Орындау ісінің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 10:30, реферат

Описание работы

Сот шешімдерін, үйғарымдарын және қауылылрын орыңдау азаматық сот ісінін соңғы және міндетгі сатысы болып табылады. Бұл саты субъективтгі азаматтық құқықтар мен азаматтар- дың занды мүдцелерін корғауды жүзеге асыратын азаматтық істерді қарау мен шешудің салдары болып табылады.

Файлы: 1 файл

СОТ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ COT ІСІ.docx

— 82.41 Кб (Скачать файл)

Орындау әрекеттерін өз бастамасы немесе сот орындаушысынын шақыруы бойынша жасауға аудармашы қатыса алады. Кез келген іс-әрекетке қабілетті, орындау әрекеттеріндегі аударуға тиісті тілді білетін адам аудармашы бола алады.

Арнайы тануды талап ететін мәселелерді түсіну үшін сот орындаушысы тұлғалардың өтінімдері немесе өз бастамасы бойынша маман тағайындауға қаулы шығарады. Маман сот орындаушысынын қаулысындағы олардың алдына қойған мәселелері бойынша жазбаша қорытынды береді. Куәлер ретінде кез келген кәмелетке жасы толған, іс-әрекетке қабілетгі, орындау әрекеттері барысында мүдделі емес тұлғаларды шакыруға болады.

Шешімді орындаумен байланысты пәтерден көшіру, кіргізу, тыйым салу, тартып алу және қарызгердің мүлкін тапсыру, тұрғын үйге, үй-жайларға, сақтау қоймасына бұзып кіру туралы орындау әрекеттерін және қарау ісін жүзеге асыру кезінде міндетгі түрде екі куә болуы занда қарастырылған. Сот орындаушысы орындау әрекеттерінің басталар кезінде куәларға орындау әрекеттерінін мақсатын және олардын іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Орындау әрекеттерінін нәтижесі бойынша сот орындаушысынын құрған актісіне куәлер қол қояды.

Егер де орындау ісінін барысына олардың жанама мүддесі болатын болса не қарызгердін, ендірушінің немесе олардын өкілдерінің туысы болатын болса сот орындаушысы, аудармашы, маманға қарсылық білдіруге болады. Сот орындаушысы, аудармашы, маманға тараптардын қарсылық білдіруі сот әкімшілігі бойынша аумақтық органның әкімдігі шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқару қүжаттарын орындау кезіндегі орындау әрекеттері

Сот орындаушыларынын кызметі сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын және атқару органдарының өзге актілерін ерікті және мәжбүрлі орындауға бағытталған іс жүргізу әрекеттерімен тікелей байланысты.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын және аткару органдарынын езге актілерін мәжбүрлі түрде орындау кезінде сот орындаушысының мынадай құқықтары занда бекітілген:

  1. сот актілерін орындауға қатысты мәселер бойынша қаулы шығару;
  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;
  3. орындау әрекеттерін жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша қажетгі ақпараттарды, түсініктемелерді және анықтамаларды коммерциялык және банктік жене заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, тегін алуға;
  4. орындау қағазы бойынша түсініксіз нәрселерді түсіндіретін жағдайларда сотқа және орыңдау қағазын берген өзге органға жүгінуге;
  5. орындау мерзімдерін ұзарту’, кейінге қалдыру, орындаудың тәсілі мен тәртібін езгерту, қарызгерді іздестіру туралы сотқа ұсыныс беруге;
  6. орындау ісі бойынша азаматтар мен тұлғаларды шақыруға;
  7. ұйымдарда орындау құжаттарының орындалуын тексеруге олар бойынша қаржылық есеп беруді жүргізуге;
  8. нақты орындау әрекеттерін жасау мәселелері бойынша тапсырма беруге;
  9. оларға бұзып кіру қажет болғанда, қарызгерге тиісті үйжайға және қоймаға кіруге, куәлардың қатысуымен қарауға;
  10. қарызгердін банктегі ақшасына және құнды қағаздарына тыйым салу;
  11. алып қою, сақтауға беру жене тыйым салынған мүлікті өткізу;
  12. алынған мүлікті сақтау үшін үйымдардың қоймаларын, қарызгердін көлігін осы мүліктерді тасу үшін пайдалану;
  13. орындау құжаттарын орындауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органы қызметкерлерін тарту;
  14. қылмыстық іздестіру органына сот актілерін орындаудан қасақана жалтарған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;
  15. өзге қаланын немесе ауданнын сот орындаушыларына жеке орындау әрекетгерін тапсыру;
  16. орындау ісі туралы заңда қарастырылған өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Сот орындаушысының міндеті:

