Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40
Бұл принцип қандай да болсын мемлекет үшін өте маңызды принцип болып табылады, сондықтан оған ерекше мән беру қажет.
Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда) тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде қарастырылады2.
ҚР АІЖК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Мемлекеттің органдар мен лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды тұлғалары, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер, және заңды тұлғалар судьялардаң тәуелсіздің құрметтеуге және оған қол сұқпауға міндетті.
Заңдылықты іске асыруға қол сұғушылық, сотқа немесе судьяға қалай да әсер ету, судьяға немесе сотқа құрметпен қарамау, ауызша, жазбаша не өзге тәсілмен судьяларға зиян келтіру немесе судьялардың белдеуіне зиян келтіру немесе тәуелсіздігіне әсер ету мақсатымен ақпаратты жинау, сақтау, қолдану немесе жаю рұқсат етілмейді және заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке өзі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.
Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.
Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны — сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.
Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.
Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.
Судьяларға өте жауапты міндетт
Судьялар іске асыратын мақсаттар,
олардың, яғни судьялар корпусының басқа
мемлекеттік мекемелер мен
Дербес істерді шешкенде судьялар жоғары тұрған соттардан, тергеу органдарынан, прокурорлардан және сот ісіне қатысушылардың сот ісін жүргізу кезінде ойлары мен пікірлерінен тәуелсіз.
Принциптік түрде
1) заңда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
2) судьяға заңда көзделмеген
соттан тыс функциялар мен
міндеттерді жүктеуге, оны қылмыска
қарсы күрес, заңдылық пен
3) сот әділдігін іске асыру
барысында судьяны тек заңға
ғана бағындыра алу
4) ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен алқа заседателіне каңцай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен және мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;
5) судьяның қаралған немесе
6) соттарды қаржыландыру, судьяларды
материалдық қамтамасыз ету,
Қорыта айтқанда, заңдылықты жүзеге
асыруда судьялардың
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес(АІЖК), соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды.
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Ал, Конституция мен аталған
Конституциялық заңда Қазақстандағы
сот жүйесін Қазақстан
Сот әділдігін тек қана соттың іске асыруы принципінің саяси-құқықтық маңызы орасан зор.
Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот әділдігі болғандықтан, мемлекеттік қызметтің бұл түрі соттың мәжілістерінде істерді заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көзделді. Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тәртібі мен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек қояды.
Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат етілмейді.
Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған талап арызға қатысты шешім қабылдау соттың ғана құқығы.
Тек сот қана сот істеріне байланысты жаза тағайындай алады және басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Сот қаулыларын тек қана жоғарғы
сатыдағы сот сатылары апелляциялық
және қадағалау тәртіптерінде
Сот әділдігін тек қана тәуелсіз судья (сот) жүзеге асыра алады деп ара қатынасы қарастырылып отырған принциптерді тығыз байланыстыруымызға болады.
Мұның өзі сот әділдігін (билігін) тек соттың жүзеге асыру принципі арқылы, сот билігін мемлекеттік механизмде заң шығарушы және атқарушы биліктермен қатар дербес, әсер ете алатын күші бар билік тармағы ретінде орнықтырады
Соттың құзыреті мемлекет пен қоғамда пайда болатын барлық қатынастарға қатысты. Бұл дегеніміз, құқық нормаларымен реттелетін барлық қоғамдық қатынастар, дау пайда болса, соттың қарауына өте алады.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе ҚР АІЖК-де көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс
Заңдылықты іске асырудың мақсаты конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншік түріне тәуелсіз, мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы.
Конституцияның 79-бабы мен Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, республика соттары тұрақты судьялардан тұрады. 1995 жылы алғаш рет, Қазақстан заңында кеңес құқығының дәстүрлі тұрғыда судьяларды белгілі мерзімге сайлау принципінен ауытқу процесі жүргізіліп, судьялардың ауыстырылмайтындығы, яғни олардың өкілеттіктерін ешқандай мерзіммен Шектемеу принципі енгізілген болатын.
Мұнымен қатар, заң соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қызмет мерзімін 5 жылға шектейді. Алайда, осы мерзім аяқталған соң, олар мүлде өкілеттігін тоқтатады деген сөз емес. Егер, олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше, қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы принципіне сәйкес, олар заңмен белгіленген тәртіпте өкілеттіктеріне ие болған соң, сол заң белгілеген негіздер мен тәртіптерсіз судьяны ешкім де қызметтен босата және ауыстыра алмайды. Өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселесі заңның шеңберінде (негіздері мен тәртіптерін ескеріп) істелінуі керек.
Мұнымен қатар, заңмен судьяны қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату мәселелері қарастырылған, мына келесідегі негіздерге байланысты:
1) орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға
3) судьяны іс-әрекетке
4) осы судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға
8) соттың таратылуын немесе
Судьяны қызметінен босату және өкілеттігін тоқтатудың басқа да негіздері мен тәртібі Конституциялық заңның 34-бабында қарастырылған.
Бұдан тыс, судья қызметінен, орнынан түсуі арқылы да кете алады.
Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.
ҚР АІЖК-нің 13 бабына сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Келтірілген ережелер теңдік принципінің
тағы бір жағын білдіреді: шексіз,
барлық тұлғаларға тең құқықтар мен
міндеттер стандарттарын
немесе басқа тұлғалар жағынан қысым көрмей барлық конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қолдануы мүмкін және құқылы.3
Сонымен бірге барлық азаматтар заң алдында тең. Ол дегеніміз, заңды бұзбау, заңды өз мүддесіне қарай қолдану, және заңды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік барлық азаматтарға қатысты. Бұл ережеден тұлғаның әлеуметтік деңгейі, сінірген еңбегі т.с.с. бойынша жеңілдік болуы мүмкін емес.
Заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары ҚР Конституциясында, АІЖК-де, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
Заң алдындағы теңдік азаматтық іс жүргізу құқық қатынастыры субъектілеріне қатысты бірдей қолданылатын құқықтың біртұтастығын білдіреді.
Сот алдындағы теңдік сот ісін жүргізуде
сот алдында тараптар ретінде
қатысатын азаматтардың, сот отырысында
өздерінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік
беретін тең іс жүргізу құқықтарының
болуын, және оларға әрекеттері үшін бірдей
жауапкершілікке тартылу міндет
Сонымен, бұл принцип тек азаматтардың құқықтары мен міндеттерін ғана емес, соттың да міндеттерін белгілейді. Сот алдындағы теңдік құқықтың заңдылық принципін толықтырады.