Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 10:30, реферат
Сот шешімдерін, үйғарымдарын және қауылылрын орыңдау азаматық сот ісінін соңғы және міндетгі сатысы болып табылады. Бұл саты субъективтгі азаматтық құқықтар мен азаматтар- дың занды мүдцелерін корғауды жүзеге асыратын азаматтық істерді қарау мен шешудің салдары болып табылады.
Атқарушылық iс жүргiзу тараптары өздерiне берiлген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға мiндеттi.
Борышкер сот орындаушысына
атқарушылық iс жүргiзу кезеңiнде
жұмыс орнының өзгергенi туралы,
сондай-ақ жаңа кiрiс
17. Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мирасқорлық
Борышкер қатардан
шыққан (азамат қайтыс болған, заңды
тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш
ауысқан) жағдайда сот орындаушысы
шешiм шығарған сотқа
18. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң
қатысуы
Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлi арқылы әрекет етуге құқылы емес.
Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңдармен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкiлдерi арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым атынан өкiлдiк
ететiн адамдардың өздерiнiң
Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхатпен куәландырылады.
19. Өкiлдiң өкiлеттiктерi
Атқарушылық iс жүргiзудегi өкiл өкiлдiк берушiнiң атынан сенiмхат бойынша берiлген өкiлеттiктерi шегiнде атқарушылық iс жүргiзумен байланысты барлық iс-әрекеттердi жасайды.
Өкiлдiк берушiнiң беретiн сенiмхатында өкiлдiң мынадай iс-әрекеттер жасауға:
1) атқарушылық құжатты ұсынуға және керi қайтарып алуға;
2) өкiлеттiктерiн басқа тұлғаға беруге (қайта сенiм бiлдiруге);
3) сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға;
4) берiлген мүлiктi (соның iшiнде ақшаны) алуға;
5) бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуға өкiлеттiктерi арнайы ескертiлуге тиiс.
20. Өкiл бола алмайтын тұлғалар
Он сегiз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта тұратын адамдар атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды.
Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, өкiлдi органдардың депутаттары, уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлерi, олардың тиiстi ұйымдардың уәкiлдерi немесе заңды өкiлдерi ретiнде атқарушылық iс жүргiзуге қатысу жағдайларын қоспағанда, атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды. Егер мүдделерi өкiлдiк берушiнiң мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға осы iс бойынша заң көмегiн көрсетiп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жақын туысқандары немесе жұбайы (зайыбы) болып табылса, ол адам өкiл бола алмайды.
Ескертпе. Ата-аналар,
балалар, асырап алушылар, асырап
алынғандар, ата-анасы бiр және
ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер
21. Заңды өкiлдер
Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, өкiлеттiктерi тиiстi құжаттармен расталатын заңды өкiлдерi қорғайды.
Заңды өкiлдер iс-әрекет
жасау құқығына заңда
Сот хабарсыз кеттi деп таныған адам қатысатын атқарушылық iс жүргiзуге оның өкiлi ретiнде, хабарсыз кеткеннiң мүлкi басқаруға берiлген, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өкiл ретiнде тағайындалған адамдар қатысады.
Қайтыс болған
немесе қайтыс болды деп
Заңды өкiлдер атқарушылық iс жүргiзуге қатысуды өздерi өкiл ретiнде таңдап алған басқа адамға тапсыруы мүмкiн.
22. Атқарушылық iс жүргiзуге аудармашының қатысуы
Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде, егер олар атқарушылық iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқарушылық әрекеттердi жүргiзу үшiн бiлуi қажеттi тiлдi меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады.
Аудармашының өз еңбегi үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады.
Көрiнеу дұрыс аударма жасамаған жағдайда аудармашы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұл туралы оған сот орындаушысы ескертедi.
23. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердiң қатысуы
Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi куәгердiң қатысуымен жасалуы мүмкiн.
Мынадай жағдайларда:
1) өндiрiп алушының
немесе борышкердiң талабы
2) үйге орналастыру
және үйден шығару туралы
Өзге жағдайларда
куәгерлер сот орындаушысының
бастамасы бойынша қатысуы
Кәмелетке толған, iс-әрекетке қабiлеттi, атқарушылық әрекеттердiң нәтижесiне мүдделi емес кез келген азаматтар куәгерлер ретiнде шақырылуы мүмкiн.
Куәгерлер қатысатын атқарушылық әрекеттер басталар алдында сот орындаушысы куәгердiң атқарушылық әрекеттерге қатысу тәртiбiн түсiндiредi.
Куәгер өзiнiң қандай атқарушылық әрекеттер жүргiзу үшiн шақырылып отырғанын, олар қандай атқарушылық құжаттың негiзiнде жасалатынын бiлуге құқылы. Куәгер жүргiзiлген әрекеттер жөнiнде ескертулер жасауға құқылы. Куәгердiң ескертулерi тиiстi атқарушылық әрекет хаттамасына енгiзiлуге тиiс.
Куәгер жүргiзiлуiне өзi қатысқан iс жүргiзу кезiндегi атқарушылық әрекеттердiң фактiсiн, мазмұны мен нәтижелерiн куәландырады.
Куәгердiң куәгерлiк мiндеттерiн атқаруына байланысты шығарған шығыстарына өтемақы алуға, сондай-ақ толық ала алмаған жалақысын өтетуге немесе уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Куәгерлерге төленетiн ақша сомасы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады.
24. Атқарушылық iс жүргiзуге маманның қатысуы
Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындайтын, арнаулы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мүлiктi бағалауды жүргiзу, сату, тасымалдау, сақтау үшiн сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиiстi қаулысымен маманды тағайындай алады. Қажет болған жағдайда бiрнеше маман тағайындалуы мүмкiн.
Қорытынды беру немесе қажеттi әрекеттердi жүргiзу үшiн қажет арнаулы бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам маман ретiнде тағайындалуы мүмкiн.
Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргiзiлетiн жұмысты орындағаны үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылады.
25. Атқарушылық iс жүргiзудегi прокурор
Прокуратура мемлекет атынан атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады, кез келген заң бұзушылықты анықтау мен жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Прокурор атқарушылық iс жүргiзудi, оның iшiнде атқарушылық iс жүргiзу тараптарының шағымдары мен арыздары бойынша атқарушылық iс жүргiзудi өз өкiлеттiктерi шегiнде үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге талап етiп алдыруға және тексеруге құқылы.
Сот орындаушысының заңсыз iс-әрекетiне және қаулысына прокурорлық қадағалау актiсi енгiзiлуi мүмкiн, ол заңда белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде қарауға жатады.
26. Сот орындаушыларының iшкi iстер органдарымен
өзара iс-әрекетi
Атқарушылық iс жүргiзу
барысында сот орындаушысының
өмiрiне немесе денсаулығына
4-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ШАҚЫРТУ
Атқарушылық iс жүргiзудегi хабарлама және шақырту
1. Атқарушылық iс
жүргiзуге қатысушылар
2. Атқарушылық құжат
дереу орындалуға тиiстi жағдайларда,
сондай-ақ мүлiкке тыйым салу
және өзге де қамтамасыз ету
шараларын қабылдау кезiнде
3. Атқарушылық iс
жүргiзуге қатысушыға арналған
хабарлама, егер атқарушылық iс жүргiзуге
қатысушы немесе оның өкiлi өзге
мекенжайды көрсетпесе, атқарушылық
құжатта көрсетiлген
Егер почта арқылы
жiберiлген хабарлама
4. Ұйымға жолданған
хабарлама оның заңды
5. Сот орындаушысына
келуден жалтарған адамдар сот
орындаушысының қаулысы
28. Шақыру қағазын,
хабарламаны жеткiзу және
1. Шақыру қағазы
немесе хабарлама почта арқылы
жеткiзiледi немесе сот орындаушысы
оларды жеткiзудi тапсырған адам
жеткiзедi және аумақтық бөлiмге
немесе жеке сот
2. Егер шақыру
қағазын немесе хабарламаны
3. Адресат болмаған
кезде шақыру қағазын немесе
хабарламаны жеткiзушi адам тапсыру
туралы хабарламада адресаттың
қайда кеткенiн және оның
29. Атқарушылық iс жүргiзу кезiндегi мекенжайдың
өзгеруi
Атқарушылық iс жүргiзудiң
тараптары сот орындаушысына
атқарушылық iс жүргiзу кезiнде
өз мекенжайының өзгергенi туралы
хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлау
болмаған жағдайда шақыру