Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
6кезен. Дезинфекциялы
қайнатқыштың торына (стерилизатор)
цилиндрлер мен итергіштерді, ал
инелерді кіші койғышқа
Қапшықтың ішіне шприцтін цилиндрі мен итергішін (қапшықтың ашылатын жағына цилиндрдің үлкен саңылауы жағын және итергіштің қолмен ұстайтын жағын қаратып) және екі инені (біреуі дәріні алу үшін, екіншісі инъекция жасау үшін) орналастырады. Инелерді қапшыққа салмас бұрын әл осындай крафт қағазға түйреп ұнтақ тәріздендірш орайды. Ораманың бос жағын екі рет бұрап желімдейді. Қапшықтың сыртына шприцтін сиымдылығьш және стерилизацияланған күнді белгілеп кояды.Ашық ыдыста дайындау әдісі ыңғайсыздау. Ол үшін шприцтердің цилиндрлері мен итергіштерін эмалданған табақшаға, ал инелерді қақпағы жоқ кіші қондырғыға орналастырады. Булы стерилизаторда стерильдеу үшін жұмсақ, екі қабатталған шүберекке орауға болады.
Науқастың қанымен жанасумен өткізілетін барлық медициналық іс-шаралар (көк тамырдан анализге кан алу, көк тамырға инъекция жасау, инфузиялар), және науқастың қанымен жанасқан кұралдармен, шприцтер, инелермен жұмыс істегенде, инвазиялық емес зерттеулер жургізгенде мейірбике қолына міндетті түрде ірзеңке қолғап киюі керек. Бұл ережелерді орындау қан арқылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирусты гепатиттер және т.б.) алдын алуға арналған негізгі шаралар болып табылады.
Қазіргі кезде барлық жерде бір реттік қолдануға арналған құралдар (шприцтер, инелер, көк тамырға дәрі тамшылатып енгізуге арңалған жүйелер және т.б.) кеңінен қолданылады.
Бір реттік колдануға арналған кұралдарды қолданғаннан кейін оларды жарамсыз етіп тастаудан бұрын міндетті түрде зарарсыздандыру керек екенін ұмытпау керек (жуу, сосын 30 - 60 минутқа зарарсыздаидырі міп суға салып кою). Бір реттік құралдар зарарсыздандырылғаннан кейін түрлеріне қарай бөлініп, орталықтанған жоятын жерге жіберіледі.
Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар
Дезинфекция
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.
Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Физикалық әдіске жататындары:
Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.
Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.
Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.
Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут
Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.
Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы |
Препараттары |
1. Құрамында галогені бар |
Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты. Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон |
|
Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты |
3. Ауыр металл тұздары |
Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы. Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол. Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы, Мыс: мыс сульфаты Висмут: ксероформ, дерматол |
4. Альдегидтер мен спирттер |
Формальдегид, гексаметилентетрамин Этил спирті |
5.Фенол мен оның туындылары |
Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол |
6. Нитрофуран туындылары |
Фурациллин |
7. Бояғыштар |
Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты. |
8. Қышқылдар мен сілтілер |
Қышқылдар : бор,салицил Сілтілер: аммиак ерітіндісі |
9. Детергенттер |
Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын |
10. Табиғи препараттар |
Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б. Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2 |
ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.
Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
инструктивті-әдістемелік
құжаттарға сай зарарсыздандыры
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген: