Азаматтық іс жүргізу принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40

Файлы: 1 файл

азаматтық курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

3) іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты  жүзеге асыру әрекетіне ғана тән; өзге қорғану нысандары заңшығарулық іс жүргізу негізінде жүзеге асырылады;

4) субъективті азаматтық құқықтар  мен мүдделерді қорғау нысандарының  әрекетін реттейтін(әрбір құқық  саласына тән) нормаларды кодификациялау  мүмкін емес, азаматтық іс жүргізу  нормаларын, өзге азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарына қолдану одан да қиын.

Н.Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық  қазір де бар, өйткені «азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық  қорғау нысандарын «бір шатыр» астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады».

Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, «функцияларының  дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін» мүліктік(жалпы  алғанда азаматтық) құқықпен тығыз  байланысты.

Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы  құзыретті соттармен байланыстыра отыра, «біртұтас азаматтық іс жүргізу  құқығының» қарсыластары, азаматтық  құқықты қорғаудың өзге нысандарында пайда болатын қатынастарды, реттейтін  нормаларда іс жүргізу сипаты орын алатындығын мойындайды. Бұл дегеніміз, ондай қатынастар жай іс жүргізу емес, азаматтық іс жүргізу қатынастары болып табылады. Өйткені, келе-келе соңында, олар азаматтық құқықтың нормаларының санкциясын қолдануды мақсат етеді.

Сондықтан, азаматтық іс жүргізу  пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады [6, 76-77].

Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі «жол беру әдісі» бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі «шектеу әдісі» бойынша болмаса да,  «тәртібін белгілеу әдісі» бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары «диспозитивтің-императивтік әдіс» бойынша құрылғандарын білдіреді [7, 25-33].

Мемлекет өз алдына қоятын саяси, әлеуметтік, рухани немесе өзге мақсаттарына байланысты, заң шығарушы қолданатын төрт қорғану әдісі бар: «заңдылық әдісі», «арбитраж әдісі», «әкімшілік әдіс» және «қоғамдық әсер әдісі». Бұзылған азаматтық құқықты қорғау мемлекет атынан(сот жүйесі барлық құқықтық мемлекеттерде биліктің үшінші тармағын құрайды), азаматтық іс жүргізу қатал регламентациаланған заңға сәйкес азаматтық-құқықтық дауды қарастыру мен шешу тәртібі бойынша, тәуелсіз құзыретті органмен жүзеге асырылатын, субъективті құқық пен мүдделердің қорғалуының жоғарғы кепілін беретін, ең әмбебап әдіс -  «заңдылық әдісі».

«Арбитраж әдісі» бойынша, бұзылған құқық, құзыретті  органның бақылауымен, даулы  жақтардың заңға негізделген  келісімге жету әдісімен іске асырылады. Бұл әдіс үштілік соттар негізінде  қолданады.

«Әкімшілік әдіс» бойынша, заңнамалық қызмет, олардың жалпы өкіліттілігінің бөлігін құрайтын, атқарушы органдардың билік уәкілетін қолданумен жүзеге асырылады. Бұл әдіс, қабылданған өтініштер даусыз болған жағдайында, немесе мемлекетпен азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде шектеу жағдайында қолданады.

Соңғы әдіс, «қоғамдық әсер әдісі» мемлекетпен берілген, заң шеңберінде әрекет ететін, қоғамдық белдеуге негізделеді.

Әрбір қорғану нысанының пәні мен  қорғану әдісі әртүрлі болғандықтан, оларды бір азаматтық іс жүргізу  шеңберінде біріктіру мүмкін емес. Н.Б.Зейдер: «… соттың, арбитраж органдарының, кәсіпқорғау ұйымдарының әрекеттері бір мақсат үшін қызмет етеді және пәндері бір – құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау. Бұл түрлі органдардың құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау қызметін кеңес азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы түсінігінде біріктіруге негіз болады» деп жазғанда осындай қате жіберді [5, 36-37]. Әрбір құқық қорғау нысандарында құралатын қоғамдық қатынастарды реттеуде пән мен әдістердің ұқсастығы, осы барлық нысандарды «өз шатыры» астында біріктіретін, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» түсінігінің пайда болуына негіз болған [8, 9-10].

Заң ғылымында, құқықтық принцип термині  астында, әдетте, құқық нормасында(нормаларында) бекітіліп, түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол қоғамдық құрылыммен анықталатын бас идеяны айтады. Азаматтық-азаматтық іс жүргізу әдебиеттерінде принциптерге арналған жұмыстар көп. Оларда, тек принциптер мен олардың жүйелерінің мазмұны ашылып қана қоймай, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі классификациялары беріледі. Ол классификациялар жөнінде дискуссияға қатыспай, біздің ойымызша, заңи өкілетті органның табиғатын, құрылымын және өкілеттілігін анықтайтын ұйымдастырушы принциптер, және бұзылған азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша құзыретті органның және субъектілердің азаматтық іс жүргізу әрекеттерімен байланысты іс жүргузу принциптері бар деп санаймыз.

Принциптердің бірінші тобы, ұйымдастырушы-құқықтық нормаларының негізі ретінде, мемлекеттік және әкімшілік құқықтардың бөлінбес бөлігі, сондықтан олар азаматтық іс жүргізу құқығына тікелей қатысты емес.

Азаматтық іс жүргізу құқығының  базисі, іс жүргізу нормаларының негізінде  жататын, іс жүргізу принциптерінен құралады, осыған байланысты «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» принциптері, оның реттеу пәні мен әдісінің шеңберінен тыс деп айта алмаймыз. Қарама-қарсы, іс жүргізу принциптері, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құқықтық реттеу пәні және әдісімен тығыз байланысты.

Азаматтық іс жүргізу ғылымынды  қарама-қайшы екі ағым бар: бір  жақтан «іс жүргізу нысаны» мен  «заңшығарушылық іс жүргізу» түсініктерінің арасындағы анық шекараның болуы, екінші жақтан «іс жүргізу нысаны» мен  «заңшығарушылық іс жүргізу» терминдерінің шекарасы сәл ғана бар деуге болады, ол іс жүргізу нысанына әмбебап сипат беру.

Бірақ «іс жүргізу нысанына»  жүйелік, іс жүргізу заңымен белгіленген, іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің  қатал тәртібі, бұл дегеніміз, қандай да әрекет оған дейінгі ережемен бекітілген әрекетсіз жасалуы мүмкін емес, сонымен бірге әрбір осындай әрекет айқындалған құқықтық нысанмен(іс жүргізу құжатымен) белгіленеді де, бекітіледі.

«Заңшығармашылық іс жүргізу» құқықтық нысанмен белгіленген және бекітілген іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібін білдірмейді. «Заңшығармашылық іс жүргізудің» ережелері мен әрекеттер тәртібі, әдетте, тек заңмен ғана емес, сонымен бірге нормативтік актілермен де реттеледі.

Түйіндеп айтқанда, «іс жүргізу  нысаны» құқық қолданушы органдардың заңи қызметтерімен тығыз байланысты болса, «заңшығарушылық іс жүргізу» құқықты іске асырумен, және қоғамдық немесе мемлекеттік органның заң шығармашылық әрекеттерімен байланысты болады.

Азаматтық іс жүргізу принциптері  өзара тығыз байланысты және біртұрас жүйе (грекше «принцип» сөзі «біртұтас» дегенді білдіреді) құрайды. А.Т. Боннер принциптер жүйесін азаматтық-азаматтық іс жүргізу принциптерінің өзара қатынасы мен байланысы бойынша жиын деп атады. Принциптердің әрқайсысы бөлек іс жүргізу институтын, бүкіл бөлімді сипаттайды, бірақ азаматтық сот іс жүргізудің мақсаты мен мәселелері біртұтас болғандықтан, принциптер арасында әрине байланыс бар, бір принциптің қызметі екінші принциптің шарты болады. Әлдебір принциптердің мазмұнын ашу үшін, құқық саласында өзге принциптердің мазмұнын ескеру қажет [9, 9-110].

