Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

4.6 Суды санитарлық-бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу

 

Жұмыстың мақсаты: Судың микробтық және гельминттық ластануын анықтау әдістерімен; берілген құрамды бөліктерінің ауыз судағы мөлшері бойынша нормативтік талаптармен танысу.

Беткі, тіпті жер асты су көздерінің сулары кәсіпорындардың, елді мекендердің, мал шаруашылығы  нысандарының қалдық суларымен ластануы мүмкін. Мұндай жағдайда су жұқпалы аурулардың таралу және адам мен жануарлардың улану факторы болып табылады. 

Суды санитарлық-бактериологиялық бағалауда қолда бар стандарттың  талаптарын ескереді, онда эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі жанама көрсеткіштермен анықталатыны арнайы көрсетілген. Бұл жалпы бактериялық ластану дәрежесі мен ішек таяқшасы тобының бактериялары мөлшері. Осыдан келе, бактериялардың жалпы мөлшері 1 мл ештеңе қосылмаған суға  100 көп емес, 1 л судағы ішек таяқшасының саны (коли-индекс) үштен көп емес, ал коли-титр 300 мл кем емес болуы қажет.

4.6.1 Микроағзалардың  жалпы санын анықтау  

Су сынамасын араластырып, себу үшін стерильді пипеткамен судың  белгілі бір мөлшерін: таза судан 1 – 0,1 мл, ластанған судан 0,01 – 0,001 мл алады. Мөлшері 1 ден 0,1 мл дейін болатын сұйылтусыз стерильді суды Петри табақшасына қақпағын сәл ашып, себеді. 0,1 мл аз мөлшердегі суды сұйылтылған күйінде енгізеді: пробиркаға 9 мл стерильді су мен 1 мл зерттелетін суды құяды да осы пробиркадан стерильді пипеткамен 1 ден 0,1 мл су алып, табақшаларға себеді. Суды сепкеннен кейін Петри табақшасына 10 мл балқытылған және 45 оС дейін салқындатылған агар қосады. Суды агармен табақшаны еңкейтіп, айналдыра отырып, жылдам араластырады. Петри табақшасын орта қоюланғанша столда қалдырады да, содан кейін  термостатқа түбін жоғары қаратып 37 оС  24 сағатқа қалдырады.

Колонияларды санауды  лупа мен Вольфгюгель торын қолданып, ауданы 1 см12 шаршыда жүргізеді. Саналған колониялардың жалпы санын қарастырылған шаршылар санына (12) бөледі, содан кейін см2 берілген табақша ауданына көбейтеді. Есептеу келесі  формула бойынша жүргізіледі: (π · r2 · а) : 12

мұнда: π · r2 – см2 берілген Петри табақшасының ауданы; а –колониялар саны; 12 – есептелген шаршылар саны.

Есептеу мысалы: Петри  табақшасына 1 мл зерттелген су себілді. Есептегенде 12 шаршыда 189 колония табылды. Петри табақшасының диаметрі 10 см. 1 мл судағы микроағзалар саны (колониялар):    

 

            3,14 · 52 · 180  =  1177 микроағзаны құрайды.

                     12

4.6.2 Ішек таяқшасы  титрін (E. coli) анықтау

Ішек таяқшасы үнемі  адам мен жануарларың ішегінде тіршілік етеді. Оның суда болуы, әсіресе суда бірмезгілде аммиак, азотты және азот  қышқылдары, хлоридтер, сульфаттар болса  немесе тотығуы жоғары болса, бұл ішек таяқшасымен бірге суға басқа, патогенді микроағзалар түсуі мүмкіндігінің көрсеткіші.

Судағы ішек таяқшасын  сандық анықтау нәтижелерін  коли-титр (ішек таяқшасының титрі) немесе коли-индекс түрінде береді.

Коли-титр ішек таяқшасы табылған зерттелетін судың ең төменгі көлемі. Коли-индекс 1 л судағы ішек таяқшасының санын көрсетеді. 

Құралдар мен қоректік орта: термостат, 1 л әлсіз сілтілі ет-пептонды сорпадан, 12,5 г манниттен дайындалған Булир ортасы, 6 мл 1%-ды нейтральрот бояуы ертіндісі.

Ортаны колбалар мен  пробиркаларға құяды, олардың ішіне  түбін жоғары қаратып, ұсақ пробиркалар  (газовкалар) салады.

Анықтау барысы: Сумен  қамтамасыз ету көздерінен стерильді  ыдысқа алынған зерттелетін суды зертханаға жылдам жеткізеді, онда оны колбалар мен пробиркаларға себеді. Салыстырмалы таза құбыр суын, көркейтілген құдықтардан, артезиан ұңғымаларынан 10, 25, 100 мл көлемінде алынған сынамаларды 1 және 5 мл мөлшерде пробиркаларға себеді. 

Ашық сулардан алынған  суды болжамды ластануына байланысты пробиркаларға 0,01; 0,1; 0,2; 0,5; 1 мл немесе 0,001; 0,01; 0,1; 1 мл (стерильді суда сұйылту арқылы) мөлшерде себеді. Себілген су мен қоректік ортаның арақатынасы     2 : 1 болуы қажет.

Пробирка немесе колбаны  сілку арқылы себілген ортамен салынған ұсақ пробиркалардың (газовкалардың) бүкіл көлемін толтыруға тырысып, суды ортамен жақсылап араластырады.

Себіндіні 45 оС 24 сағатқа термостатқа қалдырады.

Нәтижелерді есептеу: Ішек таяқшасының өсуі мен тіршілігі  әсерінен маннит газ түзіп ыдырайды, ол газовкадан жақсы байқалатын көпіршік ретінде көрінеді, соның салдарынан газовка тігінен орналасып, біршама қалқиды.

В. Coli өсуі барысында ортада қышқылдар жиналады, олар ортаның  түсін қызылдан сарыға өзгертеді. 

Орта түсінің өзгеруі  және газ түзілуі бойынша ішек таяқшасы табылған судың ең аз көлемін анықтайды, бұл көлемді коли-титрге санайды, ол табылған су мөлшері неғұрылым аз болса, соғұрылым су ластанған деп саналады. 

Коли-индексті ішек таяқшасының  титрі бойынша есептейді: 1000 / коли-титр.

4.6.3 Суды гельминт жұмыртқаларына зерттеу

10 - 15 л мөлшеріндегі  зерттелетін суды Гольдман воронкасына  салынған қағаз сүзгілер арқылы  зерттелетін судың әрбір 0,5 –  1,0 л ауыстырып, сүзеді. Фильтрацияны  жылдамдату үшін Бунзен колбасындағы  ауаны сирету  қол насосымен жүргізіледі.

Қағаз фильтрлерді ондағы тұнбасымен қосып, 3-5 минут бойы тұз  қышқылы ертіндісімен түссіздендіреді, кептіреді де, бөлшектерге бөліп, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарайды. 

Жұмыртқалардың түр  құрамын паразитологиялық атластардағы сипаттамаларына сәйкес анықтайды. 

 

 

 

 

 

36-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Су сынамасы

1

2

3

4

Микроағзалар саны

       

Коли-титр

       

Коли-индекс

       

Гельминттер жұмыртқасының болуы 

       

4.7 Қалдық суларды санитарлық бақылау

 

Жұмыстың мақсаты: Қалдық суларды тазалау сапасымен және зерттеу әдістерімен танысу.

Мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының қалдық сулары қоршаған ортаның  санитарлық жағдайына, адам мен жануарға үлкен  қауіп төндіреді. Оларда көптеген микроағзалар, сонымен қатар патогенді  микроағзалар жақсы сақталады. Мал шаруашылығы кешендері гидрошаю, гидробалқыту жүйелерін қолданғанда, зарарсыздандыруды, малдәрігері мамандары мен технологтардың зарасыздандыру тиімділігін бақылауын қажет ететін өте көп мөлшерде қалдық сулар өндіреді. Әсіресе мұндай бақылау гидрошаюдың рециркуляциялық жүйелерін пайдаланғанда аса маңызды. 

Қалдық сулар келесі көрсеткіштері болса, жеткілікті мөлшерде тазаланған болып есептеледі: қалқымалы  заттары – 14-70 мг/л; құрғақ қалдығы– 100 – 4700 мг/л; ХПК (бихроматты әдіспен тотығуы) – 20-150 мг/л; БПК5 (оттегіні биологиялық қажет етуі) – 10-40 мг/л; Аммонийлы азот 6-7 мг/л; рН – 6,5-8,5.

Қалдық судың санитарлық жағдайын және оларды тазалаудың тиімділігін  бақылау үшін қалқыған заттарын, құрғақ қалдығын, тотығуын, БПК5 (5 тәулік бойы оттегіні биологиялық тұтыну), рН анықтамаларын қолданады.

Көрсетілген қалдық суларды  зерттеу әдістері тазартылмаған  ағын суларды санитарлық бағалау  үшін және тазалау тиімділігін бағалап, зарарсыздандыру үшін қолданылады. 

4.7.1 Қалқымалы  заттарды анықтау 

Су сынамасын шайқап, стаканға 1 л құйып алады. Суда 50 мг/л  көп қалқымалы заттар болғанда 1 л азырақ алуға болады.

Алынған су сынамасын  күлсізденген 105 оС тұрақты салмағына дейін кептірілген, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен өлшенген қағаз сүзгі арқылы сүзеді. Сүзгіден өткізгеннен кейін сүзгі қағазды шөгіндісімен қайтадан тұрақты салмағына дейін кептіреді де 2 және 1 өлшеу айырмалары бойынша қалқымалы заттардың мөлшерін формула бойынша есептейді:

 

Х = (1000  (d1 – d2)) / V

 

мұнда: d1 – фильтрациядан кейінгі сүзгі қағаздың салмағы; d2 – сүзгі қағаздың фильтрацияға дейінгі салмағы; V – сүзілген судың көлемі (1 л).

4.7.2 Құрғақ  қалдықты анықтау  

Сүзілген суды табақшада  буландырады да, қалдығын 105 оС температурада кептіреді. Буландыру үшін қыздырылған және суытылған табақшаға 50 – 250 мл талданатын суды құйып, электрлі плиткаға қояды. Суды құрғағанша буландырып болғаннан кейін табақшаны кептіргіш шкафқа салады.  Құрғақ қалдықты формула бойынша есептейді:

Х = ((А –  В)  1000) / V , мг/л.

 

мұнда: А – құрғақ қалдығы бар табақшаның салмағы, мг; В – бос табақшаның салмағы, мг; V – талданатын судың көлемі, мл.

4.7.3 БПК5 анықтау

Судағы органикалық  заттардың аэробты биохимиялық  ыдырауы барысында белгілі бір  уақыт интервалында шығындалған  оттегі мөлшері оттегіні биологиялық тұтыну немесе БПК5 деп аталады.

Анықтау су сынамасындағы  оттегінің стандартты шарттарда  инкубацияға дейін және одан кейінгі  мөлшерлерінің айырмасы бойынша  жүргізіледі.  

Стандартты шарттарға:

1) +20 оС температурада судың ауасыз бес тәуліктік инкубациясы.

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-align: justify; text-indent: 35pt;"

Информация о работе Зоология зоогигиена