Саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақтар систематикасы.Саңырауқұлақтармен улану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 22:56, реферат

Описание работы

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын сақырауқұ-лақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мице-лийі бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер болады.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақтар систематикасы.Саңырауқұлақтармен улану
2.Тамақты қадағалаудағы санитарлы-микробиологиялық бақылаудың мәні және мақсаты
3.Санитарлы-микробиологиялық бақылаудың жоспарлануы және объектілері
4.Санитарлы-бактериологиялық бақылаудың нәтижелерін бағалау принциптері5.Тамақтық азық-түлікті санитарлы-микробиологиялық бақылаудың әдістері мен формалары
5.Бидай микрофлорасы
6 Токсигенді микроскопиялық саңырауқұлақтармен зақымдалуына байланысты дәндердің токсигендігін анықтау әдісі.
III.Қорытынды
Қолданған Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

микра.docx

— 64.60 Кб (Скачать файл)

Стахиботриотоксикоз бұл  жылқылырдың өте ауыр ауруы, сирек  жағдайларда ірі қара мен үй құстарында кездеседі. Жануарларды құрамында Stachybotrus alternans саңырауқұлағының токсині бар  жеммен қоректендіргенде де осы ауру тууы мүмкін.Егер адамдар осы зақымдалған  жеммен байланыста дамуына әбден  әкелуі мүмкін.

Микотоксикоздардың микробиологиялық диагностикасы. Бұл зерттелетін  материалдағы саңырауқұлақтар мен  микотоксиндердің анықталуына негізделген. Хроматорафия,спектрофотометрияны  қолданып және тауық эмбрионында,жасуша культурасында,балапандарда,тышқандарда, кептерлерде және кейбір микроорганизмдерде биологиялық бақылау жасайды.

Емделуі. Симптомтикалы. Ағзаның  детосикациясына бағытталған әртүрлі  іс шаралар,ішекті тазалау мен асқазанды  жуу іс шараларын жүргізеді.

Профилактикасы. Микотоксикоздардың негізгі профилактикасы- ол тамақтану  азық түліктері мен жемдерін толық  түрде микотоксиндерден босату болып  табылады.

Жемдерді зерттеу. Жемдерді жануарларды зақымдалған токсигенді немесе патогенді микроскопиялық саңырауқұлақты жемдермен тамақтандыру кезінде  пайда болатын аурулардың алдын  алуға және диагностикалық мақсатта зерттейді. Оған органолиптикалық,токсико-биолгиялық,микологиялық және физика-химиялық анализдер кіреді.

Бақылау жемдерін зерттеу  кезіндегі ұзақтығы:органолептикалық зерттеуде-тәуліктен тышқандарға  бақылау қойғанда  4 тәуліктен. Қоянның  терісінде токсиндікті анықтау 6тәуліктен;жалпы  зерттеу барысында ( органолептикалық, микологиялық, токсико- биологиялық, физико- химиялық) 10 тәуліктен аспауы керек.

Оларды аяқтағаннан кейін  зерттеу нәтижесінің қорытындысын  лаборатория 2 тәуліктен кешіктірмей  беру керек. Экспертизаның жарамдылық мерзімі -1ай.

Қорытынды:Жануарларда микотоксикоздың белгілері анықталған кезде рационнан сапасыздыққа күмәні бар жемді шектейді. Зерттеу үшін ветеринарлы зертханаға барлық жемнің бақылауларын жібереді. Бақылау жемдерін сақтау үшін жоғары ылғалдылықпен 40-45С толығымен ылғалды болғанға дейін кептіреді.Сұрыпталған орташа бақылауларды әрқайсысы 1кг аз емес массада 2 бөлікке бөледі,оларды таза құрғақ банкаларға немесе мақтақағазды қапшықтарда орайды да,ашылмайтындай етіп белгісін қояды. Бақылаудын бір бөлігін комиссиялық сұрыптаудан өткен актпен қоса құжатқа бағыттайды. Ал екінші бөлігін 1ай көлемінде екіншілік ластануды болдырмайтын жағдай жасалынған шаруашылықта сақтайды.