  1. талап қою арызын қамтамасыз ету бойьшша сот ұйғарымын орындау;
  2. тараптарға немесе олардың өкілдеріне орындау ісінің материалдарымен танысу, олардын үзінділерін, көшірмелерін алуға мүмкіндік беру;
  3. орындау ісі бйынша тараптардын арызын қарау, ол бойынша қаулы шығару, шағымдану мен наразылык білдірудін тәртіптері мен мерзімдерін түсіндіру, егер де өзі орындау ісінін барысына тікелей немесе жанама мүдделі болса. орындау ісінен өзі бас тартуға [ҚР АІЖК 86].

Сот орындаушысы езіне ұсынылған құұыұты Занға сәйкес пайдалануы және өз қызметінде азаматтар мен занды тұлғалардын құқықтары мен занды мүдделеріне нұксан келтіруге жол бермеуі тиіс. Әндіруші немесе қарызгер сот орындаушысының әрекеттеріне егер де, занға кайшы келетін болса шағымдана алады. Шағым сот орындаушысы кызмет көрсететін учаскедегі аудандык сотка сот орындаушысы іс-әрекетті орындаған күнне бастап он күн ішінде беріледі.     [ҚР АІЖК 240-4].

Сот орындаушысына қарызгерден ақшалай соманы өндіру туралы занды талаптарды орындау бойынша түлғалар мен органдардан сот құжаттары түскеннен кейін сот орындаушысы үш тәулік ішінде орындау ісін қозғауы тиіс, ол женінде қаулы шығарады [Заңнын 10-бабы].

Сот орындаушысы орындау ісін қозғағаннан кейін өз каулысында құжатты өз еркімен орындауы үшін қарызгерге бес күк уакыт бекітеді. Онымен бір мезгідде қаулыда сот орындаушысы қдрызгерге мерзім өткеннен кейін заңға сәйкес мәжбурлі түрде орындатуға кірісетінін және орындау салымын төлейтінін сонымен бірге орындау ісін орындауға кететін барлык шығындарды өтейтінін түсіндіреді. [Заңның 74, 75тары], сондай- ақ егер де өндіруші етінсе, мүліктік ендіру туралы орындауды қамтамасыз етуге шаралар қолданады.

Атқару құжаттарын орындауға ұсыну мерзімдері. Сот шешімдерін өз уакытында толык. атқару көп жағдайда аткару құжаттарын орындауға ұсыну мерзіміне байланысты. Азаматтар мен тұлғалар мәжбүрлі орындауға құжаттарды мынадай мерзімдерде ұсына алады:

  1. сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары — үш жыл ішінде;

1-1) аралық соттардын немесе төреліктін шешімдерік мәжбүрлеп орындату туралы соттын, ұйғарымы негізінде берілетін аткару парактары — үш жыл ішінде,

  1. әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулылары — егер заңмен эзге мерзімдер белгіленбесе, бір жыл ішінде;
  2. әкімшілік кұкық бұзушылықтар туралы істерді карауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары — бір жыл ішінде;
  3. прокурордын қаулылары — үш ай ішінде берілуі мүмкін.
  4. Аталған мерзімдер:
  5. мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парактарын орындау кезінде — сот актісі занды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағ- дайларда - ол шығарылғаннан кейінгі күннен бастап;

1-3) аралық соттардың немесе төреліктің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілген атқару парактарьш орындау кезінде — шешім күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап;

  1. әкімшілік құкық бұзушылык туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде — қаулы шығарылған күннен бастап;
  2. әкімшілік құқық бұзушылык туралы істерді қарауға уәкілетгі Органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулыларын орындау кезінде — мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабыдданғаннан кейінгі күннен бастап;
  3. қалған атқару кұжаттарынын барлығы бойынша — олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
  4. Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер (алимент өндіріп алу туралы, мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен келтірілген зиянды етеу туралы және баска істер бойынша) атқару кұжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.

Орындау құжатын орындауға ұсыну мерзімі бөліп орындауға үзіліс болады. Үзілістен кейін мерзім ішінде қайта жаңарады. Үзілістен кейінгі жаңа мерзім, ол бойынша толықтай не жартылай орындалмаған кезде, өндірушіге орындау қағазын қайтарған күннен бастап саналады.

Сот орындаушысынын, орындау ісін төмендегідей жағдайларда тоқтатуы занда қарастырылған: қарызгер іс сапарда, емделу мекемесінде болса, сотқа қарызгер сот орындаушысына шағымданған кезде, қарызгердің өтініші, қарызгер немесе өндіруші жедел әскери қызметте болса, іздеуде болса.

Атқару әрекеттерін жасаудын уақыты мен орны. Атқару әрекеттерін сот орындаушысы қарызгердің (жеке тұлға) мекенжайы немесе жұмыс орнына қатысты, ал занды түлға — органның түрғылықты жері немесе онын мүлкінің түрған жері бойынша жүргізіледі. Қарызгерді нақты іс-әрекетті атқаруға міндеттейтін орындау құжаттарын орындауды сот орындаушысы осы әрекеттерді жасайтын орында жүргізеді.

Егер де қарызгер басқа жаққа кетіп қалса және мүлік бұрынғы орныңда болмаса, сот орындаушысы бұл жөнінде акт толткрады және атқару құжатын қарызгердің түратын жана мекен жайы, жана түрғылықты жері не мүліктін тұрған жаңа жері, жаңа жүмыс орны бойынша өзге аудандык сот орындаушысына жібереді, қарызгерге және орындау құжатын берген органға бүл жөнінде хабарлауы тиіс. [Заннын 24-бабы].

Атқару әрекеттерін орындау мерзімдері. Атқару құжаттары бойынша орындау мынадай мерзімдерде аяқталуы тиіс:

  • орындау сот ісін қозғаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде;
  • құрылысты бұзу, технологиялык операциялармен байланысты орындау құжаттары бойынша, сондай-ак маманды шақыру арқылы мүлікті бағалаумен, сараптама жүргізумен, сауда өткізумен, қарызгердің мүлкі іздестірумен байланысты орындау құжаттары бойынша терт ай мерзім.

Атқару құжаттарын орындау кейінге қалдырылуы, мерзімі ауыстырылуы, мерзімі үзартылуы не болмаса [Заннын 13—16] баптарында қарастырылған негіздер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін [ҚР АІЖК 233, 240].

Сот орындаушысы, қарызгер, ендіруші істі қараушы сотқа орындаудын тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ак ақшалай сомаларды индексациялау туралы мәселені қоюға құқылы.

Сот орындаушысы өз бастамасы немесе ендірушінін немесе қарызгердін арыздары бойынша орындау әрекеттерін жасауға кедергі болатын мән-жайлар болатын болса орындау істерін кейінге қалдырады. Орындау әрекеттерін кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады, оны аға сот орындаушы бекітеді және оны іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.

Атқару ісін тоқтата тұру. Сот орындаушысы төмендегідей жағдайларда сот ісін тоқтатуға міндетгі [Заңның 15-бабы]:

  1. қарызгерге өлім қаупі төнгенде, оны елді деп немесе іс- түссіз жоғалған деп жариялағанда;
  2. қарызгер болып табылатын занды тұлға қайта құрылғанда;
  3. қарызгерді іс-әрекетке қабілетсіз деп тану;
  4. қарызгер орындау қағазын сот тәртібімен жоққа шығарған жағдайда;
  5. әкімшілік жаза қолданған органнын (лауазымды тұлғанын) іс-әрекетіне сотқа шағымданғанда;
  6. сотқа орындау құжаты бойынша өндірілетін мүлікті тізімнен альш тастау (тыйым салуды алып тастау) туралы;
  7. қарызгер немесе өндіруіиі мүлікті бағалау нөтижелерін жоққа шығарғанда.

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату. Атқарушылык іс жүргізу ісін тоқтату негіздеріне төмендегілер жатады:

  1. борышкердін, өңдіруден бас тартуы;
  2. қарызгер мен өндіріп алушы келісімге отырған жағдайда;
  3. егер де борышкер немесе өндіріп алушы болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін шешіммен анықталған талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқық мирасқорына берілмейді;
  4. атқару құжатын орындау мерзімі өтіп кетсе;
  5. атқару құжатын берген органнын шешімін жоққа шығару;
  6. борышкер немесе өңдіріп алушы болып табылатын занды тұлғаны таратудың аяқталуы;
  7. егер де атқару құжаты бойынша қарыз толықтай төленіп бітсе немесе талаптар орындалса;
  8. атқарушы борышкерге қойған талаптарынан бас тартса.

Атқарушылық іс жүргізу ісін тоқтату туралы сот орындаушысы қаулы шығарады, ол атқату құжатымен бірге құжатты берген сотқа немесе органға қайтарылады. Онымек бір мезгілде атқаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоққа шығарылады. Атқарушылык іс жүргізу ісі тоқтағаннан кейін сот жасауылының барлық іс-әрекеттері өз күшін жояды. [Заңның 20-бабы].

Атқару құжаттарын өндіріш алушыға құжатын қайтару. Қозғалған атқару ісінде орындау құжаттары, егер де қарыз толықтай немесе жартылай теленбеген мынадай жағдайларда ендірушіге қайтарылуы мүмкін:

  1. егер де өндіріп алушы атқару құжатын кайтару туралы арыз берсе;
  2. егер де борышкердің ақшасы, мүлкі бслмаса;
  3. егер де өндіріп алушы борышкердін сатьшмаған мүлкінен бас тартса;
  4. егер де сот борышкерге іздеу салса;

Өндіріп алушыға атқару кұжатын кайтару осы құжатты орындау үшін қайта ұсынуға кедергі болмайды [Заңның 21- бабы].

Атқару ісін тоқата туру, токтату туралы сот орындаушысынын қаулысына, атқару кұжатының қайтарылуына борышкер сотқа шағымдануына болады ,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәжбүрлі атқаруды қамтамасыз етудін шаралары мен тәртібі

Мәжбүрлі атқаруды қамтамасыз ету негізіне заң сот орын- даушысының бастамасын немесе өндірушінің арызьш жаткы- зады [Занның 33-бабы].

Атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар:

  • борышкердін, арызы немесе сот орындаушысьшын бастамасы бойынша тиісті түрде ресімделген атқару құжатын ұсыну;
  • сот орындаушысының орындау ісік қозғауы;
  • орындау ісін ерікті орындау мерзімінің өтіп кетуі.

Мәжбүрлі орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар;

  1. борышкердің өзіндегі немесе өзге жеке тұлғалар мен занды тұлғалардағы мүлікке немесе ақшалай сомаға тыйым салу;
  2. кімде болғанына қарамастан қарызгердің мүлкін тәркілеу;
  3. борышкерге ез мүлкін пайдалануға. біреуге беруге. сатуға немесе өзге әрекеттер жасауға тыйым салу;
  4. борышкердін мүлкін мөрлеу;
  5. борышкердін мүлкіне құқық бекітетін құжаттарды алып қою;
  6. борышкерге өз мүліктерін беруде және ол бойынша өзге мән-жайларды орындауда өзге түлғаларға тыйым салу.

Борышкердің мүлкіне жүгінгу. Борышкердің қарызын мүлкінен өндіргенде, ең алдымен қарызгердін ақшасы алынады (теңгемен, шетел ақшасымен, құнды кағаздар, қымбат бағалы бүйымдар мен металдар. оның ішінде банктегілері де бар). Борышкердін қарызын телеуге ақылай қаражаты болмаған жағдайда, қарызгерге тиісгі өзге мүлкіне жүгінеді.

Борышкердін жеке меншігінде өзге тұлғалармек бірге алынған мүлік болатын болса, онда қарыз оның үлесінен өндіріледі. Осы үлеске дау шыққан жағдайда оны сот анықтайды. Атқару кұжаты бойынша қарызды өнліретін борышкердін мүліктерінін тізімі занда бекітілгенін атап кеткен жөн. Оларға борышкер мен оның отбасына күнделікті тұрмыста қажетті затар (киім, аяқ киім, тағамдар, жанармай, мүлік және т.б.) жатады.

Информация о работе Орындау ісінің мәні