Азаматтық іс жүргізу құқығының  принциптерін жүйелеу – оларды анықталған критерий, негіз бойынша топтастыру. Азаматтық іс жүргізу туралы ғылыми және оқулық әдебиеттерінде бұндай критерийлер болып:

1. Принциптердің бекітілу көзі  бойынша:

    А. Конституциялық принциптер

    Ә. Іс жүргізу заңнамасында  бекітілген принциптер

2. Реттеу пәні бойынша:

    А.Ұйымдастыру принциптері

    Ә.Заңдылықты жүзеге  асыру принциптері

3. Функционалдық рөлі бойынша:

    А.Ұйымдастырушы-функционалды 

    Ә.Функционалды

Ең ыңғайлы және іс жүзінде мағыналы жүйелеу, азаматтық іс жүргізу құқығының  принциптерін, олардың мазмұны мен  әсер ету щеңбері бойынша (жалпы  құқықтық, салааралық, салалық принциптер және бөлек құқықтық институттар принциптері) жүйелеу болып табылады.

Жалпықұқықтық принциптер – бұл  барлық құқық салаларына тән принциптер, олар азаматтық іс жүргізу құқығына да тән. Бұл демократиялылық, гуманизм, заңдылық.

Салааралық принциптер – бұл  азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және кейбір басқа құқық салаларының принциптері, оларға: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, сотта істі қараудың жариялылығы жатады.

Салалық принциптер – бұл тек  азаматтық іс жүргізу құқығына тән  принциптер(диспозитивтік, тараптардың  айтысуы мен тең құқықтылығы).

Бөлек құқықтық институттар принциптері  – азаматтық іс жүргізу құқығында  сотта азаматтық істерде(ауызша түрде, тікелей) дауды шешу тәртібін анықтайтын принциптер.

Принциптер жүйесі объективті және біртұтас болып табылады. Оның әрбір  элементі басқаларымен тығыз байланысты, осы байланыста олар ашылады және қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау. Азаматтық  іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі

 

2.1. Ұйымдастырушы принциптер

 

Демократизм принципі. Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбаңдығы. Міне осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет, 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты - ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспенішлік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат біріншіден осы болса, екіншіден, адамның қылмыс жасауына көпе-көрінеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.

Демократия — халық билігінің  түсінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағыз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасына? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.

Осылайша, демократизм принципінің  идеясы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді  көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципінін мақсатын белгілейді.1

Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары  екендігі анық.

Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жургізуші судьяға жүктейді. Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың) тәуелсіздігі әуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.

Азаматтық іс жүргізу құқығының демократиялылығы сонда, азаматтық іс бойынша заңдылықты жүзеге асырғанда, сот азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиісті; ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиісті. Соттық қызмет құқықтық мемлекеттің күшеюін, әлеуметтік әділеттікті, демократияны қамтамасыз етуді және халықтың өзін-өзі басқаруының дамуын бағдар ұстау керек.

Гуманизм принципі.

Азаматтық іс жүргізу құқығының  гуманизмі келесіде: а) іске қатысушылар  мәдениет деңгейіне, білім деңгейіне, әлеуметтік деңгейне, жасына, ұлтына, жынысына және с.с. тәуелсіз тең; ә) кейбір істер  категориясы бойынша (алименттер төлеу бойынша, жұмыс орнына қайта қабылдау туралы) талап берушілер сот шығындарын төлеуден босатылады; б) азаматтық іс жүргізу құқығы кейбір істер категориялары бойынша жеңіл соттылықты белгілейді т.с.с.

Судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері