді бірнеше рет

     ашып-жұму арқылы  жуу.

    1. Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы

      бұрышынан ішкі  бұрышына қарай жуу.

 

Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне түсуі

Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты жағдайдағы қобдиша..

  1. Қобдишадан крафт пакеттегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.
  2. Қобдишадан 70% спирт және 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу.
  3. Мақта тампонымен спирт немесе калий перманганатқа малып бет терісі мен еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2-ші астаушаға тастау.
  4. Мақта тампонымен өңдеуді қайталау.
  5. Ауыз қуысын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен шаю.

Ескерту: қолданылған тампондарды 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут дезинфекциялау қажет.

 

Биологиялық субстраттардың мейірбике мұрынының кілегей қабығына түсуі

Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апат жағдайлардағы қобдиша.

Крафт пакеттегі тамызғыш және таңу материалдарын алып астаушаға салу.

  1. Қобдишадан 1% проторгол ерітіндісін алу.
  2. Астаушаны қолға ұстап тұру, тамызғышпен проторголды мұрынға тамыздыру қажет. Басты төмен түсіру (тамшылар астаушаға ағады).
  3. Проторголды қайталап тамыздыру, басты төмен түсіру.
  4. Стерильді  мақта шаригімен мұрынды сүрту.

Ескерту: қолданылған астауша 3% хлораминмен 60 минут дезинфекцияланады.

 

Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау

Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді бикс, 2 астауша, стерильді корнцанг.

Информация о работе Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы