Орындау ісінің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 10:30, реферат

Описание работы

Сот шешімдерін, үйғарымдарын және қауылылрын орыңдау азаматық сот ісінін соңғы және міндетгі сатысы болып табылады. Бұл саты субъективтгі азаматтық құқықтар мен азаматтар- дың занды мүдцелерін корғауды жүзеге асыратын азаматтық істерді қарау мен шешудің салдары болып табылады.

Файлы: 1 файл

СОТ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ COT ІСІ.docx

— 82.41 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы

Құрылу күні: 26.05.2011

Жаңартылу күні: 02.12.2014

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 261-IV Заңы

 

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      2. Атқарушылық iс  жүргiзу мiндеттерi

      Атқарушылық iс жүргiзу  мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнiң, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдерi мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар  қаулыларының негiзiнде осы Заңға  сәйкес берiлетiн атқарушылық  құжаттарды мiндеттi түрде және  уақтылы орындау болып табылады.

     Атқарушылық iс жүргiзудiң негiзгi принциптерi:

      1) заңдылық

      2) атқарушылық iс-әрекеттердi жүргiзу мен мәжбүрлеп орындату  шараларын қолданудың уақтылы  және айқын болуы;

      3) адамның ар-намысы  мен қадiр-қасиетiн құрметтеу;

      4) борышкер мен  оның отбасы мүшелерiнiң өмiр  сүруiне қажеттi мүлiктiң ең аз  мөлшерiне қол сұғылмаушылық

      5) өндiрiп алушы  талаптарының көлемi мен мәжбүрлеп  орындату шаралары арақатынасының  салыстырмалылығы;

      6) өндiрiп алынған  сомалар кезектiң барлық талаптарын  толық қанағаттандыруға жеткiлiксiз  болған кезде оларды бiр кезектегi өндiрiп алушылар арасында бөлудiң  барабарлығы;

      7) атқарушылық құжатты  мәжбүрлеп орындату жөнiндегi шығыстарды  борышкердiң есебiнен өтеу;

      8) сот орындаушысының iс жүргiзу әрекеттерi мен қаулыларына  сотқа шағымдануға еркiндiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының  атқарушылық iс жүргiзу туралы  заңнамасы:

      1) Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2) Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      5. Халықаралық, шетелдiк  соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн орындау:

      1) Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк соттардың, сондай-ақ төрелiк соттардың шешiмдерiн орындау тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиiстi халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады.

      2) Шетелдiк сот шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешiмнiң заңды күшiне енген кезiнен бастап үш жыл iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн.

      6. Қазақстан Республикасының  атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасының: қолданылу тәртiбi

      1) Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2) Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      3) Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкi жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөнiндегi тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4) Шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiк ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актiлерiн орындау осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.

      5) Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Атқарушылық iс  жүргiзу тiлi

      Атқарушылық iс жүргiзу  және оны жүргiзумен байланысты iс-қағаздарын жүргiзу тiлi сот  шешiмiнiң немесе орындауға жататын  өзге де құжаттың тiлi ескерiле  отырып белгiленедi.

      9. Атқарушылық құжаттардың  тiзбесi,мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады:

      1) сот актiлерiнiң  негiзiнде берiлетiн атқарушылық  парақтар;

      2) Қазақстан Республикасының  азаматтық iс жүргiзу заңнамасына  сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;

      3) Қазақстан Республикасының  аумағында халықаралық, шетелдiк  соттардың және төрелiк соттардың  шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату  туралы сот актiлерiнiң негiзiнде  берiлетiн атқарушылық парақтар;

      4) аралық соттардың  шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату  туралы соттың ұйғарымы негiзiнде  берiлетiн атқарушылық парақтар;

      5) Қазақстан Республикасының  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнде көзделген жағдайларда  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот  қаулылары;

      6) Қазақстан Республикасының  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнде көзделген жағдайларда  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды  тұлғаның) қаулылары;

      7) талаптарын мәжбүрлеп  орындату туралы прокурордың  қаулылары;

      8) атқару санкциясын  өндiрiп алу туралы сот орындаушысының  қаулылары.

      Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.

      Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшiрмесiмен қоса орындау үшiн жiбередi.

 

      10. Сот орындаушысының  қаулысы

      Атқарушылық құжат орындауға берiлген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының қабылдаған шешiмдерi қаулылармен ресiмделедi.

      2. Сот орындаушысының  қаулысында:

      1) мемлекеттiк сот  орындаушылары аумақтық бөлiмiнiң  атауы немесе жеке сот орындаушысы  қызметiнiң аумағы және олардың  мекенжайы;

      2) қаулының шығарылған  күнi;

      3) қаулыны шығарған  адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi;

      4) қаулы шығарылатын  атқарушылық iс жүргiзудiң атауы  мен нөмiрi көрсетiлуге тиiс.

      Атқарушылық iс жүргiзудi қозғаудан бас тарту туралы  қаулыда атқарушылық құжаттың  атауы мен нөмiрi;

      5) қаулы шығарылатын  мәселе;

      6) қабылданатын шешiмнiң  заңдарға және өзге де нормативтiк  құқықтық актiлерге сiлтемесi бар  негiздемесi;

      7) мәселенiң мәнi бойынша  қабылданған шешiмдi көрсететiн қаулының  қарар жазылған бөлiгi;

      8) қаулыға шағым  жасау тәртiбi көрсетiледi.

      Сот орындаушысы қаулыда өзi жiберiп алған жаңылыс жазуларды немесе көрiнеу арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерiстер енгiзу туралы қаулымен енгiзiледi.

      Мемлекеттiк сот орындаушысы қаулысының күшiн жою аумақтық бөлiм басшысының тиiстi қаулысымен жүргiзiледi.

      Жеке сот орындаушысы  қаулысының күшiн жоюды жеке  сот орындаушысының өзi, оның iшiнде  сот актiсiнiң немесе прокурор  наразылығының негiзiнде жүргiзедi.

      Сот орындаушысының қаулысы мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

     Сот орындаушылары қаулыларының үлгi нысандарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI МЕРЗIМДЕР

      11. Атқарушылық құжаттарды  орындауға беру мерзiмдерi

      1. Атқарушылық құжаттар  мәжбүрлеп орындатуға мынадай  мерзiмдерде:

      1) сот актiлерi негiзiнде  берiлетiн сот бұйрықтары мен  атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде;

      2) аралық соттардың  немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп  орындату туралы соттың ұйғарымы  негiзiнде берiлетiн атқарушылық  парақтар, - үш жыл iшiнде;

      3) әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған  сот қаулылары, - егер заңмен өзге  мерзiмдер белгiленбесе, үш жыл iшiнде;

      4) әкiмшiлiк құқық  бұзушылықтар туралы iстердi қарауға  уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулылары, - үш жыл iшiнде;

      5) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде берiлуi мүмкiн.

      2. Аталған мерзiмдер:

      1) сот актiлерiнiң  негiзiнде берiлген атқарушылық  парақтарды мүлiктi өндiрiп алу  бөлiгiнде орындау кезiнде - сот  актiсi заңды күшiне енген не  сот актiсiн орындаудың мерзiмiн  кейiнге қалдыру немесе ұзарту  кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан  кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған  жағдайларда - ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап;

      2) аралық соттардың  немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп  орындату туралы соттың ұйғарымы  негiзiнде берiлген атқарушылық  парақтарды орындау кезiнде, - шешiм  күшiне енгеннен кейiнгi күннен  бастап;

      3) әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған  сот қаулыларын орындау кезiнде, - қаулы шығарылған күннен бастап;

      4) әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iстердi қарауға  уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау кезiнде, - мәжбүрлеп  орындату туралы шешiм қабылданғаннан  кейiнгi күннен бастап;

      5) қалған барлық  атқарушылық құжаттар бойынша - олар  берiлгеннен кейiнгi күннен бастап  есептеледi.

      Мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы (алименттер өндiрiп алу туралы, жарақат алумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен және басқадай келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстер бойынша) шешiмдердiң негiзiнде жазылған атқарушылық құжаттар төлем жасауға берiлген барлық уақытта күшiн жоймайды. Мұндай жағдайларда мерзiм әрбiр төлем үшiн жеке есептеледi.

      12. Атқарушылық құжатты  беру кезiндегi мерзiм үзiлiсi

      Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiм:

      1) атқарушылық құжат  орындауға берiлгенде;

      2) атқарушылық құжатты  борышкер iшiнара орындағанда;

      3) борышкердi iздестiру  кезеңiнде үзiледi.

      Үзiлiстен кейiн мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады, бұл ретте үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.

     Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.

      13. Атқарушылық құжатты  орындауға беру үшiн өткiзiп

              алынған мерзiмдi қалпына келтiру

      Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.

      Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмiн өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ  ҚАТЫСУШЫЛАР

      14. Атқарушылық iс  жүргiзуге қатысушылардың құрамы

      Мыналар:

      1) атқарушылық iс  жүргiзудiң тараптары (өндiрiп алушы  және борышкер);

      2) атқарушылық iс  жүргiзу тараптарының өкiлдерi;

      3) сот приставы;

      4) атқарушылық құжатта  көрсетiлген талаптарды орындауға  жәрдемдесетiн өзге де адамдар (оның iшiнде iшкi iстер органдарының  қызметкерлерi, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған  мүлiктi күзетуге немесе сақтауға  берген адам) атқарушылық iс жүргiзуге  қатысушылар болып танылады.

      15. Атқарушылық iс  жүргiзу тараптары

      Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады.

      Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады.

       Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.

      Атқарушылық iс жүргiзуге бiрнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бiрге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бiрге қатысушы атқарушылық iс жүргiзуде өз мүдделерiн қорғауды, басқа бiрге қатысушыға оның келiсiмiмен тапсыруы мүмкiн.

      16. Атқарушылық iс  жүргiзу тараптарының құқықтары  мен

              мiндеттерi

      Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бiтiмгершiлiк келiсiмдi бекiту туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуге құқылы.

Информация о работе Орындау ісінің мәні