Құжатта зерттеу мақсатын,жемдік заттың түрін,оның нұсқауын, партия салмағын,бақылаудың сұрыптау орнын көрсетеді; Комбикормдар үшін, онымен қоса, рецепттің номері мен құрамын,өнімнің шығу датасын, ауысым номерін, партия номерін жазады.

Диагностикалық зерттеулерде қосымша ретінде аурудың пайда  болу күнін,түрін және ауырған жануарлар  санын,аурудың негізгі симптомдарын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған Әдебиеттер:

1. Постановление Правительства РК от 29 ноября 2000 года «Об утверждении Инструкции о качестве и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов».

2. СанПиН «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся пищевых продуктов». Утв. приказом Гос.сан.врача РК//Бюллетень нормативных и правовых актов. - 2002. - № 41-42 - с. 175-195

3. Дюньен Д. Пищевые продукты и их влияние на здоровье человека//Вопросы питания. - 2004. - № 6. - с. 11-13

4. Оррис Г., Паакканэн Ю. Codex alimentarius - научная основа для защиты потребителя и торговли продуктами питания//Вопросы питания - 2000. - № 3. - с.28-32

5. Робетсон Э. Пищевые продукты, питание, здоровье//Вопросы питания. - 2ОО06. - № 3. -с. 38-43

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. -192с.

7. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

8. Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

9. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

10. Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

 

 

 

 

 

Бақылау

Тесттер

1. Көгеруді дәнді дақылдарда  аңықтау, бұл мақсатта қолданылады:

A) Тамақ улану қаупын анықтау

B) Дайындау технологиясының бұзылуын анықтау

C) Тамақтың құндылығының төмендеуін анықтау

D) Сақтау тәртібінің бұзылуын және микотоксикоздарды анықтау

2. С. botulinum, С. Perfringens токсинің, стафилококтың  энтеротоксинің  анықтау ненің санитарлы микробиологиялық  зерттеуіне әкеледі:

A) судың;

B) тұрмыстық заттардың;

C) жеке тағамдық азықтардың;

D) эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты көптеген тағам азықтарының;

E) топырақ.

3. Культурная раса микроорганизмов,  которая используется для приготовления  того или иного продукта и  является обязательным звеном  в технологии его получения  – это:

A) тағам азықтарының спецификалық микрофлорасы

B) сапрофитті микрофлора

C) шартты полтагенді микрофлора

D) патогенді микрофлора

E) тағам азықтарының спецификалық емес микрофлорасы

4. Суықта сақтайтын азықтарда  көбее алатын микроорганизмдерді  атаныз:

A) эшерихиялар;

B) иерсиниялар; листериялар.

C) cтафилококтар; стрептококтар

D) протейлер, энтерококтар

E) сульфитредуцирлейтің клостридиялар

5. Кесслер ортасында ішек  таяқшаларының өсуін жояды:

A) помутнению среды

B) бетінде пленканың пайда болуымен

C) газдың пайда болуы, түстің өзгеруімен 

D) түбіндегі тұнбамен

E) қабырғақасылық өсумен

6. Микроскопиялық саңырауқұлақтар  көбееді: 

A) бинарлы бөліну арқылы

B) дизъюнктивті әдіспен репродукция

C) спора түзу

D) конъюгация

E) көлденен бөліну

7. Саңырауқұлақтардың мицелилерінің  көлденен пердесі қалай аталады:

A) гифтер

B) септалар

C) конидиялар

D) стеригмалар

E) спорангиялар

8. Іріннің микроскопися  кезінде пішіні сферула тәріздес, қалын екі қабаты бар, сферула  эндоспорамен толған қоздырғыш  табылды, ол болуы мүмкін:

A) стрептококтар

B) клостридиялар

C) сарциналар

D) саңырау құлақтар

E) бациллалар

9. Дрожжи флорасын аңықтайтын  орта:

A) Эндо

B) Сабуро

C) Блаурока

D) МПА

E) ЖСА

10. Саңырауқұлақтардың мицелилерінің  көлденен пердесі қалай аталады:

A) гифтер

B) септалар

C) конидиялар

D) стеригмалар

E) спорангиялар

 

 

 Жауап кілттері: 1. D. 2. D, 3. A, 4. B, 5. C, 6. C, 7. B, 8. D, 9. B, 10. B


Информация о работе Саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақтар систематикасы.Саңырауқұлақтармен улану