Азаматтық іс жүргізу принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа

Описание работы

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40

Файлы: 1 файл

азаматтық курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать файл)

Сотта істі қараудың жариялылығы.

Бұл принцип АІЖК-нің 19 бабында  белгіленген, оның мазмұны болып  мемлекеттік құпиялар болып табылатын  мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Сотта істі қарау жариялылығы принципі, егер азаматтар іске қатысушы тұлғалар немесе куәгер болып, соған байланысты сот отырысы залынан тыс жерде болмаса, өзге он алты жасқа жетпеген азаматтарға қатысты емес.

Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым  шығарады.

Жабық сот отырысында істі қарау  азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып және іске қатысатын қоғамдық өкілдерінің, ал керек жағдайда куәлардың, сарапшылардың, мамандардың және аудармашылардың қатысуымен өткізіледі. Бала асырап алу туралы шешімнен басқа шешімдер тек жариялы түрде шығарылады.

Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

Жариялылық принципі сотқа тәрбиелік жұмысты атқаруға мүмкіндік береді. Бұл принцип азаматтық сот ісін жүргізудің ең маңызды мәселелерінің бірін – заңдылықты күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды орындау мен құрметтеу рухында тәрбиелеу шараларын жүзеге асыруға көмектеседі.

Тіл принципі.

Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты және өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік тілдің тәуелсіздігінде. Яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесіне  лайық еркін және кең тарапты  қолданылуында. Олай болса, сот өндірісіндегі  тіл принципіне тоқталсақ, бұны осылайша және ұлттық тіл принципі деп те атайды. Одан мағынасы мен бастысы бұл принциптің мақсаты өзгермейді.

Республиканың көп ұлтты факторы  АІЖК-де де ескерілген. Бұл заңның 14-бабына лайық, азаматтық сот өндірісінде  мемлекеттік тіл және онымен қатар орыс немесе басқа тілдер де қолданылады.

Іс бойынша сот өндірісінің  тілін қылмыстық процесті жүргізуші  орган аныктайды және бұл туралы қаулысын шығарады.

Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін  немесе ол тілді жетік білмейтін, сол іске қатысушы адамдарға өзінің ана тілінде немесе өздері білетін тілде арыз айтуға, жауаптар мен түсініктер беруге, тілек қоюға, шағым беруге, іс материалдарымен танысуға және сотта сөйлеуге, сондай-ақ АІЖК-і бекіткен тәртіпке сәйкес тілмаштың қызметін ақысыз пайдалануға құқылы екендіктері түсіндіріліп, қамтамасыз етіледі.

Баста айтылып кеткендей, тілдің тәуелсіздігі мемлекеттің тәуелсіздігі, мемлекеттік  тілді қолданушы соттың (нақты  судьяның) тәуелсіздігі бір-бірінен  ажырамайтын ұғымдар болуға тиісті. Сондай-ақ, демократиялық, көпұлтты мемлекеттің саясаты, құрамындағы басқа ұлт тілдерінің де жетіліп дамуына мүмкіндік туғызуы, бұл принциптің мазмұнын көркейте түседі.

Сот жүргізілетін тілді біледі деп, сол тілді құр түсінетіндерді емес, еркін сөйлей алатындарды айтады. Сот құрамындағылардың немесе сот процесіне қатысушылардың біреуінің аудармашының міндетін атқаруына болмайды. Аудармашы адам істің шешімдеріне мүдделі емес, сот құрамы мен сот процесіне қатысы жоқ азамат болуға тиіс.

Қаралып отырған принциптің мазмұны  мынадай қағидалардан тұрады: а) сот ісін көпшілік болып табылатын ұлттың тілінде жүргізу; ә) халық көпшілігінің тілін білмейтін іске қатысушыларды іс материалдарымен аудармашы арқылы толық таныстыру және сот ісін сол жерде жүргізу; б) мұндай адамдардың барлық сот істеріне аудармашының көмегімен қатысуы; в) олардың сотта ана тілінде сөйлеу мүмкіндігін беру.

Осылайша, бұл принциптің орасан зор  саяси және тәжірибелік маңызы бар. Тіл принципі сотталушының барлық қорғану  амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін  қамтамасыз етеді. Мұнымен қоймай, процеске қатысушыларға және сот залында отырған жұртшылыққа зор тәрбиелік ықпал жасайды.

Объективтік шындық.

Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында  бұл принциптің мазмұны, заңдылықты іске асыратын орган ретінде сотқа  қойылатын келесі шарт болып табылады: азаматтық-құқықтық және өзге азаматтық дауларды шын болған жайттарға толық сәйкес шешу, субъективтік құқықтар мен міндеттер жайлы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, осы жайттарға құқықтық баға беру(жіктеу жасау). Сотпен азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерін дұрыс түсіну заңдылықтың аса маңызды шарты, сонымен бірге сот ісін жүргізудегі дәләлдеу қызметінің мақсаты болып табылады. Қарастырылатын принципке сәйкес, сот шешімі, іске қатысты жайттардың толық, жан-жақты, дұрыс заңи мәні фактілердің айнасы болуы керек, және талап бойынша іс жүргізуге қатысты тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері жайлы дұрыс ой түйініне ие болуы қажет. Сонымен сот шешімі іс жайттарына сәйкес, заңды және негізді болуы керек.

Бұл принципті бұзу шығарылған сот  актісінің негізсіз болатындығынан, сот шешімінің күшін жоюға  әкеп соғады. 4

 

2.2. Функционалды принциптер

 

Заңдылық принципі. Республикадағы соттардың қызметі заңдылық принципінің талаптарына сай жүзеге асырылуы қажет.

Заңдылық принципі, жалпықұқықтық, әмбебап ереже ретінде  Конституция мен оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қатаң және міндетті турде орындалуы  мен сақталуын талап етеді. Мұндай талап заңды орындаушы тұлғалардың (мемлекеттік орган болсын, лауазымды, заңды немесе жеке тұлға болсын) күллісіне қатысты қойылады.5

Сот әділдігінің  заңдылығы принципінің ерекшелігі мынадай: соттардың ұйымдастырылуы мен қызметі ең алдымен Қазақстан  Республикасы Конституциясының негізінде  және заң шығарушы органы - Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың, яғни актілердің негізінде жүзеге асырылады. Заңға сәйкес актілер сот саласында заңдарда көзделген шекте қолданылады. Осы арқылы сот әділдігінің заңдылығы принципі конституциялық режим мен заңның үстемдігін нығайтуға жәрдемдеседі.

Бұл принцип  төмендегілерді сипаттайды:

1) сот әділдігін  Конституция мен Конституциялық  заңда көрсетілген тәртіпте құрылатын  және өкілеттік алатын соттар  ғана жүзеге асыра алады.

2) сот әділдігін  іске асыру барысында судьялар (соттар) тәуелсіз және тек қана Конституция мен заңдарға ғана бағынады.

3) соттар сот  әділдігін іске асыру барысында  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  және заңды мүдделерін, сондай-ақ  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиісті.

4) соттар Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық  актілердің және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарының орындалуын  қамтамасыз етуге міндетті.

5) сот әділдігін  іске асыру барысында судья  (сот) сот істерін жүргізу тәртібін бекітетін іс жүргізу туралы заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға тиіс.

Заңдылық принципі соттардан іс бойынша шығарылған әрбір үкімде немесе шешімде нақты  заңға (материалдық құқық нормасына) сілтеме жасалып, соттың осы іс бойынша  дәл осы құқық нормасын қолданғаны неліктен екені негізделуін талап етеді.

Бұл принцип  өзінің мазмұнымен-ақ соттардың іс жүргізу заңдарының іс жүргізу тәртібін қылмыстық және азаматтық заңдарға сәйкес реттейтін нормаларын мүлтіксіз  сақтауды талап етеді.

Заңдылық принципі сот әділдігі саласында заңмен орнықтырылатын кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, сот қаулыларын заңсыз, негізсіз деп есептеумен, оларды шағымдау құқығымен; сот қадағалауымен; материалдық және процессуалдық заңдардың нормаларын бұзу арқылы қабылданған шешімдерді міндетті түрде бұзып, күшін жоюымен, т.б.

Заңдылық принципы «қазақстан республикасыны құқығының барлық салаларына тән» салааралық принцип болып табылады. Азаматтық  іс жүргізу құқығының принципі бола тұра, оның мақсаты, соттар және іске қатысушылар, азаматтың іс жүргізудің, АІЖК-нің 5-ші бабында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін, өз қызметтерін материалдық және іс жүргізу нормаларына қатал сәйкес жүргізу қажет. А.Т. Боннер бұл ойды өз зерттеулерінде келтіріп, ол осы принципті байқамайтын өзге ғалымдарды, азаматтық істерді қарастыратын және шешетін соттардың осы принципке сәкес келмейтін қызметін сынға алады. Оның жұмыстарында біз, біртұтас азаматтық іс жүргізудің принциптерін қамтитын, объективті, азаматтық іс жүргізудің міндеттеріне сәйкес негізделген көзқарасты кездестіреміз.

АІЖК-нің 2 бабына сәйкес жалпы құзыреттілігі  бар соттарда іс жүргізу тәртібі  ҚР Конституциясымен, АІЖК-мен, және Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулыларымен реттеледі. ҚР Конституциясының және мемлекеттік заңдардың жоғарғы заңи күшке ие екені даусыз, бірақ осы заңдардың нормаларында, олар, өзге мемлекеттік зандардан басым күшке ие екендігі айтылған. Осындай басымдылық өзге зандармен(ҚР АК, ҚР КК) де белгіленген.

Бұндай бірдей күші бар заңдардың  бірінің нормаларының екіншісінің  алдындағы басымдылығын заң шығарушы үшін кеңес секілді болады.6

Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде  тиісті мәселелерді соттың шешуі  көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

Диспозитивтік.

Негізінен «dіsposіtіo» сөзі латын тілінен аударғанда «орналасу» деген ұғымды білдіреді.

Диспозитивтік принцип ерекше белгілері  бойынша азаматтық іс жүргізуді қылмыстық іс жүргізуден ерекшелендіреді. Диспозитивтік принцип азаматтық іс жүргізудің ерекше бір принципы болып табылады. Бұл принцип істің жылжуын, олардың бір сатыдан екінші сатыға өтуін анықтайды, яғни азаматтық іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және іс жүргізулік билік етуден көрініс табады. Диспозитивтік принципқа сәйкес азаматтық істі қозғау, талап пәні мен негізін анықтау, сот шешіміне шағымдану, шешімді орындауға жолдану талапкердің еркінде. Бітімгершілік келісімге келу екі жақтың, ал талапты мойындау жауапкердің еркіне байланысты.

Нақтық азаматтық істегі диспозитивтілік  азаматтық сот өндірісінен бастап орындау өндірісіне дейін орын алады. Азаматтық іс жүргізу саласандағы  диспозитивтілік азаматтық материалдық  құқыққатынасқа тән диспозитивтік бастаманың жалғасы және нәтижесі болып табылады. Диспозитивтік бастамасы сот өндірісінің барлығына – нақты іс қоғаудан орындау өндірісіне дейін таралып, әрекет етеді.

Негізінен диспозитивтік  принципқа ғалымдар әртүрлі түсініктер береді. Олардың берген мағынасы да әртүрлі. Осы авторлардың біреуінің пікірлеріне тоқталсақ, оларды төмендегідей көрсетіп кетуге болады. Ю.С. Осиповтың пікірі бойынша, диспозитивтік принципы соттың, прокурордың және басқа да құзіретті органдардың көмегі арқылы іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және іс жүргізу құқықтарын пайдалану құқығы мен бостандықтары. Ол осы анықтамада диспозитивтік принциптың екі негізгі және бір-бірімен байланысты кезеңін анықтайды.7

Біріншіден, бұл жерде азаматтық  сот өндірісінің бастамасы бекітілген және екіншісі, осының нәтижесінде іс барысындағы мүдделі тұлғалардың бастамашылығының ара қатынасы анықталады.

Келесі бір автордың пікірі бойынша  диспозитивтік принципы – азаматтық  сот өндірісіндегі процестің  бастамасы мен жылжу механизмін анықтайтын нормативтік-жетекші ереже. Мүдделі тұлғалар азаматтық істі қозғап, іс барысында оның ары қарай жылжуына, өзгеруіне, сатыдан сатыға өтуіне және істің тоқтауына әсерін тигізеді. Диспозитивтік принципы азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларын қамтиды және тек қадағалау өндірісінде ғана шектеулер арқылы көрініс табады.

Осы диспозитивтік принципының  пәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде  өздерінің мтаериалдық құқықтарын қолдану және осы құқықтарды қорғауда іс жүргізу құралдарды толық қолдану еркіндігін сипаттайды.

Диспозитивтік принципы азаматтық  іс жүргізудің басқа принциптары  – заңдылық, теңдік, объективтік  шындық және бәсекелестік принциптарымен тығыз байланыста әрекет етеді. Сонымен  қатар заң оқулықтарында диспозитивтік  принципы азаматтық іс  жүргізу кезіндегі субъектінің мүліктік және мүліктік емес қатынастардағы дербестігі деп көрсеткен. Бүл жерде диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтағы жеке бастама принципына сай келеді деп түсіндірген.

Ал Ресей ғалымы М.Г. Авдюков диспозитивтік принциптың азаматтық сот өндірісінде көрініс табатын үш үш жағдайын көрсеткен:

а) іс жүргізу мүдделі тұлғаның бастамасымен туындайды;

б) даудың пәнін мүдделі тұлғамен анықталады;

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері